400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Әуезов. Жолда.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайраткері М.Әуезовпен таныстырып «Жолда» әңгімесінің мазмұнын ашу. Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорларын молайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. Жолда.

Сабақтың мақсаты:


Білімділігі: Оқушыларды қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайраткері М.Әуезовпен таныстырып «Жолда» әңгімесінің мазмұнын ашу.


Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелігі: адамгерлішілікке, намысшыл болуға шақыру

Әдісі: топтастыру, түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың, Мұхтардың портреті, топтастыру, Венн диаграммасы, Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық сәті.

-Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы. Себебі біздер түрлі ауылдарға саяхат жасамақпыз. Сонымен бірге әр ауылдың бізге әзірлеген тапсырмаларын орындауға тиіспіз.

ОЛай болса саяхатымызды бастайық.


«Абай» ауылы. Тапсырмасы:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 

( Абайдың суреті көрсетіледі)

  1. Ақын бұл өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды?

  2. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?

  3. Адамның қандай жақсы мінез-құлықтарын білесің?

  4. Алауыз деген не?

  5. «Күндейді» дегенді қалай түсінесің?

  6. «Мертігеді» деген қандай мағынаны білдіреді?

  7. «Міндейді» деген сөздің өлеңдегі мағынасы қандай?

  8. Өлеңді жатқа айтып бер.

  9. Өлеңнің алғашқы 2 шумағын жатқа айт.

  10. Өлеңнің соңғы 2 шумағын жатқа айт.

  11. Өлеңді мәнерлеп оқып бер.

  12. «Талап, еңбек...» деп басталатын өлеңді жатқа айтып бер

-   А. Құнанбаев туралы не білесіңдер? ( топтастыру)
Shape1

- Балалар, Абай атамызды бүкіл дүние жүзіне танытқан кім? Оның өмірі туралы роман-эпопея жазған ұлы адам туралы білеміз бе?

- Ол кім?... Дұрыс-ақ, Мұхтар Әуезов.

-  М.Әуезов туралы не білесіңдер?  ( М. Әуезов суретін көрсету)


Мұғалімнің түсіндірмесі:
(Мұхтар Әуезовтың суретін көрсете отырып қысқаша мәлімет беру)
Мұхтар Әуезов (1897-1961) қазіргі Шығыс Қазақтан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайреткері. Оның әлемге тараған «Абай жолы» роман-эпопеясы ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра.

Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық «Абай жолы» роман – эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық жағдайы,сол кездегі қазақ өмір тұрмысының ерекшеліктері баяндалған. Абай туралы М.Әуезов: «… қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» деп жазған.
- Олай болса келесі баратын ауылымыз «Мұхтар» ауылы.


«Мұхтар» ауылы. Тапсырмасы:                                   

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Бүгін енді Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді «Жолда» деген әңгімесімен танысамыз.
Сөздік жұмысы

Дәріс – сабақ

Тамам болмаса да – аяқталмаса да, бітпесе де

Хазірет – дін жолындағы мәртебелі адам

Фатиқасын алып – ризашылығын алып


Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларды оқыту:
- әңгімені тізбектей оқыту.

Әңгімені құрылысына қарай талдау

1. Әңгіменің аты (Жолда)

2. Әңгіменің құрылысы, негізгі оқиғасы (Абайдың оқудан келуі)

3. Дамуы (Абайдың әкесімен кездесуі)

4. Кейіпкерлер. Олардың іс-әрекеттері (Абай, Құнанбай, Ұлжан, Байтас, Жұмабай)

5. Жазушының көркемдік әдісі мен тәсілі (баяндау, сипаттау, портреттеу)


«Құнанбай» ауылы. Тапсырмасы:                                   

Дәптермен жұмыс.
1. Берілген үлгі бойынша Құнанбайға сипаттама берген тұсты тауып жазу.

2. Әңгімеге сүйеніп, Абайға сипаттама беру
Оқушы жауаптары :

Shape7 Shape6 Shape5 Shape2 Shape4 Shape3 Өңі сұп-сұр байқағыш
Құнанбай Зор денелі Абай сабырлы
Бурыл сақалды момын


«Ұлжан» ауылы Тапсырмасы:


1. Берілген суреттерді оқиға желісімен ретімен қою;

2. Суреттерді пайдаланып, бөлімдерге бөлу, жоспар құру:

1) Абайдың ауылға келуі.

2) Анасымен кездесуі.

3) Әкесімен кездесуі.

4) Абайдың әкесіне берген жауабы.



«Абай» ауылы.

Үйге тапсырма:

Әңгімені түсініп оқу, бөлім бойынша әңгімелеуге дайындалу. Ауыл адамдарының Абайды қарсы алу сәтінің суретін салу.


Оқушыларды бағалау.

































Оқушылар әрқайсысы мәтін бойынша сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.


Мұғалім түсідірмесі:
Абай Құнанбайұлының өмірбаянынан қысқаша шолу жасау.

Хронологиялық кесте
Өскен ортасы
Өсу жолдары
Шығармашылығы

Абайдың әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам болыпты. Меккеге барып келіп, Қарқаралыға мешіт салдырған. Оның «Арғы атасы Қажы еді» өлеңі дәлел. Абай өлеңді бала кезінен сүйді. Оны өлеңге, өнерге, болашаққа құштарлығын оятқан әкесі. Барлық ақынның бата беруі: Шырағым ер жетерсің, ер жетсең сірә не етерсің!? Алысқа самғап кетерсің.
Әкесі Абайды Семейдегі «Ахмет Риза» медресесіне оқуға береді. Оқу дегенде Абай небәрі 3 жыл мұсылманша, 3, ай орысша оқыды. Араб, парсы тілдерін жақсы меңгеріп, шығыс классиктері: Сағди, Науаи, Низами, Жәни шығармаларымен танысты. Ел басқару ісіне араласып, ақ пен қара білді. Халықтың сөзіне араласты.
Зеректігінің арқасында орыс тілін меңгеріп ол А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крылов шығармаларын қазақ тіліне аударды. Еуропа ғалымдары Луистің, Дрепердің еңбектерін, соның ішінде «позитивная философия», «История умственного развития европы» деген кітаптарын оқып зерделеген. 45 қара сөз, 3 поэмасы бар. Әр түрлі тақырыптарға өлең шығарған. Қазақ поэзиясын түр жағынан да мазмұн жағынан да байытқан.

Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма: «Жолда» әңгімесін оқып, мазмұнын ашып, түсінік айту.



Қорыту

       Н. Назарбаевтың сөзі: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық  ұранымыз болуы тиіс.

Саға негізгі мектебі




Бекітемін: Тексерілді:

Мектеп директоры Оқу ісінің орынбасары

Ш.И.Кушекова Р.А.Жұмағалиева

29.12.2013. 29.12.2013.






Ашық сабақ.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4

Тақырыбы:



«М.Әуезов. Жолда»






Өткізген: Г.С.Қонарова














2013-2014 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі