«Көші-қон» тақырыбындағы екі (а) және (ә) мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилін, формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптауға берілген тапсырманың талдау үлгісі
|
А мәтіні |
Ә мәтіні |
|
«Саясат туралы» жалпы ұлттық газетінің айдарында жарияланған мақаладан үзінді: Ауылдағы халық санының қысқаруы мәселесі және оларды шешу жолдары Парламент депутаты соңғы уақытта халық саны қысқарып келе жатқан ауылдарды дамытуға шақырады. Оған қоса, кейбір сарапшылар инфрақұрылымы жоқ, өркениеттен алыс ауылдардың тұрғындарын қалаға көшіруді жөн деп есептейді. Қазақстанның статистика агенттігінің мәліметі бойынша, мемлекет халқының 56 пайызы қалада, ал 44 пайызы ауылдық жерде өмір сүреді. Парламентте ауыл тұрғындары санының азайғаны туралы өзінің сөзінде депутаттардың бірі, соңғы жылы Жамбыл облысында – 2,8 мың адам, ал Оңтүстік Қазақстан облысында – 6,4 мың ауыл тұрғыны қалаға көшті деп мәлімдеді. Маңғыстау облысында ауыл тұрғындарының саны 2,4 мың адамға, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында 2,3 мың адамға азайды. Орталық байланыс қызметінің жақында өткізілген брифингінде депутат бұл мәселенің жедел түрде шешілуі қажет екенін ескертті. Оралмандарды көшіру арқылы аудандарды дамытуды ұсынды. Әлеуметтанушы Гүлсара Қадырова депутат мырзаның ауылдарды жаппай қалпына келтіру қажеттілігі туралы пікірімен келіскен жоқ. Әлеуметтанушы: «Мемлекет кеңестік жылдар кезінде колхоз және совхоз болған, келешекте дамуы жоқ, кішігірім ауылдардың тұрғындарын қалаға көшіруге қызығушылық тудыру керек, себебі оның бюджетке пайдасы мол. Сонымен қатар, ауыл жастарының өркениетке талпынысына кедергі болмау керек» — дейді. Саясаттанушы Әзімбай Ғали мырза «ауылдарды оралмандарды көшіру арқылы дамытуға болады, бірақ мемлекет оларға жағдай жасауы тиіс. Қазіргі таңда қазақтардың алтын бесігі қала болып табылады. Қазақстан кішігірім қалалардың экономикасын, сол қалаларға ауыл тұрғындарын көшіру арқылы дамыта алады», — деп атап өтті. Басқарушылар ішкі көші-қон әзірге жүйесіз сипатта екенін мойындайды. Орталық байланыс қызметінің жақында өткізілген брифингінде Қазақстан президентінің кеңесшісі мемлекеттегі кенттену бірыңғай жүргізіліп жатқан жоқтығын және кейбір аудандардың басымдылыққа ие болғандығын атап өтті. Бірінші орында бұл Астана, Алматы және Алматы облысында. Кеңесшісі мырзаның болжамы бойынша, келесі 20 жылда кенттену қарқыны тағы да 10 пайызға өседі. Осыған байланысты, Алматы қаласының жұмыспен қамту үйлесімдігін басқару және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Алматыға көптеп көшіп келіп жатқан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мен әлеуметтік бейімдеу үшін келесі шаралардың қарастырылғанын мәлімдеді: «Сегіз ауданда жұмыспен қамтамасыз ету орталықтары қызмет етуде. Кез келген азамат осы орталықтарға келіп тіркеле алады. Орталықтардың мамандары оларға келген әрбір азаматпен жұмыс жүргізуде. Алматыны дамыту бағдарламасы бойынша сырттан келген азаматтарды тұрақты қызметпен қамтамасыз ету жұмыстары, оларды қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, біліктілігін арттыру, және жастарды тәжірибе алмасуға жіберуде».
|
Тілшінің жеке блогынан алынған мақала Көшіп келушілерге кедергі жасау керек пе? Жақында мен Қазақстанда еңбек етіп жүрген келімсектердің бар екенін және олардың 50 мыңға жуық келімсектердің еңбек етіп жүргенін радиодан естідім. Олардың басым көпшілігі Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары. Сонымен қатар, ресейліктер, әзербайжандар және түріктер де бар. Бұл жағдай жаман ба, әлде жақсы ма немесе барлық жерде осындай болғасын қалыпты жағдай ма? …Брюссельге барғанда алған менің алғашқы әсерім — таңқалу. Мен ерекше готикалық стильдегі сәулеттері бар, шамдары жарқырап тұрған Гранд-Плас алаңын көруге бара жаттым. Еурошенеуніктер отыратын шыныдан жасалған кеңселері бар Еурокварталға. Бельгияның вафлиына және теңдесі жоқ шоколадына. Бірақ менің еуропалықтарға үйренген көздерім көпшілік арасынан қалың сақалдыларға, экзотикалық бас киімділерді және ұзын көйлектілерге түсті. Тағы бір ерекшелігі — адамдардың түсінің әр түрлілігі. Бірақ олардың барлығы арқасында арқа қоржыны бар, аяғында кроссовка, қолында фотоаппарат ұстайтын туристер қатарынан емес еді. Бұл жерде турист менмін. Маған бельгиялық көрініске жат болып көрінгеніне қарамастан, айналадағы келімсектер өздерін өз үйінде жүргендей сезінетін сияқты. Біз, көбінесе, «Сырттан адамдар көбейді кеткен сияқты ғой! Жеңілдік күтіп жүр ме өздері? Қылмыспен ақша табатын ойлары жоқ па екен?» деген сөздерді естиміз. Бірақ шындыққа тура қарайық. Шет мемлекетте қандай жеңілдік болуы мүмкін бе? Үйінен айырылып, алысқа қоныс аударып жүргендер, әрине, жақсы өмірден шет жерлерде жүрген қой? Мемлекет келімсектердің түк істемегеніне қарап отырып жәрдемақы төлеуі мүмкін бе? Әрине, Бельгияда да келімсектермен байланысты кейбір қиындықтар бар: Шарлеруада, мемлекеттің оңтүстігінде, мемлекет бойынша қылмыстың деңгейі жоғары, оны кейбіреулер келімсектердің көп келуінен көреді. Бірақ басқа аймақтардағы жағдай бойынша керісінше, келімсектердің ағылып қоғамды жандандырып, бәсекелестік ортаны құрады. Жұмыспен қамтамасыз етуші жергілікті азаматтының қателігіне көз жұма қараса, келімсекке кешірмеуі мүмкін. Сондықтан, келімсектерге терін төгіп еңбек етуге тура келеді. Нәтижесінде жергілікті азаматтар да соларға қарап, тәртіп бұзбай еңбек етуге тырысады. Өткен ғасырлардағыдай ұлттардың өз сорпасында өзі қайнауы азайып келеді. Тіпті дүние жүзі бойынша алғанда халықтардың араласуы кебейді. Енді халықтардың еркін жүріп-тұруына, араласуына ешқандай кедергі жоқ. Ондай жағдай Қазақстанда да бар. Бірақ, менің ойымша, одан қорқудың қажеті жоқ. Көші-қон өмірді жаңадан бастау деген сөз деп бекер айтылмаған шығар. Басқа мемлекетте жаңа өмір сүру үшін жамандықтың барлығын артқа тастап, тек жақсылықты ғана серік ету керек. Осындай мақсаттарға кедергі жасау керек пе?
|
|
Берілген екі мәтін де публицистикалық стильде жазылған. А мәтіні халықты ауылды дамытуға бағытталған шаралармен таныстыру және ақпарат беру мақсатындағы «Саясат туралы» жалпыұлттық газетте жарияланған мақала болғандықтан публицистикалық стильге жатады. Ал Ә мәтіні ғаламтор бетінде жарияланған тілшінің жеке блогынан алынған мақала және оқырманға көші-қонға қай елде де еркіндік берілу қажет деген ой тастайды, сондықтан бұл мәтін де публицистикалық стильге жатады. Екі мәтін де жазбаша формада әдеби-тілдік заңдылықтарға негізделіп жазылған, аудиториясы көпшілік қауым. Ұқсастықтары екі мәтінде де көші-қон мәселесін қозғайды. Айырмашылықтарына келсек, алғашқы мәтінде ауылдағы халық санының қысқаруы және оларды шешу жолдары мәселесі көтерілген. Парламент депутаты соңғы уақытта халық саны қысқарып келе жатқан ауылдарды дамыту арқылы елді ауылға қоныстануға шақырады. Депутаттың, әлеуметтанушы мен саясаткердің ойларын беру арқылы көші-қон мәселесіндегі түрлі көзқарасты танытумен қатар, автор шешу жолдарының да түрлі жолдарын қарастырады. Ал Ә мәтінінде тілші келімсектер арқылы халық санын толықтыруға болатынын мәселе етіп көтеріп, ойын «халықтардың еркін жүріп-тұруына, араласуына ешқандай кедергі жоқ» деген пікірмен түйіндейді. Мәтіндердің құрылымына тоқталар болсақ, А мәтінінің құрылымы толық сақталмаған: кіріспе және негізгі бөлімі бар, алайда мақаладан алынған үзінді болғандықтан қорытынды бөлімі берілмеген. Мәтін қазіргі таңдағы және алда болатын ақпараттармен таныстырады, сондықтан «шақырады», «есептейді», «мойындайды», «тіркеле алады» деген ауыспалы осы шақ етістіктермен жасалған. Ә мәтінінің құрылымы толық сақталған. Бұл мәтінде қазіргі таңдағы жағдайлар қарастырылғандықтан көзқарасын «естідім», «бара жаттым» етістіктері арқылы жіктік жалғауының І жағында берген. Мәтіндердің тілдік ерекшеліктеріне келер болсақ, А мәтінінде ауылдардағы адамдардың азаюы мәселесін талдап, түсіндіру мақсатында «Мемлекет халқының 56 пайызы қалада, ал 44 пайызы ауылдық жерде өмір сүреді», «Соңғы жылы Жамбыл облысында – 2,8 мың адам, ал Оңтүстік Қазақстан облысында – 6,4 мың ауыл тұрғыны қалаға көшті...», «Маңғыстау облысында ауыл тұрғындарының саны 2,4 мың адамға, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында 2,3 мың адамға азайды» деген статистикалық мәліметтермен жеткізген, ал «44», «2,8», «56» есептік және бөлшектік сан есімдерден жасалған сандық мәліметтер, пайыздық көрсеткіштер депутаттың сөзіне нақты дәлел ретінде келтірілген. Сонымен бірге, мәтіндегі түрлі дәлелдер төл сөз бен автор сөзімен берілген. Ал «Қазақстанның статистика агенттігінің мәліметі бойынша», «Кеңесшісі мырзаның болжамы бойынша» деген қыстырма сөздер ойдың кімге тиесілі екендігін айқындап тұр. Сонымен қатар мәтінде «брифинг», «кенттену», «жұмыспен қамтамасыз ету», «әлеуметтік бейімдеу», «инфрақұрылым», «өркениет» секілді терминдер автордың тақырыпты ашуына ықпал етсе, «алтын бесік» метафоралық тіркесі қала сипатын көз алдымызға көркемдеп жеткізу үшін алынған. Мәтінде бірнеше сөйлемдер күрделі ойдан құралғандықтан, салалас құрмалас сөйлемдер арқылы берілген. Мәселен, «Мемлекет кеңестік жылдар кезінде колхоз және совхоз болған, келешекте дамуы жоқ, кішігірім ауылдардың тұрғындарын қалаға көшіруге қызығушылық тудыру керек, себебі оның бюджетке пайдасы мол», «Ауылдарды оралмандарды көшіру арқылы дамытуға болады, бірақ мемлекет оларға жағдай жасауы тиіс». Ал Ә мәтінінде автор «Көшіп келушілерге кедергі жасау керек пе?», «Бұл жағдай жаман ба, әлде жақсы ма немесе барлық жерде осындай болғасын қалыпты жағдай ма?», «Шет мемлекетте қандай жеңілдік болуы мүмкін?» секілді сұраулы сөйлемдерді өзіндік ойын білдіруіне қажетті тәсіл ретінде қолданады. Бұл мәтінде де тілші мәселеге қатысты ойы жалаң болмас үшін бірнеше елдегі жағдайды алға тартады: «50 мыңға жуық келімсектердің еңбек етіп жүргенін радиодан естідім», «Бельгияда да келімсектермен байланысты кейбір қиындықтар бар: Шарлеруада, мемлекеттің оңтүстігінде, мемлекет бойынша қылмыстың деңгейі жоғары, оны кейбіреулер келімсектердің көп келуінен көреді» деген қосымша ақпараттар береді. Нақты дәлел аз, өзіндік көзқарас тұрғысынан жазылған. Мәтін еркін сөйлеу түрінде жазылған тілшінің жеке блогынан алынған мақала болғандықтан, мәтінде сөйлемдер стильдік тұрғыда дұрыс құрылмаған. Мәтінде «көз жұма қарау», «өз сорпасында өзі қайнау», «жаманды артқа тастау» тұрақты тіркестері мақаланың көркемдігін арттыруға қызмет атқарып тұр. Жалпы мәтіндегі сөйлемдердің дені жай сөйлемдерден (Брюссельге барғанда алған менің алғашқы әсерім — таңқалу), хабарлы және «Сырттан адамдар көбейіп кеткен сияқты ғой!» секілді ішкі эмоциясын көрсететін лепті сөйлемдерден тұрады. Сонымен қатар құрмалас сөйлемдер де кездеседі, соның ішінде түсіндірмелі салалас арқылы жасалған сөйлем де бар. (Әрине, Бельгияда да келімсектермен байланысты кейбір қиындықтар бар: Шарлеруада, мемлекеттің оңтүстігінде, мемлекет бойынша қылмыстың деңгейі жоғары, оны кейбіреулер келімсектердің көп келуінен көреді). Автордың тілі өте қарапайым сөздермен берілгендіктен, түсінуге жеңіл. «Готикалық стильдегі сәулеттері бар, шамдары жарқырап тұрған Гранд-Плас алаңы», «Менің еуропалықтарға үйренген көздерім көпшілік арасынан қалың сақалдыларға, экзотикалық бас киімділерді және ұзын көйлектілерге түсті» деген сипаттау түріндегі сөйлемдері арқылы оқушысын қызықтыра түседі. Мәтінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Бельгия, Гранд-Палас, Брюссель жалқы есімдері автордың аталған елдегі келімсектерге қатысты ойын жеткізуіне қызмет етеді. Сонымен қатар тілші ақпаратын нақтылауда «Шарлеруада, мемлекеттің оңтүстігінде,..» оңашаланған айқындауышын қолданған. «Бәсекелестік орта», «келімсек», «көші-қон» терминдері оқырмандарға мәтіндегі көтерілген мәселенің не туралы екендігін түсінуіне көмектесіп тұрса, «менің ойымша» қыстырма сөзі ойдың иесі өзі екендігін нақтылап тұр: «Енді халықтардың еркін жүріп-тұруына, араласуына ешқандай кедергі жоқ. Ондай жағдай Қазақстанда да бар. Бірақ, менің ойымша, одан қорқудың қажеті жоқ». Екі мәтінге салыстырмалы талдау жасай келе, мәтіндердің ұқсастығы стилі мен формасында және аудиториясында болса, айырмашылығы мақсаты мен құрылымында және тілдік ерекшелігінде болып тұр. |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

шағым қалдыра аласыз