"Мазмұндама, диктантар жинағы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мазмұндама, диктантар жинағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
2сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тіл және әдебиет» білім саласы

Әдебиеттік оқу


Мазмұндамалар, шығармалар жинағы

2 сыныптар үшін
























Түсінікхат


Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті оқу, шығармашылық, көркемдік, еңбек, спорт қызметінде дербестікті қалыптастыру, алға қойған мақсаты бар, еңбексүйгіш, салауатты өмір сүруге ұмтылатын, өз жұмысын жоспарлай алатын және өздігінен білім ала алатын, негізгі мектепте оқуға (білім алуға) дайын оқушыны тәрбиелеу.

Ең маңызды міндеттердің бірі – оқушының сабақтағы жұмысы мұғалімнің жұмысынан басым болуы қажет. Бұл міндетті шешуде оқуға уәжі жоғары және оқуда қиындықтары бар балалар үшін сабаққа тапсырмаларды дайындауда оқытудың қосымша ресурстарын тарту, оқыту түрлерінің көптүрлілігі және бақылау мен өзіндік бақылау түрлері көмектеседі.

Барлық оқыту және бақылау жұмыстары түрлерінорындау үшін оқушыларда жеке дәптерлері болуы қажет.

Құрастырылған бақылаужұмыстарыоқушылардың әдебиеттік оқудан, қазақ тілі, математика, дүниетанудан оқушылардың білім-білік, дағдыларын нақты бағалау үшін қызмет етеді. Әр бақылау жұмысына дескрипторлар берілген.Дескрипторлар мұғалімге бақылау жұмысын нақты бағалауға себін тигізеді.




























«Тіл және әдебиет» білім саласы

Әдебиеттік оқу

Түсінік хат

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы23 тамыздағы

1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие,рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Пәннің міндеттері:

    1. оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

    2. ауыз әдебиетінің жанрларымен,отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

    3. ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындау;

    4. талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтау;

    5. әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

    6. адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

    7. оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) орындауға машықтандыру;

    8. әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;

    9. тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;

    10. кітапжәне анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

«Әдебиеттік оқу» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылы көлемінде әр сыныпта 136 сағатты құрайды.

2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

  1. мәтінді саналы оқуды;

  2. шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды;

  3. мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды;

  4. мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуы мен аяқталуын табуды;

  5. көлемі 150 – 200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша тыңдау мен әңгімелеуді;

  6. мәтіннің азат жолдарынан басталатын бөліктеріндегі ойды анықтау және оған атауын қоюды;

  7. мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді табуды;

  8. тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  9. ертегілерді түрлеріне қарай топтауды;

  10. халық ауыз әдебиетінің шағын жанрларын (жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, сұрамақ, санамақ) ажыратуды;

  11. өлеңнің басты ерекшеліктерін (ұйқасқа құралады, шумақтан тұрады және т.б.);

  12. өлеңді мысалдан, әңгімеден ажыратуды;

  13. оқулықпен жұмыс атқаруды (мәтін, сұрақ–тапсырмалар берілген беттерді көрсету және т.б.);

  14. шығарманың авторы мен тақырыбын атауды.

2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:

  1. сурет бойынша диалог құруды;

  2. тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;

  3. ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;

  4. сызба бойынша өлең құрастыруды;

  5. өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;

  6. мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;

  7. халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;

  8. 2-3 өлеңді жатқа айтуды;

  9. мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);

  10. 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды.

3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

  1. шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей, шапшаң, мәнерлеп және сөз екпінін дұрыс қойып оқуды;

  2. нұсқауға сәйкес мәтінді теріп оқуды;

  3. мысалдағы үгіт–насихат, өсиет сөз айтылған жолдарды тауып оқуды;

  4. көлемі қысқа мәтіндердегі оқиға мен іс-әрекетке өз көзқарасын білдіре әңгімелеуді;

  5. көлемі 200–250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеуді;

  6. мәтінге түрліше жоспар құруды;

  7. мәтін мазмұнын өз сөзімен, толық әңгімелеуді;

  8. мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоюды және оны дәлелдеуді;

  9. оқиға желісін ажыратуды, оқиғаға өзінің көзқарасы мен пікірін білдіруді;

  10. шығармадағы негізгі ойды табуды;

  11. шығарма кейіпкерлеріне сипаттама, олардың іс-әрекеттеріне баға беруді;

  12. мәтін авторын немесе авторы арқылы шығарманы атауды.

Оқушылар меңгеруі қажет:

  1. ауыз әдебиеті үлгілерін жазба әдебиеттен ажырата алуды;

  2. сызба бойынша өлең құрастыруды;

  3. өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;

  4. мәтін кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;

  5. халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айтуды; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;

  6. мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);

  7. 3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жартыжылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгеруі қажет.


4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

  1. тегі, жанры әр түрлі шығармаларды оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқуды;

  2. мәнерлеп оқу құралдарын (ой екпінін, дауыс ырғағын, дауыс күшін, кідірісін, қарқынын) дұрыс қоюды;

  3. қара сөз бен өлеңнің ұқсастығын (екеуінің де бір ойға құрылғандығы, тақырып пен идеяның бірлігі, оқушының ой-сезіміне көркем сурет арқылы әсер етуі);

  4. өлеңнің қара сөзден айырмашылығын, яғни оның құрылымының өзіне тән ерекшеліктерін (ұйқасқа құрылуы, шумақтардан, тармақтардан, бунақтардан, мөлшерлі ырғақтан тұратыны);

  5. көлемі 300 – 350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдап, әңгімелеуді;

  6. басқа шығармалардан мысалдардың өзіндік (жағымсыз жәйіт, кемшілік, ұнамсыз мінез-құлықты ашық, тура сынамай астарлап, яғни аллегориялап сынауы, белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбие айтылатын кіріспе немесе қорытынды шумақ болатыны, монологты – диалогты құрылымы дауысты құбылтып оқуға міндеттейтіні) ерекшеліктерін;

  7. шығармадағы негізгі ойды анықтап, оның басталуы, жалғасуы, шарықтау шегі, аяқталуына байланысты өздігінен жоспар құруды;

  8. мәтінді оқиға желісіне қарай шегін ажыратып, ат қоюды;

  9. мәтіннің мамұнына қатысты тірек сөздерді табуды;

  10. мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктерді қолдана отырып түсіндіруді;

  11. мәтіндегі көркем сөздерді тауып, олардың шығармадағы рөлін, мәнін түсіндіруді;

  12. әр түрлі жанрлы шығармалардағы көркем сөздерді салыстыруды.

Оқушылар меңгеруі қажет:

1) шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;

2) мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды;

3) портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме беруді;

4)ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;

5)көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;

6)мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіруді;

7)әдеби кейіпкерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;

8)көркем шығармадан алған әсерін жазбаша түрде (8-10 сөйлем) орындауды;

9)ауызша, жазбаша сөйлеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдануды;

10)сөйлегенде, жазғанда көркем сөз, шешендік сөз үлгілерін қолдануды;

11)тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыруды;

12) көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;

13) мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);

14) 4-сыныптың бірінші жартыжылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жартыжылдықта – 70-80 сөз оқуды.

Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. Қазақстан Республикасының Әнұранын жатқа білуінен;

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, рәміздерін құрметтеуінен;

  3. ел ішінен шыққан құрметті азаматтардың, халыққа танылған билер мен батырлардың өмірі мен даналық сөздерін білуде, жатқа айтуда, жазба жұмыстарында, олардың өмірінен үлгі алуынан;

  4. қазақ және әлем классиктерінің шығармалары арқылы тарихи тұлғаларға құрметпен қарауда, өз туған жері, қоршаған ортаны сақтауға үйренуінен;

  5. мәтін кейіпкерлеріне деген өз көзқарасын білдіруден;

  6. адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттілігі мен этикалық нормаларды сақтауынан көрінеді.

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:

  1. бағдарлама көлемінде мәтінді мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп оқу дағдысынан;

  2. мәтінмен жұмыс істеу (сұрақтарға жауап беру, суретпен жұмыс, шығарманың негізгі ойын түсіну, талдау, жоспар құру және т.б.) білігінен;

  3. мәтін, сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру білігінен;

  4. көркем шығармаларды меңгеру, пайымдау, қарапайым талдау жасауынан;

  5. шығарма авторлары туралы мәліметтер жинақтау білігінен;

  6. шығармашылықпен мазмұндау, басты кейіпкерлерге сипаттама беру, әңгіме құрастыру білігінен;

  7. ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу білуінен;

  8. танымдық, шығармашылық жобаларды орындауынан көрінеді.


2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:

  1. сурет бойынша диалог құруды;

  2. тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;

  3. ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;

  4. сызба бойынша өлең құрастыруды;

  5. өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;

  6. мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;

  7. халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;

  8. 2-3 өлеңді жатқа айтуды;

  9. мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);

  10. 2-сыныптың бірінші жартыжылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жартыжылдықта – 50-55 сөз оқуды.

Қорытынды жұмыстар саны:

Тоқсан

2-сынып

3-сынып

4-сынып


Тексеру

Бақылау

Тексеру

Бақылау

Тексеру

Бақылау

I



4

1



4


1



4

1

II

1

1

1

III

1

1

1

IV

1

1

1

жыл

4

4

4

4

4

4


Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу
2-4 сыныптарда оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу
білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс
жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады.


Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері:
Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығын, балалар
тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығын, мазмұнының қол жетімділігін, мәтін құрылысы және оның тілдік безендірілуінің күштілігін ескеру қажет.
2-3-cыныптарда мазмұндама, шығарма жазуға үйрету деп қарастырылады
да, 1 ғана баға қойылады.

Мазмұндама, шығарма жұмыстарын бағалау нормасы

  • «5» деген баға – автордың мәтінін (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалған; тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс; сөздік қолданыста 1-2 түзету жіберілсе қойылады;

  • «4» деген баға – жұмыста автор мәтіні (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай- ақ 1-2 емле қате, 1-2 түзету жағдайда қойылады;

  • «3» деген баға – мәтін мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген (мазмұндама), тақырыптан алшақтаған, негізінен дұрыс қолданғанымен ой жүйелі жеткізілген, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар. Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар. Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады;

  • «2» деген баға – қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан көп алшақ, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң. Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп қате және 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.

Бастауыш сыныптардағы мазмұндамалар және шығармалар үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, қанағаттанарлықсыз баға тек қорытынды мазмұндамалар жазғанда ғана қойылады.

Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады. Оқушыларға (2-4 сыныптар) мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріп жүргізілуі керек.

























МАЗМҰНДАМАҒА БЕРІЛГЕН МӘТІНДЕР

2-СЫНЫП. Әдебиеттік оқу


1 мазмұндама

Қолқанат


Айдос жаз бойы бақшада жұмыс істеді.Жүйектерді суғарды.Арам шөптерді отады.Қолынан күрек,кетпені түспеді.

Бақшадағы қарбыздар қампиып өсті. Қызанақтар нарттай қызарды.

Айдос достарына қарбыз сойып берді. Достары Айдостың еңбегіне риза болды. Осылайша Айдос қолқанат бала атанды.


Сұрақтар:

  1. Жаз бойы Айдос не істеді?

  2. Бақшадағы көкөністер қалай өсті?

  3. Айдосты неліктен қолқанат бала деп атады?

Жоспары:

1.Айдостың еңбегі

2.Бақша өнімдері

3.Достарының ризашылығы


Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген


Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген


Мәтін

мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп


Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс


Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар


Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста

1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған

(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ

1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар

Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету


2 мазмұндама

Ақ аю


Солтүстік Мұзды мұхитында қыс өте ұзақ және суық болады. Жылдың екі-үш айында ғана аздап күн жылынады. Ол жерде ақ аю көп болады.

Ақ аюлар балық жейді. Олар сеңнің ішінде қозғалмай жатқанда, мұз сияқты болып көрінеді. Балықтар оны мұз екен деп қалады. Балықтар қасына жақындағанда, шап беріп ұстап алады.

Сұрақтар:

  1. Солтүстік Мұзды мұхит туралы не білесің?

  2. Ақ аю немен қоректенеді?

  3. Ақ аю балықты қалай ұстайды?

Жоспары:

  1. Ақ аюдың мекені

  2. Балық ұстау


Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген


Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген


Мәтін

мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп


Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс


Мәтін мазмұны ашылған,

бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар


Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста

1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған

(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ

1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар

Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету







3 мазмұндама

Қара мысық пен қара лақ


Мен жұмыстан келе жатсам, қақпаның алдында бір қара мысық шоқиып отыр. Ол маған қарап мияулап, соңымнан ерді. Мен оны үйге алып келдім. Ол менің кішкентай қызыммен достасып алды. Қызым оған ат қойды. Көп ұзамай қара мысық үйдегі қара лақпен де тіл тапты. Олар бірін-бірі қуалап ойнайды.Түнге қарай екеуі бір бұрышқа бұйығып, ұйқыға кетеді.

А.Нұрғазин



Сұрақтар:

    1. Қара мысықты қай жерден тауып алды?

    2. Мысық кіммен достасты?

    3. Қара лақпен қалай тіл тапты?


Жоспары:

      1. Мысықты үйге әкелу

      2. Достасу

      3. Мысық пен қара лақ

Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген


Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген


Мәтін

мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп


Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс


Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар


Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста

1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған

(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ

1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар

Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету




4 мазмұндама

Қайықта


Көлде бір ескі қайық тұратын. Онымен біз арғы жаққа өтіп, жидек теретінбіз. Бір күні бір топ бала қайыққа міндік. Ішіндегі үлкені болғандықтан мен қайық естім.

Көлдің шетіне жақындадық. Қайықтың бір жағында отырған балалар еңкейіп қалғанда, қайық ауытқып кетті. Қайықтың ішіне су толып кетті.Қайығымыз суға бата бастады.

Біздің бағымызға қарай, қайық батқан жердің суы кеудемізден-ақ келді. Әрең дегенде көтеріп, суын төктік. Қайығымызды жағаға алып шықтық.

Тақтаға жазылатын сөздер мен сөз тіркестері: қайық есу, ауытқып кетті, бағымызға қарай.

Сұрақтар:

  1. Қайықпен балалар қайда баратын?

  2. Қайыққа неге су толды?

  3. Балалардың аман қалу себебі не?

  4. Суда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

Жоспары:

  1. Жидекке бару

  2. Қайықтың аударылуы

  3. Қайықты жағаға алып шығу

Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген


Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген


Мәтін

мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп


Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс


Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар


Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста

1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған

(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ

1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар

Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету




ШЫҒАРМАҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР

2-СЫНЫП. Әдебиеттік оқу

1 шығарма


«Менің отбасым»

Жоспар:

1. Отбасы мүшелері.

2. Отбасындағы сыйластық.

3. Отбасы дәстүрлері


Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген


Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген


Мәтін

мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп


Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс


Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар


Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста

1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған

(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ

1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар

Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету













2 шығарма

«Қыс қызықтары»


Жоспар:

  1. Қысқы табиғат

  2. Қысқы ойындар.


Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген


Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген


Мәтін

мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп


Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс


Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар


Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста

1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған

(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ

1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар

Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету

















3 шығарма

«Аяулы ана»

Жоспар:

  1. Ана- киелі ұғым

  2. Менің анам

  3. Рахмет,анашым!

Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген


Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген


Мәтін

мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп


Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс


Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар


Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста

1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған

(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ

1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар

Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету

















4 шығарма

«Кітап – білім бұлағы»


Жоспар:

1. Кітап – біздің досымыз

2. Мен оқыған кітаптар

3. Кітаптың көңіл күйге әсері

Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген


Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген


Мәтін

мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп


Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс


Мәтін мазмұны ашылған, бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар


Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста

1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған

(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ

1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар

Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету




1 диктант

Әже алғысы

Түнде боран болды. Боран қарды жота-жота қылып үйіп салды. Самат, Нұрлан, Ажар үшеуі мектепке келе жатты. Адамдар үйлерінің алдындағы қарды күреп жатыр. Әлия әжейдің үйінен ғана ешкім көрінбейді. Ол жалғыз тұрады. Балалар әжейдің ауласына кірді. Олар қарды күреп жол ашты. Бұған әжей риза болды. Балаларға әжей алғыс айтты.

1. Мәтіннен түсінбеген сөзді немесе сөздерді жазып алыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Білім алушы

Балл


Оқыған материал

бойынша түсінбеген

сөздерді белгілейді және

мағынасын болжап айтады.

1


мәтіннен түсінбеген сөзді/сөздерді

теріп жазады

1


түсінбеген сөздің/сөздердің

мағынасын болжап айтады;

1


Мәтіннің мазмұны

бойынша қойылған

сұрақтарға жауап береді.


2


көп жауапты таңдауы бар сұраққа жауап береді;

мәтіндегі ақпаратты қайталап

айтады;

1



мәтін бойынша қорытынды

жасайды;

1


Тақырып бойынша тірек

сөздер арқылы әңгіме

құрастырады.


3

әңгімелеу барысында ұсынылған

тірек сөздерді пайдаланады

1



берілген тақырып бойынша әңгіме

құрастырады;




Барлығы 7


__________________________________________________

Түсінбеген сөздің/сөздердің мағынасын болжап айтып көріңіз.

2. Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Ауа райы қандай еді? Дұрыс жауапты () белгілеңіз.









Балалар кімге көмектесті?

Балалардың істеріне неліктен әжей риза болды деп ойлайсыз?

3. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Қолғабыс» тақырыбына әңгіме құрастырып айтыңыз.

Тірек сөздер: досым, оқиды, мейірімді, ұқыпты, көмектеседі, татумыз.

Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым Жазылым

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Шығармадағы оқиғаның бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) ажыратады.

Шығармадағы оқиғаның бөліктеріне сәйкес жоспар құрады

Тапсырма 1. Мәтінді түсініп оқыңыз.






2 диктант

Ара неге шаққан жоқ?

Ара сыныпқа ұшып кірді.Ол ұзақ ұшып жүрді. Ақырында терезе әйнегіне келіп қонды. Шығып кете алмай құр ызыңдап жүр. Балалар мектепке келді. Ара әйнекте әлі жорғалап жүреді. Оның ұшуға күші қалмаған. Оған көңіл бөлген ешкім жоқ. Кішкентай Айжанғана оны көрді. Ол араны ұстап алды.Алақанына қондырды. Желдеткіштен сыртқа шығарып жіберді. Ара Айжанды шаққан жоқ.


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор


Балл


Білім алушы

Шығармадағы

оқиғаныңбөліктерін (басы,ортасы, соңы)

ажыратады.

1

оқиғаның бастапқы бөліміне сәйкес сөйлемді анықтайды;

1

мәтіннен оқиғаның дамуын білдіретін бөлікті қоршап сызады;

1

оқиғаны аяқтап жазады;

1

Шығармадағы

оқиғаныңбөліктеріне

сәйкес жоспарқұрады.

2

шығарманың бастапқы бөлігіне сәйкес

жоспар құрады;

1

шығарманың негізгі бөлігіне сәйкес жоспар құрады;

1

шығарманың соңғы бөлігіне сәйкес жоспар құрады

1

Барлығы



6


Оқиға неден басталды?

A) Балалар мектепке келді.

B) Оның ұшуға күші болмады.

C) Ара сыныпқа ұшып кірді.

D) Ол араны ұстап алды.

Мәтіннен оқиғаның дамуын білдіретін бөлікті тауып, қоршап сызыңыз.

Оқиғаны қалай аяқтар едің?___________________________________

2. Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрыңыз.

1) _____________________________________________

2) _____________________________________________

3) _____________________________________________


Ойлау дағдыларыныңдеңгейі:Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Өмірлік жағдаяттарға қатысты пікірталасқақатысады.

Тапсырма













3 диктант

Мәтінді тыңдаңыз.

Ләйлә мен Райхан орманға жидек теруге келді. Олардың үлкенсебетін көріп, жидектер тығылып қалды. Шырша бұтағына көбелекұшып келді. Қыздар көбелекті қуып кетті. Себет жерде қалды. Бәрінбайқап отырған тиін себетке жидек тере бастады. Қайта оралған екідос себеттің жидекке толы екенін көрді.

Ләйлә мен Райхан қайда келді?

Қыздар нені қуып кетті?

Себетке жидекті жинаған кім?

Сіздің өміріңізде қандай да бір қызықты жағдаяттар болды ма?


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу.

1

мәтіннің мазмұны бойынша қойылған бірінші сұраққа жауап береді;

1

мәтіннің мазмұны бойынша қойылған екінші сұраққа жауап береді;

1

мәтін мазмұны бойынша

нақтылау сұрағын құрастырады.

1

Мәтіннің мазмұнын жаза алады

2

мәтіннің мазмұнын тақырыптан ауытқымай, жүйелі жазады;

1

тірек сөздерді орындықолданады;

1

сөздер мен сөйлемдерді сауатты жазады;

1

сөйлем құрылымын сақтапжазады.

1

Барлығы



7


Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Тыңдалған материал бойынша түсінбеген сөздерді белгілейді және мағынасын болжап айтады.

Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.























4 тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.

Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды! – деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.

Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Айбар шекті. Көршілер келіп, Ақселеуді айырып алды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:

Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аманқалатын едің, – деді.

Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтынсен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейіқашпадым, – деді Ақселеу.

Ақселеу бала да болса, азамат екен! Оның мұнысы нағыздостық! – деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақалсүйсініп.

Мәтіннен түсінбеген сөздерді түртіп алыңыз.

Берілген сөйлемдерді пайдаланып азамат сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

Азамат - ______________________________________________________

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Кімнің денсаулығы нашар еді?

2. Итке қарсы ұмтылған кім еді?

3. Ақселеу қандай бала?

4. Екеуінің әңгімесіне кім сүйсінді?


Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Тыңдалған материал бойынша түсінбеген сөздерді белгілейді және мағынасын болжап айтады.

1

Мәтіннен түсінбеген сөздерді түртіп алып, энциклопедиямен жұмыс жасайды;

1

Азамат сөзінің мағынасын түсіндіріп жазады;

1

Мәтіннің бірінші сұрағына жауап жазады;

1

Мәтіннің мазмұнын жаза алады

2

Мәтіннің екінші сұрағына жауап жазады;

1

Мәтіннің үшінші сұрағына жауап жазады;

1

Мәтіннің төртінші сұрағына жауап жазады;

1

Барлығы



6



















5 Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі:

Білім алушы:

Әңгімені түсініп оқиды, негізгі ойын тауып жазады.

Мәтіннің түрін анықтайды.

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазады, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ажыратады.

1. Берілген тірек сөздерді мұқият тыңдаңыз.

Біз сабақтан соң, Маратпен үйге қайттық. Балалар шаңғы теуіп жүр. Екеуіміз байқамай шаңғы жолына шықтық. Балалар бізге жетіп қалды. Мен бөгет жасамау үшін, жолды босаттым, Марат әдейі жолда тұрып қалды.Алдыңғы бала оны қақпай жантайғанда, таяғы Маратқа тиді. Марат оның таяғын сындырды. Ол баланы ұратын еді, мен тиіскізбедім.

Мараттың қылығы дұрыс па?

Мәтінді түсініп оқыңыз, негізгі ойын анықтаңыз

____________________________________________

Мәтіннің түрін анықтаңыз

______________________________________________________________

Мәтінде берілген ақпарат сізге пайдалы /пайдасыз болды ма? Неліктен?

______________________________________________________________

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазыңыз

Шығармашылық диктант

1. Ауамен, біз, дем, таза, аламыз.

2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте.

3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта сақтаңдар.

4. Жиі, терезені, тұрыңдар, ашып.

5. Отырыңдар, жаңартып, ауаны.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ажыратыңыз

Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Әңгімені түсініп оқиды, негізгі ойын тауып жазады


Тақырыпқа сәйкес мәтіннің негізгі ойын таба алады;

1

Мәтіннің түрін анықтай алады;

1

Мәтіндегі ақпараттың пайдалы, пайдалы емес екенін анықтап жаза алады;

1

Сөйлем түрлерін ажырата алады


Сөйлем құрап жаза алады;

1

Бірінші сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ажырата алады;

1



Екінші сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ажырата алады;

1


Үшінші сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ажырата алады;

1


Төртінші сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ажырата алады;

1



Барлығы

8

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі:

:Білім алушы

Мәтінді түсініп оқиды

Мәтіннен синоним сөзінің мағынасын түсіндіріп жаза алады

Мәтіннен антоним сөздерді тауып жазады.

6

Мәтінді түсініп оқыңыз.

Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха аһлап-уһлеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты: - Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің? - Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - деді Бәтима. - Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, - деді Злиха. - Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: сабыр деген екен.
1.Сабыр сөзінің мағынасын түсіндіріп жазыңыз

_______________________________________________________________

2. Күшті сөзінің синонимін тауып жазыңыз

_______________________________________________________________

3.Мәтіннен антоним сөздерді теріп жазыңыз

_______________________________________________________________

4. Шығармашылық диктант

1. … әкем келді!

2. … кеше келсемші!

3. … әдемі сурет!

4. ... көркем табиғат!!

Сөйлемдерді алақай, қап, қандай, неткен, паһ шіркін,беу сөздерінің тиістісін қойып жаздыру.


Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Мәтіннен синоним, антоним сөздерді ажырата алады


Сабыр сөзінің мағынасын түсінідіріп жаза алады;

1

Күшті сөзіне синонимін тауып жаза алады;

1

Мәтіннен антоним сөздерді теріп жаза алады;

1

Сөйлем түрлерін ажырата алады


Тірек сөздерді пайдалана отырып, лепті сөйлемнің бірінші сөйлемін құрастырып жаза алады;

1

Тірек сөздерді пайдалана отырып, лепті сөйлемнің екінші сөйлемін құрастырып жаза алады;

1



Тірек сөздерді пайдалана отырып, лепті сөйлемнің үшінші сөйлемін құрастырып жаза алады;

1


Тірек сөздерді пайдалана отырып, лепті сөйлемнің төртінші сөйлемін құрастырып жаза алады;

1




Барлығы

7


Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі:

Білім алушы:

Сөйлемдегі таныс сөздерді анықтайды және мағынасына қарай орынды қолданады.

Тыңдаған мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаза алады;

Сөздерді мағынасына сай қолдана алады.




7 тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Менің атым – Айдос. Мен екінші сыныпта оқимын. Біздің сынып біріншіқабатта орналасқан. Сыныбымыз кең, жарық. Сыныпта он тоғыз оқушы бар. Маған математика, қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері ұнайды.

Сөйлемдерді толықтырыңыз:

1. Оның аты - __________ .

2. Ол _________ сыныпта оқиды.

3. Оның сыныбы ___________ орналасқан.

4. Сыныптары __________ , ___________ .

5. Оның сыныбында __________ оқушы бар.

6. Нұрланға __________, __________, _________ пәндері ұнайды.


8 шығармашылық диктант

1. Атасы бір қызық ә...гіме айтты. 2. Бөлме іші қара...ғыекен. 3. Бұл – Әлияның со...ғы хаты. 4. Әсияның үйі клубтыңтөме...гі жағында.

Көп нүктенің орнына н, ң әріптерінің тиістісін жаздыру

Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Сөйлемдегі таныс сөздерді анықтайды және мағынасына қарай орынды қолданады.

1

Бірінші сөйлемді толықтырып жаза алады

1

Екінші сөйлемді толықтырып жаза алады

1

Үшінші сөйлемді толықтырып жаза алады

1

Төртінші сөйлемді толықтырып жаза алады

1

Бесінші сөйлемді толықтырып жаза алады

1

Алтыншы сөйлемді толықтырып жаза алады

1

Сөздердің орфографиялық нормаларын сақтай алуы

2

Көп нүктенің орнына н әріптерінің тиістісін жаза алады

1

Көп нүктенің орнына ң әріптерінің тиістісін жаза алады

1




Барлығы

8






















9. Ойлау дағдыларыныңдеңгейі:Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Әңгіме құрастырады

Берілген ақпаратқа қатысты сұраулы сөйлем құрастырады.

Сұраулы сөйлем құрастыруда таныс сөздер мен сөз тіркестерін орынды пайдаланады.

Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және дауыссыз к-г дыбыстарының емлесін сақтап жаза алады.

Тапсырма

Берілген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз



Shape2 Shape1

Оқу құралдары


Ұстаз


Оқушы

шашты


үйретті


жүгірді












1.Суретті пайдалана отырып, сұраулы сөйлем құрастырыңыз

____________________________________________________

2. Көп нүктенің орнына керекті дыбысты қойып жаз

Шыңғыстау

Бәріне ашық есі...і,

Өнер сырын ұққанның.

Шыңғыс – алтын бесі...і

3. Суреттің қай жағындағы сызбаға көптік жалғауларын қосып жаза аласыз?

Жазып көр

__________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Тірек сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрастыра алады


2-3 тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыра алады

1

4-5 тірек сөздерді қолдана отырып, әңгіме құрастыра алады

1

Суретті пайдалана отырып сұраулы сөйлем құрастырып жаза алады

1


Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және дауыссыз к-г дыбыстарының емлесін сақтап жаза алады.


Бірінші сөздің к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазады

1

Екінші сөздің к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазады

1




Барлығы

5

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы:

Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем түрлерін ажыратады.

Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерін қояды.

Сөздердің орфографиялық нормаларын сақтау

10 тапсырма

Суретке мұқият қараңыз:


1.Сурет бойынша 3 түрлі сөйлем құрастырып жазыңыз. Сөйлемнің соңынатиісті тыныс белгісін қойыңыз.

Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Лепті сөйлем





2. Көп нүктенің орнына л, р әріптерінің тиістісін қойып жазыңыз

1. ...айым жақсылық болсын. 2. Оттың ыстық ...ебіне сукиімдерімізді кептіріп алдық. 3. Көшеде ...ай сулар іркіліп жатыр. 4. Бір-біріңді ...енжітпе. 5. Үй толған балаларды ...еттепотырғызды.

Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін құрастырып жызы алады


сурет бойынша хабарлы сөйлем құрастырып жазады

1

сурет бойынша сұраулы сөйлем құрастырып жазады

1

сурет бойынша лепті сөйлем құрастырып жазады

1


сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қояды

1

сөйлемдердің құрылымын дұрыс сақтайды.

1

Сөздердің орфографиялық нормаларын сақтау


дауыссыз л дыбыстарының емлесін сақтап жазу

1

дауыссыз р дыбыстарының емлесін сақтап жазу

1




Барлығы

7

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы:

Тақырыпқа қатысты суреттер мен тірек сөздер бойынша мәтін құрастырады.

Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді.

Тыңдаған материалдағы кейіпкерлерді сипаттайды.





11 тапсырма

Суретке мұқият қараңыз.

Берілген сөздерді оқыңыз. Суретке қатысты сөздердің астын сызыңыз.

Ысып тұрды, кенеттен, жаңбыр, тышқан, құмырсқа, көбелек, саңырауқұлақ, тығылды, торғай, келді.

Осы сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырып жазыңыз (3-4 сөйлем).


12 Мәтінді түсініп оқыңыз:
Атасы қаладан келді. Талаптың ұзақ күткен сыйлығын әкелді. Бұрандалы трактор. Кілтін бұраса, тракторы дырылдап жүреді. Қуанып, досы Рахатқа көрсетті. Ол тракторға қатты қызықты. Талап тракторын бір күнге ойнауға берді.
Атасынемересінің ісіне риза болды.

Мәтін не туралы?

А) атасы туралы

В) кілт туралы

С) бұрандалы трактор туралы

D) сыйлық туралы

Мәтін мазмұнына сәйкес келетін сөйлемді анықтаңыз.

А) Атам ауылдан келді.

В) Атам сыйлық әкелді.

С) Немересі қатты қызықты.

Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін белгілеңіз.

Ол тракторға қатты қызықты.


Атасы немересінің ісіне риза болды.


Атасы қаладан келді.


Мәтінге сүйеніп, тракторды сипатта.

Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Балл


Білім алушы:

Тірек сөздерді қатыстыра отырып

бойынша әңгіме құрау


суретке қатысты сөздерді анықтайды;

1

cурет бойынша әңгіме құрастырып жазады;

1

тірек сөздерді орынды қолданады;

1

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

1


Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді.

Тыңдаған материалдағы кейіпкерлерді сипаттайды.


мәтіннің тақырыбын анықтайды;

1

мәтін мазмұнына сәйкес келетін сөйлемді анықтайды;

1

мәтін бойынша сөйлемдердің ретін анықтайды;

1

мәтіннің кейіпкерін сипаттайды.

1



Барлығы

8













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2018
3515
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі