Материалдар / Мазмұндама 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мазмұндама 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2024
438
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақ тілі. 4 «А» сынып.

1 Мазмұндама

 

Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төселдіру;

-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту;

-мейірімділікке тәрбиелеу.

Аналық жүрек

Күздің суық бір күні болатын.Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді.Көмек сұраған тәрізді.Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.Ол мысықтың баласы екен.Өзі өте кішкентай екен.

    Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр.Аяп,үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын.Ол өте сүйкімді болатын.Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан, «Мамық» деп атаушы едім.Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым.Ол жатсынбай,өз баласындай жақсы көріп кетті.Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай,еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.    

 

Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: аналық жүрек,үлпілдек,мамықтай,жатсынбай,еміренген.


Мазмұндама жоспары:

1.Мысықтың кішкентай баласымен кездесуі.

2.Үйге алып келуі.

3. «Мамықтың» бауырына салуы.

4. «Мамықтың» бала мысыққа еміренуі.




























 Қазақ тілі. 4 «А» сынып.

2 Мазмұндама

 

Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төселдіру;

-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту;

-мейірімділікке тәрбиелеу.


Құмырсқалар

Шәріп атаның бір құмыра балы болатын.Ол сарайда тұратын еді.Бір күні балын құмырсқалар жеп жатқанын көрді.Қараса, сарайда құмырсқаның илеуі бар екен.Құмырсқаның илеуін құрту өте қиын.Илеудегі құмырсқа өте көп.Ата ойланып қалды. Шәріп ата айла ойлап тапты. Ол қыш құмыраны сыртынан шамды байлап, сарайдың төбесіне іліп қойды. Құмыраның ішінде бір құмырсқа қалып қойыпты.Құмырсқа илеуіне жол іздейді.Ол алдымен жіпке, одан төбеге өрмелейді.Төбеден қабырғаға одан еденге түседі.Бір күні атай өрмелеп жүрген құмырсқаларды көреді.Олар құмыраға кіріп-шығып жатыр.Құмыраға қараса, құмырсқалар бәрін жеп қойыпты.Бір құмырсқа барлық құмырсқаға жол көрсетіп берген екен.Шәріп атай құмырсқада да ақыл болатынын білмесе керек.


Мазмұндама жоспары:

1.Шәріп атайдың балы.

2.Сарайдағы құмырсқаның илеуі.

3.Атайдың айласы.

4.Бір құмырсқаның әрекеті.

5.Шәріп атайдың білместігі.

 



























Қазақ тілі. 4 «А» сынып.

3 Мазмұндама.

 

Мақсаты:мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;

-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;

-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.


Түнгі шайқас

Түн.Қараңғылық қоюлана түскен шақ.Жапалақтап қар жауып тұр.Колхоздың озат жылқышысы Қасен қарт үйірлі жылқыны түнгі тебінге айдап шыққан. Жылқылар кенет үріккендей болды.Қасен сескеніп қалды.Мылтығын оқтай салып, жылқының үріккен шетіне қарай шапты.Жеті қасқыр жылысып келе жатыр.Жыртқыштар үйірге таянып қалыпты.Жағдай қиын,өйткені,қасқыр жетеу, ал Қасеннің оғы үшеу-ақ.Халықтың малын бұдан қалай құтқарып алу керек?Қасен не де болса бар қаруымен,бар оғымен қайрат көрсетуге бекінді.Қасқырлардың алдында келе жатқан арлан қасқырдың дәл маңдайынан тигізіп қалпақтай ұшырды.Қалған бесеуі бөлтіріктер екен.Олар қашып кетті.Жылқыларды аман алып қалғаны үшін Қасенге сыйлық берілді.

 

Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қоюлана түсу,жапалақтап, үйірлі жылқы,түнгі тебінге,арлан бөрі,қалпақтай ұшты.

 

Мазмұндама жоспары:

1.Қасен қарттың үйірлі жылқыны түнгі тебінге алып шығуы.

2.Жылқының қасқырмен бетпе-бет кездесуі.

3.Қасқырды айламен атуы.

4.Қасқырдың бөлтіріктерінің қашуы.

5.Қасеннің сыйлық алуы.

 
























Қазақ тілі. 4 «А» сынып.

4 Мазмұндама

 

Мақсаты:мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;

-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;

-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.


Жолда

Бұзауымды өріске айдап тастап, үйге қайтып келе жаттым. Жолдың жиегінен қыбырлап кетіп бара жатқан тышқанның баласын көріп, тұра алмадым.Ол жан сауғалап шөптің арасына кіріп кетті.Аяғымды дыбыссыз басып барып қарасам, жапырақтың арасында бұғып, көзін жылтитып, бүрісіп жатыр.Бұл – менен жасырынған түрі.Шыбын жанын қоярға жер таба алмай, дір-дір етіп, ажалды күтіп жатқан тышқан баласының мүшкіл халі маған өте аянышты көрініп кетті.Таптап тастамақ болып кете берген аяғымды тартып алдым да, бұрылып жүре бердім.Кетіп бара жатып артыма қарасам, тышқанның баласы да жасырынған жерден шығып, әрі қарай жорғалап барады екен.

Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:өріске айдап, жолдың жиегі, тұра ұмтылдым, жан сауғалап, шыбын жанын, мүшкіл халі, таптап, жорғалап барады екен.

Мазмұндама жоспары:

1.Өрістен қайтқанда.

2.Тышқанның баласы.

3.Жан сауғалау

4.Аяныш.

5.Өмірге құштарлық.

























Сынып жетекшісі: Таласбаева М.М

4 «А» сынып

2024-2025 оқу жылы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!