Материалдар / Мәтінді есептер шешу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтінді есептер шешу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Аталған авторлық жұмыс оқу бағдарламасына негізделе үлгілік бағдарламамен сабақтастықты ескере отырып құрастырылған.Білім –тәрбие беру кезеңінде саналы, дұрыс, комуникативті оқу дағдыларын жетілдіру, логикалық қабылдауды дамыту, функционалдық сауаттылықтарын арттыру пәнге деген қызығушылықты, зерттеушілік қабілетті дамытып қалыптастыруға бағытталған авторлық жұмыс білім беру стандартының пәндік тақырыптарының мазмұнын, оқу сағаттарын курс бөлімдері арасында бөлуді, сонымен қатар пәнаралық байланыстарды ескере отырып, пәндер мен пән бөлімдерін зерделеудің ұсынылатын тәртібіне негізделе отырып құрастырылған
Авторы:
06 Қырқүйек 2024
234
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы

К.Ақышев атындағы

69 мектеп-гимназиясы

математика пәні мұғалімі

Азатхан Маржангуль.


Мәтінді есептерді шешу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Жаңа ғасырда еліміз алдыңғы дамыған елдердің қатарында болу үшін білім - басты қару. Сондықтан қазіргі таңда ұстаздардың алдында «білімді ұрпақты қалай оқыту керек?» деген негізгі мәселе болып отыр. Заманауи оқытудың негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жаттанды түрде меңгеріп қана қоймай, оларды өмірде қолдана білуге дағдыландыру керек.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған Мемлекеттік  Бағдарламасында және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында анық көрсетілген.  Функционалдық сауаттылық - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары. Функционалдық сауаттылық - білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен тәжірибені тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Сол себепті математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды өзекті мәселе етіп қойдым. Осы өзекті мәселені шешу барысында  өзіндік білім көтеру тақырыбым –математика сабағында оқушылардың функционалдық қабілеттерін дамыту. Әдістемелік тақырыбымды оқыту барысында жүзеге асыру үшін «Функционалдық сауаттылыққа дамытуға бағытталған мәтінді есептер» атты авторлық бағдарлама жасадым.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Оқушылардың математика пәні бойынша сауаттылығын арттыру, математикалық қабілетін анықтау және дамыту;

  • Бағдарламалық материалды терең игеруіне, өз білімін кеңейтуге ықпал жасау;

  • Стандартты емес, логикалық, күрделі есептерді шығару дағдыларын дамыту;

  • Дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

  • Есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

  • Математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

  • Шынайы дүниедегі статистикалық заңдылықтар мен оларды зерттеудің түрлі әдістері, ықтималдық сипаты бар қорытындылар мен болжамдардың ерекшеліктері туралы түсінік алу;

  • Мәселелерді тани білу:әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;

  • Бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;

Белгіленген мақсатқа жету үшін өзімнің сабағымда үнемі мәтінді есептердің шығару алгоритмдерін қарастырамын. Өйткені мәтінді есептер математика тақырыптарының әрқайсысында кездеседі. Әсіресе өмірмен байланысты қолданбалы есептер қарастырылады. Сондықтан, 9-сыныпта «Прогрессия» тақырыбында өткізілген бір сабағымның үлгісін ұсынып отырмын.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлімі: 9.2А Тізбектер

Мектеп: К.Ақышев атындағы №69 МГ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Азатхан Маржангуль

Сынып: 9 «Д»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты мәтінді есептер шығару

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.7 арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару

Сабақтың мақсаты

Арифметикалық және геометриялық прогрессия формулаларын қолданбалы есеп шығаруда қолданып дәйектейді;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

бағалау


Сабақтың басы

3 мин



Ұйымдастыру бөлімі

-психологиялық ахуал туғызу;

-топқа бөлу;

-Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Оқушылар топқа бөлінеді.




Сабақтың ортасы

ББҮ стратегиясы бойынша

БІЛЕМІН

7 мин






























Өткен тақырыпты қайталау мақсатында графикалық диктант.

ЖЕКЕ жұмыс

Графикалық диктант («иә», «жоқ»)

  1. Сандар тізбегінің берілу тәсілдерінің бірі – рекуренттік тәсіл. (ИӘ)

  2. Сандар тізбегін графиктік тәсілмен беруге болмайды. (ЖОҚ)

  3. an арифметикалық прогрессияның айырымы. (ЖОҚ)

  4. 1-100 ге дейінгі жұп сандар арифметикалық прогрессияға мысал бола алады. (ИӘ)

  5. Геометриялық прогрессияның еселігі q –әрпімен белгіленеді. (ИӘ)

  6. Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындысы –формуласымен есептеледі. (ИӘ)

  7. Алдыңғы мүшесін нөлден өзгеше қандай да бір тұрақты санға көбейткенде шығатын сандар тізбегі арифметикалық прогрессия деп аталады. (ЖОҚ)

  8. b1; b2; b3; …; bn – геометриялық прогрессияның белгіленуі. (ИӘ)

  9. 2; 6; 18; 54; ... –арифметикалық прогрессияның мысалы. (ЖОҚ)

  10. 6; 11; 16; 21; ... тізбегі берілген. Айырымы 5-ке тең. (ИӘ)

ОShape2 Shape1 қушылар графикалық диктантты дәптерлеріне орындайды. «Иә» -

«Shape3 Жоқ» - белгісімен белгілейді.

Нәтижесінде:




графигін алады. Тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырады.




Графиктің дұрыс шығуымен бағаланады.



















Слайдтағы тапсырма

















БІЛЕМІН

7 мин


JOITEKA платформасында үй тапсырмасын тексеру.

ЖҰПТЫҚ жұмыс

1-ТАПСЫРМА:

Ж: 4

2-ТАПСЫРМА:

,

n=5
Ж: 2,4

3-ТАПСЫРМА:

Ж: 10

4-ТАПСЫРМА:

,


Ж: 1/4

5-ТАПСЫРМА:

48,12,…геометриялық прогрессиясының алтыншы мүшесін табыңыз. Ж: 3/64

Ссылка арқылы әр оқушы телефонда жеке тапсырманы орындайды


Бөлмедегі тапсырманы дұрыс орындау арқылы есікті ашады





JOITEKA платформасы


БІЛГІМ КЕЛЕДІ

10 мин

Оқушылар айналамызда өмірде кездесетін есептерге прогрессия формулаларын қалай қолдануға болатынын қарастыру.


«Прогрессия біздің айналамызда»

  1. Физикада

Белгілі бір биіктіктен лақтырылған дене бірінші секундта 4,9 м-ге, ал әрбір келесі секундта жылдамдығы 9,8 м-ге артады. Дене 21 секундта қандай биіктікте болады?

  1. Құрылыста

Көпқабатты үйлерді салғанда - арифметикалық прогрессия қоланылады. Үйдің биіктігі әрдайым

3 метрге артып отырады. 17 қабатты тұрғын үйдің биіктігі қанша болады?

  1. Биологияда

Жас талдың биіктігі 60 см болса, алғашқы жарты жылда ай сайын орта есеппен 4 см-ге өседі. Жарты жылда отырғызылған талдың биіктігі қанша болады?

Арифметикалық прогрессияның қандай формуласын қолдану керек екенін анықтайды.


Тақтада анықтаған формула бойынша мәліметтерді анықтайды?



Есептің дұрыс шешімі бойынша ауызша кері байланыс беру

Слайдтағы тапсырма

Топтық жұмыс

6 мин

Әр топқа қолданбалы есеп беріледі.

1-топ:Ауа ванналарының курсы 15 минуттан басталады. Бірінші күні және осы процедураның уақытын әр күн сайын 10 минутқа артыру керек. Максималды ұзақтығы 1 сағат 45 минутқа жету үшін көрсетілген режимде қанша күн ванна қабылдау керек? Ж: 10 күн.

2-топ:Биологияда кездесетін прогрессиялар Бактерия адам ағзасына түскеннен кейін, 20 - минутта екіге, олардың әр қайсысы келесі 20 - минутта екіге т. с. с бөлінеді. 3 сағатта ағзаға түскен бактерия қаншаға көбейеді?

Ж: 511 бактерия болады.

3-топ:Бірінші күні 100 га пішен, ал әрбір келесі күні алдыңғы күнге қарағанда 3 га артық шабылды. 19 күн ішінде қанша гектар пішен шабылғанын табыңдар?

Ж: 2413 га


Дескриптор:

  • n-мүшесінің формуласын қолданып, өрнек құрастырады;

  • өрнектің мәнін табады;

  • жауапты нақтылайды;


Дескриптор:

  • Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын қолданадып, өрнек құрастырады;

  • өрнектің мәнін табады;

  • жауапты нақтылайды;

Дескриптор:

  • Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын қолданадып, өрнек құрастырады;

  • өрнектің мәнін табады;

  • жауапты нақтылайды;

Дескриптор бойынша бағаланады.

Тапсырма жазылған карточкалар

СЕРГІТУ СӘТІ

2 мин

ПИЗА тапсырмасы:

Еуропа бойынша адамның аяқ киім өлшемі мына формуламен есептеледі

Әр оқушы өз табанының ұзындығын есептейді;

Размер=

формула

ҮЙРЕНДІМ

(топтық жұмыс)

7 мин

«ТАРСИЯ» бағдарламасындағы тапсырмалар

Тапсырмаларды орындау барысында фигураларды құрастырады

Тақтада тексеріледі

Фигуралардағы тапсырма

Кері байланыс

Сабақтың соңы

3 мин



«3 Қ» стратегиясы

Оқушылар бүгінгі сабаққа баға береді.


стикерлер

Үй тапсырмасы:

Науқас келесі схема бойынша дәрі қабылдайды: емделу курсын 5 тамшыдан бастап, әр күн сайын қабылдау дозасын 5 тамшыға артық қабылдап отыруы керек. 40 тамшыға жеткенде, үш күн 40 тамшыдан ішуі керек, содан кейін әр күн сайын дозасын 5 тамшыға азайта отырып 5 тамшыға жеткенше ішуі керек. Егер бір флаконда 20 мл (200 тамшы) болса, емделуші қанша флакон дәрі сатып алуы керек?

Рефлексия

Қызық

Қажетті

Қиын













Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. ҚР Үкіметінің №832 қаулысы. 2012 жылғы 25 маусым , Астана, Үкімет Үйі.

  2. ҚР Білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы

  3. К.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» - А., 2006ж. /

  4. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.  Мұғалімнің жұмыс дәптері // NIS – PEARSON



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!