Мәтінді теру және өңдеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтінді теру және өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы

Мәтінді теру және өңдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1 мәтіндік редакторда сөйлемдерді теруді жүзеге асыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіндік редакторда сөйлемдерді теруді жүзеге асырады.

Көптеген оқушылар: мәтіндік редакторларда мәтін теруді ммұғалімнің көмегімен тәжіриеде көрсете алады.

Кейбір оқушылар: мәтінді өңдеп,сақтай алады.

Бағалау критерийлері

  • мәтіндік редакторда сөйлемдерді теруді жүзеге асырады.

  • мәтіндік редакторларда мәтін теруді ммұғалімнің көмегімен тәжіриеде көрсете алады.

  • мәтінді өңдеп,сақтай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мәтін,өңдеу,сақтау.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мәтіндік редакторлардың қызметін ата?

Программаны қалай іске қосамыз?

Құжат қалай сақталады?

Неліктен құжатқа арнайы атау беріп сақаймыз?

Мәтінді не себепті өңдейді?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Программалар терезесі

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Осы қасиеттері бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мейірімді балалар» тобы

2-топ: «Бауырмал балалар» тобы

3-топ: « Ақылды балалар» тобы

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Жұппен жұмыс»

Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде балалар өз серігін өзі таңдайды. Жыл көлемінде әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа жасауға үйренеді.

  • Терезе дегеніміз не?

  • Терезенің қандай түрлері бар?

  • Не себепті терезе батырмаларының қызметін толық білу маңызды?

  • Терезенің төменгі жақтауларында орналасқан қарау жолақтары не үшін қажет?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау


«Кездесу» ойыны




Оқушыларды топтарға бөлуге арналған сөздер.








Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

«Иық тірескен шеңбер»

Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді.

  • Мәтіндік редакторлардың қызметін ата?

  • Программаны қалай іске қосамыз?

  • Құжат қалай сақталады?

  • Неліктен құжатқа арнайы атау беріп сақаймыз?

  • Мәтінді не себепті өңдейді?

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

1-топ:

2-топ: Салыстырмалы түрде айт.

Дескриптор:

  • мәтіндік редакторда сөйлемдерді теруді жүзеге асырады.

  • мәтіндік редакторларда мәтін теруді ммұғалімнің көмегімен тәжіриеде көрсете алады.

  • мәтінді өңдеп,сақтай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Белсенді оқу тапсырмалары.

Сергіту сәті

«Психологиялық бой»

Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.












Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.








Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2018
2455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі