Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Мен Мұнайлы ауданы № 12 орта мектебінде бірнеше тәжірибеден өткен болатынмын. Тәжірибенің алғашқы күндері балалармен жұмыс істеу қиын болғанымен, жіберген қателіктерімді келесі тәжірибеде түзеп отырдым. Баланы дұрыс тану арқылы оның: деңгейін, тәртібін, қабылдауын, ой өрісін анықтай аламыз. Бұл - баламен жұмысты оңай жасауға көп септігін тигізеді. Тәжірибе барысында маған ІІІ – ІV сыныптар берілді. Ал, бұл сыныптарда әдібиеттік оқу, қазақ тілі пәндерінен мәтіннің алатын орны зор екені бізге мәлім.
Мәтін – баланы жан-жақты болуға, ой өрісінің дамуына, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып білуге, сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге, әсіресе, әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі.
Мәтіннің түрі көп. Мысалы: кейбір мәтіндер диалог ретінде берілсе, енді бірі өмірбаян ретінде, батырлардың ерлігі жөнінде, аңыз әңгіме ретінде т.б. кездеседі. Мұндай мәтіндерді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыс-тарды мұғалім өз шеберлігіне байланысты түрліше өтуге болады.
Мәтін – бала үшін жабық ой. Сондықтан, мәтінмен жұмыс жасауға мұғалім алдын-ала дайындалғаны абзал. Мен тәжірибе кезінде мәтінді қабылдауға байланысты төмендегідей жұмыстарды атқардым:
-
Мәтін оқымас бұрын, балаларға дайындық жұмысын жүргіздім;
-
Мәтінді бір рет толық оқып, екінші рет жақсы оқитын оқушыға оқыттым;
-
Сөздік жұмысын жүргіздім;
-
Балаларға мәтін бойынша түсінігін айтқыздым;
-
Мазмұнға сай жоспар жасаттым;
-
Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық тапсырмалар бердім;
-
Қорытынды
Мәтін оқылмас бұрын, оқушыларға дайындық жұмысын жүргізу арқылы балаларды оқылатын әңгіменің мазмұнына қызығушылықтарын оятуымыз керек. Ол үшін:
-
Кей шығармаларды өту барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқыздым. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді. Балаға өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік жасағанымыз жөн. Әйтесе, оның алдымен сабаққа деген қызығушылығы болмай, екінші жағынан келесіде өз ойын ашып айталмай қалуы да мүмкін. Сондықтан, әр оқушының пікірін тыңдап, оны одан сайын жігерлену мақсатында «Жәрәйсың, сен келесі де бұдан да көп ақпараттар жинап кел!» деген абзалырақ.
-
Біреу білмегенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан, кейбір жағдайда оқылатын материалға қажетті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреу-лері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырып отырады.
-
Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті деректерді балалар білмейтін болса, балаларға өзі кіріспе әңгіме айтып беремін. Мұнда балалар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, шығарманы оқуға құмартатындай, оқығанша асығатындай жағдайда болғанда ғана дайындық әңгіменің талапқа толық сай өткені деуге болады.
-
Шығарманың мазмұнына сай суреттерді, видеороликтерді оқуға дайын-дық кезінде пайдалану арқылы балаларды мәтінге қызықтырып ғана қоймай, оны оқып білуге асығатын.
Осыдан кейін, мәтінді оқуға кірістім. Мәтінді мұғалім оқушылардың көкейіне қонатындай, интонациямен, кідірістерге аса мән беріп, мәнерлеп оқығаны дұрыс. Және мәтінді алғаш оқығанда бөліктерге бөлмей, толық оқу керек. Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққан кезде балалар оның мәнін терең ұғына қоймайды, шығарма туралы оларда жалпы ұғым ғана қалыптасады. Ол үшін мәтінді екінші рет жақсы оқитын оқушыға оқытамын. Мәтіннің мазмұнын балалардың дұрыс түсінген-түсінбегенін, әңгіменің қай жері ерекше әсер еткенін біліп, ойларына бағыт беру үшін сұрақтар қойдым.

№ 12 орта мектептің 3 «Б» сынып оқушысы
Мырзағалиева Әсел (мәтінді оқу кезі)
Мәтін - сөйлеу процесінің жемісі. Балалар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алады. Ол үшін мәтінде кездесетін түсініксіз сөздерің мағынасын түсіндіріп, оның синонимімен бірге айту сөзді сан жағынан және сапа жағынан байытатыны анық. Мұғалім сөздік жұмысына алдын-ала дайындалғанында ғана балалар сөйлегенде сол сөздерді кірістіре отыратындай жағдай жасайды. Сөздік жұмысын жүргізгенде мұғалімнің есінде болатын тағы бір жағдай — сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру қажет.
Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мүғалім затты немесе оның суретін көрсетіп, оған анық сипаттама береді. Мысалы: аэродром — самолет ұшып, қонатын алаң т.б.

Балалардың сөздік жұмысын жазу кезі
Бастауыш сыныптағы ІІІ – ІV сынып оқушыларына мәтіннің түсігін айту қиынға соқпайды. Балалардың мәтінді қалай түсінгендіктерін олардың баяндауынан аңғаруға болады. Мысалы: эмоциясынан, беті бейнесінен, дауыс ырғағынан анық байқалады. Бала сабақты баяндап жатқан кезде мұғалім басқа әрекеттермен шұғылданбай, баланың еңбегін дұрыс бағалау үшін мұқият тыңдағаны дұрыс. Мәтінді терең, толық түсінген оқушы сөздерді грамматикалық жағынан дұрыс қолдануға тырысады. Бала өз түсінгенін барынша өз сөзімен айту арқылы есте сақтауына ықпалын тигізеді. Мұндай жағдайда мұғалім: «Балалар, түсінгендеріңді өз сөздеріңмен айтыңдар» деген сияқты сөздермен баланы еркін сөйлеуге дағдыландыруы керек.

3 «Б» сынып оқушысы Қалжанов Санжарбек
(мәтіннен түсінігін айтуы)
Мәтінге жоспар жасау мен түсінігін айту бір-біріне тығыз байланысты болып келеді. Мәтінді түсінбеген оқушы жоспар құра алмайды. Ал, мәтінді толық, дұрыс түсінген балаға жоспар құру қиынға соқпайды. Оқушылар мәтінді бірнеше бөлімдерге бөліп, әр бөлікке ат қояды. Әңгімені бөлімдерге бөлу үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды. III—IV сынып оқушылары тұтас әңгімені өздері бөлікке бөліп, әр бөлікке ат қою жұмысын атқара алады. Екінші сөзбен айтқанда, әр әңгімеге өз беттерімен жоспар жасай алады. Мұндай жағдайда мұғалім тек «Бұл бөлімде не жөнінде айтылады?» деген сияқты сұрақтар арқылы балаларға бағыт қана беріп отырады. Дегенмен, мұғалім балалардың жоспар құруына аса мән бергені дұрыс. Өйткені, кейде балалар ойланбастан кез – келген ат қоя салуы әбден мүмкін. Бұл кезде мұғалім балалардың барлығының ойын тыңдап, мағынасына қарай ең жақсыларын іріктеп алғаны жөн.
Мәтінге сай шығармашылық тапсырма беру – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қазір интербелсенді оқыту технологиясына сай балаларды топқа бөліп, әр топқа әртүрлі тапсырма бердім.
І топ – «5 жолды өлең» әдісі – оқушы берілген мәтін бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлең құрастырудың ережесі мынадай:
-
Зат есім (1 сөз)
-
Сын есім (2 сөз)
-
Етістік (3 сөз)
-
Сөйлем (4 сөз)
-
Мәндес сөз(синоним), (1 сөз)
ІІ топ – «Рөлдік» ойын – мәтінді рөлдерге бөліп, сахналайды.
ІІІ топ – «Сурет салу» – балаларға мәтінге байланысты топпен бірігіп сурет салады.
ІV топ – «Бағалаушы» топ – балалар мұғалімге қарағанда, бір-бірін бағалауда өте адал. Бұл топ оқушыларды бақылап отырып, бағалау парағын толтырады.

Оқушылардың топпен сурет салуы
Балалардан мәтін бойынша не ұққандарын сұрақ қою арқылы қорытындылаймын. Сұрақтарды алдын-ала баланы ойландыратын, жіңішке және жуан сұрақтар дайындаймын.
Тақырыбы: М. Әуезов «Боран» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Мұхтар Әуезов туралы тусінік беру. «Боран» әңгімесінің мазмұнын ашу;
2. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту, ой – өрісін, дүниетанымын кеңейту;
3. Туған жерін, табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ – жауап, тіл дамыту, «5 жолды өлең», топтық жұмыс, «инсерт», рөлге бөліп оқу.
Көрнекілігі: М. Әуезовтың бейнесі, видеоролик, қыс суретті, интербелсенді тақта, М.Әуезовтың жеке кітаптары, слайд, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Қызығушылықты ояту
- Балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын мынаны айтыңдаршы, өткен сабақтарда Абай атамыз жырлағандай « Басын сілкісе, қар жауып мазаңды алды »немесе Сәкеннің « Шұнақ аяз жалаңдап , екі санын сабады » дегендей осы құбылыстың барлығы қай мезгілде болады?

-
Суреттегі кім?
-
Екінше суретте не көріп тұрмыз?
2. Мағынаны тану
- Жәрәйсыңдар, балалар! Міне, балалар бүгінгі тақырыбымызда қыстың бір құбылысына байланысты « Боран » деп аталады, авторы М.Әуезов.
М.Әуезов 1897 жылы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Мұхтар атасы Әуез, әжесі Дінәсілдің тәрбиесінде болған. Жастайынан Абай өлеңдерін жатқа айтып өскен. Алғаш Абай ауылындағы бастауыш мектепті, сосын Семей қаласындағы орыс мектебінде оқып, содан кейін білімдерін әртүрлі оқу орындарында жалғастырды.
Мұхтардың ең құнды шығармасы – «Абай жолы» эпопеясы. (Абай жолы кітабын көрсету).

3. Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді бір рет өзім толық оқып беремін.
2. Жақсы оқитын оқушыға оқытамын;
3. Сөздік жұмысын жүргіземін.
Жұмырланған – қатты су қар
Толассыз - тоқтамай жүру
Сарылған – ұзақ уақытқа созылған
4.Сергіту сәті
5. Шығармашылық жұмыс:

1. Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік (3 сөз)
4. Сөйлем (4 сөз)
5. Мәндес сөз(синоним), (1 сөз)
ІІ топ – «Екі жақты күнделік» әдісі – Оқушылардан дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділер жазылады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады ( нені еске түсіреді, себеп салдары қандай?);
ІІІ топ – «Сурет салу» – балаларға мәтінге байланысты топпен бірігіп сурет салады;

ІV топ – «Бағалаушы» топ – балалар мұғалімге қарағанда, бір-бірін бағалауда өте адал. Бұл топ оқушыларды бақылап отырып, бағалау парағын толтырады;
6.Дәптермен жұмыс:
Мәтіннің мазмұнына сай жоспар құру
IV Сабақты бекіту
V Сабақты қорытындылау
Ой толғаныс:
Қыс туралы мақал – мәтел айтқызу және оның мәнін түсіндіру.
а) Жеріне қарай егін ек, жолына қарай жегін жек.
ә) Қыс азығын жаз жина
б) Қыстың қамын жаз ойла
в) Қыс – арбаңды, жаз шанаңды сайла
г) Қар - қара жердің көрпесі
Мәтін бойынша сұрақ қою.
1. Боранның күшейе түскенін әңгіменің қай жолдарынан білуге болады?
2. Әңгіменің ең соңғы сөйлемін қалай түсінесіңдер?
3. Мәтінге сүйеніп үсінгеннен сақтану жолдарын (тауып оқы) айтып бер.
4. Өздерің боранды қалай суреттер едіңдер
5. Ерте кезде халық ауа райын қалай болжаған?( балалардың өздерінің білетін болжамдарын айтқызу)
VI Үйге тапсырма
VII Бағалау.
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»
Бастауыш білім беру мамандығын
ІІІ курс студенті:
Теңгелбаева Жанарсұлу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз