|
Сабақтың
басы
Қызығушылықты
ояту.
7
мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру
кезеңі:
1. Оқушылармен
амандасамын, түгендеймін.
Сәлеметсіңдер ме,
балалар?! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін
кім жоқ?
Оқушылар сұрақтарға
жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға
сабақтың тақырыбымен, мақсатын
таныстырамын.
-
Абайға
қатысты 5 эпизодты
әңгімелеңіз.
-
Шығармада
кездескен 5 салт-дәстүрді
атаңыз
-
Құнанбай мен
Абайға қатысты 5 эпизодты
айтыңыз.
-
Ұлттық
құндылықтардың көрінііе дәлелдейтін 5 эпизодты
айтыңыз.
|
Оқушылар
сәлемдеседі.
Оқушылар
мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап
береді.
Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне
жазады және сабақ мақсатымен
танысады.
Оқушылар
сұрақтарға жауап береді.
|
Дескриптор:
-
сұрақтарға нақты жауап
берген оқушыға 1 ұпай беріледі.
|
Оқулық авторлары:
С.Тұрсынғалиева,
Г.Рыскелдиева «Арман-ПВ»
баспасы 2019
жұмыс дәптерлері.
|
|
Жаңа сабаққа
кіріспе
|
1-тапсырма.
Оқушылар шығарманың
сюжеттік-композициялық құрылымына талдау
жаса.
А) Шығарма
сюжеттік-композициялық
құрылымы:
|
«Абай жолы» шығармасының
жанрлық ерекшелігі
|
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
4
|
|
|
5
|
|
|
Оқушылар «Шығарманы талдау» кестесін
топпен бірге толтырып, шәкірт Абайдың бейнесіне талдау
жасайды.
|
Дескриптор: 3
балл
-
Оқиғаларды теріп жазады; 1
балл
-
Кейіпкерлерін жазады; 1
балл
-
Абай бейнесіне талдау жасайды; 1
балл
|
Қалыптастырушы
бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан
оқушыға «Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|
|
Сабақтың
ортасы
Мағынаны
ашу.
26
мин.
|
2-тапсырма
1. «Шытырманда» бөлімі бойынша
үзінділердің қандай кейіпкерге сай екенін анықтап,
сәйкестендіріңіз. Ж
|
1
1
|
- Қарағым, осының ақыл. Ішкен
менен жегенге мәз боп, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де
кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма!
Ұқсама аналарға!
|
Құлыншақ
|
|
22
|
Бетінде ғазап пен сор
көлеңкесі бар сияқты. Кірпіктері ұзарған. Екі ұрты кәдімгі қайғы
шеккен, аштық көрген үлкен адамдардың бетіндей боп, тозығы жетіп,
жиырылып тұр. Үлкейіп, алақандай боп кеткен қап-қара көздерінен
кесек-кесек жастар
тамшылайды.
|
Бөжей
|
|
23
|
Уай, балам, әкең осы
Бетқұдықтың мәні-жөнін ұғынып, түбін тексерді ме екен? Борсақ
отырған кезде мен кезек қоныс етуші ем ғой? Көгі болса бұрын да
орылушы еді. Қақ бөлісуші ек қой. Осыны білді
ме?-
|
Зере
|
|
44
|
Аз уақытта дастарқан
жайғызып, күтуші әйелге шай құйғызып, өзі әкесінің төменгі жағына
отырып, шыныларды әперіп, үй ішіне қызмет көрсете
бастады.
|
Ербол
|
|
55
|
Сүйіндік үйінің
адамы емес, бір толықша, қара жігіт екен. Жалғыз жүрген жолды
көңілсіз көріп, алдыңғы жағында кетіп бара жатқан екі аттыны әдейі
әңгімелесіп отыру үшін қуып жеткен
екен.
|
Зере
|
|
66
|
Кеше кешке бар жанкүйер
ағайынын шақырып, арыздасып
жатыр.
|
Кәмшат
|
|
77
|
Мынау аналар аналық зарын
айтады. Кәмшат турасында күйзелтіп күңірентіп отырсыңдар сендер
бізді. Тап енді, емін тап ақырғанша! Құтқар анау қаршадай
жетімегімді!
|
Бөжей
|
|
88
|
«Жарасы жазылды, сынығы бітті»
дей ме екен. Сұрау салмай, мазамды алмай тек жүрсін, күйдірмесін
ағайын!
|
Тоғжан
|
Оқушылар өзара жұмыстарын
алмастырып, тақтадағы жауап кілтімен
тексереді.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
Зере
|
Кәмшат
|
Құлыншақ
|
Тоғжан
|
Ербол
|
Бөжей
|
Зере
|
Бөжей
|
|
Оқушылар «Шытырманда» бөлімі
бойынша үзінділердің қандай кейіпкерге сай екенін анықтап,
сәйкестендіреді.
|
Дескриптор: 2
балл
|
|
|
|
Тапсырма
2. Тұрсын Жұртбайдың «Құнанбай»
деп аталатын ғылыми еңбегінен тарауға қатысты зерттеулерін оқып,
шығармамен салыстыру арқылы талдау жасаңыздар.
ЖЖ
«Абай» романында Құнанбай –
Бөжей арасындағы жер дауын шешіп, үш жасар Кәмшатты Бөжейге
кепілдікке беру жөніндегі кесімді айтқан – Алшынбай. Мұның көркем
қисыны: «Еңгезердей үлкен бойлы, сары Баймұрын Бөжейді татуластыра
келген кісі болатын. Қазір Алшынбай екеуі ғана сөйлейді. Өздері
үшін емес, Құнанбай, Бөжей сияқты екі жақ үшін
сөйлейді...
—... Араларың алыс болса, қыз
алысып, құда боласыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың, бірақ сол
жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей
Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сөйтіп, иістерің
аралассын» (1.3.140) деп
баяндалады.
Тарихи оқиға және көркемдік
шешім. Бұл мәселе төңірегіндегі пікір таластарына әлі де нақты
нүкте қойылған жоқ. Біреу – ақтайды, екінші адам қарама-қарсы
тұжырымды жақтайды. Алайда бұл екі көзқарас та тарихи шындықты
зерделеу мәселесіне қатты көңіл бөледі. (Қараңыз: 19). Бұл реттен
алғанда Мұхтар Әуезов Құнанбайдың әміріне қатысты тарихи деректерді
жан-жақты зерттеген, мол мағлұмат жинақтаған. Құнанбай – Бөжей
қақтығысындағы ең бір трагедиялық шиеленісті шешімді Кәмшат қыздың:
«Aпa! Апа!... Әже!..-деп шырылдап қоя берген «тұсындағы төрелікті
Алшынбай емес, Барақ Солтабаевтың айтқанын білген. Біле тұра,
творчестволық қиял мен оқиғаны көркем жүйелеу еркіндігін ұтымды
пайдаланған. Өйткені, бәрібір суреттелуге тиісті Қарқаралыдағы
«піскен бас Майыр» мен Алшынбайды романға кіргізуі үшін тың тартыс
қажет. Тарихта ондай дерек бар. Бірақ ұсақ-түйек оқиғадан шығарма
ұтпайды. Ал шешім романның келесі тарауларының да жүйелі жалғасуына
негіз қалайды. Оқиғаны осы жолы Қарқаралыда дамытпаса, онда
Майбасардың сабалуы мен Құнанбайдың жауапқа тартылуы үшін тағы да
бір ілік қажет. Яғни, бір-біріне ұқсас тартыс көркем шығарманың
құнын жояды. Міне, осындай жайларды саралай келіп, Мұхтар Әуезов
Барақ пен Алшынбайдың билігін бір кісіге теліп, оқиғаны ширата
түскен.
Уақыттың көркем өзгеріске ұшырауы Кәмшат пен
Абайдың жас мөлшеріне де өзіндік орын ауыстырулар әкелген. Яғни
Кәмшат Абайдың қарындасына, Абай өзінің әпкесі Кәмшаттың ағасына
айналады. 1846 жылғы Барақ бітімінде Құнанбай Бөжейге үш жасар
Кәмшатты, үш бесті ат, топ-топ мата және 3 қойтұяқ алтын жамбы
беріп, айыбын өтеген. Бөжей сол екі арада Омбыға арыз жіберіп
үлгерген. Бұл оқиға романда қамтылмаған. Бөжей мен Құнанбай
Қарқаралыға жарыса аттанады. «Жолда» атты үшінші тарауда:
«Тізесімен тербетіп отырғаны – Айғыздан туған немере қызы үш жасар
Кәмшат. Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады... Абай
өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры» (1. 3. 102)-деп
суреттейді. Омбы мұрағатындағы дерек бойынша ол кезде керісінше
Абай бесікте де, Кәмшат үш-төрт жаста. Алайда жас Абайдың
көзқарасын қалыптастыру үшін осынау тартысқа толы дүрбелеңді
басынан кешіріп, ең аяулы қарындасының «зарлаған үні ... отқа
өртеніп, не суға жұтылып бара жатқан жанның зарындай» (I. 3. 150)
естілуі қажет-тін. Бұл тебіреніс – жас жүректі жаралап, жанына
өшпес жара салып, дүние танымын өзгелерден ерекшелендіре түсетін.
Сондықтан да М.Әуезов көркем шығармаға тән және тиісті
мүмкіндіктерді пайдаланып, кейіпкерлердің образын даралау
мақсатымен қиялға еркіндік
берген.
|
Салыстыру
аспектілері
|
«Шытырманда»
тарауы
|
Т.Жұртбай
«Құнанбай»
|
|
Стиль
|
|
|
|
Жанр
|
|
|
|
Жанрлық ерекшелігіне
дәлелдер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылар жұпта қима
қағаздарды таңдау арқылы кейіпкерлерінің біріне таңдау
жасайды.
|
Оқушылар
«Шытырманда» бөлімі бойынша үзінділердің қандай кейіпкерге сай
екенін анықтап,
сәйкестендіреді.
|
Дескриптор:
Жалпы – 4 балл.
|
|
|
Сабақтың
соңы
Ой
толғаныс.
Рефлексия
7
мин.
|
«Жетістік
баспалдағы»
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай
білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың
пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын
қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде
саралаудың «Қорытынды» тәсілі
көрінеді.
|
Оқушылар бүгінгі
сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа
қорытынды жасайды.
|
1-10 баллдық жүйе бойынша
оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша
бағаланады.
|

|