Мәтіндік редактор

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтіндік редактор

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Office Word-қа кіріспе. Microsoft Office Word-пен танысу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Microsoft Word-ты іске қосу, Word терезесімен

танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу,

құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ

Көрнекілігі: Буклеттер, карточка.

Құрал – жабдықтартары: компьютер, интерактивті тақта, электронды

оқулық, компьютерлік слайдтар, оқулық, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру,

оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару;

2. Психологиялық дайындық.

/Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін логикалық сұрақ/

Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? Жауабы: бөлшек таңбасы - 4,5

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Электрондық оқулық арқылы тапсырмаларды орындау.

1 – тапсырма: Басқару тақтасын іске қосу жолын көрсетіңіз.

/Пуск-Настройка - Панель урпавления/

2 – тапсырма: Іске қосу менюінің көмегімен жұмыс үстелін баптауды

шақырыңыз. /Пуск-Настройка - Панель урпавления - Экран/

3 – тапсырма: Жанама меню көмегімен жұмыс үстелін баптауды

шақырыңыз.

/Тышқанның оң батырмасын басамыз, шыққан

жанама менюден Свойства командасын таңдаймыз, шыққан қосымша терезеден «Рабочий стол» батырмасын басамыз/

4 – тапсырма: Жұмыс үстеліндегі қойылымды ауыстырыңыз.

/Қосымша терезеден шыққан қойылымдарды таңдаймыз,

Применить – ОК батырмаларын басамыз/

5 – тапсырма: Іске қосу менюінің көмегімен Іздеуді шақырыңыз.

/Пуск – Найти – Файлы и папки/

6 – тапсырма: Менің компьютерімді вирусқа тексеріңіз де, табылған

вирустарды жойыңыз

/Менің компьютерімді белгілеп тышқанның оң батырмасын

басамыз, шыққан қосымша менюден «Проверить на вирусы»

командасын орындаймыз, шыққан қосымша терезеден

«Удалить» батырмасын басамыз/


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Microsoft Office Word – бұл мәтінді енгізуге, редакциялауға, форматтауға және баспаға беруге арналған мәтіндік процессор. Одан басқа бұл программа құжатқа суреттерді, кестелерді диаграммаларды кірістіруге, сондай-ақ орфографиялық және граматикалық қателерді және басқаларды түзетуге мүмкіндік береді.

Microsoft Office Word программасын іске қосу:

  1. Пуск – Программы - Microsoft Office - Microsoft Office Word.

  2. Пуск - Microsoft Office Word белгішесінде тышқанды шерту арқылы

  3. Жүмыс үстеліндегі Microsoft Office Word жарлығында тышқанды шерту арқылы.

Microsoft Office Word –та құжатты жабу:

1. Файл – Выход командасы арқылы;

2

Х

. Word терезесіндегі батырмасын басу арқылы;
  1. АLT+F4 пернелер комбинациясын басу арқылы;

Microsoft Office Word –та құжатты сақтау:

  1. Құжатты алғаш рет сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындау қажет, сол кезде қосымша терезе пайда болады. Одан әрі қарай әдетте файлдың атын көрсетуге және де қажет болса керекті буманы немесе дискіні таңдауға болады;

  2. Word терезесіндегі батырмасын басу арқылы;

Үнсіз келісім бойынша Word мәтіндік процессоры құжаттарына автоматты түрде *.DOC кеңейтілуі беріледі.

Әр батырманың қызметін білу үшінмаустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырамыз.

Стандарттық тақтадағы батырмалар:

құжат құру құжат ашу

болдырмау құжатты сақтау

буферге көшіру буферге жіберу


Пішімдеу тақтасындағы батырмалар:

қәріп жартылай қалың

қәріп өлшемі курсив

асты сызылған сол жақ шеті

орта бойынша оң жақ шеті


1. Тапсырмаларды орындау /электрондық оқулықпен/;

1 – тапсырма: Microsoft Office Word бағдарламасын іске қосыңыз.

/Пуск-Все программы - Microsoft Office Word/

2 – тапсырма: Ерекшеленген аймақтағы мәтінді алыңыз да оны сақтаңыз.

/Файл – Сохранить – Шыққан қосымша терезеден Сохранить

батырмасын басамыз/

3 – тапсырма: Microsoft Office Word құжаты терезесі элементтерінің

атауларын жақтауға енгізу.

/Пішімдеу үстелі, сызғыш, күй жолағы, стандартты үстелі, мәзір

жолағы, тақырып жолағы, айналдыру сызығы, тапсырмалар

аймағы/

4 – тапсырма: Microsoft Office Word құжатын ашыңыз?

/Файл – Открыть – Шыққан қосымша терезеден Открыть

батырмасын басамыз/

5 – тапсырма: Стандартты құралдар үстелінде мына амалды орындау үшін

қолданатын батырманы басыңыз:

  1. Мәтін үзіндісін көшіру;

  2. Емле ережесін тексеру параметрін баптау;

  3. Ағымдағы құжатты сақтау;

  4. Аралық сақтағыштан мәтін үзіндісін кірістіру;

  5. Жаңа құжат жасау;

  6. Мәтін үзіндісін қиып алу;

  7. Сақталған құжатты ашу;

  8. Соңғы әрекетті болдырмау;

  9. Мәтінді газет бағандарына бөлу.

6 – тапсырма: Форматтау тақтасы көмегімен ерекшеленген мәтінді жасаңыз:

«Жартылай қарайтылған» / Форматтау тақтасындағы

«Жартылай қарайтылған» батырмасын басамыз/

7 – тапсырма: Форматтау тақтасы көмегімен терілген мәтінді теңшеңіз:

«Ортасы бойынша» / Форматтау тақтасындағы

«Ортасы бойынша» батырмасын басамыз/


2. Деңгейлік тапсырма: компьютерде мәтінмен жұмыс жасау;


1 – деңгейлік тапсырма: Мәтінді ортасы бойынша туралап, мәтін тақырыбын қызыл түспен мәтіннің өзін көк түспен жазу. Қаріп - Times New Roman, Мөлшері-14.

Адам туралы

Адамның бойындағысының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір-бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл-ой, сана-сезім, істеген ісімен ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.


2 – деңгейлік тапсырма: Мәтінді оң жақ шеті бойынша туралап, мәтін тақырыбын көк түспен, мәтінді жасыл түспен жазу. Қаріп - Times New Roman, Мөлшері – 14.


Ұяттылық туралы.

Парасатты адамдардың бойына өздерінің кем-кетік жақтарын сезіну қабілеті туа біткен. Яғни, табиғат бізге сол кем-кетігімізді білу үшін ұялу сезімін берген. Ұят кейде заңдар шектемеген нәрселерді шектейді. Адамдар алдында ұялу – жақсы сезім, бірақ ең жақсысы - өзіңнен өзің ұялу, ұят болар нәрсеге бармау, істемеу.


3 – деңгейлік тапсырма: Мәтінді ені бойынша туралап, мәтін тақырыбын сары түспен, мәтінді қызыл түспен жазу. Қаріп - Times New Roman, Мөлшері – 14.

Адамның асыл қасиеттері

Ұлттың басты байлығы – халықтың асыл қасиеттері «Әкенің баласы болма, адамның баласы бол». Халық үшін еңбек ет. Өзің үшін ғана өмір сүру – озбырлық. Мал үшін таласпа, ар үшін талас. Адамның ең асыл қасиеті – жақсылықта.


3. Адасқан әріптерді табу /табылған сөздерді дәптерге жазу/.

тіндікмә орецссорпр - мәтіндік процессор

қырыпта лыжо - тақырып жолы

нюме ылжо - меню жолы

шімдеупі - пішімдеу

ріпқа - қаріп

шермөл - мөлшер

райтқатылған - қарайтылған

сайғантылқи - қисайтылған

тыас зылғансы - асты сызылған

зацаб - абзац

ІV. Сабақты бекіту.

Тест жұмысы.

1. Мәтіндік редактор – программасы ......... үшін берілген.

А) мәтіндік ақпаратты құру және редакторлеу;

Б) ойын программаларын құру барысында кескінмен жұмыс істеу;

С) ДК ресурстарын басқаруда құжат құру;

2. Мәтіндік редактордың негізгі функцияларына мыналар ……... жатады:

А) көшірмелеу, ауыстыру, мәтін фрагменттерін сұрыптау және жою;

Б) мәтінді құру, редакторлеу, сақтау және басу;

С) Мәтінді дұрыс жазуды қатаң сақтау;

3. Меңзер – бұл ...

А) мәтіндік ақпаратты енгізетін құрылғы;

Б) пернетақтаның пернесі;

С) пернетақтамен енгізілетін символдың позициясын көрсететін

экрандағы белгі.

4. Мәтінді тергенде бір сөз бір сөзден …... арқылы ажыратылады:

А) нүкте;

Б) бос орын ;

С) үтір;

5.Компьютердің көмегімен мәтіндік ақпаратты ... болады:

А) сақтауға, алуға және өңдеуге;

Б) тек қана сақтауға, бейнелеуге.

Б) тек қана сақтауға;

6. Word-та мәтіннің бір жолын белгілеу үшін:

А) Курсорды жолдың басына жылжытып, тышқанды бір рет шертеміз;

Б) Мәтіннің кез келген жерінде тышқанды бір рет шертеміз;

С) Тab пернесін басу арқылы.

7. Қаріптің өлшемін таңдау қандай құралдар тақтасында орналасқан?

А) Стандартты;

Б) Стандартты және форматтау;

С) Форматтау;

8. WORD-та файл үнсіз (по умолчанию) қандай кеңейтуімен беріледі?
А) doc

Б) wor

С) dos

V. Үй тапсырмасын беру. /Жұмыс дәптеріне жазылған сөздерге анықтама жазу, оқулықтан «Microsoft Office Word-қа кіріспе. Microsoft Office Word-пен танысу» тақырыбын оқу/.

VІ. Бағалау. /Оқушыларды сабақ барысында дұрыс жауаптарына қарай берілген белгішелер бойынша бағалау/


7


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.05.2019
1188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі