Қолдану
Оқулықта берілген
тапсырмаларды орындау.
Түсіндіру.
Топтық, жеке жұмыс
жүргізу.
Дәптермен
жұмыс.
Адамзат үшін тіршілік көзі
энергия болып таылады. Бұл энергияның шамамен 80% органикалық от
есебінен алып жатыр.Ал органикалық отын мұнай,газ,көмір тағы
басқаларының жер қойнауындағы қоры күннен күнге дейін азайып бара
жатыр.Сол себепті барлық әлемде энергияны пайдалануды үнемдеу
мәселесі көптеп талқылап жатыр. Сонымен манызды орын алып жатқан
энергия ұғымы энергия материялық қозғалысының әр түрлі формасының
жалпы өлшеуші.Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне
айналып түрленіп отырады. Энергияның екі түрі бар кинетикалық
энергия және потенциалдық
энергия.
Потенциалдық энергия деп-әр
түрлі денелердің немесе бір дене бөліктерінің өзара орналасуы
бойынша анықталатын энергия
Кинетикалық энергия деп-
денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергияны
айтады.
Дененің потенциалдық және
кинетикалық энергияларының қосындысы механикалық энергия деп
аталады.
W=Ek+Eп
W-механикалық
энергия
Тысқарғы күштермен
әрекеттеспейтін денелер жүйесін тұйық жүйе деп
атайды.
Болат шар мен болат тақтадан
тұратын тұйық жүйедегі механикалық энергияныныңтүрленуін
қарастырайық:
Кинетикалық және потенциалдық
энергиялардың қосындысы , яғни тұйық жүйенің механикалық энергиясы
денелерді кез келген орналасу қалыпында өзгеріссіз
сақталады:
Ек1+Еп1=Ек2+Еп2=...=Екn+Enп=const
W1=W2=Wn=const
Ауырлық күшінің істейтін
жұмысы еркін құлап түсетін дененің потенциалдық энергияларының
өзгерістерінің өлшемі болатынын ескеріп, төмендегі теңдіктерді жаза
аламыз:
A=Eп1-Еп2 немесе
А=Ек2-Ек1
Бұл теңдіктердің сол жағы
өзара тең. Сондықтан
Eп1-Еп2=Ек2-Ек1 немесе
Eп1+Ек1=Еп2+Ек2
W1=
Eп1+Ек1
W2=
Еп2+Ек2
W1=
W2
Механикалық энергияның сақталу
заңы:
Тұйық жүйені құрайтын денелер
арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін
болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы тұрақты
сақталады.
Қозғалмайтын тіреудің немесе
біліктің төңірегінде айнала қозғала алатын кез келген дене иіндік
деп аталады.
Дәптермен
жұмыс:
1.Жылдамдығы 72 км/сағ ,
массасы 1т автомобильдің кинетикалық энергиясын
анықта.
2.4м биіктіктегі дененің
потенциалдық энергиясы 120 Дж дененің массасын
анықта
3. Масссасы 100 т ұшақ Жерден
1 км биіктікке көтерілген жылдамдығы 200 м/с болады. Оның Жермен
салыстыпғандағы механикалық энергиясы
қандай?
4.5. Қандай биіктіктегі масса
2 т жүктің потенциалдық энергиясы 10 кДж-ға
тең?
Берілгені:
6. m=0.5
кг
h=3
м
v=6
м/с
т/к:
А-?
Берілгені:
7.Берілгені:
m= 50
г
Е_п=2
Дж
т/к: h.
Е_к-?
7. Садақтан вертикаль жоғары
тартылған жебенің ең үлкен көтерілу биіктігін есептендер. Жебенің
бастапқы жылдамдығы 40 м/с. Ауаның жебе қозғалысына тігізетін
кедергісі есепке алынбайды.
8. Массасы 2 кг
дененің 10 м биіктікте 20
〖м/с〗^2 жылдамдықпен қозғалғандағы
толық механикалық энергиясы неге
тең?
|