400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Медиакоммуникация

Материал туралы қысқаша түсінік
Медикоммуникация мамандығы туралы қысқаша түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрманбай Данель Арсенқызы

Медиакоммуникация - мен таңдаған мамандық.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

       Қазіргі таңда мен журналистиканың ошағы яғни, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде  журналистика мамандығы, медиакоммуникация саласында оқып жатырмын. Бұл мамандыққа ойда жоқта келген болатынмын және екі жыл ішінде журналистика жайлы көптеген ақпараттарды білдім. Медиакоммуникация сөзі медиа саласы мен коммуникация яғни қоршаған ортамен, қоғаммен байланысты ұштастыра отырып, халыққа қызмет ету. Бағдарлама тек шығармашылық және технологиялық әдістерді ғана емес, сонымен қатар басқару дағдыларын меңгерген медиа-продюсерлерді, әмбебап медиа мамандарын дайындайды. Бағдарлама журналистика, БАҚ менеджменті, деректерді талдау, режиссура және медиа өнімді жасау негіздері бойынша оқытуды біріктіреді. Оқу бағдарламасы веб-дизайн, медиа экономикасы, шығармашылық салалардағы жобаларды басқару, медиамаркетинг, шығармашылық жазу, аудиомонтаж, фото және бейне түсіру, музыкалық бейне өндірісі және фильмдер өндірісі сияқты пәндерді қамтиды. Бағыттың түлектері БАҚ әлемінде жұмыс істей алады: тележүргізуші, радиожүргізуші, продюсер, редактор, дизайнер, бренд-менеджер, оқиға-менеджер, арт-директор, IT маманы және т.б. Бұл дәстүрлі журналистика мен аналитика, менеджмент, жарнама, цифрлық платформаларда кітап шығару, компьютерлік ойындар, анимация шығаратын компаниялар, сондай-ақ бағдарламалық өнімдер мен мобильді қосымшалар болуы мүмкін. Бірінші курста негізгі деген пәндер медиакоммуникация негіздері (бұл пәнде постмодернизм, журналистік этика және адалдық, кәсібилік, сыни пікірлер және оған қарсы тұру), Қазақ журналистикасының тарихы (бұл пәнде алғашқы газет, журналдар, радио орталықтар, руна және алғашқы қазақ журналистері) өткен болатын. Ал, екінші курста БАҚ-тағы СММ, медиа мәтін дайындау технологиясы сынды пәндермен таныс болып, жаңа медиа саласының қыр-сырына терең үңілдік.

Бұл мамандық белсенді, ізденімпаз, көпшіл адамдарға өте қолайлы. Кең дүниетанымы бар және соңғы оқиғалардан хабардар болуға ұмтылатындар үшін. Дегенмен, мұндай жұмыста шығармашылық жоғары деңгейдегі жауапкершілікпен үйлесетінін түсінуіңіз керек. Кәсіби журналист материалда жазылған немесе айтылған әрбір сөз үшін жауапты, ол ақпаратты аудиторияға объективті түрде жеткізе білуі керек.  Медиакоммуникация мамандығы болашақ журналистерге көптеген мүмкіндіктер сыйлайтыны анық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 сәуір
127
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі