Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Қысқа мерзімді сабақ жоспары №30

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 6 «Ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

6.2.1.13

сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;

Сабақтың мақсаты:

сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйысдастыру кезеңі

5минут

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақты жағымды ахуалдан бастау.

Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.

Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.


«Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


Оқулық, оқу құрал жабдықтары, тақта, бор

Сабақтың басы: 10 минут

Жаңа сабақты қысқаша түсіндіру

Сандармен байланысты мәтінді есептер берілгенде, сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу қолданылады.Цифрларды әр түрлі айнымалылармен белгілейміз.

Мысалы, 568 = 5 100 + 6 10 + 8; 73 = 7 10 + 3.

Екі таңбалы сан = 10 х + у, үш таңбалы сан = 100x + 10y +z түрінде жазуға болады.

Мысал. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер осы санның цифрларын орындарымен ауыстырсақ берілген саннан 54-ке артық сан шығады. Берілген санды тап.

Шешуі. = 10 х + у берілген екі таңбалы сан болсын. Орындарын ауыстырсақ, = 10 у + х.

Есеп шарты бойынша, теңдеулер жүйесін құрастырамыз:

Алмастыру тәсілін қолданып, екінші теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеуге түрлендірдік.

18у – 108 = 54,

у = 9.

х = 12 – 9 = 3

Жауабы: 39


Оқушылар жаңа сабақты слайдқа қарап түсінеді. Көмек керек болса, мұғалімнің көмегіне жүгінеді





Оқушылардың

сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.


Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім



Сабақтың ортасы

25 минут

Жеке жұмыс.

Тапсырмалар.

  1. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 8-ге тең. Егер осы санның цифрларын орындарымен ауыстырсақ берілген саннан 18-ге кем сан шығады. Берілген санды тап.


2 №1441.

Баласы әкесінен 24 жас кіші. 5 жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 4 есе үлкен болады. Алғашқыда әкесі неше жаста болған? Баласы неше жаста болған?

қБ: Жұпта өзара бағалау «+», « - », қызықты

Дескриптор.

Оқушылар:

-теңдеулер жүйесін шешудің әдісін таңдайды;

Жүйенің шешімін табады;

жүйесінің шешімдері болатындай сандар жұбын табады.

Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім



Жұппен жұмыс

1443.

Екі тракторшы 7 күнде 147 га жер жыртты. Бірінші тракторшы 3 күнде қанша жер жыртса, екінші тракторшы 4 күнде сонша жер жыртты. Бір күнде бірінші тракторшы неше гектар жер жыртады, екінші тракторшы неше гектар жер жыртады?


1445.

Мұғалім бақылау жұмысын алу үшін сыныптағы оқушыларға дәптер парақтарын дайындады. Егер мұғалім сыныптағы оқушылардың әрқайсысына 2 парақтан таратса, 12 парақ артық

қалады, ал әрқайсысына 3 парақтан тарататын болса, 16 парақ жетпейді. Сыныпта неше оқушы бар? Мұғалім неше парақ дайындаған еді?


1497. Бірінші санның 80%-і мен екінші санның 50%-інің қосындысы 22-ге тең. Бірінші санның

2\3-сі екінші санның 1\4-інен 5-ке артық.Бірінші санды табыңдар. Екінші санды табыңдар.


1498. Екі тік төртбұрыш берілген. Бірінші тік төртбұрыштың ені 7 см,ал екінші тік төртбұрыштың ені 13 см. Екеуінің аудандарының қосындысы 146 см2. Бірінші тік төртбұрыштың ені 3 есе арттырылды, ал екінші тік төртбұрыштың ені 5 см қысқартылды. Сонда екі тік төртбұрыштың аудандарының қосындысы алғашқыдан 44 см2 артық болды. Тік төртбұрыштардың әрқайсысының ұзындығын табыңдар.

Дескриптор.

Оқушылар:

- Теңдеулердің сол және оң жақтарын мүшелеп қосады:

- берілген теңдеулер жүйесімен мәндес жүйені жазады;

- теңдеулерді қосу арқылы бір айнымалысы бар теңдеу алады;

1-ші айнымалыны табады;

-екінші аййнымалыны табады;

Жауабын жазады

Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім


Өзіндік жұмыс карточкалары


Топтық жұмысқа

Дескриптор.

Оқушылар:

- Теңдеулердің сол және оң жақтарын мүшелеп қосады:

- берілген теңдеулер жүйесімен мәндес жүйені жазады;

- теңдеулерді қосу арқылы бір айнымалысы бар теңдеу алады;

1-ші айнымалыны табады;

-екінші аййнымалыны табады;

Жауабын жазады

Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім


Өзіндік жұмыс карточкалары

Сабақтың соңы

5минут

Сабақты қорытындылау:

«Жалғасын тап» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын:

Үйге тапсырма беру: №

Оқушыларға «Білім сандығы» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.


Жалпы сыныпта оқушының жинаған ұпайы мен белсенділігіне қарай мұғалім 1-10 балл аралығындай балл қояды

Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.04.2024
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі