Материалдар / Мәтінмен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтінмен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж 3 сынып ашық сабақ тақырыбы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
268
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1





















Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы

Ақпараттық коммуникациялық
технология (АКТ)

3-сынып


Page 2

Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.







2


Page 3

МАЗМҰНЫ
1 тоқсан
.......................................................................................................................... 4
Бөлім «Компьютер және программалар» ......................................................................... 4
Бөлім «Сөз артында сөз» .............................................................................................. 15
2 тоқсан ........................................................................................................................ 23
Бөлім «Компьютер және дыбыстар» .......................................................................................... 23
Бөлім «Компьютерлік суреттер» ................................................................................................ 32
3 тоқсан
........................................................................................................................ 40
Бөлім «Шығармашылық және компьютер» ............................................................................... 40
Бөлім «Әлемнің барлығы Интернетте» ...................................................................................... 50
4 тоқсан
........................................................................................................................ 63
Бөлім «Презентацияны безендіру» ............................................................................................. 63
Бөлім «Мәтін, дыбыс және презентация» .................................................................................. 73


3


Page 4

1 тоқсан
«Компьютер және программалар» бөлімі
Тақырыбы «Компьютердің құрылғылары»

Оқу мақсаттары 3.1.1.1 Енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару
құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Енгізу және шығару құрылғыларын ажыратады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма

1. Компьютер құрастыру үшін негізгі бөліктерін ( ✓) белгіле.








2. Кестеде берілген құрылғыларды топтарға бөліп жаз.

Пернетақта

Микрофон

Монитор

Тінтуір

Дыбыс колонкалары

Принтер


Шығару құрылғысы Енгізу құрылғысы




Дескриптор

Білім алушы
- компьютердің негізгі бөліктерін көрсетеді;
- енгізу құрылғыларын бөліп жаза алады;
- шығару құрылғыларын ажырата алады.
4


Page 5

3. Құрылғыларды атқаратын қызметімен сәйкестендір.

Құрылғы Міндеті


Сандық және мәтіндік
ақпарартты компьютерге
енгізеді


Ақпаратты экранға шығарады


Графикалық ақпаратты компьютерге енгізеді


Ақпаратты қағазға шығарады

Дескриптор

Білім алушы
- монитордың қызметін көрсетеді;
- перенетақта қыметін көрсетеді;
- принтердің қыметін көрсетеді;
- сканердің қыметін көрсетеді;

5


Page 6

Тақырыбы «Компьютердің құрылғылары»

Оқу мақсаттары 3.1.2.1 Компьютерлік программалар қолданушының
міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Компьютерлік бағдарламалардың айырмашылығын
анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Компьютер құрылғылары мен орындайтын командаларын тілсызық арқылы қос.

Енгізу Процессор
Сақтау Веб камера
Шығару Жад
Өңдеу Баспа құрылғы


Дескриптор

Білім алушы
- енгізу құралын сәйкестендіреді;
- шығару құралын сәйкестендіреді;
- ақпаратты өңдеу құралын дұрыс сәйкестендіре алады;
- ақпаратты сақтау құралын дұрыс сәйкестендіре алады.

2. Төмендегі сұрақтарға жауап жаз.
2.1. Сурет салу бағдарламасы ның атауы: _____________________
2.2. Компьютердегі суреттерді қандай бағдарламамен ашуға болады, атауын жаз ______________________

Дескриптор

Білім алушы
- графикалық редакторды атайды ;
- суреттерді көретін бағдарламаны көрсетеді .


6


Page 7

Тақырыбы «Компьютердің құрылғылары»

Оқу мақсаттары 3.1.3.1 Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік
техникасының негізгі ережелерін сақтау

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік
ережелерін пайдаланады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма

1. Төмендегі суреттерді қарастыр және әрекеттерді информатика кабинетінде «РҰҚСАТ
ЕТІЛЕДІ» және «РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ» топтарына жинақта және түсіндір.

Ескерту* бұл тапсырманы компьютер арқылы немесе интербелсенді тақта арқылы
орындауға болады.


РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ


РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ


Дескриптор


Білім алушы
- қауіпсіздік техникасы ережесін дұрыс ұстаған оқушыны белгілейді;
- компьютермен жұмыс жасау кезінде қалай дұрыс отыруды
түсіндіреді;
- компьютер алдында дұрыс отырмау салдарларын түсіндіреді;
- компьютердің электр өткізгіш құралдарын ұстау салдарларын
түсіндіреді.

7


Page 8

Тақырыбы «Файлдар мен бумалар»

Оқу мақсаттары 3.1.2.2 Компьютерлік программаларда файлдарды ашу және
сақтау командаларын пайдалану

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Файлды сақтау жолын ұсынады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Суретті дұрыс сақтау жолын сандар арқылы көрсет.






.
















Дескриптор


Білім алушы
- суретті сақтау әрекеттерінің тізбегін көрсетеді.

Жұмыс
үстелінде жаңа
бума құру
Браузерді ашу
Буманың атын
«Сурет» деп
жазу
Браузерде іздеу
жүйелерін
пайдалана
отырып, «Тірі
табиғат» суретін
табу

Тапқан суретті
«Сохранить картинку
как» командасын
пайдаланып өз
бумаңды сақтау

8


Page 9

Тақырыбы «Файлдар мен бумалар»

Оқу мақсаттары 3.1.2.3 Файл және бума ұғымдарын түсіндіру

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Файл және бума ұғымдарының ережелерін анықтайды
• Белгішесі бойынша файл және бума түрін анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма
1. Төмендегі терминдерді олардың қызметімен сәйкестендір.

Файл
Файлдың аты
Компьютерде сақталған ақпарат
Бума

Файлдар мен басқа бумаларды
сақтауға арналған орын


Дескриптор


Білім алушы
- файл ұғымын көрсетеді;
- бума ұғымын көрсетеді.

2. Мазмұнына қарай бума мен файлға түсініктеме бер.








Дескриптор


Білім алушы
- файл мазмұнын көрсетеді;
- бума мазмұнын көрсетеді.

9


Page 10

3. Суретке қарай отырып, файлға атау бер және буманың мазмұнына сәйкес атауын жаз.



___________.bmp

___________.bmp

___________.bmp






_________________

_________________





Дескриптор


Білім алушы
- суретке сәйкес файлдың атауын жазады;
- суретке сәйкес буманың атауын жазады.

10


Page 11

Тақырыбы «Файлдар мен бумалар»

Оқу мақсаттары 3.2.4.2 Арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Арнайы тақырыпқа арналған фотосуреттерді бейнесі
бойынша анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма

1. Алуаның компьютерінде әр түрлі фотосуреттер бар. Алуаға су туралы фотосуреттерін
таңдауға көмектес. Су туралы фотосуреттерд і қызыл түсті қарындашпен белгіле.







Дескриптор


Білім алушы
- тақырыпқа сай фотосуреті қолданады.

11


Page 12

Тақырыбы «Программалар терезесі»

Оқу мақсаттары 3.1.1.1 Енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару
құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Енгізу және шығару құрылғыларын ажыратады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Сұрақтарды оқып, жауаптарын жаз.

1.1. Фотосуретті компьютерде жасау үшін қандай құрылғылар пайдалануға болады?
________________________________________________________________________

1.2. Фотосуретті ашу және шығару үшін, қандай шығару құрылғысын пайдаланамыз?
________________________________________________________________________

1.3. Фотосуретті түсіру, үлкейту және бұру үшін қандай енгізу құрылғысын пайдаланамыз?
________________________________________________________________________

Дескриптор


Білім алушы
- кескіндер және фотосуреттермен жұмыс жасайтын құрылғыларды
анықтайды.

12


Page 13

Тақырыбы «Программалар терезесі»

Оқу мақсаттары 3.1.2.1 Компьютерлік программалар қолданушының
міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Компьютерлік бағдарламалардың міндеттерін
түсіндіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Сурет салуға арналған бағдарлама атауын және қандай қызықты қызметтері бар екенін жаз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

2. Компьютердегі фотосуреттерді қандай бағдарламаның көмегімен ашуға болады? Неліктен
осы бағдарламаның қажет екенін түсіндір.
________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________
______________

Дескриптор


Білім алушы
- графикалық редактор қызметі мен міндетін жазады;
- фотосуретті ашу бағдарламасының қызметі мен міндетін жазады.

13


Page 14

Тақырыбы «Программалар терезесі»

Оқу мақсаттары 3.1.2.4 Компьютерлік программаларда меню командаларын
қолдану

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Бағдарламаның мәзір командаларын қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

1. Сурет көруге арналған бағдарламаның құралдар қызметін жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- сурет көруге арналған бағдарламаның құралдар қызметін анықтайды;
- суретті оңға және солға бұру командасын жазады;
- суретті үлкейту және кішірейту құралдар қызметін жазады.

2. Берілген тұжырымдамамен келісесінбе? «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап бер.

Тұжырымдама Жауап
Бас мәзір бастау батырмасымен ашылады
Тек бас мәзір ғана болады
Бағдарламаны қосқанда есік ашылады
Терезенің негізгі элементтері: мәзір қатары, жұмыс
алаңы және қалып күй қатары


Дескриптор Білім алушы
- тұжырымның ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтайды.

14


Page 15

«Сөз артында сөз» бөлімі

Тақырыбы «Мәтінді теру және өңдеу»

Оқу мақсаттары 3.1.2.1 Компьютерлік программалар қолданушының
міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Компьютерлік бағдарламаның міндетін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма

1. Мәтінмен жұмыс жасауға болатын бағдарламалар түрін таңда. Мәтіндік редактор не үшін
қажет екендігін түсіндір.




Дескриптор

Білім алушы
- мәтіндік редакторды түрі бойынша белгілейді;
- мәтін редакторының міндетін түсіндіреді.


15


Page 16

Тақырыбы «Мәтінді теру және өңдеу»

Оқу мақсаттары 3.1.2.2 Компьютерлік программаларда файлдарды ашу және
сақтау командаларын пайдалану

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Компьютерде мәтінді ашу және сақтау командасын
пайдаланады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Аслан мәтіндік редакторда ертегі жазды да, оны сақтады. Оған құжатты ашу үшін қандай
әрекеттер орындау қажеттігін жаз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________


Дескриптор


Білім алушы
- мәтіндік редакторда құжат ашу жолын жазады.

1. Аслан ертегі жазылған құжатты өзгертті. Өзгерген файлды қалай сақтауға болады?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________


Дескриптор


Білім алушы
- мәтіндік редакторда құжатты сақтау жолын жазады.

16


Page 17

Тақырыбы «Мәтінді теру және өңдеу»

Оқу мақсаттары 3.2.1.1 Мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді
жүзеге асыру

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Мәтіндік редактормен пернетақта айырмашылығын
көрсетеді
• Мәтіндік редакторда қандай әрекет қолдануға ұсыныс
береді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма
1. Берілген суретте мәтіндік редактор мен пернетақта элементтері берілген.
• Көк түсті қарындашпен пернетақта элементтерін дөңгелектеңіз.
• Қызыл түсті қарындашпен мәтіндік редактор элементтерін дөңгелектеңіз.


Дескриптор


Білім алушы
- мәтіндік редактор құралдарын белгілейді;
- пернетақта құралдарын белгілейді.

2. Алуа мәтіндік редакторда мақал жазды. Қандай әрекет жасауды ұмытып кетті?

Қатені дұрыстау жолын көрсет:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

Дескриптор


Білім алушы
- мәтіндік редакторда тілдік панельді қолданады;
- берілген ақпарат бойынша жіберген қатені анықтайды.

17


Page 18

Тақырыбы «Мәтінді пішімдеу»

Оқу мақсаттары 3.1.2.2 Компьютерлік программаларда файлдарды ашу
және сақтау командаларын пайдалану

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Компьютерде мәтінді іске қосу және сақтау
алгоритімін жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Мәтіндік редакторды іске қосу командасын сандармен белгіле.

Барлық бағдарламалар (Все программы)
Мәтіндік редактор
Бастау (Пуск)
«MS OFFICE»
2. Мәтінді сақтаудың дұрыс ретін сандармен белгіле.
Файлды сақта
Мәтінді тер
Файл атын жаз
Мәтін құрастыр
Файлды жап

Дескриптор


Білім алушы
- мәтіндік редакторды ашу жолын ретімен белгілейді;
- мәтіндік редакторды сақтау жолын ретімен белгілейді.




18


Page 19

Тақырыбы «Мәтінді пішімдеу»

Оқу мақсаттары 3.1.2.4 Компьютерлік программаларда меню командаларын
қолдану

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Мәзір қатарының форматтау панелін көрсетеді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Мәзір командаларының атауын анықта, сызба арқылы бір-бірімен байланыстырыңыз.




Дескриптор


Білім алушы
- мәтіндік редакторда форматтау мәзір панелінің атауын
сәйкестендіреді.


19


Page 20

Тақырыбы «Мәтінді пішімдеу»

Оқу мақсаттары 3.2.1.1 Мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді
жүзеге асыру

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Мәтіндік редакторда қарапайым сөздерді теруді
анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тәжірибелік жұмыс

1. Мәтінді теріп жаз.
Әрқашан күн сөнбесін
Әрқашан күн сөнбесін
Әрқашан күн сөнбесін

2. Қаріпті форматтау параметрлерін орнат:
а) бірінші қатарды Курсивпен белгіле және каріп түсін қызыл түске боя;
б) екінші қатарды Асты сызылған түрде белгіле;
в) үшінші қатарды Қоюлатылған етіп белгіле.

3. Мәтінге Times New Roman қаріпін, ал қаріп өлшемін 12пт етіп орнат.


Дескриптор

Білім алушы
- мәтінге курсив және түс орнатады;
- мәтіннің астын сызып көрсетеді;
- мәтінді қоюлатылған етіп көрсетеді;
- мәтін қарпін және өлшемін орнатады.

20


Page 21

Тақырыбы «Мәтінді пішімдеу»

Оқу мақсаттары 3.2.1.2 Қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету)

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Мәтіндік редакторда қаріпті пішімдеу тәсілін ұсынады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Мәтінді оқы. Мәтінде қандай сөздерге пішімдеу түрі пайдаланылды?












Қоюлатылған сөздер ___________________________________________________
Курсивпен берілген сөздер _______________________________________________
Асты сызылған
сөздер __________________________________________________
Қызыл түспен жазылған сөздер ___________________________________________ Бірінші сөйлемге қандай түзету пайдаланды ________________________________
Екінші сөйлемге қандай түзету пайдаланды ________________________________

Дескриптор

Білім алушы
- мәтінге пайдал анған форматтау тәсілін жазады;
- қаріптің жазылу стилін жазады;
- қаріпке қандай түс пайдаланғанын анықтайды;
- мәтінге түзету тәсілі пайдаланғанын көрсетеді.

Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті
іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Басқа адамдарға көмектесіп
жүрген көптеген абзал жандар бар.

Егер адам басқаларға жақсылық жасап,қиын кезеңде жақсылық
көрсетсе, ол да оған жанашырлық танытады. Жақсылық жасау әрбір
адамның міндеті.
21


Page 22

Тақырыбы «Мәтінді пішімдеу»

Оқу мақсаттары 3.2.1.3 Құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру,
қою

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Мәтіндік редакторда қарапайым командаларды
көрсетеді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Пиктограмма бойынша құрал-саймандар атауын анықта.




Дескриптор


Білім алушы
- пиктограмма бойынша құрал-саймандар атауын сәйкестендіреді;
- қиып алу құралын сәйкестендіреді ;
- сақтау құралын сәйкестендіреді ;
- көшіру құралын сәйкестендіреді ;
- болдырмау құралын сәйкестендіреді ;
- қою құралын сәйкестендіреді.

Сақтау
Қиып алу
Көшіру
Буферден қою
Болдырмау
22


Page 23

2 тоқсан
«Компьютер және дыбыстар» бөлімі

Тақырыбы «Дыбысты жазу және ойнату»

Оқу мақсаттары 3.1.2.1 Компьютерлік программалар қолданушының
міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Дыбыстық ақпаратты ойнату бағдарламалардың
қызметін ұсынады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Компьютерде плеер бағдарламасының қызметін жаз.
________________________________________________________________________________

2. Медиа плеер құралдарының қызметін жаз.






Дескриптор


Білім алушы
− компьютерге дыбыстық ақпаратты ойнату бағдарлама қызметін жазады;
− ойнату құрылғыларының қызметін жазады.





23


Page 24


Тақырыбы «Дыбысты жазу және ойнату»

Оқу мақсаттары 3.1.3.1 Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік
техникасының негізгі ережелерін сақтау

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау қауіпсіздік
техникасының ережесін ұсынады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну


Тапсырма

1. Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасағанда қандай ережелерді сақтау қажет?
Мысал келтір.

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

Дескриптор

Білім алушы
- цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауға мысал келтіреді;
- цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін
жазады.


24


Page 25

Тақырыбы «Дыбысты жазу және ойнату»

Оқу мақсаттары 3.2.4.1 Арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты
жазу, өңдеу және шығару

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Дыбысты жазу құралдарын атауын көрсетеді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Берілген кілттік сөздер бойынша пиктограмманың атауын анықта.





............................................................
.............................................................
.............................................................
…………………..............………..…..



Дескриптор


Білім алушы
- дыбысты жазу үшін пайдаланатын құралдардың атауын жазады;
- пиктограмма бойынша файл түрін дұрыс жазады.


дыбыстық файл, дыбысты жазу,
тоқтату, дыбысты тыңдау.

25


Page 26

Тақырыбы «Дыбыстық әсерлер»

Оқу мақсаттары 3.1.1.1 Енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару
құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Енгізу және шығару құрылғыларын ажыратады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Цифрлық құрылғыларда қандай ортақ енгізу және шығару құрылғылары бар?




Енгізу ______________________________

Шығару ____________________________

Дескриптор


Білім алушы
− енгізу құрылғыларын анықтайды;
− шығару құрылғыларын жазады.

26


Page 27

Тақырыбы «Дыбыстық әсерлер»

Оқу мақсаттары 3.1.2.4 Компьютерлік программаларда меню командаларын
қолдану

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Дыбыстық редактор интерфейсін анықтайды
• Дыбыстық редактордың құралдарын ұсынады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма
1. Берілген бағдарлама бөліктерінің атауын жаз.





Дескриптор

Білім алушы
- дыбыстық редактор интерфейсінің аспаптар тобын жазады;
- дыбыстық редактор интерфейсінің дыбыстар тобын жазады;
- дыбыстық редактор интерфейсінің трек тобын жазады;
- дыбыстық редактор интерфейсінің дыбыс микшері тобын жазады.

2. Пиктограмма бойынша құрал-саймандар атауын анықта.




Дескриптор

Білім алушы
- дыбыстық редактордың дыбысты жазу құралдарының атауын жазады;
- дыбыстық редактордың дыбысты өңдеу құралдарының атауын
жазады.








27


Page 28

Тақырыбы «Дыбыстық әсерлер»

Оқу мақсаттары 3.2.4.1 Арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты
жазу, өңдеу және шығару

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Дыбысты жазуға арналған құрылғыны ұсынады
• Дыбыс жазу бағдарламасында орындау әрекеттерді
ұсынады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Дыбыс жазуға көмектесетін бағдарламаны белгіле.








2. Дыбыс жазу бағдарламасында орындалатын әрекеттерді белгіле.



Дескриптор

Білім алушы
- дыбысты жазуға арналған құрылғыны белгілейді;
- дыбыс жазу бағдарламасында орындайтын әрекеттерді көрсетеді.


Дыбысты
сақтау

Сурет салу Дыбысты
жазу

Мәтін жазу

Дыбысты
өзгертуге

28


Page 29

Тақырыбы «Дыбысты өңдеу»

Оқу мақсаттары 3.1.2.2 Компьютерлік программаларда файлдарды ашу және
сақтау командаларын пайдалану

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Дыбысты жазуға арналған бағдарламаны ашуды
ретімен көрсетеді
• Дыбысты өңдеуге арналған бағдарламада дыбысты
сақтаудың жолын ретімен көрсетеді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1. Дыбыс жазу бағдарламасын ашу жолын сандар ретімен жаз.

Барлық бағдарламалар (Все программы)
Бастау (Пуск)
1.2. Дыбысты өңдеу бағдарламасында әуенді сақтау жолын сандармен белгіле.


Дескриптор

Білім алушы
− дыбыс жазуға арналған бағдарламаны ашу жолын ретімен
көрсетеді;
− дыбыс өңдеу бағдарламасында әуенді сақтау жолын ретімен
көрсетеді.


Сақтау
жерін
таңдаймыз

Экспорт
аудио
Файл

Файл атын
жазамыз

Сақтау
сөзін
басамыз

29


Page 30

Тақырыбы «Дыбысты өңдеу»

Оқу мақсаттары 3.1.3.1 Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік
техникасының негізгі ережелерін сақтау

Бағалау критерийлері Білім алушы
• Техникалық қауіпсіздік ережелерін ұсынады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну


Тапсырма

1. Суретке қарап «Болады» немесе «Болмайды» деп жаз.




Дескриптор


Білім алушы
− суретте техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайды
болмайды деп жазады;
− суретте техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзбаған
жағдайды болады деп жазады.



30


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!