СОТ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ:
М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі
/сот сабақ/
Пән мұғалімі: Шері Қалипа
1. Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі
2. Сабақтың мақсаты: .
3. Сабақтың түрі: Сот сабақ.
4. Сабақтың әдісі: Өзіндік іздену.
5. Пайдаланылған әдебиеттер:
6. Сабақтың көрнекілігі: Слайд.
7. Сабақта қолданылатын
құрал-жабдықтар: оқулық
8. Жүргізушілер:
Сот төрайымы: - Базарбек Еңлік
Прокурор - Алы Асылжан
Хатшы: - Әбдіғали Зухра
Көксерек : - Төлеген Думан
Қорғаушы: - 1-қорғаушы Наятулла Аида
2-қорғаушы Берікқызы Айзере
3-қорғаушы Құсайынбек Інжу
Екі күзетші: - Аблазимов Нұрлыбай , Дүйсенәлі Диас
Құрмаштың әжесі - Омар Томирис
Құрмаш - Оразкелді Ернар
-
Куәгерлер: Нағашысы Қасен: Асан Мадияр
2- Кенжебайқызы Дана
3-Жамалбек Айзере
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушыларды түгелдеу
-
Сот сабақ
Сейлхан Гүлсезім: «Көксерек» — адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған.
Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жара сапған көкжал сол адам қолынан өлім тапты. Образды ой символдық ойға, әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған. «Көксерек» тұңғыш рет «Жаңа әдебиет» журналында жарияланды (1929, №2-3). Әуезовтің «Қараш-Қараш» (1960), «Қилы заман» кітаптарында, 12, 20 томдық шығармалар жинақтарында шықты. Бірнеше рет жеке басылды, А. Пантеелев аудармасымен «Новый мир» (1960, №9) журналында жарық көрді. Көптеген шетел тілдеріне аударылды. 1977 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. Шығарма бойынша «Көксерек» фильмі түсірілді, қазақ, неміс, орыс тілдерінде спектакльдер қойылды.[1] Фильм 1973 жылы түсірілген, тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеуде өтті. Фильмнің режиссері - Толомуш Өкеев. Фильм 1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивалдің бірінші жүлдесіне ие болады.
ІІІ. Соттың жүруі: /20-25 минут/
Зухра: - Сот келе жатыр, орындарыңыздан тұрыңыздар!
Еңлік: - Айыпкерді әкеліңіздер!
Зухра: - Айыпкер әкелінсін! /Екі күзетші айыпкер Көксеректі әкеледі/
Еңлік: - Түркістан облысы, Отырар ауданының сот отырысын бастаймыз. Сот процесіне айыптаушы, жәбірленуші Құрмаш және әжесі, айыпталушы Көксерек , куәгерлер қатысып отыр.
Осы сот процесі Құрмаштың әжесінің арызы бойынша жүргізіледі. Хатшы арызды оқыңыз.
Зухра: - АРЫЗ
Менің арыз беру себебім - Құрмаштың нағашысы Қасен қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өттіі. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмады. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шықты. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады.Бірақ Құрмаш қасқырдың аузы тиместен бұрын өліп кетті. Көксерек ырылдап тұрып, тісінің ұшымен қағып жұлып алып, басын шайқап өткенде, баланың бір жақ көзін қопарып алып кетті. Жүріп бара жатып, қылғып салды... Түнде қойшылар Құрмаштың өлігін тауып алысты. Жанында тайдың ізіндей болып, үлкен қасқырдың ізі жатыр екен. Бұл Көксеректің ізі еді. Көксерекке әділ жазасы берілуін сұраймын.
Еңлік: - Сөз Құрмашқа беріледі.
Зухра: - Жәбірленуші Құрмаш шақырылады.
Ернар : - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремін. Арызда жазғандарымызды растаймын. Мені осындай күйге түсірген Көксерек тиісті жазасын алуын сұраймын.
Еңлік: Айыпкер Көксерек! Сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойындайсыз ба?
Думан: Жоқ мойындамаймын.
Еңлік:Олай болса куәгерлер шақырылсын!
Зухра: Куәгер Қасен шақырылады.
Асан Мадияр : - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Мен,Құрмаштың нағашысымын.Осы Көксеректі күшік кезінде Құрмашқа асырауға рұхсат беріп едім.Бірақ бұл Көксерек Құрмаш қанша жақсы қарап,қамқорлық жасаса да.Көксерек адамдарға жауығып,қастық жасады. Ең соңында қатігездігі шектен шығып Құрмашты өлтіруге дейін барды Сондықтан енді ешкімге зәбір көрсетпеуі үшін тұтқын етіп қамауға алуларыңызды сұраймын. Өмір бойы қамауға алынып хайуанаттар бағына өткізілсін
Еңлік: Олай болса келесі куәгерлерді шақырыңыздар!
Зухра:Куәгерлер шақырылады.
Куәгер Нағашысы Қасен: Асан Мадияр
: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Осы Көксерек ауылға келгеннен бастап ауылдың тынышы кетті.Құрмаш оны басқа балалардан да, ауыл иттерінен де ,нағашысынан да қорғап келді.Өзінің аузындағы тамағын да берді, бауырына басып бақты. Бірақ осы жасаған жақсылығына Көксерек жамандық жасады.
Куәгер 1: 1- Тәңірберген Жәудір
Көксерек ауылға келген соң көзін ашты. Ауыл балалары үшін өте қызық болды. Кішкене күнінде өте сүйкімді күшік еді. Өсе келе қатайып, көзі ызғар шашып, балаларда айбат шегетін болды. Ауылдың үлкендері сойып терісін алу керек тұз тағысы деп сескеніп жүрді. Тасында есейген соң ауылдан бір жола кетіп қасқыр үйіріне қосылып, ауыл малына талай шабуыл жасады. Көп шығынға ұшыратты.
Куәгер: 2- Кенжебайқызы Дана
Мен көрші ауылдан жолаушылап түйеге мініп шығып едім. Осы ауылға жақынжап қалғанда топ қасқыр мені қамады. Арасында бастап жүрген тайыншадан ірі қасқыр осы Көксерек еді. Астымдағы түйе үркіп, мен жерге құлап түстім. Қасқырлар түйеге жан-жағынан тартқылап жерге құлатып, ауыз салды. Мен қорқып ауылға қарай қаштым. Сол кезде Көксерек жеп жатқан түйесін тастай салып маған қарай ұмтылды. Құдай сақтап, ауыл адамдары атпен шауып келіп, мені құтқарып калды. Олай болмағанда қасқырдың жемтігіне айналар едім.
Куәгер Жамалбек Айзере:Көксерек есейген сайын көзі жасылданып,ызғар шашып тұратын болды. Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын біледі. Тамаққа шақырса, келеді. Онда да жүгіріп келмей, қүйрығын сөлектетіп, бүкеңдеп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында істейді. Әйтпесе, көбінесе анадай жерде қырыстанып, көзінің астымен жалт-жұлт қарап жатып алады. Барып түрткілеп, орнынан тұрғызып жіберген соң ғана үйге жүреді
.Жұмаш: Дүйсенәлі Диас
Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ бұрап соғады.Арашаламасаң әлдеқашан өлтіріп тастар еді деп мақтанып едім.
Өскен соң Көксерек енді зор дауыспен "гүрр" етіп, қара ала төбетті алқымынан ала түсті. Көксерек қара ала итімді тамағынан қысып буындырып тұрып-тұрып қоя берді де, жотасы үдірейіп топтан шыға берді.
Жеңген жаудың сығымынан зорға құтылған қара ала итім қаңсылап, жүні жығылып, бір жаққа кетті.Сол күннен бастап ауыл иттері Көксеректен қорқатын болды
Құрмаш : Оразкелді Ернар: Осы жағдайда ең зәбір шеккен адам мен едім: Мен Көксеректі нағашым өлтірейін деп жатқан жерінен ара түсіп алып қалып едім. Мен Көксеректі ит сияқты баулып өсіріп, адамның досы болады ғой деп ойлап едім. Бірақ мен қатты қателесіппін. Қанша мейірім мен жүрек жылуы берсем де қасқыр тағылын жасады.Жоны күдірейіп, азу тісі шыққан соң, өз үйіріне қосылды. Өзін баққан елге жауығып малымызды шетінен қырды. Сонда да мен Көксеректен үмітімді үзбедім. Алғашқы кеткенінен кейін оралғанда азып-тозып шөмиіп келді. Мен оны бағып-қағып күші қайта қалпына келгенше күттім.Әбден нығайып алған соң үйіріне қайта қашты. Бұл жолы біржола кетті. Ауылдардың қойы мен жылқысын қырды. Ең соңында менің өзіме қастық қылды. Осы қаныпезер, қатігез қасқырды барынша қатаң жазалауларыңызды сұранамын.
Еңлік: - Барлық куәгерлерді тыңдадық, енді Көксеректі тыңдайық.
Төлеген Думан :
Мен түз тағысы қасқыр едім. Адамдар табиғаттың заңдылығына қарсы шығып енемнен айырып ауыл тұтқыны етті. Мен тек бостандықты аңсадым. Дала заңы қатал. Мықты болмасаң аштан өлесің. Табиғат осалдықты кешірмейді. Ауыл иттеріне талансам да қайтпас қайсар болып өстім. Өзімді үйірімнен, болмысымнан айырған адамдарға өте ызалы едім. Құрмаш маған қамқор болдым, күшік кезінен бақтым дейді. Бірақ маған Құрмаштың қамқорлығы қажет емес еді. Маған қиындыққа толы болса да азат,бостандық өмір қажет еді. Менің жаратылысым тұз тағысы. Менің міндетім үйірімді аш қалдырмау, ұрпағымды жалғастыру, азық табу. Менің осы қарапайым қажеттіліктерімді шектемек болды. Атып жаралады. Бұл менің ашу-ызамды тұрғызып, жанымды кекке толтырды
Алы Асылжан: Менің Көксерекке сұрағым бар. Адамдар ортасында жүргенде өзіңді қалай сезіндің?
Төлеген Думан: Адамдар арасында мен ештеңені түсінбей жүрдім.Құрмаш қанша тәрбиелесе де, мен ұрлық пен адал астың айырмасы не екенiн ұға алмадым. Бiресе өздерi берiп тұрып: «Же», – дейдi. Бiресе сондай тамақты өзiң тауып алып жеп жатса, ұрып салады. Сол себептi кей кездер алдына дайындап қойған тамақты да жемей, көзiнiң астымен жалт-жалт қарап жатушы едiм. Қалай да болса үзiп-жұла жүрiп, мен аш болмайтынмын. Күнiне екi мезгiл тамақ iшу менің шартым болып алды. Екi рет қолдан ас құйылмаса, ол күнi өз бетiммен барып, бiрдеменi жеп жататынмын
Омар Томирис: Осы қасқырды үйге әкелгеннен бастап біздің тыныштығымыз кетті. Менің қасымда жатып әжелеп жүрген Құрмашым осы қасқыр келген күннен бастап күшікті жанынан тастамайтын болды. Мен түз тағысының асырауға көнбейтінін түбінде өзінің қасқырлығын жасайтынын талай ескерттім.. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді.Осы өзгерісін байқаған соң мен Құрмаш үшін уайымдап,қасқырды өлтіру керек,әйтпес өзімізге қастық қылады деп айттым, Бірақ балам мені тыңдамады. Сол жанашырлығы құлынымның түбіне жетті ғой.
Еңлік: - Сөз айыптаушыға беріледі.
Алы Асылжан:
-Бала Құрмаш жыртқышқа тым биік сезімдермен қарайды. Мұнда дүниедегі жан-жануарлардың бәрін сүйіспеншілікпен қабылдайтын сәбилік пәк көңілдің, кіршіксіз таза жүректің жылуы мен ықыласы бар. Көксерек ауылдан жоғалған сайын бала көңілі құса еді. Төңіректегі малшыларды қан қақсатып, зар илеткен қандыауыз топтың көкжал басшысы. Салған у, атқан оқ, қосқан иттің бірі дарымайды оған. Өлексеге пысқырып та қарамайды, жарып жейтіні – мал, қулық-сұмдыққа төселіп, жырынды боп алған көкжалға тыйым жоқ секілді. Бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтамын
Оразалы Мағжан: Мен Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін,қалай тамақтандырып,қалай күткенін,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатқанын,ауыл иттерінен қорғағанын жақсы білемін,Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп, оны жазалау керек деген райымнан қайтпаймын
Томирис: Мен де осы сөзге қосыламын. Менің жазықсыз немеремді жаралап, ауылымыздың малын қынадай қырған қасқырды өлім жазасына кесу керек. Мен оған бар дәмді тамағымды бердім.Қомағай ашқарақ еді. Құйған тамақты азсынып жаюлы етті,қазандағы сүтті,табақтағы тамақты тіміскілеп тауып алып жей беретін.Күшік кезінде сонша қамқорлық жасағанымызбен өскен соң тағылығын жасап өзімізге қауіп төндірді. Сол үшін ең қатаң жаза беруіңізді сұранамын.
Еңлік: - Сөз қорғаушыға беріледі
Наятулла Аида: - Мен, Көксеректі қорғаушы ретінде айтарым, Көксеректің ешбір кінәсі жоқ деп айта аламын. Өйткені істі жүргізу барысында біраз жайттарға қанық болдым. Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету қиынның қиыны. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді. Өлексені татып алмайды. Сонымен қатар, ол өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді. Қасқырлардың тағы бір ерекшелігі ұрғашы қасқыр мен еркек қасқыр жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін ешқашан алмастырмайды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бала тәрбиесіне екі жақ та атсалысады. Бір-біріне деген адалдығын қасқырлардың басты ерекшелігі ретінде атауға болады. Ұрғашы қасқыр ұйықтап жатқанда, еркек қасқыр күзетіп тұрады екен.Сондықтан Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі деп санамаймын.Көксерек адам емес,оның санасы адамдар әрекетін түсінуге жетпейді. Ол азықтану үшін, аштан өлмеуі үшін күш-жігерін жұмсайды.Сырттан болған кез келген әрекетті қауіп қатер ретінде қабылдайды.
Қорғаушы : Құсайынбек Інжу
Күшік кезінде ауыл балаларынан таяқ жегені,ауыл иттерінің талауына түскені оның жадында сақталып қалған сондықтан екі аяқтыларға деген кек оны ашындырып жүреді.Адамдардың күшік кезінде апанынан алып кеткенінен бастап.мылтықпен жаралағанына дейін Көксерек үшін шыңдалу кезеңі болды,енді ол кек жолына түсті.Бұл жерде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады.Ал бостандықта табиғат заңы қатал,тек күштілер ғана тірі қалады.Көксерек те талай қиындықтан өтіп ,өзінің мықтылығын дәлелдеді. Сондықтан табиғат заңымен жүрген аңды,адамдар заңына салып соттауға болмайды.
Қорғаушы Берікқызы Айзере:
Көксеректің ауыл иттерінен, ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,олардан соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп, адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы,өз қандастары бар екені туралы айтады. Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау-таста өмір сүру керек,бұл-табиғаттың заңы. Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар. Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де, бөрілік табиғатына тартып екі аяқты пендемен өштесіп өсті. Себебі ол-қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті. Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз. Әңгімеде адамдар әлемінің қатыгездігін көреміз, қиянатшы екенін байқаймыз. Ойланбай істеген істің опық жегізетінін көреміз. Құрмаш үлкендердің екі рет ескерткенін елемеді, қасқырды соймақшы болғанына көнбеді. Ал үлкендер ертеңді ойламай,арланның өсіп жыртқыш болып шығуына бар жағдайды жасады.
Төлеген Думан: Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта түсуіне итермелеген қосымша себептер:
1) адамдар менің ұяластарымды өлтірді;
2) ата-анама туған күн маған да туып,адамдар менің де күшіктерімді өлтірді;
3) өзім мылтық оғынан жараландым,күшік кезімде де екі аяқтылардан түрлі соққы алдым
Зухра: - Тұрыңыздар! Үкім оқылады
Құрмаш өліміне адамдардың өзі кінәлі. Көксерек, біріншіден, тегіне тартып өлтірсе,бір жағынан мұндай қылыққа итермелеген-адамдардан көрген жәбір-жапасы. Адамдар «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деген сөзді ескермеген. Көксерек күшік емес, бөлтірік. «Бөрі бөрілігін істейді», «Қасқырдың баласын қанша асырасаң да орманға қарап ұлуын қоймайды» деген ата-баба даналығына сүйеніп Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткенін ескере отырып оны жазадан босатамыз.
Еңлік: - Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңының 32-бабының 5-тармағына сәйкес Көксерек кінәлі емес деп танылып бостандыққа жіберілсін. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес, бірінші сатыдағы соттың шешімі, егер ол шағымданбаса (апелляциялық шағым берілмесе), жарияланғаннан кейін бір ай мерзім өткен соң заңды күшіне енеді. Соттың заңды күшіне енген шешімін орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады. Осымен сот отырысын жабық деп жариялаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
М.Әуезов "Көксерек " әңгімесі бойынша сот сабағы

шағым қалдыра аласыз