Материалдар / Мәтіндер жинағы 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтіндер жинағы 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып окушыларының оку техникасын жаксартуға арналған мәтіндер жинағы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2023
3094
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бірлік


Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар боп қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз өзі қанша қимылдаса да, ісі өнбеді.
- Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, - деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты.
- Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық, жарай ма?
- Жарайды, - деді Данияр қуанып.
Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көмекке көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап - күліп жүріп, қызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды.
- Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! – деп айқайлады балалар. Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде - ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бірлік еді.

  1. Даниярдың іс-әрекетінің реті

А) аулаға шықты, шанасын алды, қорапты бекітті, қар тазалады

В) шанашы алды, ұар тазалады, қорапты бекітті, аулаға шықты

С) аулаға шықты, қорапты бекітті, шанасын алды, қар тазалады

Д) аулаға шықты, қар тазалады, қорапты бекітті, шанасын алды

2.Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал

А)

В)

С)

Д)

  1. Қар шығаруға бірінші болып көмекке келген досы

Нариман

Нариман мен Даниярға көмектесуге кімдер келді?

Берік пен Серік

  1. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал

«Байлық – байлық емес, бірлік – байлық»




1. Әңгіме не туралы айтылған?
2. Басты кейіпкер кім?
3.« Бірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Жалғыз болып істеген жұмыстан, көп болып жасаған жұмыстың айырмашылығы бар ма?

Керексіз сұлулық

(Аңыз әңгіме)

Бұғы шөлдеген соң, бұлаққа еңкейіп, су ішіп жатып,

өзінің әсем мүйізін көріп шаттанады, сөйтіп денесінің

басқа мүшелеріне көз салады. Бұғыға аяқтары

келісімсіз, жіңішке әрі арық сияқты көрінеді.

Сөйтіп тұрғанында арыстан шыға келіп, бұғыны

қуа жөнеледі. Бұғыны арыстаннан жаңа ғана өзі

жақтырмай тұрған аяқтары ажыратып алады, со-

лар дың арқасында бұғы орманға арыстаннан бұрын

жетеді. Бірақ, орманда бұғының мүйізі әр бұтаққа бір

оратылып, кібіртіктей бастайды. Сол кезде арыстан

оны ұстап алады. Сонда бұғы «Менің көркім – менің

сорым болды, онша жақтырмаған, әлсіз санаған аяғым

мені құтқаратындай мықты екен. Дұрыс бағалауды

білмеген екенмін» депті.

1.Мәтіннің негізгі ойы

А) Мүйіздің қажеті жоқ

Б) Сыртқы сұлулық алдамшы

С) Аяқ мықты болу керек

Д) Ішкі сұлулық артық

2.Бұғының су ішкен жер

А)өзен

В)көл

С) бұлақ

Д) арық

3.Бұғыны арыстаннан құтқанрған мүшесі

А) аяғы

В) тұяғы

С) құйрығы

Д) мүйізі

4.Бұғының арыстанға ұсталып қалу себебі?

А)Мүйізі әр бұтаққа ілінді

В)Көркін дұрыс бағаламады

С) Аяқтары жіңішке әрә арық болды.

Д)Қашып кете алмады





"Хеймей аралы"

Жыл сайын қызыл сары тұмсығы бар қара ала құстар. Хеймей атты исланд аралына ұшып келеді. Олар тупиктер. Тупиктерді тағы «теңіз сайқымазақтары» деп те атайды. Толық денелер мен қысқа қанаттарының кесірінен бұл құстарға ұшумен қону өте қиын. Халла деген қыз Хеймей аралында өмір сүреді.Ол күнде биік жартастың үстінде тұрып, биылғы алғашқы тупикті көру үшін теңіз жаққа қарайды. Көп кішкентай олар бүкіл аспанда көрінеді. Олар қыстаудан теңізге оралады да, араладарға жұмырқа салып, балапандарын басып шығарады.

«Теңіз сайқымазақтары» жылдан жылға өз ұяларына қайтып ұшып келеді. Олардың жағаға шығатын жалғыз уақыты осы.

Жаз бойы балапан-тупиктер өз ұяларын тастап. Алғашқы ұшуларын орындайды. Құстардың жартысын ауылдағы шамдардың жарығы шатастырады. Құстар бұл жарықтарды, су бетіндегі ай сәулесі деп ойлайды. Сондықтан әрбір күні жүздеген тупиктер ауылға келіп қонады. Олар жер бетінен көтеріле алады.

Халла достарымен балапандарды құтқарудан жарысады. Қолдарына фонарик алып, олар ауылдың қараңғы жерлерін қарайды. Тапқан тупиктерді арқырын картон қорапқа отырғызып, үйлеріне алып келеді. Келесі күні күндіз олар жағаға барып, балапандарды суға жібереді.

1.Халла мен достарының әрекетінен байқалатын қасиет

А) қамқорлық

В) құрмет

С)кішіпейілділік

Д) адамгершілік

2.Мәтіннің жанырын анықта

А) мысал

В) аңыз

С) ертегі

Д) әңгіме






Мейірім

Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақ күнінде мектепке жайбырақат келе жатқам. Көшеден өте бергенде жылаған баланың дауысын естіп жалт қарадым. Құлағы салпиған қара күшік үш-төрт жасар қыз баланың жолын бөгеп, шәуілдеп жүргізер емес. Күшікті қуып жібердім.

-Үйіңді тауып ааласың ба? Дедім.

Көз жасын өолының сыртымен сүрткілеп, күшік жаққа қарады. Қолынан жетектеп, өз нұсқаған жаққа алып келе жаттым. Ол үйінің жанына жақындаған сәтте қуанып кетті.

-Аға анау үй, көп рахмет!-деп томпаңдап жүгіре жөнелді..

Мектепке келсем сабақ ьасталып кетіпті. Есік қағып сыныпқы кірдім. Оөушылардың барлығы мұрындарынан шаншылып сабақ орындап отыр екен. Оспан ағайға кешіккен себебімді айттым. Ол кісі үндеген жоқ. Аяғын дыбыссыз басып қасыма келді. Мейірім жүзінен күлімсірей қарап, аялы алақанмен басымнан сипады да: «Орныңа отыра ғой! Тақтада берілген тапсырманы орында»-деді жұмсақ үнмен. Төбем көкке жеткендей болды.

1.Мәті мазмұнына сәйкес жоспар реті

А) мұғалімнің кешіріммен қарауы, мектепке барар жол, қызға көмек

В) мектепке барар жол, қызға көмек , мұғалімнің кешіріммен қарауы

С) қызға көмек , мектепке барар жол, мұғалімнің кешіріммен қарауы

Д) мектепке барар жол, мұғалімнің кешіріммен қарауы, қызға көмек

2. Кейіпкер бойындағы үлгі тұтуға тұрарлық қасиет

А аңғалдық В көпшілдік

3.Қыздың жолын бөгеді

АҚара көлік В Ақ күшік С Қара күшік



Аралар қалай бірікті

Ертеде бал аралары қазіргідей топ-тобымен тұрмайды екен.

Әрқайсысы жеке-жеке күн көріпті. Бал жинайын десе, балын кез-келген жеп кетіпті. Жалғыз ара жауына қарсы тұра алмағандықтан:

-Бұлай жеке дара жүргеніміз дұрыс емесекен, бірігіп ортақ жауымызға қарсы тұрып, қорғанайық,-дейді. Олар сөйтіп үлкен күшке айналады.

Бәрақ дұшпандары бұлардың шаршап, ұйықтап қалған кездерін аңдып, балын ұрлап, ұясын бұза береді.

Бұдан кейін аралар ақылдасып:

-Күн сайын күзетші қойып отырайық, басқамыз ұйықтағанда, күзетші ара ұйықтамасын. Дұшпанның келегенін сезсе, бірлесе шабуыл жасап, жаудың үрейіе ұшырайық,-деп келіседі. Бір ара күні-түні ұя басына күзетте тұрады. Оны күзетші ара деп атайды. Ол бір сыбыс сезсе –ақболды, барлық ара жиналып, дұшпанын сәйгел тигендей етеді. Осыдай былай бал арасын алып аю да талқандай аламайды. «Бірлікшіл болсаң, арадай бол» деген сөз осыдан қалған.

1.Аралардың бастапқыдағы шешімі

А)бірлесе щабуыл жасау

В)жаудың үрейі ұшыру

С) дұшпанның келгенін сезу

Д) бірігіп ортақ жауға қарсы тұру





Мұхиттар

Мұхиттар өте терең болады. Мұхиттардың мол суы ауа-райының қалыптасуына әсер етеді.Судың жылуына немесе сууына көп уақыт кетеді.

Сондықтан мұхиттар климатты жұмсартып, бізді жазда аптап ыстықтан , қыста аяздан қорғайды.

Мұхит ағасы –бұл температурасы басқа қалың судың арасымен ағып келе жатқан жылы су не сыуқ су теңіз суларының ағыстары. Мысалы: гольфстрим –бұл жылы ағыс. Ол Атлант мұхиты арқылы Еуропа қарай ағады. Мұхитттардың суы лықсулар мен қайтулар кезінде қозғалады.

Жер бетінде тқрт мұхит бар. Олар біздің планетамыздың үстінің 71%-ын жабады. Ең үлкені –Тынық мұхиты. Ал мұз жабылған Солтүстік Мұзды мұхит олардың ішінен кішісі және таязы.

Ең кіші және таяз мұхит

А Солтүстік Мұзды С Атлант

ВТынық Үнді

  1. Гольфстрим ағысының ықпалы

  1. Еуропа елдері жұмсақ климатқа ие

  2. Еуропа елдерінің климаты жайсыз

  3. Атлан мұхитының ағысы қатты

Азия елдерінің климаты қоңыржай

Әйнек адам

Бір адамның титімдей досы-Әйнек адам болыпты. Өзі мөп-мөлдір. Бір ғажабы; Әйнек адам досының не ойланғанын біліп қояды. Бала анасының тілін алмай, сыртқа ойнауға шыққалы жатса-Әйнек адам сіл-пәл күңгірт тартып:

-Олай етуге болмайды. Әуелі ісіңді тындыр. Сосын ойнауға шық,-дейді.

Бала қялып қалады. Дереу жұмысқа кіріседі. Жұмысын бітірген соң ғана сыртқа щығады. Әйнек адам қайтадан мөп-мөлдір түске енеді.

Бірде баланың бірге ойнайтын досы ауырып қалады. Бір күн өтті, екі күн өтті. Бала досын есіне алмайды.Әйнек адамға қарасы, түнеріп кетіпті.

-Кімге жаманжық жасап қойдым?- деп сұрады бала.

-Ешкімге жамандық жасаған жоқсың. Тек досыңды ұмытқаның болмаса.

Бала ұялып кетті. Дереу досының үйіне келді. Оған бір шоқ гүл алма ала барады. Сөйтіп Әйнек адам баланы жақсы болып өсуге үйретті.

2.Бала анасының тілін алмаған кездегі Әйнек адамды болатын өзгеріс

А) қуанып кетеді

В) бояуы өзгереді

С) күңгірт тартады

Д) мөлдір түске енеді

3.Әйнек адамның баланы баулитын қасиет

А) шыншылдыққа

В) даналыққа

С) адамгершілікке

Д) жомарттыққа

1.Әйнек адамның ғажап келбеті

А)не ойланғанын біледі

В)істі тындырады

С) баланы ұялтады

Д) жұмысқа кіріседі


1.Әйнек адамның ғажап келбеті

А)не ойланғанын біледі

В)істі тындырады

С) баланы ұялтады

Д) жұмысқа кіріседі

Мәтін мазмұнына сәйкес мақал

Әдепті бала –арлы бала.

Әйнек адамның ғажап қабілеті

Не ойлағанын біледі.



Абай мен Әбіш

Бірда Абай әңгіме үстінде.

-Қалқам, Әбіш осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма? Қара зат асыл ма?-деп сұрапты.

Ол іркілместен

-Ақ зат асыл ғой,-дейді.

-Неге қара зат асыл емес пе?

Әбіш күлімдеп:

-Қараны қалай асыл дейсіз?-дейді

Біріншіден адам баласы барлық дүниені жаратылысты көзбен көреді емес пе? Бірақ көздің ағы көмейді, ортасындағы қарашығы ғана көреді.

Екіншіден қағаз-ақ адан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сиямен жазғаннан өнер білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал шашы қара болады. Осыған байланысты. Жас күнде адамға ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда адамның шашы-сақалы ағарады, ал адам ақыл қайрат, білім де азаяды. Сондықтан қараны асыл ма деп ойлап қалдым,-дейді. Әкесі,

-Оның бәрін қайдан білдіңіз?

-Ақылмен білдім ,-дейді әкесі.

Ұмытшақ

Екі кітап

Бірде жолға шыққан жолаушы екі кітап тауып алады.Бірінші кітаптың қалыңдығы екі қарыс. Екінші кітап сіріңкедей кішкене әрі жұқа. Ол кітаптарды алып, данышпан қарияға келеді. Қария екі кітапты таразыға салып, өлшейді. Жұқа кітаптың салмағы басым түседі. Қария басын шайқайды да:

-Сені жазған кім , үлкен кітап?-деп сұрайды.

-мені мылжыңбай деген біреу жазды. Отырады да, ойынан келгенін жаза береді,-деп қалың кітап жауап береді.

-Ал сен кім жазды, кішкене кітап?

-Мені ғұлама білгіржазды. Ол көп жыл еңбек етіп сөз асылын ғана хатқа түсіреді,-дейді.

-Міне енді ұқтың ба?-деді қария жолаушыға.

-Мына кітапта ақылдының сөзі ғана бар. Ал мына кітапта іші толы бос сөз. Сондықтан жеп-жеңіл. Мағынасыз сөзде не салмақ болсын.

2.Мәтіндегі қарияның бірінші әрекеті

А ойын тұжырымдайды В кітаптарды өлшейді

3 «Мылжыңбай» сөзінің мағынасы

А Көп жазады В Көп күледі С Көп ойнайды Д Көп сөйлейді


Сауысқанның ұясы

Ертеде аспандағы құстар құсқа тән өнердің қыр-сырын енді ғана меңгере бастаған шақта ала қанат Сауысқан өзңн аса білгір санапты. Бірақ оның білетіні тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз еді.

Көктем келіп, құстар ұя салу қамына кіріседі. Сауысқан да жұрттан қалмай іске кірісейін десе, құрылысты неден бастарын білмей дал болады. «Құс екендерің рас болса, ұя салуды маған үйретіңдер» деп қолқа салады. Құстардың бірі шқп-шалам әкеп, біреуі бұтақ тасып, сауысқанға ұя салуды үйрете бастайды.

Үлкен құстар қарға, құтан, өырғи бір-бір бұтақшадан алып келеді. Ал Сауысқан тұмсығын көтеріп, құйрығые қайқаңдатып,: «Осы ғана ма! Мұны мен сендерсіз-ақ білемін» деп әрі-бері секеңдеумен болады.

Көмекке Шымшық,Бозторғай, Қарлығаш сияқты кішкентай құстар келеді. Олардың кейбірі қабырғаны жүн-жұрқамен бекіте алса, кейбіреуі балшықпен сылақ сылауды жақсы білетін, енді біреуі еденге мамық төсеудің шебері еді. Бірақ мамық төсеушінің өнеріне кезек тимей қалды. Бір үлкен құс бұтақшаны тұмсығымен тістеп, ұшып келе жатса, сауысқан тағы баяғы әніне салады:-Осы ғана ма! Мұны мен сенсіз де білемін!

Сонда мақтаншақ сауысқаннан мезі болған құстар:

-Солай ма, Сауысқан мырза! Сен бізсіз-ақ бәрін біледі екенсің. Олай болса, мына құрылысты өзің жалғастыра ғой,-деп жөндеріне кетеді.

1.Сауысқанға керек не нәрсе

А) шөп-шалам

В) бұтақ

С) өнер

Д)ұя

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!