Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Филиология факультеті
БАЯНДАМА
Тақырып: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясының жарыққа шығуы жайлы
Орындаған: Омыралды А.С
Топ: КЯЛ-101
Тексерген: Тоқсамбаева А.О
Семей 2023.
Кіріспе
Абай жолы романы – қазақ тарихында ерекше орын алатын, тарихқа сыр шертетін, ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді дәріптейтін, тәрбиелік мәні бар, әйел болмысын кеңінен ашқан Мұхтар Әуезовтың кең көлемді романы болып табылады.
Қазіргі таңда әдебиетшілер арасында мынадай сұрақ “Мұхтар Әуезовтың арқасында Абай танылды ма? немесе “Абай жолы романын жазып Мұхтар Әуезов танылды ма?” деген сұрақтарды жиі естиміз. Ал, менің ойымша, “Абай жолы” роман-эпопеясының жарық көруі арқылы Мұхтар Әуезов танылды деп ойлаймын. Себебі, Мұхтар Әуезов алдымен Абай өмірбаянын жазуды бастады. Өзі ол туралы: «Әуелі оның өмірін зерттедім. Көптеген деректер тобын жинастырдым. Көкбаймен, атаммен, Ділдәмен, акынның достары, жауларымен жеке-жеке кездестім. Көкбай, Ділдә, Әйгерім, Нұрғаным оларды көрдім, әңгімелестім», - деп еске алса, тағы бір жазбасында: «Мен роман жазбақ болғаннан кейін керекті материалды әртүрлі қолмен жинай бастадым. Сондықтан мен оның балалық, жастық шағын, жігіт кезін көрсету үшін Абайды көзбен көрген адамдардың аздаған естеліктеріне сүйенуге мәжбүр болдым. Рас, өзімнің сол Абай шыққан жердің казағы болганымның біраз пайдасы тиді: жасаңдау кезімде Абайды жақсы білетін адамдармен - кемпір- шалдармен кездескенім бар. Олардын кейбіреулері тіпті Абайдан бірнеше жас үлкен адамдар еді», - деп жазады. Яғни бұл жерден көретініміз “Абай жолы” роман эпопеясын жазу барысында Мұхтар Әуезов ерен еңбек етік, біраз тер төккен еді. Тарихқа шеру жасап Абайдай ұлы данамыздың есімін мәңгі қалдыру үшін,тарихи сахнамызға шығару үшін, Абай атымыздың өскелең ұрпаққа қалдырған мұрасын дәріптеп оны жаңғырту үшін қолынан келгенінің бәрін жасады. Сол себеппен “Абай жолы” роман эпопеясын жазу арқылы Мұхтар Әуезов танылды деп ойлаймын.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясының жарыққа шығуы жайлы
Қазақ халқы ертеден ақ өнерге, білімге, салт-дәстүрге бай халық болып қалыптасқан болатын. Әр қилы заманда басынан өткерген қиын-қыстау замандарға қарамастан, өз құндылықтарын сақтап қалған қайсар халық екені баршаға мәлім. Сол басты құндылықтарымыздың бірі- әдебиетіміз екені белгілі. Қазақ әдебиетінің дамуы мен оның келесі ұрпақтарға сақталуы жолында қазағымыздың көптеген ағартушы ғалымдары мен жазушы,ақындары тер төге еңбек етіп, тарихта есімдері алтын әріптермен жазылды.
“Абай жолы” - қазақтың көркем прозасын классикалық стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Кітаптың алғашқы басылымы 1942 жылы, екінші томы 1947жылы, ал үшінші және төртінші томдары 1952,1956 жылдары жарық көрді.Бұрын соңды қазақ әдебиеті тарихында орын алмаған туынды әлемді таң қалдырып,дүние жүзіндегі сарапшылардың тарапынан аса жоғары бағаланды. Қазақтың аса бай әрі көркем тілімен өрнектеліп жазылған бұл шығарма қазақтың бар болмысын барынша ашып көрсетіп, халқымыздың барша әлемге танылуына түрткі болды. Аталған романның басты кейіпкері қазақтың маңдайына біткен жұлдызы, қазақ жазба әдебиетенің, әдеби тілінің негізін салушы, ағартушы, ұлы ақын –Абай Құнанбаев. Әуезовтың ұлттық тілмен көркем суреттей білген білімді сүйген, әділдікті сүйген Абай бейнесінен үлгі тұтар тұлға ретінде одан асқан адам жоқ екендігін ұғынуға болады.Өз заманында әкенің емес, халықтың ұлы бола білген ол қазіргі жастарымызға атаның емес, ел қамын жеген, халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөле білген, ұлтжанды азамат болу керектігін ұқтырғандай. «Абай жолы» романында қазақтың ұлы тұлғасы Абайдың өнегелі өмірі баяндалуымен қатар, қазақ халқының тәрбиелілігі, салт-дәстүрге беріктігі, дана халық екендігі суреттеледі. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: “ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі” (Луи Арагон), “Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н.Тихонов). “Шынында, бұл қазақтар — неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген!” (Б.Матип) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ, бұлроман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Шыңғыс Айтматовтың “Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезов” — деуі осыны айғақтайды.“Абай жолы.” роман-эпопеясы жазушының ұзақ жылғы ғылыми ізденістері мен көркемдік танымының жемісі. 30-жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым-қиғаш пікірлер айтысы туғанына қарамастан Әуезов Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты зерттеулерін тоқтақан жоқ. Л.Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясын 1939 жылы Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опералибреттосын, киносценарий жазды.“Абай” трагедиясында оның жанрлық ерекшелігіне байланыстыақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни, хакім Абай бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер-білімді уағыздағанағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін-ақ Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 ж. жазылған “Татьянаның қырдағы әні” атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған болатын. “Татьянаның қырдағы әнін” оқушы-қауым жылы қабылдады. Көп ұзамай жазушы өз ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыдароманға “Телғара” деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда, жұмыс барысында оның шеңбері кеңейтіле түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын “Абай”, онан кейін мұның жалғасыболып табылатын “Абай жолы” (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты.Алғашқы екі кітаптан тұратын “Абай” романы үшін жазушыға КСРОМемл. сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық “Абай жолы” роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға Әуезов мол дайындықпен келді. Бұл жазушының дүниетанымы, ойшылдығы тереңдеп, кемеліне келген, суреткерлік шеберлігі шыңдалып әбден жетілген кез болатын. Әрине, бүтін бір тарихи дәуірді, бірхалықтың ұлттық өмір-салтын, толып жатқан қым-қиғаш оқиғаларды, сан алуан кейіпкерлер бейнесін, іс-әрекетін, бір-бірімен қарым-қатынасын ұлы ақын, ойшыл, ұстазАбайдың өмір жолымен ұштастыра суреттеу үшін мүлде жаңа, тың көркемдік шешімдер тауып, ұлттықкөркем прозада зор жаңашылдық таныту қажет еді. Мұның бәрі өмір шындығына терең бойлап, тарихи шындықты бүгінгі заманның талғам-танымына үйлестіріп, жалпы адамзаттық түбегейлі мүдделермен сабақтастырғанда ғана іске асатынын жазушы жақсы сезінді. Ақын, ойшыл, Абайды жазушы басты кейіпкер етіп ала отырып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен (бұлардың ішінде аса ірі тұлғалар мол) тығыз қарым-қатынас үстіндежан-жақты ашады.
Жетпіс жылдан асса да өз маңыздылығын жоғалтпаған «Абай жолы» сынды әдеби байлықтарымыздың бұдан кейін де өз бағасын жоғалтпай, қазіргі уақытқа дейін сақталғаны секілді келесі ұрпақта да жалғасын табуы үшін және еліміздің болашағы болып табылатын жастарымызды ұлтжандылыққа баулуда осындай тәрбиелік мәні зор жобалардың жиі ұйымдастырылып тұруы нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Қорытындылай келе, “Абай жолы” роман эпопеясының жарыққа шығуы тарихымыз бен әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді ұштастыра білген шоқтығы биік шығармалардың бірі. .Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің осы эпопеясы арқылы ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық әкелді. Осы романда кездескен салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді, әдебиетімізді, тілімізді, ұлтымызды, құндылықтарымызды қазіргі таңда болашақ ұрпаққа әрі қарай дәріптеуіміз қажет. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда еліміздің барлық кинотеатрларында Міржақып Дулатұлынып “Оян,қазақ” атты фильмі көрсетілуде. Дәл осылай “Абай жолы” романын тек YouTube желісінде емес еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілсе екен деп ойлаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз