М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұғалімнің аты-жөні:

Мамытбекова Ж.Б


Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 8 а сынып


Күні:

11.01.2024


Тарау немесе бөлім атауы:

Махаббат және абырой


Сабақтың тақырыбы:

М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»


Оқу мақсаттары:

8.1.1.1 -әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау


Сабақ мақсаты:

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау


Сабақтың брысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

бағалау

Ресурс

тар



Ұйым

дастыру

5мин

Ұйымдастыру кезеңі

«Досыма тілек»

Кезекші мәлімдемесі

Өз досына тілек айтады





Жаңа сабақ

7мин

Өткен сабақты пысықтау, еске түсіру.

-Автор шығарманың идеясы арқылы қандай ой айтқысы келді?

  • -Романда қай тарихи кезең суреттелген?

-Не себепті автор романды «Бақытсыз Жамал» деп атаған?





Эпилог пен прологтің анықтамасын есімізге түсірсек.


Берілген сұрақтарға өз ойларын айтады.

Эпилог – көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді.

Пролог (гр. prologos - кірісі көркем шығарманың оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма  идеясын  дұрыс түсіндіру.



Дескриптор:

2 балл

-сұрақтарға жауап береді;

-эпилог пен прологтің анықтамасын еске түсіріп мысал келтіреді.


М.Дулатов «Бақытыз Жамал» https://kitap.kz/audiobooks/baqytsyz_zhamal



Сабақ ортасы

20 минут

2-тапсырма.Шығарма прологінде айтылған ойды өз

көзқарасыңыңызбен жазыңыз.

Шығармадан үзінді

Прологтағы ойды түсіндір

Мақсаты романның- халық түзетпек, Жазылған еріккеннен ертегі емес.

Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта Бақытсыз бір қыз екен осы шақта.

Біреуге хас нәрсе емес һәм болған іс, Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта.

Айырсын оқушылар мағынасын,

Жай ғана хикая деп қарамасын.




Ықтимал жауап

Қазақ қыздарының сүймеген адамға айттырылып, ұзатылуы ата дәстүрімізде болғаны анық. Осы тақырыпты яғни «әйел теңсіздігі» мәселесін алғаш рет қалам тартып, романға арқау еткен қаламгер жазушы - Міржақып Дулатұлы еді.

Прологта «Бақытсыз Жамал» романының жазылу мақсаты – халықтың санасын ояту арқылы, Жамал сияқты мыңдаған қыздардың тағдырын түзеу үшін жазылғанын аңғардым.

Қыз балалардың құқығын сақтау арқылы надандықтан айырылу - романның прологінде айтылған ой.



Дескриптор:

  1. балл

-Прологтің анықтамасын біледі

-Көркем шығармада ажыратып анықтайды

-Өзіндік сыни көзқарасын білдіреді






6 мин

3- тапсырма .Шығарма эпилогі екенін дәлелдеп жазыңыз. Мына сұрақтарға


жауап беріңіз.

-Шығарма кейіпкері Жамалдың тағдырының соңы немен бітті?

-Жамал өз басының теңдігі үшін күресе алды ма, оқырманына нендей ой салып кетті?

Шығармадан үзінді

«Бұл кім екен, неқылған адам екен», - деп тани алмайтұрғанда, біреуі: «Мұның қалтасында не бар екен» деп шапанының қалтасына қол салғанда, қарындашпен жазылған бір қағаз шықты. Оқып кѳрсе бұл Байжанның келіні Жамал екен, бұл қағазға Ғалиды жоқтап һәм басына келген зарын жазған екен. Елден кісі келіп,Жамалды Байжандарға апарып берген соң, ертеңіне бауыры суық қара жерге тапсырды. Манағы Жамалдың қалтасынан шыққан қағазды жолаушылар ѳздері оқып һәм солай деп мәнісін айтып, елдеріне таратқан еді.



Оқушылар сұрақ бойынша өз ойларын айтып берілген үзінді бойынша эпилог екенін дәлелдейді.









«Бақытсыз Жамал» романының соңы Жамалдың боранды түнде, далада үсіп өлуімен аяқталды. Трагедиямен. Жамал сияқты қаншама қыздардың тағдыры осы трагедиямен аяқталған шығар деп ойлаймын. Жарық күнді аңсаған Жамалдың үмітін даланың суық аязды бораны өзімен бірге ұшырып әкеткендей. Романның аты айтып тұрғандай «бақытсыз» жандардың құрбаны болған надан саяси өмірдің құрбандары болған жандар қаншама?

Жамал - өз махаббаты үшін күресе білген жан. Ғали екеуінің пәк сезімін сақтай біліп, оны өзімен бірге әкете барды.

Ол - жаңа заманның өмірін, бостандықты аңсаған адам. Оның білімге деген құлшынысы, зеректігі соған дәлел.

Автор Жамалдың бейнесі арқылы болашақта қыз баланың құқығы қорғалып, ер азаматпен тең дәрежеде тұра алатын қыздардың образын ашқысы келді деп санаймын.

Дескриптор:

  1. балл



-Эпилогтің теориялық анықтамасын біледі;

-Көркем шығармадан эпилогті тауып ажыратады;







7мин

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия «3-2-1»

Сабақтағы 3 маңызды ақпарат;

Қиындық тудырған 2 мәселе;

Сабақта ұнаған 1 аспект.



Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдерін пысықтайды бойынша

1-10 дейінгі бағалау жүйесі бойынша бағаланады.























Қосымша

Шығармадан үзінді

Сюжет

тақырыбы

  1. Сәрсенбай бағзы уақытта ѳзі де һәм жаны ашитын жақындарының сѳзімен де бала үшін бір тоқал алуды ойласа да, Қалампырдан аса алмай, әне-міне деп жүруші еді.

Қалампырдың

келісімі


  1. Бір күні бір мәжілісте отырған уақытта бір құрдасының қымыз ішіп қызып отырып, әзілмен болсада, шынымен болса да сѳз арасында: «Әй, қубас! Сонша малды айдап жүріп, дұрыстап зекет бермейсің, қажыға бармайсың, кім үшін жинап жүрсің? Ақырында Қалампырдан қорқып, тоқал да алмадың», - деген сѳзін естіп, ол күні үйіне бек мұңайып келіп, қатынымен сѳйлеспестен жатып қалып еді.

Тоқал алуда Қалампырдан аса алмады.

  1. He қылсаңдар ықтияр. Әуелінде де мен тоқал алма деген жерім жоқ, маған несін айтасыңдар?!-деп түсі бұзылып, үйден шығып кетті.


Сарсенбайдың Шолпанды айттыруы

  1. Мұнан кейін кѳп уақыт ѳткізбей, Сәрсенбай бір қыз айттырды. Сәрсенбайдың айттырғаны осы молланың қызы Шолпан еді. Шолпанның жасы он тѳртке жетіп тұрған соң, Сәрсенбай малын түгел беріп, келер жылында алып та қойды

Сарсенбайдың Шолпанды айттыруы

  1. Қалампыр әр уақыт Шолпанды күндестікпен сѳзімен де, қолымен де ренжітіп жүрді.


Жамалдың дүниеге келуі

  1. Шолпан он жеті жасқа келгенде, манағы Сәрсенбайдан топ ішінде сүйінші сұраған қыз бала тауып, Сәрсенбай қырық беске келгенде ғұмырында кѳрген 5 баласы осы еді.

Күндестік









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
69
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі