Материалдар / МӘТІНМЕН ЖҰМЫС-ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫНЫҢ НЕГІЗІ

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС-ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ЖОМАРТОВА ЗАМЗАГУЛЬ ЕРГАЗИЕВНА

zamza.65@mail.ru

Қарағанды қаласы, №10 жалпы  білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС-ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Аннотация.Бұл мақалада жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы, іскерлік дағдысының дамуы,өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы,өздігінен оқып негізгі түйінді ойды анықтап алуы,мақсатқа өз бетімен ұмтылуы,ойлау белсенділігінің артуы,шығармашылық дағдысының қалыптасуы,өзіндік пікір айтуы.

Кілт сөздер: жаңа технологияларды, оқылым дағдылары,сауаттылықты қалыптастыру, тиімді оқыту,

ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол — жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден — бір жолы.

Өз тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған мақсатым — баланы жеке тұлға ретінде оқуға өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі — оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу- бүгінгі таңның басты мәселесі. Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқытуды тиімді пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге қол жеткізуге болады:

-         оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы;

-          іскерлік дағдысының дамуы;

-          өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;

-          өздігінен оқып негізгі түйінді ойды анықтап алуы;

-          мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;

-          ойлау белсенділігінің артуы;

-          шығармашылық дағдысының қалыптасуы;

- өзіндік пікір айтуы.

Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.

Оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға  ықпал ететін тапсырма үлгілері:


· Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау;

· Көз жүгіртіп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам, жалпылай көз жүгіртіп оқу;

· Зерттеп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бөліктерін шолып оқуға қарағанда күрделі оқу түрі. Зерттеп оқу оқушыдан назарын шоғырландырып оқуды талап етеді. Оқылым мәтінінің астарлы ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп ажырату зерттеп оқудың ерекшелігі болып табылады.

· Детальді түрде оқу: әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.

· Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.

· Талдап оқу стратегиясы арқылы стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдап оқу.

· Астын сызып оқу немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілін, автордың оқырманмен байланысын анықтау.

· Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтау, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну.

· Рөлге бөліп оқу стратегиясы арқылы мәтін ойын рөлге кіріп оқу арқылы саралау.

-  «ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;

Мәтінге дейінгі кезеңде тілдік бірліктер мен сөйлеу үлгілерін саралау, оларды мәтін ішінде табу, болжам жасай білу қабілетерін дамытуға бағытталады:

- мәтін тақырыбы бойынша мәтін мазмұнына болжам жасау;

- бірінші абзацты оқып, мәтінде қаралатын мәселелер бойынша сұрақтар құрастыру.

- түсіну, қайталап оқу;

- түсіндірме, синонимдер сөздіктері;

- берілген сөздерден сөз тіркестерін құру;

грамматикалық тапсырмалар:

- берілген сөздердің қандай сөз табына, сөйлем мүшесіне жататынын анықтау;

- берілген сөздердің функционалдық қызметін анықтау;

- берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын табу;

- берілген сөздерді басқа сөздермен түсіндіру;

- берілген сөздерді мағыналарына қарай топтастыру;

- сөйлемдердегі дұрыс қойылмаған сөздерді өз орындарына қою (пазл жинау)

Мәтінмен жұмыс кезеңі:

- мәтінді оқу;

- мәтінді түсіну;

- мәтіннен сөздермен тіркескен сөздерді табу;

- мәтін мазмұны бойынша бос орындарға қажетті сөздерді жазу;

- мәтін мазмұны бойынша берілген ақпараттарды сәйкестендіру;

- мәтіннің бір бөлігін беріп, жалғасын жазғызу;

- мәтіннің соңғы бөлігін беріп, мәтіннің немен басталғанына болжам жасату.

Мәтіннен кейінгі кезең:

- мәтін мазмұны бойынша кесте толтыру;

тест құрастыру.

- мәтін мазмұнына байланысты сұрақ қою,

әр сұраққа екі жауап ұсыну;

- бірнеше сөйлем беру, солардың біреуі ғана мәтін мазмұнына сәйкес келеді; - дұрыс немесе бұрыс жауаптарды анықтау;

- екі түрлі сөйлем беріп, қай сөйлемде ақпараттың кең берілгенін анықтау;

- мәтін ішінен бірнеше сөзді беріп, солармен сөз тіркестерін құру;

- мәтін мазмұны бойынша түсінгенін айту;

- бос орындарға қажетті сөздерді жазу;

- мәтін мазмұнына байланысты берілген сөйлемдерге сұрақ қою;

- мәтін мазмұнын ашатын тірек сөздерді табу;

- мәтін мазмұнын әңгімелеу;

- мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемнің жалғасын жазу;

- мәтін мазмұны бойынша жоспар құру;

- мәтін мазмұны бойынша семантикалық карта жасау;

- мәтіндегі кейіпкерлерді суреттеу;

- мәтіннен тұрақты тіркестерді табу;

- белгіленген сөйлемнің мағынасына сәйкес мақал-мәтел мен қанатты сөздерді ажырату;

- мәтін мазмұны бойынша рөлдік ойын ұйымдастыру;

- мәтін мазмұны берілген нұсқалардан дұрыс жауапты табу.

2.Практикалық бөлім

Мәтінмен жұмыс жасау – қазақ тілі сабақтарындағы оқылым дағдысының негізі. Мәтінмен жұмыс – сабақта өткізілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығы. Оларға оқу мақсаттарына жеткізетін түрлі тапсырмаларды жатқызамыз.

Бөлім: «Адамның сырт келбеті мен мінезі».Морфология. (5-сынып)

Қолданатын стратегиялар:

1. Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.

2. Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау.

Мәтіналды кезеңі

1.Берілген жаңа сөздерді оқып, түсіндірмелі сөздіктің көмегімен түсінігін жазыңыз: балғын, солғын, машығы, шолақтау.

2.Берілген сөздердің синонимдік қатарын табыңыз:

Реңі- ...түрі, өңі, ұсқын.

Арық- ... (жүдеу, ашаң,жадау,солыңқы, қатпа)

3. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз: солғын, бойшаң, бейнелес т.б.

1. Берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орындарына қойыңыз

Бас құйқасы қоңыр сұйықтау көрінеді да қылаңданып шашының арасынан.

Бейнелес ғана бойшаң өсімдік солғын өскен күн реңі көрмей.

Мәтінмен жұмыс кезеңі

2. Бірінші азат жолды оқытып, ары қарай не болатынына болжам жасату.

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет-бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.

(жалғасын айтқызу)

Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозғылданған.

Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. О да ауырғандық пен күн көзінде болмағандықтың белгісі.

Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті.

1. Мәтіннен сөздермен тіркескен сөздерді табыңыз.

2. Мәтіннің негізгі мазмұнын білдіріп тұрған тірек сөздерді анықтап, көшіріп жазыңыз.

3. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз:

- Абай бейнесін сипаттайтын қандай сөздер мен сөз тіркестері бар?

- Мәтінде автор күн көзінде болмаудың әсерін қандай сөздермен сипаттайды дейді?

- Автор онымен не айтқысы келді?

Мәтіннен кейінгі кезең

1.Мәтінде қарама-қарсы мағынадағы сөздерді тауып жаз: толық-арық, шолақ-ұзын.

2. Мәтіннен қарама-қарсы құрылымды сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

Бет-бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ

3.Мәтін мазмұны бойынша бос орындарға қажетті сөздер мен тіркестерді жазыңыз:

Денесі де ..............кейіпте. ....... өскен. Қол-аяғы......... Бұрын мұрны ......... болушы еді, биыл біраз .........қалыпты. Бет-бейнесі баладан гөрі............, бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, ................. жоқ. Толық, ............... емес. ......................., ............... құр созылған сияқты. Күн ............... реңі ............ бойшаң ғана ............бейнелес.

Дарынды оқушылар үшін: Абайдың 18-қарасөзіне пікірін білдіруге арналған тапсырма ұсыну.

18-қарасөз

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі.

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.

Тапсырма: Пікіріңді жаз.

Мәтін – тілді оқытудағы негізгі құрал. Ол оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Мәтінмен жұмыс тіл үйренушінің сөздік қорын байыту мен қазақша сөйлеуге үйрету немесе қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру

мақсаттарын көздейтіндіктен тілді оқытуда мәтінмен жұмыс жүргізуде ұтарымыз мол болмақ.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

«Қоңыраулы көл»

Зайсан көлін ертеде– «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.
Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.
Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.
1. Екінші абзацта не туралы айтылған?
A)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы
B)Көлдегі балықтар туралы
C)Көлдің көлемі туралы
D)Көл атауы туралы
E)Қамысты құрақтағы құстар туралы
2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?
A)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.
B)Көлдің әдемілігіне байланысты
C)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты
D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты
E)Көл толқындарының бұйралығына байланысты

3- тапсырма. Мәтінді оқып болғанан кейін өз ойларын жеткізуде «ПОПС» формуласын пайдалануға  болады.

«ПОПС» формуласы

Бірінші сөйлем.  «Менің ойымша  ....................................»

Екінші сөйлем. «Себебі мен оны былай түсіндіремін  ............................»

Үшінші сөйлем.  « Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын  ................................»

Төртінші сөйлем.  «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ..................»

4- тапсырма. Мәтінді «Хикая картасы»  әдісі бойынша бөлімдерге бөлу.

 

Осындай жүмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс  жүргізу кезінде оқушылардың ой- өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, оқушылардың білім сапасын жоғары көтере алады. Білім сапасын көтеру дегеніміз - оқушыны жоғары денгейге көтеру. Осы мақсатты алға қоя отырып, тіл үйретуде мәтінмен жұмыс түрлерін тиімді пайдаланып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырамыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Оразбаева Ф.Ш. Тіл әлемі: мақалалар, зерттеулер.-Алматы: Ан-Арыс, 2009. – 368 бет

Әлметова Ә. “Сөйлеу әрекет әрекеттері түрлеріне оқыту (әдістемелік құрал). – Алматы: “Арыс” баспасы, 2007.-114 бет”).

Қазбекова Н.Т. “Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану”. // 12 жылдық білім, 2014-№1. 
4 . Рахымбаева А., Тойымбаева Ж. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту”. Ғаламтор желісі 
5. “Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру”. Ғаламтор желісі
1.А.Жайсанбаева. Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау дағдысын дамыту. https://bilimdinews.kz/ 2.Оқылым стратегиялары. https://bilimdinews.kz 3. Е.Т.Оспанов. Оқылым түрлері. https://ppt-online.org/232287

4. Қазақ тілі.( 5-9 сынып оқулық) 5. Абайдың 18-қарасөзі. https://bilim-all.kz/article/2209-Qara-sozder-18-qara-soz

6. Коментарий https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B9

7. Р.Қуанаева. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту. Орал, 2015ж.

8. М.Қуантаева. Оқу сауаттылығын стратегияларды қолдану арқылы қалыптастыру. http://gazeta.ipksko.kz



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі