Материалдар / Мазмұндамалар жинағы 2-4 сыныптар

Мазмұндамалар жинағы 2-4 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына әдістемелік көмек ретінде
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Қажымұқан палуан

Мұқан палуан болуға дайындалды. Алғашқыда сом темірді иді. Гирді екі қолымен жоғары көтерді. Төрт пұттық тасты кеудесіне қойды. Оны басқалар балғамен ұрып уатты. Қажымұқан палуан атанды. (26 сөз)

Сұрақтар

1.Кім палуан болуға дайындалды?

2. Ол қалай дайындалды?

3.Қажымұқан кім болды?



Жаңа жыл

Балалар үшін Жаңа жыл- қуанышты мереке. Мектепте, театрларда, үйде жаңа жылдық елка құрылады. Балалар елканы айнала билейді, өлең, тақпақ айтады, ән салады.

Мерекеге Аяз ата мен Ақша қар келеді. Олар баларға сыйлық таратады.

(33 сөз)

Сұрақтар:

1.Жаңа жыл қандай мереке?

2. Жаңа жылға арнап не құрады?

3. Балалар Жаңа жылды қалай қарсы алады?

4. Мерекеге кімдер келеді?

5. Олар балаларға не береді?


Мазмұндау жоспары:

1.Жаңа жыл елкасы.

2. Жаңа жылды қарсы алу.

3. Сыйлық.


Немересі мен атасы

Жақсығалидың атасы әбден қартайды.Ол жүре алмайды, көзі көрмейді,құлағы естімейді. Жақсығали атасын күтеді. Атасын далаға сүйеп шығарады.Оның беті-қолын жуғызады, сүлгісін әпереді.Жақсығали атасының төсегін салады. Көрпесін жабады. Атасы немересіне алғыс айтады.

(34 сөз)


Сұрақтар:

1. Жақсығалидың атасы қандай адам?

2. Атасына не істейді?

3. Атасының төсегін кім жөндеп береді?

4. Атасы немересіне не айтады?


Мазмұндау жоспары:


  1. Немересі мен атасы.

  2. Жақсығалидың көмегі.

  3. Алғыс.


Қыс көрінісі

Қыс. Күн ашық. Жер беті аппақ. Ағаштар да ақ ұлпадан бөрік киіп алған секілді. Бәрі-бәрі күн сәулесіне шағылысып,күмістей жалтырайды. Кейде ағаш арасынан сауысқанның шықылықтаған дауысы естіледі.

Кей үйлердің мұржасынан шыққан түтін көкке өрлейді.

(35 сөз.)

Сұрақтар

  1. Жер беті қандай?

  2. Ағаштар не киіп алған секілді?

  3. Ағаш арасынан ненің даусы естіледі?

  4. Үйлердің мұржасынан түтін қалай шығады?



Каникулым көңілді

Менің каникулым өте көңілді өтіп жатыр.Шешеммен қонаққа бардым.

Ауылдағы апамның үйінде болып қайттым.

Әр түрлі кітаптар оқыдым. Соның ішінде ертегілер басым. Жаз қандай жақсы, шіркін! Кейде шешем екеуміз көшеде қыдырамыз.Паркке барамыз. Үйде ала мысығым бар. (37 сөз)


Сұрақтар

1.Каникул қалай өтіп жатыр?

2.Шешесі екеуі қайда барды?

3.Қандай кітаптар оқыды?



2-класс

І Дайын мәтін бойынша мазмұндама жазу.


Алтын күз


Жаз өтіп, күз келді. Ауа райы бұзыла бастады. Күн салқындап,жиі-жиі жаңбыр жауады.

Ағаштың жапырақтары сарғаяды. Қырдағы жайқалған көк майса, сары далаға айналады.Астықтарда сап-сары болып пісіп тұр.Сондықтан бұл мезгілді халық алтын күз деп атайды. (38сөз)


Мазмұндау жоспары:


1.Күз қай жыл мезгілінен соң келеді? Жаз.

2.Күзге тән белгілерді атаңдар? Ауа-райы,күн салқын,жиі-жиі

жаңбыр жауады.

3.Халық неге алтын күз дейді? Бәріде сары түске боялады.






Айдос пен Ержан


Бірде Айдос пен Ержан сабақтан шығып,үйлеріне қайтып келе жатқан. Кенет екеуі қарт кісінің аяғы тайып, құлап қалғанын байқады. Ержан сумкасын Айдосқа беріп,жүгіріп барып қарт кісінің қолтығынан демеді. Қарт кісі Айдос пен Ержанға рахмет айтты.

(30сөз)


Мазмұндау жоспары:


1.Айдос пен Ержан қайдан келе жатты? Мектептен

2.Олар кімді көрді? Қарияның аяғы тайып

құлағанын.

3.Балалар қалай көмектесті? Қолтығынан демеді.

4.Қария балаларға не айтты? Рахмет.


Жаз қызығы тамаша


Шілде айы. Күн ыстық. Асан күнге қыздырынбақ болып жағажайға келді. Киімдерін шешіп, суға шомылды. Сосын жағада күнге қыздырынды.Ол күн көзінде ұзақ жатуға болмайтынын білмейтін еді. Шақырайған күн көзі денесін қап-қара қылып күйдірді. Асан сонда да жата берді.Кешке қарай өрт сөндіруші болып істейтін әкесі көл жағасына келгенде, баласын көріп, оны мүлде танымай қалды. (58сөз)


Мазмұндау жоспары:

1.Күн қандай? Ыстық.

2. Асан қайда келді? Жағажайға

3.Жағаға жатып не істеді? Күнге қыздырынды.

4. Күн көзі денесіне қалай әсер етті? Күйдірді.

5.Кешке қарай кім келді? Әкесі.


Ұя

Айнұр мен Майра фермаға бара жатты. Олардың алдынан бір үйрек ұша жөнелді.

Қыздар үйрек ұшқан жерге келді. Ол жерде-үйректің ұясы бар екен. Ұяда жеті жұмыртқа жатыр.Олар жұмыртқаны алмады.

Күнде ұяға келіп, жұмыртқаларды бақылап жүрді.Бір күні ұяда жеті балапан жатқанын көрді. (33сөз)


Мазмұндау жоспары:


  1. Айнұр мен Майра қайда бара жатты? Фермаға

  2. Олардың алдынан не ұшты? Үйрек

  3. Үйрек ұшқан жерде не бар екен? Ұя

  4. Ұяда не жатыр? Жұмыртқа

  5. Айнұр мен Мария не істеді? Бақылады

  6. Олар ұяда не көрді? Балапан.



Іскер болғым келеді

Менің апамның аты- Наргүл. Ол өте өнерлі адам.Анам бізді ылғи да ісмерлікке баулып келеді.Қазір біз құрақ құрауды, көрпе қабуды үйреніп алдық. Расында қыз баланың ұқыпты, іскер болғаны жақсы ғой. Алдағы уақытта киім тігуді де меңгеріп алсақ деген ойымыз бар.

( 42 сөз )

Мазмұндау жоспары:

  1. Апасының аты кім? Наргүл.

  2. Ол қандай адам? Өнерлі адам.

  3. Қандай өнерді үйреніп алады? Құрақ құрау,көрпе қабу.

  4. Алдағы уақытта нені үйренгісі келеді? Киім тігуді.


Ақылды Сабина

Бір топ тезек теруге шығады. Олар қаптарын толтырып үйлеріне қайтады. Сол кезде жаңбыр құйып кетеді. Қыздардың көбі ауылға қарай жүгіре жөнелді. Ал Сабина қаптағы тезегін бір жерге төгеді.

Оның үстіне қапты жамылып өзі отырады. Өткінші жаңбыр басылады. Сабина үйіне келеді. Оның киімі де, отыны да құрғақ. (39сөз)


Мазмұндау жоспары:

1.Бір топ қыз қайда барды? Тезек теруге.

2. Жолда не құйып кетті? Жаңбыр.

3. Қыздар не істеді? Ауылға жүгіреді.

4. Сабинаның киімі де, отыны да Тезекті төкті де үстіне

қалай құрғақ қалды? қапты жапты.


Мысық пен тышқан

Сыртта жатқан жыртық бәтеңкенің қасында тышқан жүгіріп жүрді. Оны мысық көрді. Ақырындап оған жақындады.Мысық енді ұстай бергенде зып етіп бәтеңкеге кіріп кетті. Мысық бәтеңкеге басын сұққанда, тышқан бәтеңкенің жыртығынан шығып кетті. Ескі бәтеңке мысықтың басына кептелді де қалды. (39 сөз)


Мазмұндау жоспары:

  1. Тышқан қайда жүгіріп жүрді? Жыртық бәтеңкенің.

  2. Оны не көрді? Мысық.

  3. Мысық ұстай бергенде, тышқан Бәтеңкеге.

қайда зып етті?


4.Тышқан қалай құтылды? Жыртығынан.

5.Бәтеңке мысықтың қай жеріне Басына.

кептелді?



Менің мысығым

Менің тарғыл мысығым бар. Ол өте сүйкімді. Кішкентай ініммен ойнайды.Ол ұйықтаса, жанына барып, мияулап оятып алады. Ағашқа мініп торғай аңдиды, тышқан аулайды. Әжем киім тігіп отырғанда, жанына келіп, таңдана қарап отырады. Өзі өте таза.

Жиі-жиі жуынып тұрады. Біз оны жақсы көреміз. (43сөз)


Мазмұндау жоспары:

  1. Менің қандай мысығым бар? Тарғыл.

  2. Ол қандай? Өте сүйкімді.

  3. Ол кіммен ойнайды? Ініммен.

  4. Нелерді аулайды? Торғайды, тышқанды.

  5. Мысық өзін қалай ұстайды? Таза.


Ұйқышыл Бауыржан

Балалар жасырынбақ ойнады. Сұлтанбек жасырынуға кеткен Бауыржанды таба алмады.Сонан соң барлығы жабылып іздеді. Зым-зым жоқ. Амалсыз ата-анасына хабарлады. Ата-анасы айқайлап, жан-жақты шарлады. Ұшты-күйді жоқ. Әбден күдер үзген анасы далада жаюлы жатқан киізді алайын десе, біреу оранып ұйықтап жатыр.Қуанғаннан олар көздерінен жастары аққанша күлді. (50 сөз)


Мазмұндау жоспары:


1.Балалар қандай ойын ойнады? Жасырынбақ.

2. Сұлтанбек кімді таба алмады? Бауыржанды.

3. Олар кімдерге хабар берді? Ата-анасына

4. Бауыржан қайда жатыр? Киіздің арасында оранып,

ұйықтап.

5.Ата-анасы қуанғаннан не істеді? Жас аққанша күлді.



Қыс

Қыс түсті. Күн суытты. Күн қысқарып, түн ұзара басталды. Қар қалың жауды. Жер дүниенің бәрі аппақ. Өзен суы мұз болып қатты. Балалар жылы киінген. Олар төбешікте сырғанақ теуіп жүр. Кейбіреуі ылдиға қарай зымырайды.Енді біреулері шаңғы теуіп жүр.Сырғанақта өте көңілді. (41 сөз)


Мазмұндау жоспары:

1.Қыстың өзінділік белгілерін атаңдар? Суытты,қысқарды, ұзарды,

қысқа.

2.Балалар қалай киінді? Жылы.

3.Олар қыста қандай ойындар Сырғанайды,зымырайды,

ойнады? шана,шаңғы тебеді.


Нағыз дос

Саят пен Ермек тату достар еді. Бір күні Ермек ауырып, сабаққа бармай қалды. Кешкісін Ерболдың үйіне барып, үйге берген тапсырманы сұрады. Ол көшіріп алуға дәптерін берді. Сол кезде Ерболдың үйіне Саят келіп қалды. Ол Ермектің асығыс көшіріп жатқанын көріп: - «Сен оны текке көшірме, мен саған шығару жолын түсіндірейін,сосын өзің де үйреніп аласың»,-деді. Ермек досының сөзін мақұлдап, досына риза болды. (58сөз)


Мазмұндау жоспары:


  1. Саят пен Ермек қандай достар? Тату.

  2. Ермек неғылды? Ауырып қалды?

  3. Ол кімге барды? Жантастың үйіне.

  4. Жантас не істеді? Көшіріп алуға

дәптерін берді.

5.Сол кезде Жантастың үйіне кім келді? Саят.

6. Саят Ермекке не деді? Есептің шығару жолын

түсіндіремін деді.

  1. Ермек досына қайтті? Риза болды.




Кішкентай шаруа

Менің Ержан деген інім бар. Өзі өте малсақ. Күнде кішкентай қошақандардың қасына келіп, су беріп, шөп салып жүреді. Содан да болар,

кішкене қошақандар да оны жақсы біліп алған. Көрсе болды, Ержанның қасына жүгіріп келіп, ойнақтап, еркелеп қоя береді. Мұны көрген апам менің шаруақор болады деп мақтайды. (38сөз)


Мазмұндау жоспары

1.Оның кім деген інісі бар? Ержан.

2. Ол қошақандарды қалай күтті? Су беріп, шөп салып.

3. Қошақандар не істейді? Ержан еркелейді.

4. Мұны көрген апасы не деді? Шаруақор болады деп

мақтайды.


ІІ. Сурет бойынша мазмұндама

Сүйкімді лақ


Биыл көктем ерте келді. Қар суы сарқырап ағып жатыр. Қой қоздап, ешкілер лақтап, ауыл абыр-сабыр. Кейбіреулері егіздеп тауып, лақтарын жарытпады. Оларға еміздікпен сүт беру Ерланға тапсырылды. Ерлан бұл іске

құлшына кірісті. Жылы сүтке тойған лақтар маңырауын қоя қойды.Біраздан соң маужырап, тәтті ұйқыға кетті. Ерлан оларға мейірлене қарап әлі тұр. Не деген сүйкімді лақтар! (55 сөз)

Мазмұндау жоспары

  1. Жылдың қай мезгілі? Көктем.

  2. Нелер төлдеді? Қой, ешкілер.

  3. Сүт беру кімге тапсырылды? Ерланға.

  4. Ерлан не істеді? Еміздікпен сүт берді.

  5. Лақтар қайтті? Маужырап, тәтті ұйқы.

  6. Ерлан оларға қарап не деді? Сүйкімді лақтар.



Сыйлық

Асқар інісіне 8-наурыз аналар мейрамы жақындап қалғанын, календардан көрсетті. Екеуі сыйлық әзірлеуге кірісті. Асқар ашықхат дайындап, інісіне терезе алдына гүл өсірді. 8-наурыз күні анасына әзірленген сыйлықтарын ұсынды. Анасы қуанып, рахмет айтты. (26сөз)

Мазмұндау жоспары

  1. Асқар інісіне нені көрсетті? Мейрамның.

  2. Екеуі не істеді? Сыйлық әзірледі?

  3. Қандай сыйлықтар әзірледі? Ашықхат, гүл.

  4. Сыйлықтар қашан ұсынды? 8-наурыз күні.


Доп қайда ?

Әжесі екі немересіне доп сатып әкеліп берді. Немелері қуанып алды. Бірақ допқа таласа бастады. Сол кезде доп қолдарынан шығып кетті. Олар допты қуа жөнелді. Кенеттен аяқтары тайып кетіп доптың үстіне құлады. Доптың желі шығып кетті. Оны көрген балалар: Доп қайда? – деп ойланып қалды. (33сөз)


Мазмұндау жоспары

  1. Әжесі немерелеріне не алып берді? Доп.

  2. Олар допқа не істеді? Таласты.

  3. Доп қайда кетті? Доптың желі шықты.




Көктем

Мамыр айының басы. Жердің беті кілемдей жап-жасыл. Бірең-сараң қызғалдақтар көрінеді. Таңертең күн сәулесін мейірлене төгеді. Жел жоқ. Табиғат күліп тұрғандай. Тоғайдың арасында шиқылдаған құстардың үні естіледі. Осының бәрі көктемнің келгенін білдіргендей.

(33сөз)

Мазмұндау жоспары

  1. Көктемде жер беті қандай болады? Кілемдей, жап-жасыл.

  2. Таңертең күн сәулесін қалай төгеді? Мейірлене.

  3. Тоғайдан нелердің үні естіледі? Құстардың.

  4. Осының бәрі ненің белгісі? Көктемнің.

Шие тергендер

Нұрғожа мен Сапар шие теруге орманға келді. Көп ұзамай бітік шиеге кезікті.

Нұрғожа терген шиесін карзинаға салды. Сапар болса тойғанынша жеп, содан соң ойнап

кетті.

Екеуі таза ауада жақсы демалды. Үйлеріне көңілді оралды. Нұрғожа кәрзеңкедегі

піскен шиені атасына берді.

Атасы оған алғысын айтып: - Өскенде сен мені асырайды екенсің, - деді. Мұны естіген Сапар қатты ұялды. Көзі жасаурап, сыртқа шыға жөнелді.

(48 сөз)


Мазмұндау жоспары

  1. Нұрғожа мен Сапар қайда барды? Орманға.

  2. Олар орманда не терді? Шие теруге,кәрзеңке,тойғанша

жеп,ойнап кетті.

  1. Нұрғожа піскен шиені кімге ұсынды? Атасына.

  2. Сапар неге ұялды? Атасына әкелмегені үшін.




3-класс


Дайын әңгіме бойынша мазмұндама жазу.


Егін жинау.

Колхозшылар егінді орып бітірді. Орылған егін қырманға жиналды. Қырман басы қайнаған еңбек. Колхозшылар бидайды машинаға, арбаға тиеп, қамбаға тасуда.

Күн салқындай түскен сайын, колхозшылар егінді жинап, тасып үлгере алмай қалудан қауіптенетіндей. Оларға көмекке оқушылар келді. Бірлесіп жұмыла жасаған еңбектің арқасында астық тез жиналды. Колхозшылар оқушыларға алғыс айтып, оларға бір қаптан астық берді.

(53сөз)


Мазмұндау жоспары

  1. Колхозшылар не қылды? Орып бітірді.

  2. Егінді қайда тасыды? Қамбаға.

  3. Көмекке кімдер келді? Оқушылар.

  4. Колхозшылар оларға не айтты? Алғыс.


Қарлығаш

Сейтен сымда тізіліп отырған қарлығаштарға жақындап келді. Рагаткасына жұп-жұмыр тас салды. Қарлығаштарға бағыттап тартып жіберді.

Бейқам отырған құстар дүр көтерілді. Біреуі Сейтеннің аяғы астына томп ете қалды. Сүйріктей тұмсығынан қызыл қан ағып жатты. Сейтен құсты аяп кетті. Жылап жібере жаздады.

Ұстазының құстар жөніндегі әңгімесін еске түсірді. Өзінің істегеніне қатты өкінді. Кенет тістенді де рагаткасының айыр ағашын ортасынан қақ бөлді. (58сөз)


Мазмұндау жоспары

  1. Сейтен рагаткасымен нені Қаз-қатар тізіліп отырған

атпақшы болды? қарлығаштарды.

2.Қарлығаштар не істерді? Дүр көтеріліп, томп етті.

3.Тұсығынан қан аққан құсты Аяп кетті, жылап жібере

көргенде Сейтен қандай күйде жаздады, құстар жөніндегі

болды? еске түсті.

4.Сейтен не істеді? Айыр ағашын қақ бөлді.


Құдық басында

Досжан атын суармақшы болды. Құдыққа беттеді. Құдық басына кісі көп екен.Қалтай қария бүкшеңдеп су тартып жатыр. Бір-екі бала қасында состиып қарап тұр. Досжан оларға жақтырмай бір қарады. Ол шалдан шелекті сұрап алды. Қарт ентігіп қалыпты. Досжан ақсақалдың атын суғарып берді.

Бір кезде Бағила әжей суға келді. Досжан су құйып берді. Екі шелек суды әжейдің үйіне жеткізді. Кемпір Досжанға алғыс айтты. (62 сөз)

Мазмұндау жоспары

  1. Досжан қайда келді? Құдыққа, басында.

  2. Құдықтың басында кімдерді көрді? Қария,бүкшеңдеп,состиып,

жақтырмай.

  1. Ол не істеді? Ентігіп, ақсақалдың.

  2. Досжан Бағила әжейге қалай Үйіне жеткізді, алғыс.

көмектесті?


Талғаттың ерлігі

Таңертең ұшқыштар тапсырма алды.Бұйрық біреу-ақ. Бүгін жауды көктен де, жерден де атқылау. Жаудың бекіністерін қирату. Әскерімен

жол ашу.

Талғаттың ұшағы көкке көтерілді. Оның қимылын командир жерден бақылап тұр. Ол Талғаттың жауға шабуына өте риза болды. Ұшқыш жаудың бекіністерін бомбалады. Күлін көкке ұшырды. Одан соң жердегі әскерлер шабуылға шықты. Жау бекіністі тастап қашты. (52сөз)

Мазмұндау жоспары

1.Ұшқыштар қандай тапсырма алды? Көктен де, жерден де атқылау.

2. Командир Талғаттың шабуылына Бомбалады, күлін көкке

неге істеді? ұшырды.



Кірпі мен жылан


Дарханның құлағына жат дыбыс естілді. Ол төсектен басын көтерді. Есеннің кереуетіне жанында алысып жатқан жылан мен кірпіні көрді. Ол Есенді тез оятты.Жылан айыр тілі мен кірпіні шақпақ болады. Бірақ шаға алмады. Кірпі тікенектерін үрпитіп алған. Ол жыланның құйрығын кеміріп жатыр.

Бұл қызықты көруге Дархан әжесін де шақырды. Әжесі келгенде жылан әлсіреген еді. Әжесі Есенді кірпінің жыланнан құтқарып қалғанын айтты.

(59сөз)

Мазмұндау жоспары

  1. Дархан ерте қандай дыбыс естіді? Жат дыбыс.

  2. Ол оянғанда не көрді? Кереуетті, алысып.

  3. Жылан не істеп тұр? Айыр тілімен шақпақ.

  4. Ал кірпі не істеп тұр? Тікенектерін үрпейтіп, кеміріп.

  5. Әжесі балаларға не туралы айтты? Әлсіреген, құтқарған.


Әкесі мен баласы.

Ертеде бір дана қарт өмір сүріпті. Оның бес баласы болыпты. Қарт өлер шағында балаларын жинап алыпты. Оларға бір- бірден тобылғы берген де, балалары оңай сындырыпты. Шал бес тобылғыдан біріктіріп байлады. Енді сындыруын талап етті. Мұны ұлдарының біреуіде сындыра алмапты. Сонда дана қарт мұның мән-мағынасын былай түсіндіріпті:

-Мен өлгеннен кейін де ұйымшыл болыңдар. Бірігіп тірлік жасаңдар. Алауыз болмаңдар. Мына тобылғылар сияқты сендерді ешкім сындыра алмайды,-депті.

«Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген осы. (70сөз)

(«Халық ертегілер» кітабынан)

Мазмұндау жоспары:

  1. Дана қарт балаларын қалай сынады? Өлер шағында,бір-бірден,

тобылғы.

  1. Мұнымен қарт балаларына Біріліп тірлік,ұйымшыл,

не айтпақшы болады? алауыз болыңдар.

  1. Әңгіменің мазмұнынан қандай «Бірлік бар жерде, тірлік бар»

қорытынды жасауға болады?


Көбелектер

Жаз. Шабындықта түрлі гүлдер жайнайды. Иісі жұпар аңқиды. Көбелектер гүлден-гүлге ұшып-қонып жүр.

Бір кезде көкте қарлығаш көрінді. Ақ көбелек гүлге қонды. Ал көк көбелек көк гүлге қонды. Қарлығаш көбелектерді таба алмады. Өйткені көбелектердің түрі гүлдердің түсімен бірдей. Көбелектер өзін жаудан осылай қорғайды. (44сөз)


Мазмұндау жоспары:

1.Көбелектер жылдың қай мезгілінде Жаз, шабындықта,жұпар,

тіршілік етеді? гүлден-гүлге.

2.Көкте не көрінеді? Қарлығаш.

3. Көбелектер қайда қонды? Сарғалдаққа, түсі.

4.Оның мәнісін түсіндіріңдер? Жаудан қорғайды.


Көктем

Көктем келді. Айнала жап-жасыл. Теректерге де жасыл жапырақтар шыға бастаған.

Нұрлан құстарға арнап ұя жасап, оны ағаш басына бекітіп қойған болатын.

Бір күні әлгі ұяның қасынан жерге түсіп қалған торғайдың балапанын көрді. Анасы шырылдап жүр екен. Нұрлан балапанды алып ұясына қайта салды. Қос балапан мен анасы шиқылдай бастады. Нұрланға алғыс айтып тұрған сияқты.(54 сөз)


Мазмұндау жоспары:

  1. Көктемнің басталуы.

  2. Нұрлан құстарға не жасады?

  3. Ол нені көрді?

  4. Нұрлан балапанды қайда салды?

  5. Торғай Нұрланға алғысын қалай жеткізді?


Құлын, қозы, лақ

Жаз кезі еді. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Әуелі қандай ойын қызық екенін айтып, талқыға сала бастады.

Сөзді лақ бастады.

- Ойынның қызығы - тауға шығу, тастан тасқа секіру. Әрі қан тарайды, әрі етті боласың.

Қошақан ақ лақтың сөзін жаратпай, өз ойын айтты.

- Секіріп, атылып ойнау - ойын емес. Дүниедегі ойынның ең қызығы - қошқарлар сиякты сарт-сұрт сүзісу. Соның арқасында күшің толады. Әрі бұлшық етің қатаяды.

- Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң, шапқылап жарысайық. Тұра қалып, тебісейік, - деді құлын екеуінің ойындарын жақтырмай.

Үшеуі қызыл кеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры ешнәрсеге келісе алмай, әрқайсысы өз жөніне кетті. (М. Төрежанов, 90 сөз).

Сөздік: көңілге қонбау, қызыл кеңірдек болу.

Мазмұндау жоспары:

  1. Өрістегі кездесу.

  2. Ойынды талқылау.

  3. Лақтың ойыны.

  4. Қошақанға ұнайтын ойын.

  5. Құлынның пікірі.

  6. Ойналмаған ойын.




Ақ кептер

Еркін үйден сыртқа шықты. Аулада бір нәрсе ұмар-жұмар болды да

кетті. Ол мұның не екенін алғашқыда аңдамай қалды. Сөйтсе көршінің мысығы ақ кептерді жұлмалап жатыр екен.

Еркін құсты ажал тырнағынан арашалап алды. Жұдырықтай құс дір-дір етеді. Бір-екі жеріне тырнағын да батырып үлгеріпті. Шып-шып қан шығып тұр.

Еркін үйге келіп, жаралы жерге йод жақты. Кептерді қағаз қорапқа салып, алдына дән шашты. Екі күннен кейін ақ кептер оңалды.

Әбден жазылып, Еркін оны ұшырып жіберді. (68сөз)

Мазмұндау жоспары:

1Еркін ауладан нені көрді? Бір нәрсе ұмар-жұмар, көршінің

мысығы, ақ кептер.

2.Ол не істеді? Ажал тырнағынан.

3.Еркін ақ кептерге қандай қамқорлық Йод жақты, дән шашты.

көрсетті?


Күз

Күз басталды. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түсе бастады. Балалар күздік киім киінген.Олар мектеп ауласын тазартуға шықты. Балалар ағаштардың түскен жапырақтарын, қоқыс қағаздарды жинады. Ал Зәуре мен Зухра қоқыстардың бәрін жерді қазып, соған салып жатыр. Қоқыстарды жағуға болмайды. Ауа ластанады.Оларды тек жерді қазып, көміп тастау керек. (47сөз)


Мазмұндау жоспары:

1.Жылдың қай мезгілі? Күз.

2. Балалар қайда шықты? Аула.

3. Олар не істеді? Тазартты.

4.Зәуре мен Зухра қоқысты қайда жинады? Шұңқырға.



Өзі кінәлі

Сабақтан келісімен, Оспан сөмкесін лақтырып тастады да, үстел үстінде тұрған тамақта апыл-ғұпыл ішіп, ойнауға кетті. Ол кешке дейін доп қуды. Үйдегі інісі Мұрат Оспанның сөмкесін мысықтың мойнына байлап, біраз сүйретті. Содан соң ішін ақтарды. Қарындаштарын өзінің қобдишасына салды. Кітаптардан үй жасады.Ішіндегі суреттерін қарады. Қып-қызыл алмалар оған ұнап кетті. Оны жыртып алып, түкіріп-түкіріп төсегінің тұсына жапсырып қойды. Сөйтіп жүріп былғап алды, дәптердің бір-екі парағын жұлып алып, сүртемін дегенде үсті-басын, бет-аузын да былғады.

Осы сәтте ойына Оспан түсті де, дереу кітап, қағаздарды сөмкеге салды.

Оспан сабаққа дайындалған жоқ, сөмкесін ертеңгі сабақ үстінде бір-ақ ашты. Кітап былғанған, дәптер жыртылған, қарындаш жоқ. Мұны көргенде ол бақырып жылап жіберді. Үй тапсырмасын орындамағаны сол кезде есіне түсті. (С.Сарғасқаев, 90 сөз).

Сөздік: апыл-ғұпыл, дереу.

Мазмұндау жоспары:

1. Оспанның сабақтан кейінгі тіршілігі.

2. Оспанның сумкасы және Мұрат.

3. Жыртылған,былғанған дәптер.

4. Оспан сабақта.

5. Оспанның бақыруы.

6. Оспанның ойына не түсті.


Тапсырма: Мәтінді оқып шығып, мазмұнын ықшамдап жазу

Жұрттың бәрі жұмыста

Бүгін Мұқанның сабаққа барғысы келмеді. Мұқан әуелі құмырсқамен кездесті. Баланың онымен ойнағысы келмеді. Бірақ ол көнбеді. Өйткені оның істейтін жұмысы көп еді.

Мұқан бал арасына барды. Ол да ойнамады. Өйткені ол гүлдерден бал теру тиіс еді. Мұқан қарлығашқа барып жалынды. Ол да келіспеді. Өйткені қарлығаш балапандарына жем беріп жүр еді. Ақыры Мұқан мектепке келді. Өйткені жұрттың бәрі жұмыста екен. Мұқанмен ешкімнің ойнағысы келмеді.

(59 сөз)

Мазмұндау жоспары:

1.Мұқанның қайда барғысы келмеді? Сабаққа.

2. Ол әуелі кіммен кездесті? Құмырсқамен.

3. Бала құмырсқадан соң кімге барды? Бал арасына, бал.

4. Мұқан бал арасынан кейін кімге барды? Қарлығашқа жалынды.

5. Ақыры Мұқан қайда келді? Мектепке.


Мәтіннің ықшамдап жазылған түрі: «Жұрттың бәрі жұмыста»

Бүгін Мұқан сабаққа барғысы келмеді. Ол ат, бал арасы және қарлығаш-

пен ойнамақ болды. Бірақ олар қызу жұмыста болатын. Ойнайтын жан болмағандықтан ақыры ол мектепке кетті.


Түлкінің айласы

Қыс. Қалың қар, жәндіктерді інінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі кенет тоқтай қалды. Танауын желге тосты. Мынау оқшау қорадан тауық иісі аңқып тұр.

Тауық қорасының есігі мен қабырғасы биік екен. Түлкі жолға үйілген пішенмен өрмелеп қораның төбесіне шықты. Төбеге жабылған жұқа топырақты өткір тырнақтарымен қаза бастады. Өзі сиятын саңылау жасады. Ол қораның ішіне оп-оңай секіріп түсті.

Үш-төрт тауықтың жылы етіне тойды. Ол қорадан шықпақшы болып төбедегі саңылауға бір-екі секірді. Бірақ бойы жетпеді.

Таң атты. Айша шешей сиыр саууға шықты. Тауықтардың мазасызданған дауысын естіп, қора есігін ашады. Өліп жатқан түлкіні байқады. «Болатжанға тымақ тіктіріп беретін болдым,» -деп ойлады Айша шешей.

Ол немересін шақырып келмекші болып кері бұрылды. Осы кезде қу түлкі далаға зып берді. (90сөз)


Мазмұндау жоспары


  1. Ашыққан түлкі не аулауға шықты? Торуылдап, тауық, әтеш.

  2. Түлкі тауық қораға қалай түсті? Пішенмен өрмелеп, өткір

тырнағымен қазды.

  1. Ол қорадан шығу үшін қандай

амал ойлап тапты? Өтірік өлген болды.




Ағаштың көз жасы

Самат бірде ашатаяқ жасап, онымен торғай атқысы келді. Ойға алған ниетін іске асыруға кірісті. Бір ағаш кесіндісінен аққан бірнәрсе қолына тамды. Артынан және бір тамды. Бұл не болды екен? Самат ойланып қалды.

Кешкі ас үстінде бұл жағдайды атасына айтты:

-Балам-ау соны да білмегенің қалай?! Ол-ағаштың көз жасы ғой, жаны ауырған болар. Ал сен болсаң өзіңнен әлсізге әлімжеттік жасағаныңды сезбепсің де. Енді, міне, онымен қоймай, ашатаяқпен құс атпақсың. Ал оның жазығы не?- деді атасы.

Саматтың денесі түршігіп кеткендей болды. Расында да ол ағаш ауырсынар деп еш ойламаған. Құрысын, мұны білгенде, ағаш бұтағына тиіспейтін еді ғой. Атасына айтқаны қандай жақсы болған. Әйтпесе, мына ашатаяқпен құс атса, оның сарыауыз балапандары болса, мүлдем обал болатын еді ғой. Ол өзіне дер сәтінде келген бұл ойға қатты риза болды. Жүгіріп барып, қалтасынан ашатаяқты алды да, лақтырып жіберді. (92сөз)

Мазмұндау жоспары

1.Самат не істемек болды? Ашатаяқ.

2.Ол атасына не туралы айтты? Тамшы.

3.Атасы не деді? Ағаштың көз жасы.

4. Саматтың денесі қайтті? Түршігіп.

5. Бұдан соң самат қандай ойға келді? Өкінді.

6. Ашатаяқ не істеді? Сындырып лақтарды.


Жомарт деп кімді айтамыз?

Ертеде бір Атымтай деген жомарт адам өмір сүріпті. Осы кісіден біреулер: «Өзіңізден асқан жомарт адамды көрдіңіз бе?»-деп сұрапты.

-Бір күні жол жүріп шаршап келе жаттым. Шөл далада тігулі тұрған күрке көрдім. Онда бір кемпір баласымен тұрады екен. Кеш батып қалған кез. Әлгі күркеге аялдауға тура келді.Үй иелері іргеде байлаулы тұрған ешкісін мейман асына сойды. Күркенің ағашын отқа жағып, ет пісірді. Сөйтіп, мені сыйлады. Сөйтсем, бұл үй иелерінің жалғыз ешкісі мен күркесінен басқа ешнәрсесі жоқ екен. Соның өзін аямады. Міне, жомарттық деп осыны айт,-депті ол.

Әрине, бұл аңыз ғой. Әйтсе де осы сөздің түбінде бір шындық бар.Қазақ халқы ешкімді жатсынбаған. Сондықтан болар, белгілі жиһанкез «Егер қазақ халқы экватор бойымен жағалай қоныстанса,онда жер шарын тегін аралап шығуға болар еді» деген екен.

Міне, балалар, ата-бабамыздың осындай аяулы салт-дәстүрін

сендердің де білгендерің жөн. Қонақ күту, оған сый-сияпат көрсету өз

алдына бір өнер десек те болады. (90 сөз)


Мазмұндау жоспары

  1. Ертеде кім өмір сүріпті? Атымтай жомарт.

  2. Ол кісіден біреулерне деп сұрапты? Асқан жомарт.

  3. Атымтай қандай мысал келтірді? Жалғыз ешкі, күркесін аяған жоқ.

  4. Қазақ халқы қандай болған? Жомарт қонақжай халық болған.


4- сынып

Екі жалқау

Қожакеңнің екі ұлы тұяғын қимылдатпайтын жалқау болыпты. Ең кішісі ғана тіл алғыш екен.Әбден мезі болған Қожанасыр жайлауға көшіп бара жатып, екі ұлын да қыстауда қалдырып кетіпті. Ауылдан екі-үш күншілік жерге ұзағасын кіші інісі ағаларына жаны ашып, жиырма шақты жұмыртқа әкеп тастайды. Ағаларының бірі басын көтеріп, әкелген жұмыртқаны көріп, қасындағысына:

-Талғар, турай ғой, жұмыртқа әкелді міне,-дейді қуанышын жасырмай. Сонда үш күннен бері нәр сызбай, жүрегі сазып, қарны шұрқырап жатқан Талғар:

- Аршылған ба екен өзі ....-депті. (74сөз) «Балдырған»журналынан

Мазмұндау жоспары:

  1. Қожанасырдың екі ұлы.

  2. Олардың қыстауда қалуы.

  3. Інісінің жұмыртқа әкелуі.

Қартайғанда көресіңдер

Автобустың іші ыстық, қапырақ, бос орын жоқ. Әр аялдама сайын бірі түсіп, екіншілері кіріп, әншейіндегідей жүріп жатқан қала тұрғындарының өмірі.

Бір аялдамадан автобусқа қарт адам кірді. Жан-жағына қарады, бос орын жоқ екенін көрді де, отырған екі жасөспірімнің жанына келіп тұрды. Екеуінің мойындарында асып алған әдемі теннис ракеткаларының қабы бар. Өзара күлісіп, теледидардан көрген бір спорт жарысын қызу талқылап отыр. Ақсақалды көрмегенсиді.

-Қарақтарым, отыра беріңдер, тұрмай-ақ қойыңдар. Жақсылап жас кездеріңде күш жинап алыңдар. Ертең менің жасыма келіп, аяқтарың дірілдеп, бар тәндерің дем алғысы келіп, жер иіскетші деп жалынғанда мен сияқты отырғышқа сүйеніп аласұрған жүректеріңді басарсыңдар,-деді.

Келесі аялдамада ұялған балалар есіктен секіріп түсіп қалды.

(102сөз)


Мазмұндау жоспары:

  1. Автобус іші.

  2. Автобусқа қарт адамның кіруі.

  3. Екі баланың әңгімесі.

  4. Ақсақал не деді?

Қайырымдылық пен қаталдық

Аманкелді бала кезінен-ақ Торғай уезінің Қызылжыңғыл болысында тұратын Махамбет, Сарымбай, Қорқақ секілді мергендерге еріп, тау-тасты аралап, құс атып, аң аулаған.

Бір күні соңына екі лағын еріткен киіктің ешкісі суатқа келіп, еңкейіп су ішіп жатады. Ор қазып, киікті аңдып жатқан сақа мергендер:

- Ал, бала мерген, саған жол бердік! Ешкіні ат!-дейді.Аманкелді:

- Анасын атып, екі лағын маңыратып, жетім қалдырар жайым жоқ. Қолым бармайды,- деп, ешкіні атпайды.

Сол кезде бір қасқыр өлген малдың қу басын көлденең тістеп, сай ішімен ақырын ұрлана басып, ешкіге қарай жылжып келе жатады. Аманкелді:

- Ал, ағалар, ататын рет жаңа келді,- дейді.Аманкелді қасқырды жақын келтіріп алып, жалғыз оқпен қос өкпенің тұсынан дәлдеп атып, жайратып салады. Киіктің ешкісі ажалдан аман қалып, екі лағын ертіп, жөніне жүре береді.

- Балада болсаң, өзің әділ бала екенсің. Сен халықтың қамқоры болғалы тұрған жігіт екенсің! - деп, үлкен мергендер бала мергенге сүйсініпті. («Балдырған»журналы 90сөз)

Сөздік: уез

Мазмұндау жоспары:

  1. Екі лағын ерткен киік.

  2. Амангелдінің мейірімі.

  3. Ұрлана басқан қасқыр тағдыры.

  4. Бала мергенге берілген баға.




Соқыр мен Ақсақ

Баяғы заманда бір соқыр мен ақсақ тауға шығып, аң аулайды. Бір кезде соқыр:

-Анау таудың бөктерінде қырғауыл тұр, атып алайық,-дейді. Соқыр мылтығын алып, қырғауылды атып түсіреді. Ақсақ мен алып келейін деп жүгіріп кетеді. Екеуі қырғауылды үйлеріне апарып асады. Қырғауылдың етін жеп отырып ақсақ:

-Соқыр сенің көзің көрмейтін еді ғой, сонау таудың басында тұрған қырғауылды қалай аттың,- дейді. (58 сөз)


Мазмұндау жоспары:

1.Соқыр мен ақсақтың тауға шығуы.

2.Қырғауылды атуы.

3.Бір-біріне таң қалуы

Құмырсқа

Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп кетіп, ара және қоңызбен дос болыпты. Бір күні жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Содан соң көмек сұрау үшін жаңа достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға келіп:

  • Досым, маған көмектесіп жібер, - деп өтініпті.

  • Көрмей тұрсың ба? Мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, - деп көнбепті ара.

  • Құмырсқа, енді екінші досы қоңыздан көмек сұрапты.

  • Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, - деп жорғалап кете барадықоңыз.

Екі досынан да күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен кездесіп қалыпты. Олар мұның түрін көріп:

  • Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа басынан кешкен жайды айтады. Достары

көмектеседі де, дәнді бәрі бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа өз үйіріне қайта қосылады.

«Жаңа достың қадірі – ескі достай бола алмас» деген сөз осыдан қалыпты.

(«Ел аузынан», 90 сөз).

Сөздік: еңбегі еш болу, күдер үзу.

Мазмұндау жоспары:

1. Құмырсқаның жаңа достары.

2. Дән.

3. Көмек сұрау.

4. Жаңа достардың «көмегі».



Көкек

Көкек жұмыртқа баспайды. Бұта арасынан басқа құстардың ұясын тауып алса, жұмыртқасын соған туады. Басқа құс бұны байқамай қалады, өйткені көкек оның бір жұмыртқасын алып тастайды да, өз жұмыртқасын соның орнына салып қояды. Жұмыртқалардың түсі де бірдей болады.Ұяда сарғыш жұмыртқалар жатса, көкек сарғыш жұмыртқа, көк жұмыртқалар жатса, көк жұмыртқа, ақ жұмыртқалар жатса, ол ақ жұмыртқа туады. Содан күндердің бір күнінде өзге балапандармен қатар көкектің балапаны да дүниеге келеді. Жұмыртқаны басып шығарған құс өз балапандарын ұядан лақтырып тастайды да, тек көкектің балапанын азықтандырып, жетілдіреді.

Көкектің бұлай ететін себебі мынадан: ол бір жетіде бір ғана жұмыртқа туады. Ол әр жұмыртқасын өзі басып шығаратын болса, бірінші жұмыртқадан балапан шыққан кезде, екінші жұмыртқа дүниеге келер еді. Оны тағы да басып шығару керек. Бұл кезде алғашқы жұмыртқадан шыққан балапанды қалай асырамақшы?

Сондықтан да көкек жоғарыдағыдай қулық істейді.

(«Ұлан» газеті», 90сөз)

Мазмұндау жоспары:

  1. Көкектің қулығы.

  2. Алданған құстар.

  3. Көкектің бұлай ету себебі.



Өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек!

Адам таза ауамен демалады. Адам демімен шыққан ауа қайтып жұтуға жарамсыздау болады. Біз үнемі тазасын жұтып, жарамсыз етіп отырғандықтан, егер таза ауа бір жақтан келіп тұрмаса, жер үстінде жұтуға жарамды ауа қалмас еді.

Сонда таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Дұрысы- таза ауа ешқайдан келмейді.Айналамыздағы ағаштар біздің демімізден шыққан қайтіп жұтуға жарамсыз ауаны жұтып, ондағы біздің дем алуымызға зиянды, бірақ өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартып, қайтадан шығарады.

Біздің үйіміздің айналасында, көшеде, аулада өсіп, жапырақ жайып тұрған ағаш неғұрлым көп болса, соғұрлым ауа да таза болады.

Таза ауамен демалған адамның дені сау, көңілі хош болып ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік алады. Осы себепті бабаларымыз, «өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек!» деген екен.

(90сөз) «Балдырған»журналынан


Мазмұндау жоспары:

  1. Таза ауа.

  2. Таза ауа қайдан келеді?


Ақ бидай

(ертегі)

Ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаншылық болады. Судың тапшылығынан өсімдік біткен қатты торығады. Басқа өсімдіктер ақ бидайды алқымға алады. Тамыры мықтылары бидай өсіп тұрған жердің суын тартып алады.

Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай түседі. Ақырында ол өлер халге жетеді. Ақ бидайға садақ асынған адам тап болады. Ол аңшыға мүшкіл халін баяндайды.

Адам білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы арам шөптерді отайды. Бұлақтан су әкеліп,суарады. Күзге дейін қамқорлығы-

на алады. Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерін Адамға тарту етеді.Адам дәмді қыс бойы әрі жылы, әрі құрғақ жерге сақтайды. Көктемде жер жыртып, дәнді егеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып күтіп-баптайды.

Күзде бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап. Бірнеше жылдан кейін-мың қап. Бара-бара адамзат әлденеше миллион қап етіп алатын болады.

Адам мен Ақ бидайтың достығы осылай басталған. (94сөз)


Мазмұндау жоспары:


  1. Қуаншылық жылы бидай қандай Қатты тарығады, алқымға алады,

күйге душар болады? суын тартып алады.

  1. Мұндай жағдайдан оны кім құт- Адам білегін сыбанып, шөпті отай- қарады? ды, суарады.

  2. Адам Ақ бидайды қалай Жылы, құрғақ, жерде дәнді егеді,

бағалайды? күтіп баптайды.


Қайырымдылық пен қаталдық

Аманкелді бала кезінде торғай уезінің Қызылжыңғыл облысында тұратын Махамбет, Сарымбай, Қорқақ секілді мергендерге еріп, тау-тасты аралап,құс атып аң аулаған.

Бір күні соңына екі лағын ерткен киіктің ешкісі суатқа келіп еңкейіп, су ішіп жатады.

Ор қазып, киікті аңдып жатқан сақа мергендер: -Ал, бала мерген, саған жол бердік! Ешкіні ат,-дейді.

Амангелді:

  • Анасын атын, екі лағын маңыратып, жетіп қалдырар жайым жоқ. Қолым бармайды,-деп ешкіні атпапты.

Сол кезде бір қасқыр өлген малдың қу басын көлденең тістеп, сай ішімен ақырын ұрлана басып, ешкіге жылжып келе жатады.

Амангелді:

-Ал, ағалар ататын рет жаңа келді,-дейді. Аманкелді қасқырды келтіріп алып, жалғыз оқпен қос өкпенің тұсынан салады. Киіктің ешкісі ажалдан аман қалып, екі лағын ертіп, жөніне жүре береді.

-Бала болсаң да, өзің әділ бала екенсің. Сен халықтың қамқоры болға-

лы тұрған жігітсің!-деп, үлкен мерген де бала мергенге сүйсініп батасын беріпті. (90 сөз)


Мазмұндау жоспары:

  1. Аманкелді кімдерден бірге аң аулаған? Махамбет, Сарымбай,Қорқақ.

  2. Мергендермен қайда барды? Аңға.

  3. Мергендер оған не деді?

  4. Аманкелді қалай жауап қайтарды? Киіктің ешкісін атпаймын,- дейді

  5. Ол нені атты? Қасқырды.

Маңдай тер

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.

-Ата, «маңдай тер» деген не?- деп сұрады бірде Хамит.

Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді.

Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға кеді. Қолына күрек ұстатты:

-Қане, екі-үш көшет қазып ал!

Өзі шеткерерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-порасы шығып терледі. Үйге келген соң да атасы жақ ашпады.

... Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты. Сондай дәмді!...

  • Маңдай тер деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі.

Хамит атасын құшақтай алды. (90 сөз)


Мазмұндау жоспары:

  1. Қария кім болып істеген?

  2. Ол кімді ертіп жүреді?

  3. Хамит атасынан не деп сұрады?

  4. Оған жауап орнына қандай жұмыс жасатты?

  5. Көп жылдың соң қандай өзгерістер болды?

  6. Атасы «маңдай тер» дегенді қалай түсіндірді?



Құмырсқа мен кептер

(ертегі)

Құмырсқа су ішуге арыққа барыпты. Еңкейіп су іше бергенде, толқын ала жөнелді. Жағадан бірте-бірте алыстап барады. Өлім қауіпі төнді. Оның мүшкіл халін кептер байқап қалды. Жәрдем етпекші болды. Ол жерден шөп іліп алып, құмырсқаның алдына тастады. Қарманып жүріп аман-есен жағаға шықты. Кептерге істеген жақсылығы үшін алғысын жаудырды.

Бір күні сол құмырсқа жолмен келе жатқан еді. Ағаш бұтағында қаннен-қаперсіз отырған кептерді бір мерген атпақ болып тұр екен. Құмырсқа аңшының аяғын шағып кеп алды. Мерген ұшып түсті. Садағын қоя салып, ашыған жерін сипалап жатты. Мұны байқаған кептер ұшып кетті. Сөйтіп бір ажалдан аман қалды.

«Жақсылыққа- жақсылық» деген осы. (81сөз)


Мазмұндау жоспары:

1.Құмырсқаның мүшкіл халі. Еңкейе бергенде, толқын ала жөнелді,

өлім қаупі.

2.Кептердің жәрдемі. Мүшкіл халі, жәрдем, шөп іліп қарманып


жүріп, алғыс.

3.Құмырсқа кептерді ажалдан Қаннен-қаперсіз, шағып кеп,

сақтап қалуы. ыршып түсті.


Кішіпейіл бала

Таңертең мамасы Есімді сүтке жұмсаған. Кезекте адам көп екен. Сүтке таяп қалғанда Есім артына қарады. Кезек соңындағы бір қарияны көрді. Көрші үйдегі әжей. Балаға көзі түскен соң ол кісі де жымиды. Есім әлденеге сәл-пәл ыңғайсызданып қалды. Өзінің бұрын алып кеткені дұрыс емес сияқты.

Сосын, әлгі кісінің қасына келді де:

-Әжей, сіз барып менің орныма тұрыңыз. Мен сіздің орныңызда қалайын,-деді.

- Жоқ, айналайын. Менің уақытым көп. Ал сен сабағыңнан қалып қоярсың, рақмет ниетіңе,-деп алғысын айтты әже. Ыдысын көтеріп, томпаңдап бара жатқан Есімге тұрғандардың бәрі қызыға қарады:

-Неткен кішіпейіл бала! (90 сөз)


Мазмұндау жоспары:

1.Таңертең мамасы Есімді Сүтке.

қайда жұмсады?

2.Кезек соңында тұрған кімді көрді? Көрші әжейді.

3.Есім неге ыңғайсызданып қалды? Өзінің әжейден бұрын тұрғанына.

4.Есім әжейге не деді? Сіз барып менің орныма тұрыңыз.

5.Әжей не деп жауап қайырды? Рахмет ниетіңе деп,- алғыс айтты.

6.Неткен кішіпейіл бала!


Шілдің балапаны

Күн ыстық. Бір топ бала қарақат теруге бара жатыр. Базылбек пен Телжан өзге балалардан бөлініп кетті. Олар бұлақ басына жете бергенде, алдарынан екі шіл дүр етіп ұшты. Қанаттанбаған жиырмадан астам қоңыр балапан жан-жаққа шашырай қашты. Базылбек артта қалған бір балапанға тұра ұмтылды. Қолын созып еңкейе бергенде, балапан тас үстіне құлады. Ол балапанды көтеріп алды. Алақанда қимылсыз жатыр. Мойыны былқ-сылқ етеді, көзі жұмулы.

Балалар балапанның өліп қалғанына қатты өкінді. Базылбек күрсінді де, шілді тас үстіне қойды. Екеуі де оған үнсіз қарап тұр. Балапан бір көзін ашып қарады. Айналаға қарап алды да жүгіре жөнелді. Қас қаққанша шөп арасына сіңіп кетті. Балалар оның өтірік өлгеніне мәз боп күлді. (93сөз)


Мазмұндау жоспары:

  1. Балалар қайда бара жатқан еді? Қарақат теруге.

  2. Базылбек пен Телжан бұлақ басына Қоңыр балапан ,

не көрді? шашырай қашты.

  1. Балалар неге өкінді? Өліп қалғанына.


Бір сабақ жіп

Баяғыда бір шал мен кемпір болыпты. Олардың бір қызы болыпты. Күндердің күнінде қыздың шешесі дүние салыпты. Айлар өтеді, жылдар өтеді. Бірде үсті-басы тозып кеткен қызын көрген әкесі:

-Қызым, басқа ештеңе істемесең де, үстіңе бір сабақ жіп іл,-дейді. Күніне етегіне бір сабақ іліп, қыз әкесінің айтқанын орындайды. Бір күні жолаушылап келген әкесінің алдынан қызы жүгіріп шығады. Қыз үстіндегі жалбыраған жіптерінен әкесінің аты үркіп, өлтіріп кете жаздады. Өз қызын әзір таныған әкесі қызына айтқан сөзі есіне түседі. Қапаланған түрі мен жерге қарайды. (82сөз)


Мазмұндау жоспары:

  1. Қыздың үсті басы неге тозып кетті? Күндердің күнінде, дүние

салды,айлар өтеді.

  1. Әкесі оған қандай ақыл айтады? Үстіне, жіп сабақ, жіп іл.

  2. Қыз әке ақылын қалай орындады? Етегіне айтқанын орындады.

  3. Әкесі неге қапаланды? Қапаланған түрімен, ақылы-

на түсінбегендігіне.


Мәтінді оқып шығып, тірек сөздерді пайдаланып, мазмұнын ықшамдап жазу.


Қолғабыс

Күздің қара суығының қақағанына көп болды. ызғарлы да, өткір. Түстен кейінгі кезекте оқитын Әлихан Сембекпен бірге мектепке келе жатты. Иығына дәу қара портфель. Екі ауылдың арасын таспадай темір жол бөліп тұр. Жолдың жиегінде тұрған кемпір мен шалды әуелі Әлихан байқап қалды. Олар жайдан жай тұрмаған секілді. Мүсәпір адамдарға ұқсамайды. Өйткені шалды қолтығында қос балдағы бар екен.

Шамалы жер жүреді де тоқтайды Жанындағы кемпірі сүйемелдеп келеді. Жол ұзақ. Вокзал бетке өту үшін әлі біраз жер жүрулері керек. Әлиханның бар ынта-ықыласы қарттарға ауды. Сабақтың басталуына әлі ерте.«Кемтар жандарды көрсең көмегіңді аяма» деген әжесінің сөзі оның ойына оралды.

  • Ата, әже сіздерді жолдың арғы бетіне өткізіп салайық,-деді Әлихан.

Қариялар қарсы болған жоқ. Қайта қуанып қалды. Әжесінің көзі нашар көреді екен. Олар әуелі балдақты атаны, сосын барып әжені қолынан жетектеп өткізді. Қарттар батасын беріп,алғыстарын жаңбырдай жаудырды. Әлихан мен Сембек мектепке келгенде сабақ әлі басталмаған екен. (90 сөз) «Балдырған» журналынан.

Тірек сөздер: күз, мектеп, Әлихан, қарт, адамдар, бата.


Мазмұндау жоспары:

1.Жылдың қай мезгілі?

2.Мектепке кімдер келе жатты?

3. Әлихан кімдерді көріп қалды?

4. Олар қандай адамдар?

5. Балалар ата мен әжеге қалай көмектесті?


Қарт атасы мен немересі

Атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды.Тістен тіс қалмады. Ішкен асы езуінен ағып отыратын болады. Ұлы мен келіні оны стол басына отырғызбай, тамағын пештің үстіне тасып беріп жүр еді. Бірде келіні көжесін аяққа құйып әкелген еді. Қарт ыдысты жылжыта беріп, жерге түсіріп алды. Ыдыс сынып қалды. Келіні: «Үйдегінің бәрін бүлдіріп, шыны аяқты шағып бітірдің. Бұдан былай тамақты ит аяққа құйып беремін» деп зіркілдеді. Шал ештеңе демеді. Күрсінді де қояды.

Бірде ерлі- зайыптының көзі еденде құнжиындап ағаш жонып ойнап отырған ұлдарына түсті. Әкесі: «Не істеп отырсың, Марат?» деп сұрады. «сендерге, мамам екеуіңе, қартайғанда тамақ құйып беретін ит аяқ жасап отырмын, әке»-дейді Марат. Ерлі-зайыптылар бір-біріне қарап, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткеніне қысылды.

Содан бастап оны қайтадан стол басына жайғастырып, қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды. (90 сөз) «Балдырған» журналынан

Мазмұндау жоспары:

  1. Атасы қартайғанда қандай күйде болады?

  2. Ұлы мен келіні атасын қалай күтеді?

  3. Келіні атасына не деді?

  4. Баласы Марат не істеді?



Тұңғыш қазақ ғарышкері

Әуелі Тоқтар ғарышкерлер тобына дайындыққа қосылды. Аз уақыт қабілет бейім танытқан ол мемлекеттік сарапшылар тарапынан жоғары баға алды.

Сосын ұшушылар құрамына кіріп,-ғарышты күндерінің жоспарымен танысты. Ұлы жазушы Олжас Сүлейменов туған халқына батыр ұлын алғаш былай таныстырған:

Тоқтар ер тұлғалы, елгезек, ар-иманы бетіне үйірілген. Жаны жайсаң, ашық-жарқын, өзгенің жанын түсіне білетін, байқампаз азамат кейпінде танылды. Екі жасында әкеден жетім қалып, апа-жездесінің қолында өскен.

Қазақ балаларына нендей тілек айтасыз?-дегенде. Тоқтар Әубәкіров тереңнен толғай жауап қатып: «Інілерім мен қарындастарым өнерді қорықпай алыстан да іздесін, өнер тапсын. Және өнерді қорықпай алыстанда іздесін, ғасырдың ғылыми, жетістіктерін меңгерсін », -деп тілек айтты.

1991жылы қазан айының 10-ында Тоқтар Әубәкіров тұңғыш ғарышкер атанды.

Б.Төлеубайұлы (90сөз)


Мазмұндау жоспары:


1.Тоқтар туралы не білесіңдер?

2. Тоқтарды қандай азамат деп танисыңдар?

3. Тоқтардың балаларға айтқан тілегі қандай?

4. Тұңғыш ғарышкер батыр атағын қашан алды?


Бозторғайдың ерлігі

Бозторғай балапандарына ертелі-кеш жем тасумен жүрген еді.

Күн сәскеге таянғанда, ұясына жем алыпұшып жеткен бозторғай бір қатердің үстінен түсті. Ұзындығы сала құлаш қара шұбар жылан тілін сумаңдатып, ұясына жақындап қалыпты. Балапандар ауызын ашып, шыр-шыр етеді.

Бозторғай ұя мен жыланның аралығына келіп қонды.

  • Мына сорлы қайтеді, ей?! Жан керек болса, былай тұр жолымнан, -деді

жылан басын көтеріп.

  • Сен менің балапандарымды жемексің, қалайша мен саған жол

бермекпін? Жоқ, ол болмас.

  • Онда өзіңді жеймін.

  • Жей алмайсың.

  • Не дейсің? Бозторғай жыланға қыр көрсетті дегенді кім естіген.

  • Кім естісе, ол естісін. Мен балапандарымды тастап кете алмаймын.

Одан да өзімнің өлгенім жақсы.

  • Онда кел бері, түс аузыма.

  • Аш аузыңды.

Жылан аузын ашып, көзін жұмды.

Бозторғайға керегі де осы еді, жыланды шап беріп екі аяғымен басынан

мықтап бүріп, жерден іліп әкетті. Жылан торғайды орып алмақ болып жиырылып әлектеніп көріп еді, ештеңе шықпады. Бозторғай шырқай көтеріліп, тү-у биіктен жыланды жалпақ тастың үстіне тастап жіберді. Содан соң жер бауырлай ұшып, оның парша-паршасы шыққанын көрді де, жөніне кетті.

Бозторғай бұл ерлікке балапандары үшін барған еді. (Ә.Қалдыбаев, 100сөз).

Сөздік: сала құлаш, қыр көрсету, қатер.

Мазмұндау жоспары:

1. Жем тасыған бозторғай.

2. Келген қатер.

3. Балапандар шырылы.

4. Бозторғай мен жыланның егесі.

Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, демалыпты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі елі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қар суығына қарамастан, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруды өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасшысына:

  • Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім.

Менің оған айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол –өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасшысы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

  • Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол

өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

  • Ол не дейді? –дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

  • Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.

  • Екі көзіңді ойып аламын.

  • Айтқаның болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді.

Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын қойып, зағип

күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста қиынға соғады», - деп түйеді. Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен. («Ел аузынан», 110 сөз).

Сөздік: тұтқиылдан, зағип, қапыда.

Мазмұндау жоспары:

1. Жауынгершілік заман. Достық.

2. Тұтқиылдан келген жау.

3. Тұтқын.

4. Құн төлеу.

5. Сынақ.









АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

















МАЗМҰНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ



(1-4 кластарға арналған)



























АҚТӨБЕ,2014

Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік орталықтың ғылыми –әдістемелік кеңесінде талқыланып, баспаға ұсынылды







Автор-құрастырушылар:

М.К.Алдабергенова, Н.К.Кабидуллина - Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Құмжарған

орта мектебінің І санатты бастауыш класс мұғалімдері

















Пікір жазғандар:

С.О.Жубаева- Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік орталығы, «Жалпы

білім беру бастауыш класс» бөлімінің меңгерушісі















«Мазмұндамалар жинағы» көмекші құралы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш класс оқушыларына жазба жұмысын ұйымдастыру мақсатында жасалды. Жинақ 1-4 кластың қазақ тілінен стандарттың сөз нормасына сай мазмұндамалар мәтіндері мен мәтінге арналған жоспарды құрайды. Бастауыш класс мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады

АЛҒЫ СӨЗ

Ұлттық тіл - әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс-тіршілігі мен сезім түйсігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Мемлекеттік тіл - тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі. Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу жағдайында қазақ тілін оқыту мәселесіне үлкен көңіл бөлуді талап етеді. Осыған орай, оқыту тәжірибесіне түрлі педагогикалық технологиялар енгізіліп, қазақ тілін жаңа педагогикалық технологияларға сәйкес оқыту жұмысының маңыздылығы арта түсті.

Қазақ тілін оқытудың қоғамдық әлеуметтік мәнінің артуы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда баланың қабылдау, түйсіну, ойлау психологиялық әрекеттерін жетілдіруге сауатты жазу мен сөйлеудің маңыздылығын арттырып отыр.

Қазақ халқының әріден келе жатқан және бертінде туған бай әдебиет мұрасы бар. Ол көркем мұралардан қазақтың халық тілі мен әдеби тілінің ең шұрайлы, асқан мәнерлі үлгілерін кездестіреміз. Қазақтың сондай көркем сөздері мен шешендік дәстүрлерін қалыптастырудың негізі бастауыш кластарда, тіл дамыту жұмыстарында қаланады.

Тіл дамыту жұмысы-күрделі шығармашылық процесс.Сондықтан тіл дамыту жұмысы-мұғалімнің ізденімпаздығын, сезімталдығын, оқушыларына берілетін білім, дағдыны шеберлікпен түрлендіре отырып, жаңа заман талабына сай жүйелі түрде үнемі жүргізілуін талап етеді. Тіл дамытудағы негізгі мақсат-оқушыларды өз ойын ауызша және жазбаша түрде тиянақты етіп айтып беруге үйрету болып саналады. Ал «тіл дамыту» деп, балалардың сөздік қорын молайтып, сол игерген сөздерді мағынасына сай қолдана білуге, өз ойларын немесе біреудің ойын басқаға жүйелі түрде, ауызша, жазбаша дәл, айқын да түсінікті білдіруге үйрету жүйесін айтамыз.Тіл дамыту баланың ойын дамытумен тығыз байланысты. Яғни, оқушының тілі байыған сайын, оның ойы да дамиды деген сөз.

Мектепте оқушының ауызша тілі мен жазбаша тілін дамыту жұмыстары бағдарламаға сай қатар жүргізіліп отырады. Көмекші құрал негізінен 1-4-кластың әдістемелік құралдарын басшылыққа ала отырып, оқушының жас деңгейі ескеріліп құрылды.

Бұл көмекші құрал бастауыш класс мұғалімдеріне оқушыларды сауаттылыққа баулуда, егеменді еліміздің мәдениетті бәсекеге қабілетті тұлғасын тәрбиелеуде, мәтін мазмұны мен өз ой-пікірін ұштастыра отырып, жазба жұмысын жүргізуде көмегі болады деп сенеміз.







Автордан













Бастауыш кластарда жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының мынадай түрлері.

Ауызша әңгіме өткізу.

Берілген сұраққа ауызша, жазбаша жауаптар қайтару.

Мұғалімнің көмегімен мазмұндау жоспарын жасау.

Мәтіннің формасын өзгерте баяндау, яғни І жақ түріндегі мәтінді ІІІ жақпен мазмұндау.

Қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіннің тек негізгі мәселелерін ғана баяндау.

Берілген мәтінге оқушы өз ой қорытындысын қоса мазмұндау.

Сөздік жұмыстары.

Мазмұндама және шығарма жазу.

Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету-мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.

Мазмұндама жазуға үйрету кезінде мұғалім бірнеше дайындық жұмыстарын жүргізеді. Сұрақтарға жауап қайтару, мәтінде түсініксіз сөздермен жұмыс жасау, яғни сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашу, мәтінді тірек сөздер арқылы бірнеше оқушыға ауызша мазмұндату, берілген тақырыпқа ұқсас оқушылардың өздерінің білетін мәліметтері бойынша жоспар жасауға байланысты әңгімелер өткізу, т.б. жұмыс түрлері жүргізіледі. Мазмұндама жоспарын құруға үйрету алғашқы кезде тікелей мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі және оқушыларды толық қатыстыра отырып, бірлесіп жоспар құрудан басталады.Ол үшін мұғалім мәтін мазмұнына қарай сұрақ қойып, бірнеше оқушыдан жауап алады. Солардың ішінде ең дәл,тұжырымды айтылғанын тақтаға жазады немесе оқушыларға жаздырады.

Мазмұндама жазуға төселіп кету оқушылар үшін оңай жұмыс емес.Сондықтан мазмұндама жазуға төсілдіру жұмысы «жеңілден ауырға қарай» деген қағидаға сүйене отырып, біртіндеп күрделендіреді.

-Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген «Қазақ тілі »бағдарламасында

(2-4-кластарға арналған) жазба жұмыстарының талаптары бойынша;

-Мазмұндама жұмысы 2-4 кластарда жыл бойына барлығы шамамен 4 рет әр оқу тоқсаны сайын 1 рет алынады.

-Мазмұндамаға арналған сөз саны;

1-класта 10-30сөз.

2-класта 30-50 сөз

3-класта 50-70 сөз

4-класта 70-90 сөз

Бағдарлама талаптарына сай бұл мазмұндамалар жинағына оқушылар үшін ауызша және жазбаша мазмұндауға әрі жеңіл, әрі балалардың ой-өрісіне сәйкес, мазмұндық жағынан тәрбиелік мәні бар мәтіндер таңдалып, мынадай тақырыптар негізіне алынады:

1.Жыл мезгілдері, олардың бір-бірінен өзгешеліктері.

2. Суреттен, кинодан көрген –білгендері.

3. Өзін қоршаған табиғатты бақылаудан алған әсері.

4. Балалардың еңбек әрекеттері, ойындары.

5. Туған жер, достық, отбасы туралы әңгімелер.

6. Отан үшін от кешкен батырлар.

7. Ертегілер,т.б.

Мазмұндаманың негізгі тақырыптары бала өскен сайын қайталануы мүмкін.Бірақ жас ерекшелігіне байланысты бұл жұмыстар бірте-бірте күрделеніп жүргізіледі. Мысалы, дайын мәтін бойынша жүргізілетін мазмұндама 1 класта сөздің мағынасын түсіну, сөйлем құра білу, олардың ара жігін ажырату мақсатын көздесе, 2 класта мұғалімнің көмегімен жоспар жасауға, негізгі айтылмақшы ойды табуға, мәтіннен түсінгендерін жазуға дағдыландырады. Ал 3-4 кластарда оқушылар дайындалған жартылай тексті әрі қарай өз беттерінше жалғастыруға, қысқа және толық мазмұндама жазуға, ой қорытындыларын жасауға үйренеді.

Мазмұндама жазғанда қойылатын негізгі талаптар.

Мазмұндаманың дұрыс шығуы көп жағдайда мәтінді дұрыс сұрыптап ала білуге байланысты. Сондықтан да мазмұндама мәтіндеріне үлкен талаптар қойылады.

Атап айтқанда:

а) идеялық-тәрбиелік мәні жағынан да, көркемдік қасиеті жағынан да жоғары дәрежеде және оқушылардың көкейіне қонымды келсін;

б) мазмұны мен сюжеті қызықты және балалардың ұғымына үлесімді келсін;

в) көлемі әр сыныпқа лайықты болсын;

г) жеке бөлімдері (қысқа эпизодтары) оңай ажыратылып, оқушылардың өздігінен жоспар жасай алуларына қолайлы болсын;

д) тілі (сөз, фраза, сөйлемдері) жатық, жеңіл және оқушылардың жас шамасына, білім көлеміне сай келсін.

Мазмұндама мәтіндерінің тақырыбы мен идеялық мазмұны оқушылардың халықтық тәрбиені терең ұғынуға, ерлікке, еңбекке, адамгершілікке, достыққа баулуға бағытталады. Қазақтың ұлттық тәрбиесін бойға жинау, Отанның даңқты адамдарын сүйе білуге тәрбиелеу-мазмұндама мәтіндеріне қойылатын алғы шарт. Оқушылар Отанымыздың табиғаты, ел-жер байлығы, дүниетану көлеміндегі ғылыми-техникалық мақалалар бойынша да мазмұндама жазулары керек.

Мазмұндама мәтіндеріне көлемі, құрылысы, тілі жағынан үлкен талап қойылатыны жоғарыда айтылады. Бұл талаптардың өзіне тән бір ерекшелігі – мазмұндама мәтіндерінің көлемі мен жоспарлауға жататын жеке бөлімдеріне, сөз, сөйлем құрамына әр сынып бойынша белгілі мөлшерде шек қоюшылық жазбаша мазмұндамаға қатысты.

Оқушы белгілі мәтінді сөзбе-сөз қайталамай, өз сөзімен мазмұндап жазуы керек;

Оқушының өз ойы, өз пікірі болу керек;

Қажет кезінде мәтіннің баяндау жағының өзгертілуі;

Аяқталмаған мәтінді жалғастыру, мазмұнына сай ой қорытындысын жасау;

Бастауыш кластарда мазмұндама жазудың мынадай түрлері бар:


















DrawObject1



DrawObject7 DrawObject2 DrawObject3 DrawObject4 DrawObject5 DrawObject6

DrawObject11 DrawObject10 DrawObject8 DrawObject9



DrawObject17 DrawObject14 DrawObject15 DrawObject16 DrawObject12 DrawObject13



DrawObject19 DrawObject18

DrawObject21 DrawObject20







DrawObject22

Мазмұнын сақтай отырып формасын өзгертіп жазу









Мазмұндама жазуға үйрету

Жоғарыда бастауыш класс оқушыларына мазмұндама жаздырудың бірнеше түрлері көрсетілді.

Сын жұмысының бір түрі –мазмұндама.

Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің ең тиімді жолы. Ол оқушының жазба тілінің қалай қалыптасқанын тексеру мақсатымен жүргізіледі.Бұл оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазу. Демек, мазмұндама дайын мәтіндерге негізделеді. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, есте сақтауы,зейіні жетіледі. Сөздерді орынды қолдану,сөйлемді грамматикалық жағынан дұрыс құрай білуге жаттығады. Ойын жүйелі жеткізуге дағдыланады. Сауаттылыққа үйретеді.

Мазмұндаманы жаздырар да мұғалім мәтінді дауыстап оқиды. Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқиды. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтайды. Содан кейін мәтінді қайтадан оқып, жоспар құрады. Жоспар тақтаға жазылады.

Мазмұндама жазарда мұғалім алдына нақты талаптар қояды. Бір мазмұндаманың үстіне бәрін үйіп-төгіп қоя беруге болмайды. Оқушының мүмкіндігін ескеріп отырған жөн.

Негізінен мынадай талаптар қойылады.

  • мәтіннің мазмұнын толық жазу;

  • кейіпкерін анықтау, қай жақта жазу керектігін нақтылау,(кейіпкер бірінші жақта айтылса, үшінші жақта жазу);

  • міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою;

  • түсініксіз сөздердің мәнін түсіндіру;

  • өлеңнің мазмұнын өз сөзімен мазмұндап жазу;

  • мәтіннің мазмұнын сәйкес жоспар жасап жазу.

Мазмұндаманы бағаларда мына мәселелерді есте сақтау керек:

а) мазмұны;

ә) мәтіннің құрылымы;

б) сөйлемнің құрылымы;

в) мәтіннің тілі;

г) орфорафиялық және пунктуациялық білімділік.

Мазмұндама былай бағаланады.

«5»-толық мазмұндалған, қатесіз жазылған жұмысқа;

«4»- толық мазмұндалған, 1,2 орфографиялық немесе пунктуациялық

қатесі бар жұмысқа;

«3»-мазмұны толық берілмеген, 3-5 қатесі бар жұмысқа.

«2»-мазмұны берілмеген сөйлемдері дұрыс құрылмаған, 5-тен артық қатесі бар

жұмысқа қойылады.



Мазмұндамалар мәтіні


1-класс

Күз

Күз айлары-қыркүйек, қазан, қараша. Күзде күн суытады.Тұман түседі. Ағаштардың жапырақтары сарғаяды,жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күндіз жылы, түнде салқын болады. (25сөз)


Сұрақтар:

1.Күз айларын ата.

2.Күзде күн қандай болады?

3.Күзде ағаш жапырақтары қандай болады?

4.Құстар не қылады?


Мазмұндау жоспары:

1.Күз айлары.

2. Күзгі ағаш

3.Құстар


Тоғайда

Балалар қайда барды.Олар тоғайды гүл, жидек терді.Тоғай жанында өзен бар. Балалар өзеннен балық аулады. Тоғайда құстар сайрап, аралар ұшып жүр. Балалар жақсы тынықты. (25сөз)


Сұрақтар:

1.Балалар қайда барады?

2.Олар не терді?

3.Балалар өзеннен не аулады?

4.Құстар, аралар не істеп жүр?

5.Балалар қалай тынығады?


Мазмұндау жоспары:

1.Тоғай

2.Өзен

3.Тынығу


Қайың

Қайың биік өсетін,әдемі ағаш. Оның бұтақтары жиі болады. Қайыңның жапырақтары жылтыр, жап-жасыл. Қайыңды иіп шана жасайды.Оны өмірде көп пайдаланады.

(23сөз)

Сұрақтар:

1.Қайың қандай ағаш?

2.Оның бұтақтары қандай?

3.Жапырақтары қандай?

4.Қайыңнан не жасайды?


Мазмұндау жоспары:

1.Қайың

2.Өмірдегі пайдасы


Боранда

Қыс. Қатты боран соқты. Мал бағып жүрген шопан не істерін білмеді. Ауыл болса алыста. Екі өкпесін қолына алып, тезірек малын айдап ауылға жетуге асықты.

Оттары жылтылдап үйлер де көрінді. Шопанның қуанышы қойнына сыймай кетті.

(33сөз)


Сұрақтар

1.Не соқты?

2. Шопан не істеп жүрген?

3. Ауыл қайда?

4.Шопан малын не істеді?

5. Алыстан не көрінді?

6. Шопан қандай күйде болды?

Мазмұндау жоспары:

1.Қыс

2.Боран

3.Шопан

4.Елге беттеу

5.Қуаныш


Құрманғазы

Алты жасар Құрманғазы жастайынан байдың қойын бағады. Жалғыз серігі-өзі қолдан жасап алған домбырасы. Оны қалдырмайды.Қозыларын айдап қырдың астына түсісімен, отыра қалып домбырасын тартады. Құрманғазы ел аралап өнерін жетілдіреді.

(30 сөз)


Сұрақтар

1.Құрманғазы нешеде?

2.Жастайынан не істеген?

3.Қолдан не істеп алды?

4. Бос уақытта немен айналысады?


Мазмұндау жоспары:

1.Бала Құрманғазы

2.Домбыра-серігі

3.Өнерін жетілдіру


Достар


Күзгі жауын себелеп тұр. Жағалауда отырған торғай теңізден соққан толқынға еркелей қарайды.

Мүмкін қолшатыр ұстаған бала көмекке келер деп күтуде. Бүрдіршін құсқа тимейді.Қорғайды.Оны аямайды. Тек торғай үрікпесе болғаны.

Достар осылай табысты. (34сөз)


Сұрақтар.

1.Жағалауда не отыр?

2.Кімнен көмек тілейді?


Мазмұндау жоспары:

1.Жауын

2.Торғай

3.Қолшатыр ұстаған бала

4.Көмек


Абай

Абай Құнанбаев-қазақ халқының ұлы ақыны.Ол қазақ халқын әр түрлі өнер үйретуге, білім алуға шақырды. Халқына еңбекті сүюдің, еңбек ете білудің пайдасын түсіндірді.ақын өсекші,өтірікші, жалқау,мақтаншақ адамдарды жек көрді. («Абай» жинағынан, 32сөз )


Сұрақтар.

  1. Абай кім?

  2. Ол қазақ халқын не істеуге шақырды?

  3. Абай қандай адамдарды жек көрді?


9- Мамыр

Тоғызыншы Мамыр мереке күні. Әр баланың қолында шар, кішкене жалауша. Балалардың қасында Тастан атай. Омырауы толған ордендер мен медальдар. Қозғалған сайын күнге шағылысады.Атай-ұзын бойлы адам. Басында ақ қалпақ. Бар бала соңынан ерген. (34сөз)


Мазмұндау жоспары:

1.Тоғызыншы Мамыр мерекесі.

2.Тастан атай және балалар.


Пайдалы капуста

Теңіз капустасы теңіз түбінде өседі.Оның емдік қасиеті бар.Онымен түрлі ауруларды емдеуге болады және одан дәмді тағам жасайды, консерві дайындайды,салат істейді, оны етке де араластырады. Теңіз капустасынан тамақ істеу Жапонияда кең тараған. (33сөз)


Сұрақтар

  1. Теңіз капустасы қайда өседі?

  2. Оның қандай қасиеті бар?

  3. Қай мемлекетте теңіз капустасымен тамақ істеу кең тараған?





ЖИ арқылы жасау
20 Желтоқсан 2017
90074
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі