Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс.Жылу мөлшері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс.Жылу мөлшері

Материал туралы қысқаша түсінік
сабаққа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ №37

Күні:

Сыныбы: 10

Пәні:физика

Сабақтың аты

§5.3. Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс.Жылу мөлшері

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс жайлы мағлұмат беру

  • Механикадағы және термодинамикадағы жұмыстың формулаларын есептер шығаруда және техникада қолдана білуге үйрету

  • Бірін-бірі бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

  • Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс жайлы мағлұмат алады

  • Механикадағы және термодинамикадағы жұмыстың формулаларын есептер шығаруда және техникада қолдана білуге үйренеді

  • Бірін-бірі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Механикада макроскопиялық денелердің қозғалысы қарастырылады. Егер күштің әрекетінен дене орын ауыстырса, онда шамасы:

Термодинамикада дененің тұтастай қозғалысы емес, макроскопиялық дененің ішіндегі дара микробөлшектрдің бір-біріне қатысты салыстырмалы орын ауыстырулары қарастырылады.









Shape1

Газдың атқаратын жұмысы:

Газ көлемі өзгергенде ғана жұмыс атқарылады.

Егер , онда газ оң жұмыс атқарады. Бұл жағдайда газдың өзі жұмыс атқарады.



Егер , онда газдың жұмысы теріс болады. Сыртқы күш жұмыс жасайды.



формула бойынша газдың тұрақты қысымда атқарған жұмысын ғана, яғни изобаралық процесс кезінде атқарылатын жұмысты есептеуге болады.

Газ қысымының көлемге тәуелділік графигін изобаралық процесс үшін салайық:

Боялған фигураның ауданы газдың жұм

ысына тең.








Демек газдың атқаратын жұмысы болып жатқан процеске тәуелді.

Оқушыларға сұрақтар беру арқылы 8- сыныпта жылу мөлшері, жылу берілу туралы ұғымдар еске түсіріліп, жалғастырылады.

Калориметр–қоршаған ортамен өзара әрекеттеспейтіндей етіп оқшауланған денелер арасындағы жылу алмасуды бақылауға болатын аспап.

1-үлкенірек ыдыс

2-пробкалар (жылу өткізбейтін кеуек материал)

3-жұқа қабырғалы екінші ыдыс

4- жылу оқшаулағыш қақпақ.

-заттың меншікті жылу сыйымдылығы.

Заттың меншікті жылу сыйымдылығыдегеніміз –температурасын 1 К-ге жоғарылату үшін дененің бірлік массасына қанша жылу мөлшерін беру керек екенін көрсететін физикалық шама.

Өлшем бірлігі 1 Дж/кгּК.

Тұтас дененің жылулық қасиеттерін сипаттау үшін –дененің жылусыйымдылығын С пайдаланады.

Өлшем бірлігі 1Дж/К.

Заттың бір молінің жылу сыйымдылығы мольдік жылу сыйымдылық деп аталады.


Тапсырмалар


Топтық жұмыс «Джигсо»

Жеке жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Ішкі энергия деген не?

  2. Заттың микроқұрылымы тұрғысынан алғанда ішкі энергия нені білдіреді?

  3. Дененің ішкі энергиясын өзгерту үшін дене молеулаларының қандай параметрлерін өзгерту керек?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (4 минут)

  1. Газдың атқаратын жұмысының формуласын қорытып шығарыңдар.

  2. Қай жағдайда газ оң, қай жағдайда теріс болады?

ІҮ. Топтық жұмыс (10 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген тапсырманы, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Есептің шешуіне үлес қосу





2

Міндетін атқару





3

Топтық жұмысқа атсалысуы





Ү. Жеке жұмыс (5 минут)

Изохоралық салқындату кезiнде газдың iшкi энергиясы 350 Дж-ға азайды. Газ қоршаған денелерге жылудың қандай мөлшерiн бердi?

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (12 минут)


1

Білу

Жұмыс дегеніміз не?



2

Түсіну

Жұмыстың формуласын жаз?



3

Қолдану

Идеалды газ термиялық ПӘК-i 0,4-ке тең болатын Карно циклiн жасайды. Егер газдың изотермиялық ұлғаюының жасаған жұмысы 400 Дж -ды құраса, газдың изотермиялық сығылуы жасаған жұмыстың шамасы қандай болмақ?



4

Талдау

Механикадағы және термодинамикадағы жұмысты салыстыр?



5

Жинақтау

Механикадағы және термодинамикадағы жұмысқа мысал келтір?


6

Бағалау

Механикадағы және термодинамикадағы жұмысты білу біз үшін маңызы қандай?




Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (2 минут)

Кейінгі тапсырмалар

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§5.3. Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1720
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі