Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;

7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Әдеби шығарманың сюжетін біледі;

  • Кейіпкер бейнесін таниды;

Көптеген оқушылар

  • Шығарма сюжетін талдайды;

  • Кейіпкер бейнесін ашады;

Кейбір оқушылар

  • Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды;

  • Үзінділерді жатқа айтады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басы

















  • Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар әдебиетінің дамуына үлес қосқан қандай ақын-жазушыларды білесіңдер?

  • Темірхан Медетбеков туралы не білеміз?

«Тұлғаны таны» әдісі

Picture 1 Өмірбаяны

(06.03.1945, Амангелді ауылы, Түркістан қаласыОңтүстік Қазақстан облысы) — ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институты (қазіргі Ұлттық педагогика университеті) филология факультетінде оқыған. 1968-2002 жылдары Радио мен телевидениеде, әр түрлі газет-журналда, шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар Одағында екінші хатшы болды, 2003 жылдан “Ақиқат” журналының бас редакторы.

Алғашқы жыр жинағы “Жанымның жас құрағы” деген атпен 1970 жылы жарық көрді. Оннан астам өлең жинақтары жарияланып, оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алды. “Абай әлемі” (1995) және “Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар” (2001) атты әдеби-сын еңбектерінде қаламгер Абайәлемінің поэтикалық тереңдігін, қазақ мәдениетінің даму сипатын саралап, ақындық психологияның ішкі болмысына баға берді. Қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынын өзіндік көркемдік шешім аясында жаңашыл туындыларымен байытты. “Көк түріктер сарыны” атты жинағында (2002) замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған, ақын көне түрге жаңа мазмұн сыйдырған. Пішін ұтымдылығынан гөрі ой ұшқырлығына көбірек иек артатын ол өлеңдерінде ерекше еркіндікті аңсайды, көне түркілердің ірілігін сағынады, рухани тоғышарлықты, ұсақталуды мінейді. Ғасырлар қойнауында елеусіз қалған ерлік рухын жаниды. Жауға деген өктемдік “Қуат жырында”, “Асқанның орманын отындай өртедім. Тасқанның көлдерін астаудай төңкердім” деп беріліп, батырлар айбарын асқақтата түседі. Оның “Махамбет рухының монологы”, “Күлтегін”, “Тоныкөк” дастандары — ұлттық бояуы қанық, күрескер, қайсар әрі мұңшыл романтик. болмысты толықтай танытқан поэтикалық қуатты шығармалар. Ол украин, өзбек тілдерінен В.Гужва, Е.Вахидов өлеңдерін тәржімалады. Медетбекке “Тағдырлы жылдар жырлары” жинағы үшін ҚР-ның Мемлкеттік сыйлығы берілді (2000).

  • Тақтадан «Қазақстанның физикалық картасы» көрсетіледі.









Өз еркімен 5 оқушы тақтаға шығады. Олардың әрқайсысы кезектесіп бір-бір сөйлемнен айта отырып, картаны пайдаланып, «Менің елім Қазақстан» деген тақырыпта сөйлейді.

Кері байланыс

Мұғалім «Сонымен, Қазақстан қандай ел?» деген сұрақпен оқушылардың ойын «Егеменді ел», «Тәуелсіз ел» деген жауаптарға әкеледі.

Медетбек Темірханның «Тәуелсізбін» өлеңі оқылатынын хабарлайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.


Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, автор туралы мәлімет жинақтап, таныстырады. Бүгінгі тақырыппен байланысын анықтайды.


















Тақтадан «Қазақстанның физикалық картасы» көрсетіледі.Өз еркімен 5 оқушы тақтаға шығады. Олардың әрқайсысы кезектесіп бір-бір сөйлемнен айта отырып, картаны пайдаланып, «Менің елім Қазақстан» деген тақырыпта сөйлейді.










ҚБ



































ҚБ





Ақынның суреті






























7-сынып қазақ әдебиеті оқулығы








Қазақстанның физикалық картасы






Сабақтың

ортасы



















































Мағынаны тану. 1-тапсырма. ДЖИГСО әдісі.

1-қадам. Темірхан Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің мазмұнын оқиды.

2-қадам. Топтағы төрт оқушының әрқайсысының қабілетіне қарай мына тапсырмалар бөлініп беріледі.

1.Өлеңнің мазмұны мен идеясын айтыңдар.

2. Өлеңдегі тәуелсіздікті айқындайтын тіркестер

қайсы деп ойлайсыңдар?Автор тәуелсіздікті қалай сипаттаған?

3. Өлеңдегі қандай жолдар ерекше әсер етті?

Неліктен?

Олар бұл тапсырмаларға топ ішінде отырып дайындалады.

3-қадам. Бірдей тапсырма алған оқушылар бір топқа жиналады. Өздерінің тапсырмалары туралы ізденеді, бірігіп талқылайды.

4-қадам. Оқушылар бастапқы топтарына қайта жиналады. Топтағы әр оқушы өздеріне түскен тапсырманы топ ішінде түсіндіреді, талдап айтады.

Кері байланыс

Тапсырманың жауабын одан әрі нақтылау немесе талдауды тереңдету мақсатымен топтағы оқушылар жауап беріп отырған оқушыға сұрақ қояды, талдауға араласады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

өлеңнің мазмұны мен идеясын түсінеді

негізгі ойды айқындайды

өмірмен байланыстыра талдайды


2-тапсырма. «Қайта құрастыру» әдісі

Әр топқа мұғалім өлеңнің өзі қалаған екі шумағының тармақтарын жеке-жеке қиып береді. Олар тармақтарды мағынасына қарай орналастырып, өлең мәтініне сай құрап шығарады. Бір топқа берілген шумақтар келесі топта қайталанбайды.

  • Кері байланыс

Топтар шумақтарын құрап болғаннан кейін, оларға мұғалім өлең шумақтарының негізгі нұсқасын береді. Олар өздерін-өздері тексереді, бағалайды.

  • Топтар құраған шумақтарының біреуін жатқа айтып береді. Жатқа айту әдісін өздері таңдайды. Бір оқушы айта ма әлде өздері іштей бөліп ала ма, оны топ мүшелерінің өздері шешеді.

  • Т/Ж. «Мен кейіпкермін» әдісі

Топ болып ақылдасады.Топтың атынан бір оқушы өздеріне берілген шумақтың кейіпкері болып сөйлейді. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» деген сұрақтың төңірегінде жауап береді.


Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

шығармадан кейіпкер бейнесін ашады, үзінділерді жатқа айтады.

кейіпкер бейнесін ашады

үзіндіні жатқа айтады

Оқушылар жұмыстарын «Ашық микофонда» қорғайды.

1-қадам. Темірхан Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің мазмұнын оқиды.

2-қадам. Топтағы төрт оқушының әрқайсысының қабілетіне қарай мына тапсырмалар бөлініп беріледі.Олар бұл тапсырмаларға топ ішінде отырып дайындалады.Тапсырманың жауабын одан әрі нақтылау немесе талдауды тереңдету мақсатымен топтағы оқушылар жауап беріп отырған оқушыға сұрақ қояды, талдауға араласады.

Әр топқа мұғалім өлеңнің өзі қалаған екі шумағының тармақтарын жеке-жеке қиып береді. Олар тармақтарды мағынасына қарай орналастырып, өлең мәтініне сай құрап шығарады. Бір топқа берілген шумақтар келесі топта қайталанбайды.

Оқушылар жұмыстарын «Ашық микофонда» қорғайды.










ҚБ




ҚБ










ҚБ







ҚБ




Темірхан Медетбек таңдамалы

ІІ том

Алматы

«Жібек жолы» 2005







Сабақтың соңы Рефлексия


Кейбір оқушылардан қандай сұрақ ұнағаны, қандай тапсырма қиын болғандығы туралы ауызша суралады.

  • Маған ұнаған сұрақ...

  • Маған қиын болған тапсырма.




































Бағалау критерийі

Дескриптор


шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

өлеңнің мазмұны мен идеясын түсінеді;


негізгі ойды айқындайды;


өмірмен байланыстыра талдайды.



Өмірбаяны

(06.03.1945, Амангелді ауылы, Түркістан қаласыОңтүстік Қазақстан облысы) — ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институты (қазіргі Ұлттық педагогика университеті) филология факультетінде оқыған. 1968-2002 жылдары Радио мен телевидениеде, әр түрлі газет-журналда, шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар Одағында екінші хатшы болды, 2003 жылдан “Ақиқат” журналының бас редакторы.

Алғашқы жыр жинағы “Жанымның жас құрағы” деген атпен 1970 жылы жарық көрді. Оннан астам өлең жинақтары жарияланып, оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алды. “Абай әлемі” (1995) және “Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар” (2001) атты әдеби-сын еңбектерінде қаламгер Абайәлемінің поэтикалық тереңдігін, қазақ мәдениетінің даму сипатын саралап, ақындық психологияның ішкі болмысына баға берді. Қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынын өзіндік көркемдік шешім аясында жаңашыл туындыларымен байытты. “Көк түріктер сарыны” атты жинағында (2002) замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған, ақын көне түрге жаңа мазмұн сыйдырған. Пішін ұтымдылығынан гөрі ой ұшқырлығына көбірек иек артатын ол өлеңдерінде ерекше еркіндікті аңсайды, көне түркілердің ірілігін сағынады, рухани тоғышарлықты, ұсақталуды мінейді. Ғасырлар қойнауында елеусіз қалған ерлік рухын жаниды. Жауға деген өктемдік “Қуат жырында”, “Асқанның орманын отындай өртедім. Тасқанның көлдерін астаудай төңкердім” деп беріліп, батырлар айбарын асқақтата түседі. Оның “Махамбет рухының монологы”, “Күлтегін”, “Тоныкөк” дастандары — ұлттық бояуы қанық, күрескер, қайсар әрі мұңшыл романтик. болмысты толықтай танытқан поэтикалық қуатты шығармалар. Ол украин, өзбек тілдерінен В.Гужва, Е.Вахидов өлеңдерін тәржімалады. Медетбекке “Тағдырлы жылдар жырлары” жинағы үшін ҚР-ның Мемлкеттік сыйлығы берілді (2000).











Picture 1











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.08.2025
129
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі