Қазақстан Республикасы Оқу-ағатру министрлігі
«Айсары жалпы білім беретін мектебі»КММ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»
|
Бөлім |
Адам жанының құпиясы |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
Кайнарбаева А.О |
|
|
Күні |
30.01.2023 |
|
|
Сынып 8 Б |
Қатысушылар |
Қатыспағандар саны |
|
Сабақтың тақырыбы |
М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
8.3.2.1 шығармадағы рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
|
|
|
Сабақтың мақсаты |
Рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді |
|
|
Бағалау критерийлері |
Үзіндідегі рухани құндылықтарды талдайды, заманауи тұрғыда салыстырады,жаңашылдығына баға береді |
|
|
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 10 минут |
Оқушылардың назарын сабаққа аударады |
Оқушылар ортаға шығады топқа бөлінеді «Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін » 1-топ Ер көңілін кім ашар Жарқылдаған жар ашар Ат көңілін кім ашар Қадірін білген ер ашар 2-топ Етігің тар болса,дүниенің кеңдігінен не пайда? Қатының долы болса, елдің тыныштығынан не пайда? 3-топ Бірліктен бездіретін де-әйел Сұмдықты сездіретін де әйел 4-топ Еркек ер мінезділігімен Әйел биязы мінезділігімен сүйкімді Топ Сабақтың мақсатын өздері айтады Бағалау критерийімен танысады Өткен тақырыпқа байлансты сұрақтар Стаканмен өлең аяқталғанда сұраққа жауап береді
5.Романның шешімі немен аяқталады?
|
Мадақтау Мақалдардың мағынасын өмірмен байланыстырады
Мұғалімінің кері байлданысы |
Мақалдар М.Дулатов портреті Мақалдар Сұрақтар |
|
Сабақтың ортасы 20 |
|
Өткен тақырыпқа тапсырма сандық ресурс тапсырма 1-тапсырма «Қабырғадағы жұмыс»әдісі Сұрақтарды қабырғада орындайды, 2 мин Бағалау критерийі Сұрақтарға жауап береді Әр сұраққа түсініктеме береді 2-тапсырма Романнан 5 үзінді алынады. Алынған үзінділерді оқушылар топта талдайды. «Елші» әдісі Үзінділердегі құндылықтарды табу Бағалау критернийі Үзіндінің кімнің сөзі екенін табады Құндылығын анықтайды Құндылықтың маңыздылығын айтады 3-тапсырма Кейіпкерге немесе авторға хат Бағалау критерййі
Саралау тапсырмасы Серік Нұрмұрат, Әли Жансая, Батырхан, Сұрақтар Ауызша Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнады? Қай кейіпкерге ақыл айтар едің? Сен сол кейіпкердің орнында болсаң не істер едің? Қазіргі уақытта осындай Сәрсенбай сияқты адамдар кездесе ме? Ғалидың орнында сен болсаң не істер едің? |
Топтық кері байланыс 1 б 2 б 3 б Топтық кері байланыс 4 б |
Бейнежазба үзінді |
|
Сабақтың соңы 10 минут |
Оқушыларды мадақтайды, ұсыныстар айтады Үзінді жаттау |
Рефлексия Менің бүгінгі сабақтан түйгенім : Не ойландырды? |
|
|
Романнан алынған үзінділер
Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау
- Шырақтарым, енді алла тағала қайырлы сапарын беріп, мақсаттарыңа жеткізсін, қайда жүрсеңдер де аман жүріңдер. Қазір де ешкім көргенжоқ, тоқтамай жөнеліңдер, - деп Жамал
Жамал қашқан күні таңертең Сәрсенбай намазға төсектен тұрып түндік аштырып азан оқып болғаннан кейін, Жамалдың жоғын көзі көріп, қатындарынан:
- Жамал қайда кеткен? - деп шүбәланып сұрай бастады. Шолпанда еш нәрсе білмегенсіп:
- Жамалжан тысқа шыққан шығар, - деп тұрғанда Сәрсенбайдың бәйбішесі:
Ғали, Жамал жолда төрт қонып, Қырық құдықтағы нағашысы Бабас деген кісінің үйіне келіп жатты. Көңілдері орнығып, қорқынышсыз күннің өткенін де білмей жатқанда, елдегілер бұрынғы қалпынша дауласып қағаз үстінен қағаз айдап, бір берекесіз, аяғы үзілмейтін дауға кіріскен еді. Ғалидың нағашысы да һәм сол елдің жақсы кісілеріде: «Енді бұлар бізді пана тұтып келді ғой, біз де елдігімізді көрсетіп қорғалық, көп болса екі жыл дауласар, онын, ар жағында өздері де шаршар», - деп жастардың көңілін бұрынғыдан да қуантқан еді. Бұл мүсәпірлердің бақытсыздығына қарсы бір күні Ғали тесектен ауырып тұрды. Нағашылары да үрпиісіп қалып, Жамалдың түсі қорыққаннан өзгеріп кетті. Ғали: «Тұлабойым қызып, сүйектерім сырқыраған секілді болып тұр», - деп тынши алмай, науқасының күштілігі көрініп, төсектен тұрмай жатты. Науқасы күннен күнге ауыртартып, төрт-бес күннің ішінде бек қауіпті секілді көрінді. Әрбір тамыршы дәрігерлерді әкеліп тамыр ұстатып, ұшықтатып-қақтырып көрсе де тәуір болмады. Жамалдың көзінен қанды жастар төгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор қасіретке кірісті. Бір минут Ғалидың қасынан кетпей, һаман ауырды деген жерлерін сипап, мөлдіреген көздерін Ғалидан алмай қарап отыратын болды.
Екеуінің қасында кісі жоқ уақытта:
- Менің бақытсыздығым өз басымнан асып, жаман аты саған да тие бастады, ақыры қайырлы болсын, - деп, Жамал Ғалиды құшақтап жылап та алушы еді. Ғали:
- Жылама, алла сақтар, жазылармын, қазынасы кең бір сағатын жіберер, - деп өзін, өзінен де Жамалдың көңілін жұбатушы еді. Сөйтсе де дерт күшейіп, Ғалидың халі нашарға айналды. Нағашылары: «Еліне хабар жіберелік», -деп еді, Ғали рұқсат етпеді.
- Алланың жазғанынан қашып құтылмаспын, құдай сақтар жібермеңіздер, - деп тоқтатты.
Он күнде науқасы сонша ауырлап, хәттә арыздаса бастады. Жамал бейшара қияли болған кісідей бағзы уақытта басы айналып, талып та қалып, Ғалидан:
- Мен енді қайтемін, сенен қайтіп қаламын, сенсіз дүниеде мен не боламын? - деп неше мәрте сұраса да, Ғали:
- Құдайға тапсырдым, - дегеннен басқа еш жауап айта алмады.
Барлығы он үш күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде жаңа гүл шашып келе жатқан бақшадай жанып тұрған жас ғұмыр сөнді. Алла рақмат тілесін... Жұма күні халық көп жиналып, жаназа оқып, Көкен моласы деген зиратқа апарып қойды. Ғали жан тәсілім қылғаннан бері Жамал ессіз болып жатқан еді. Нағашылары да үлкен уайым қылып, «бір сапар бізге мұндай жұмысты болып келгенде бейшаралар бүйтіп қалды, қолымыздан өлтірген секілді болдық-ау», - деп, өздері ақылдасып, естіртіп һәмхабар айтуға кісі жіберді. Хабаршылар Ғалидың үйіне, Жамалдың үйіне кісі салып естіртті. Екеуінің де ата-аналары қағазға жазып келтіре алмастай жылап, зарлап, қайғыланып дұшпандары һәм сол дәрежеде табалап шатланған еді. Көп тоқтамай Ғалидың ата-анасы һәм Жамалдың шешесі қасына жолдастар алып, аянышты өлім болған жерге жетті. Келісімен жылап-сықтап, зиратқа барып мауқын басып, ауылға келді. Жамал бейшара аз күннің ішінде сүзектен тұрған кісідей болып, келген ата-аналарымен жылап көрісуге де хәлі келмеді.
Жамалдың шешесі:
- Жылама балам, бақытсыздығыңнан көр, құдай жазбаған, обалың бізде секілді. Әуелде қазақшылық қылмасақ, мұндай іске себеп болған секілді болар ма едік? Тентек қылсаң да теңіңді тауып едің, алла лайық көрмеген соң, жылағаныңмен не өнеді, - деп бір сыпыра насихат айтты. Ғалидың шешесі де жылап:
- Қарағым Ғалижан мен Жамалжан қашан елдің сөзінен құтылып, оң жағымды қарайтып отырар деуші едім, ол тілегіме құдай жеткізбеді, - деп сөздің аяғын бітіре алмай, еңкілдеп жылап жіберді. Бұлар үш күн қонып, қайтатын күні Ғалидың зиратына дұға қылмақшы болып келген еді. Молда құран оқып болған соң, Жамал Ғалидың қабірінің басын құшақтап отырып, көзінен жас ағызып сөйледі:
- Ғали! Ғали! Бақытсыз Жамалың қасыңа келіп тұр, алла тағала маған сенің қабіріңді көрсеткенше, мені алғаны жақсы болатын еді, бірақ бұйрықсыз жан шықпайды екен. Дүниеде бірге рақат ғұмыр өткеремін, Ғали тұрғанда еш жаманға қор болмаймын дегенім тәкаппарлық екен. Алла қабыл етпеді, үмітім кесілді, Ғали. Қып-қызыл шоқтың ішіне тастап, алыс сапарға жөнелдің, өзің үшін қайырлы болсын! Мен сорлың кеудемде шыбын жаным барда сені ұмытпаспын. Дүниеде патшаның баласы болса да саған теңгермеспін. Қош жаным! Ғали! Бір мен үшін мейірбан ата-анаңды да көре алмай, қолдарынан топырақ салғыза алмай кеттің, кеш, жаным! Алла тағала ақиретте қосылуға несіп тілесін, сол уақытта ғана көрген қасіретім бір сағаттай болмай ұмытылар. Мен сорлың опасыз дүниеде қонақтай алмай адасып қалдым, қош, жаным. М... м... қош...о...ш,- деп Жамал талып кетті. Зират басындағы халық Жамалға су бүркіп, кішкене тәуір болған соң алып қайтты. Сонда да Жамалдың есі бүтін кірмей, әлденендей мағынасыз сөздер сөйлеп келе жатты. Зираттан қайтқан соң Бабастың үйіне келіп, енді жолаушылар қайтпақшы болды. Ғалидың ата-анасы үйіне кетіп, Жамалдың шешесі Жамалды өз үйіне алып қайтты.
-
Үзіндідегі кейіпкерлердің ісәрекеті
-
Кейіпкерлерді бүгінгі күнмен салыстыру
-
4.Жаңашылыдығына баға беру
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
М.Дулатов "Бақытсыз Жамал"

шағым қалдыра аласыз