М.Дулатұлына 140 жыл
1. Өмірдерек
2. Міржақып өлеңдері
3. ән
4. көрініс
5. қорытынды
~ Бүгінгі Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған әдеби кешімізге қош келіпсііздер!
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын? –
деп жырлаған Алаш арысы небәрі 20 жасында күллі елге «Оян қазаақ» деп дабыл қақты. Еңбегін елеп, даңқын асқақтату – ұрпаққа парыз!
-
жүр. Ол – қазақ халқының азаттығы жолында күрескен қайсар тұлға, ұлтының ұлы ұстазы.
-
Жүр. Ұлт мұраты үшін жанын қиған ардақты азамат. Оның шығармалары – халқымыздың рухани қазынасы.
1-Жүр. Өмірдерек
*5-сынып оқушылары ақын өмірінен деректер келтіреді:
-
жүр. – Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,
Қазағым енді жату жарамасты.
-
жүр. Бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдары деуге болады.
-
жүр. Кезекте Міржақып өлеңдері
-
Ән. Ералхан Шұғыла
-
жүр. Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта
Бақытсыз бір қыз екен осы шақта.
Біреуге хас нәрсе емес һәм болған іс,
Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта.
-
жүр. «Бақытсыз Жамал» драмалық романынан қойылым
-
9-сынып оқушылары көрініс қояды
-
жүр. Міржақып Дулатұлы – елдің ұлы, ұрпақтың шамшырағы. Оның мұрассы мәңгілік.
-
Жүр. Ұлтын сүйген, халқы үшін күрескен Міржақып Дулатұлының өнегесі бізді ұлтжандылыққа, әділетке, білімге, бірлікке шақырады.
-
сахна. Сәрсенбайдан сүйінші сұрап келуі.
-
Сахна. Жамалды айттыруы
-
Сахна. Жамалдың қайғысы
-
Сахна. Ғали мен Жамалдың қашуы
-
Сахна. Автор сөзі: Сәрсенбай еш бір ғылым оқымаған момын, мал баққан кісі еді. Атасынан артық дәулет қалмаса да, берірек келген соң малы да жақсы болып, жылқысы жүзден асып, екі жүз, үш жүздеп қой да бітіп, қатардағы малды үйінің біріне қосылып еді. Бірақ мал жағынан кѳңілі хош болса да, Сәрсенбайдың жамағаты Қалампыр ғұмырында бала кѳтермей, бұл екеуі балаға мұқтаж еді.
Мұнан кейін кѳп уақыт ѳткізбей, Сәрсенбай бір қыз айттырды. Айттырғаны молланың қызы Шолпан еді. Сәрсенбай 45 жасқа келді.
Жігіт жүгіріп келіп:
-
Сүйінші, Сәрсеке! Шолпан жеңге аман-есен босанып, тақия тігіп берер тапты.
Жолдасы:
-
Сәрсенбай, қуаныш қайырлы болсын!
-
жолдасы:
-
Алла ұзағынан сүйіндірсін, әйел бала демеңіз.
Сәрсенбай:
-
Жоқ, олай демеңіздер. Мен қайбір ұл-қыз таңдайын деп жүрген кісі едім.
-
сахна. Автор сөзі: Жамал 15 жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды.
Жігіт аяңдап келіп:
-
Ассалаумағалейкум Сәрсеке! Байжан байдан келген елшімін. Жұман деген баласына Жамалды айттырып отыр. Құдай қосса, құда болайық.
Сәрсенбай басын изеп: - Бұйырса болармыз.
Автор сөзі: Байжанның баласын жұрт пәлен-түген десе де, асылдың тұқымы ғой, әлі-ақ ѳскен соң түзеліп кетеді,- деп ѳзі босап тұрған Сәрсенбайды құда қылуға айналдырды. Жалғыз-ақ Шолпан неше күндей кѳнбей жүрді.
Шолпан ашуланып:
-
Жамалды өзінің теңіне береміз. Байжанның баласы жаман дейді, атасының байлығы не керек? (Сәл кідіріп) Екі дүниеде де , Жамалдың обалы саған болсын, би болмақ тұрсын патша болсаң да Жамалды неғып сондай жаманға қиясың?
-
сахна. Автор сөзі : Жамал кәмелетке жеткен соң, күйеуінің нашар екенін біліп (қатта бір тойда кѳрсе де керек), кѳңіліне күннен күнге уайым, қайғы түсе бастады.
-
Шолпан үй жинап жүріп Жамалдың жазған өлеңін тауып алды.
Шолпан өлеңді оқиды:
Алланың рақматына созамын қол,
Адасқан мен бір ғаріп таба алмай жол.
Ашылып біздің басқа түскен тұман,
Шаттықпен ѳткіз деймін - тілегім сол.
Сыртым сау, ішім түтін қапалықта,
Бұл күнде кѳңілім жүдеу, қасіретім мол
Тереңге түсіп кетем, ұстар тал жоқ,
Бір алла, жалғыз ѳзің жәрдемші бол!
Бақшада сайрап жүрген сандуғаш ем,
Кез болды мен сорлыға құрылған тор
Кѳл болып кѳздің жасы ѳткенім ғой,
Болмаса арылмаған маңдайда cop.
Жайлаған аққу едім шалқар кѳлді,
Бұл күні кѳрініп тұр жаман да зор.
Оралдың ілер деуші ем ақиығы.
Шынымен жапалаққа болам ба қор?!
Мен қайран атам малға сатқанына,
Бір тазды жалпақ елден тапқанына.
Аты ѳшіп тумай кеткір Жұман деген!
Мал беріп, мені ѳзімсіп жатқанына.
Атанып бай баласы қара басқыр
- Жұманның не берерсің мақтанына?
Қазақтың күллі ғайып ғадетінде
Түскенім бар қасқырдың қақпанына.
Атама мен не жаздым қор қылғандай,
Болмаса бір мінезбен жақпадым ба?
Жасымнан тәрбиелі хан қызындай,
Қасірет ақырында тартқаным ба?
Әлпештеп ұлдан артық қыз басымды
Ѳсірген атама обал артқаным ба? –осыны оқып Шолпан орамалмен бетін басып жылап қалады.
-
Осы кезде сырттан Жамал кіріп апасын құшақтап мұңын шағады
Жамал: - Апау! Жұман менің теңім бе еді? Құрдасқа күлкі болдым ғой!
-
сахна. Автор сөзі: Бір отырыста Жамалдың жанына ноғайшалау киінген бір сыпайы жігіт келіп жайғасты. Кѳлденеңнен қарап салыстырғанда бұл үйдегі жігіттердің абзалы Ғали, қыздардың абзалы Жамал секілді кѳрініп, екеуінің қатар отырулары да бек жарасып кетті. Ғали әлі қалың бермеген бір талапты жігіт болғанға, Жамалдың күйеуіне наразылығына қарай екі тараптанда бір-біріне махаббат байланды деуге лайық болды. Жамал мен Ғали аз күнгі ойын-күлкінің қызығымен ѳздерін дүниедегі бақытты адамдардан санап жүргенде, бір күні бұларға үлкен қасіретті хабар естілді: «Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы уағдалары болып, енді бір айда Жұман күйеу ұрын келіп қалыңдық ойнайды», - деген ѳсек расқа шықты. Екеуі көп ойланып, кеңесіп елден қашуға бекінді. Мұны Жамалдың шешесі Шолпан да қолдады. Осылайша екі ғашық арманға жол тартты.
-
Осы кезде Жамал мен Ғали сахнада ары-бері жүреді.
Алланың рақматына созамын қол,
Адасқан мен бір ғаріп таба алмай жол.
Ашылып біздің басқа түскен тұман,
Шаттықпен ѳткіз деймін - тілегім сол.
Сыртым сау, ішім түтін қапалықта,
Бұл күнде кѳңілім жүдеу, қасіретім мол
Тереңге түсіп кетем, ұстар тал жоқ,
Бір алла, жалғыз ѳзің жәрдемші бол!
Бақшада сайрап жүрген сандуғаш ем,
Кез болды мен сорлыға құрылған тор
Кѳл болып кѳздің жасы ѳткенім ғой,
Болмаса арылмаған маңдайда cop.
Жайлаған аққу едім шалқар кѳлді,
Бұл күні кѳрініп тұр жаман да зор.
Оралдың ілер деуші ем ақиығы.
Шынымен жапалаққа болам ба қор?!
Мен қайран атам малға сатқанына,
Бір тазды жалпақ елден тапқанына.
Аты ѳшіп тумай кеткір Жұман деген!
Мал беріп, мені ѳзімсіп жатқанына.
Атанып бай баласы қара басқыр
- Жұманның не берерсің мақтанына?
Қазақтың күллі ғайып ғадетінде
Түскенім бар қасқырдың қақпанына.
Атама мен не жаздым қор қылғандай,
Болмаса бір мінезбен жақпадым ба?
Жасымнан тәрбиелі хан қызындай,
Қасірет ақырында тартқаным ба?
Әлпештеп ұлдан артық қыз басымды
Ѳсірген атама обал артқаным ба?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз