«Қазыналы
теңге» мәтін
Теңге Қазақстанның мемлекеттік
құндылықтарының біріне айналса, ал ұлттық валютаны енгізу тәуелсіз
мемлекет қалыптастырудың маңызды кезеңі болып саналады. Алайда,
сонау 1993 жылдың қарашасында бұл ылдиға қарай құлап бара жатқан
жас елдің экономикасын құтқару үшін қажетті шара және соңғы шара
болды.
1993 жыл қазақ экономикасы
тарихындағы ең қиын жылдардың бірі болды. КСРО ыдырағаннан кейін
ұзақ жылдар бойы мызғымас болып көрінген кеңестік рубль тез
құлдырады. Ондаған жылдар бойы өзгермеген азық-түлік пен негізгі
тауарлардың бағасы он есеге өсті. Инфляция деңгейі 1992 жылы 2500%
-дан асты. Бұрынғы кеңестік республикаларда қолма-қол ақша
жеткіліксіз болды, ал валюта жүйесін жедел түрде реформалау қажет
болды.
Теңге Мемлекет басшысының
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993
жылғы 12 қарашадағы Жарлығына сәйкес айналымға енгізілді. 27 жыл
бұрын Қазақстанда нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру өте
қиын экономикалық жағдайларда басталды. Нарыққа өтуге Қазақстанның
сыртқы қаржылық факторларға тәуелді болып қалуы кедергі болды. Осы
күрделі экономикалық жағдайда ел өзінің ұлттық валютасын енгізуге
дайындалып жатты.
1993 жылдың 15 қарашасында-ақ
Қазақстанның ұлттық банкноттары еліміздің территориясында
айналымға шығарылды. Небәрі 8 күн ішінде жер астындағы арнайы
сақтау орындарынан ақша елдің барлық банктеріне жеткізілді.
Қазақстанға дейін ешқандай ел жаңа валютаны мемлекетке соншалықты
тез және сәтті енгізе алмаған еді. Ал, Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы 13 қарашадағы
Жарлығына сәйкес алғаш теңгенің айналымға түскен күні – 15 қараша
«Ұлттық валюта күні» деп жарияланды.
Қазақстанда нарықтық экономика
негіздерін қалыптастыру өте қиын экономикалық жағдайларда басталды.
Нарыққа өтуге Қазақстанның сыртқы қаржылық факторларға тәуелді
болып қалуы кедергі болды. Осындай күрделі экономикалық жағдай
елдің өзінің ұлттық валютасын енгізуді қажет
етті.
Жаңа валютаның атауы тарихи символикалық атаумен
байланысты болды. «Теңге» сөзі ортағасырлық түріктердің «денге»
немесе «танга» күміс монеталарынан шыққан болатын.
Қазақстанға жаңа ақшаны
жеткізу үшін 4 ИЛ-76 ұшағын қолданды. Теңгені Қазақстан аймағында
шығару мәселесі де көп ұзамай шешілді. Алғашында Қазақстанның
алғашқы жеке ақшасы дүниеге келген шеберхана жеке ғимаратта емес,
кітап басып шығару фабрикасының бірінде орналасқан еді. Екі
жыл ішінде тәуелсіз зауыт салу жоспарланған болатын, алайда бұл
мақсат әлдеқайда ертерек жүзеге асты. 1995 жылы 19 мамырда
Нұрсұлтан Назарбаев пен «Thomas De La Rue» компаниясының президенті
Джереми Маршалл салтанатты түрде лентаны қиды. Бұдан былай ұлттық
валюта теңге Қазақстанда басылып шығатын
болды.
Алғашқы банкноттарда белгілі
саяси және мәдени қайраткерлер, оның ішінде Шоқан Уәлиханов, Абай,
Әбілхайыр мен Абылай хандар бейнеленген. Біртіндеп 200, 500 және
1000 теңгелік банкноттар айналымға енді. Кейінірек, 1996 жылы 2000
теңге, 1998 жылы 5000 теңге, 2003 жылы 10000 теңге
шығарылды. Олардың барлығында әл-Фараби бейнеленген. Бұл
ақшалар 2006 жылдың шілдесіне дейін айналымда
болды.
Қазақстандық ақша – әлемдегі ең әдемі ақшалардың
бірі болып табылады. Осының негізінде ұлттық валютамыз үш жыл
қатарынан 2011, 2012 және 2013 жылдары әлемдегі ең үздік валюта деп
танылды.
Қорытындылай келе, Әл-Фараби,
Абылай, Абай, Жамбыл, Сүйінбай, Шоқандарды бейнелеген алғашқы
Қазақстан Республикасының теңгелері жарыққа шығып, айналымға
түскені егемендіктің, қаржылай тәуелсіздіктің көрінісі бола білді.
Ал, бүгінгі күнде мемлекет құндылығы болып табылатын ұлттық
валютамыз күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, тарихи
маңызға ие болып отыр.
Үлгі:
