Материалдар / Мәтін есепті шығару әдістері. Кері және өзара кері есептер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтін есепті шығару әдістері. Кері және өзара кері есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2021
1463
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТОП: ББМ-03

КҮНІ: 01.02.2021

Тақырыбы : Мәтін есепті шығару әдістері. Кері және өзара кері есептер

Жалпы мәтінді есептерді бастауыш мектепте көбінесе арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады:

-     арифметикалық тәсіл - бұл жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдарды қолдана алу білімін пайдаланылып негізгі тұжырымға сүйенеді.

-     алгебралық тәсіл - мұнда есеп теңдеу құру арқылы шығарылады.

Сонымен қатар бастауыш мектепте мәтінді есептерді шығаруда практикалық тәсіл және сызба арқылы да шығаруға болады.

Математиканы оқыту әдістемесінде есепті шығару процесін жүзеге асыру іс-әрекетін қарастыратын негізгі бағыттардың бірі есептермен жұмыс істеудегі кезеңділік болып табылады. Д.Пойа, Ю.М.Колягин, Е.И.Лященко, В.И.Крупич және басқалардың пікірі бойынша есепті шығару процесі келесі кезеңдерден тұрады:

1.     Есептің мәтінін талдау.

2.     Есепті шығарудағы тиісті жоспарын құру және шешудің тәсілдер іздестіру.

3.     Есептің табылған шешуін жүзеге асыру.

4.     Табылған шешімді оқып-үйрену (зерттеу).

Кері есеп құрастыру және шығару

Бұл жағдайда балаларға берілген кері есеп құрастыру және оны шығару ұсынылады. Егер кері есепті шығарғанда нәтижеде берілген есепте белгілі сан шығатын болса, ондай есеп дұрыс шығарылған деп есептеуге болады.

Кері есеп - бұл есеп,берілген есептегі белгілі белгісіз, ал белгісіз белгілі болатын есеп.

Мысалы, оқушыларға есеп шығару ұсынылады: «Әрқайсысы 20 грамм болатын 5 шай қасық жасау үшін 2 ас қасық жасауға жұмсалғандай металл жұмсалды. Бір ас қасыққа қанша металл жұмсалған?» Бұл есепті шығарып балалар ас қасыққа 50 г метал жұмсалғандығын білді.

Бұдан кейін мұғалім кері есеп құрастыруды ұсынады, яғни берілген есептің ізделіп отырғаны (50) берілген сан болатындай, ол берілген сандардың біреуі (5 немесе 20, не 2) ізделіп отырған сан болатындай етіп есепті түрлендіру керек. Оқушылар есептердің біреуінің тұжырымдамасын айтады, мысалы, мынадай есепті: «Әрқайсысының салмағы 20 г болатын 5 шай қасыққа жұмсалған металдан әрқайсысының салмағы 50 г болатын қанша ас қасық жасауға болады?» Егер осы кері есепті шығару нәтижесінде 2 саны шығатын болса, демек, берілген есеп дұрыс шығарылғаны.

Бұл әдіс II сыныпта қолданылады.

Алынған нәтиже мен есептің шартын сәйкестендіру, яғни есепті шешуде шыққан және шартында берілген сандар арасында сәйкестік тағайындау

Есептің шешуін осы тәсілмен тексергенде есептің сұрағына жауап беру нәтижесінде алынған сандарға арифметикалық амалдар қолданылады; егер мұнда есептің шартында берілген сандар шығатын болса, онда есеп дұрыс шығарылған деп есептеуге болады.

Бұл тәсілді мына есептің шешуін тексеру үшін қолдануды қарастырамыз: «Жас натуралистер үш қап картоп жинады, оның жалпы салмағы 153кг. Олар бірінші және екінші қаптарды таразыға тартқанда салмағы 102 кг болды, екінші мен үшінші қаптарды тартқанда 99кг болды. Әр қапта неше кг картоп болған?»

Бұл есепті шығару нәтижесінде бірінші қапта 54кг картоп, екінші қапта 48 кг, ал үшінші қапта 51 кг картоп бар екендігін анықтайды. Есептің шешуін тексеру үшін үш қаптағы картоп 153 кг болатын - болмайтынын анықтау керек: 54 + 48 + 51 = 153. Енді бірінші мен екінші қаптарда 102 кг картоп, ал екінші мен үшінші қаптарда 99 кг картоп болатын - болмайтынын анықтау керек: 54 + 48 = 102; 48 + 51 = 99.

Жауабында шыққан сандар берілген сандарға сәйкес; демек, есеп дұрыс шығарылған деп есептеуге болады.

Тексерудің бұл тәсілі 3- сыныпта қолданылады. Оны пропорционал бөлуге, екі айырма бойынша белгісіздерді табуға берілген есептердің жауабын тексеру үшін қолданған тиімді.



Тапсырма:


2 сыныпқа арналған «Математика» оқулығынан кері есептерді тап және шығар.


Кері есеп құрастыр

Жолаушы барлығы 800 км жол жүрді. Поезбен жүргеніне карағанда автобуспен 300 км кем жүрді. Автобуспен 50 км/сағ, ал поезбен 55 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, жолаушы неше сағат жолда болды?

Есепті шығар:

Үш жөшікте 90 кг сыр бар. Бірінші және екінші жәшікте 66 кг, ал екінші және үшінші жәшікте 54 кг. Әр жәшікте неше килограмм сыр бар?

Кері байланысты edupage. бағдарламасына жүктеу.

Тапсыру уақыты : 01.02 .2021 ж сағат 14: 00









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!