Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы, «Балдырған» ясли бақшасы, педагог – психолог
Кыстаубаева Жанат Жумагелдиевна
Мейірімді болса жүрек –
орындалар тілек.
Мақсаты:
Ұстаздарды жаңашылдықа, инновациялық әдіс
тәсілдерді
тәжірибелеріне енгізе отырып,
логикалық ойлау қабілетін,
шығармашылық ізденісін,
ой-қиялын арттыру.
Міндеті:
Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және
педагогиканың
ұйытқысы ретінде нәтижеге
бағытталған білім беру
іскерліктерін
дамыту. Мұғалімнің эмоциялық
көңіл-күйлерін
көтеру, топтасып жұмыс істеу
жүйесін әрі қарай дамыту.
Ұстаздардың өз кәсібіне деген
ынтасын арттыру.
Түрі:
Психологиялық
тренинг
Әдісі:
Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимика мен
түсіндіру,опликация,
ой бөлісу және пікір
алмасу.
Көрнекілігі:Плакаттар, түрлі-түсті қағаздар,интерактивті
тақта, жүрекше,
смайликтер,
қобдиша,айна
А4,А3
Тренинг
ережесі:
1.
Белсенділікті
арттыру
2.
Бірігіп жұмыс істеу
3.
Бір-біріне кедергі
келтірмеу
4. Өз
ойымды ашық айта білуге
үйрену
5. Өзіме
пайдалы нәрсені алу
6.
Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста
болу.
7. Өзімді
еркін ұстауға
үйрену
Тренер
сөзі: Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін
сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы
шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен
қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған
«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек»
тренингіне
ұйымшылдықпен
қатысуға шақырамын. Құрметті әріптестер өздеріңізге белгілі, осы
жылды 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күніне 25 жыл»,
«16 желтоқсан Тәуелсіздікке 25 жыл», тұңғыш қазақ ғарышкері
Т.Әубәкіровке 25 жыл, сонымен қатар біздің «Балдырған» ясли
бақшасына 5 жыл
толды.Бәріңізді ерекше
мерекелеріңізбен
құтықтаймын!
Жұлдызы жанған жүрекше. Топқа
бөлу.Педагогтар жүрекше және жұлдызшаларды таңдап
алу арқылы топқа бөлініп
отырады.
«Ерке
есім»
шарты:
қатысушылар өз есімдерін еркелете айтады, ал
келесі топ әсемділікке теңеп өз есңмдерін қоса
айтады.
«Сиқырлы қобдиша»
жаттығуы.
Шарты:Қобдишаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіздер,
қобдишаны алған адам оны ашып ішіне күліп
қарайды. Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер
жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп
қарауларыңыз керек.
Тренер
талдау: жан-жақты және қайталанбайтын бейне деген
сөзді қалай
түсінесіздер?
- сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізге
қалай қарады?
- Қобдишаның ішінен қандай құпияны
күттіңіздер?
- Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына
жан-жақты қайталанбайтын дүние екен. Ендеше сіздердің «сиқырлы
қобдишадан » күткен құпия сырларыңыз сияқты, мен сіздермен келесі
құпия ойынды
ойнайық.
«Суреттегі ой»
жаттығуы:
Шарты:экраннан 2 топқа бөлінген суреттер
көрсетіледі.
Тренер
сөзі: экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз
ойларын, түсінгендерін айтып ой
бөліседі.
1тапсырма:
ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара
нүкте орналасқан.
Мұғалімдер
ойы:
Тренер
талдау: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл
бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен
біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен
салыстыруға болады.
2-тапсырма:
Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр
ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны
бейнеленген.
Мұғалімдер
ойы:
Тренер
талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл
балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға
күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын
төгеді.
1-тапсырма:
Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты
бейнелеу.
Мұғалімдер
ойы:
Тренер
талдау: Біз сұқ саусағымызбен өзгені көретіп тұрғанда
өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз.
Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па,
осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден
іздейік. Сіздердің жауаптарыңызда керемет болды,
рахмет!
2-тапсырма:
Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы
сөнбеген бір үй
бейнеленген
Мұғалімдер
ойы:
Тренер
талдау: Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған
жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғалім. Ол қанша
жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен
жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер менімен
келісесіздерме? Керемет,
жарайсыздар!
«Нұрлы жүрек»
жаттығуы: «Ұстаздармен сұхбаттасу жолы».Олай болса
назарларыңызды экранға аударайық.Мінекей сіздерге бірнеше сұрақтар
беріліп тұр.
1. Сіз қандай
тәрбиешісіз?
2. Алға қойған
мақсатыңыз?
3. Тәрбиеленушіні қалай
тәрбиелейсіз?
4. Бос уақытыңызда немен
айналысасыз?
5. Мұғалімдіктен басқа қандай мамандыққа
барар едіңіз?
Тренер сөзі:
Нұсқау: алдарыңыздағы А4 ақ қағазға әркім қолының
суретін бастырып алады және сауақтарға өз жауаптарын жазып, ал
есімдерін ортадағы жүрекшеге жазу
керек.
Мұғалімдер
жауабы:
Тренер:
Рахмет сіздерге, әрқашанда жүректеріңіз нұрлы
иманға толы болсын деген тілекпен тренингімізді
жалғастырамыз.
«Опликация»
жаттығуы.
Шарты:
әр қатысушы өзі таңдап алған түсін, 5 рет
бүктей отырып, жыртады. плакатқа жабыстыру арқылы белгілі бір
бейнені білдіреді.
Нұсқау:
1-топқа
– тәуелсіздік бейнесін
жасайды
2
топқа- балабақша суретін
бейнелейді
( Топ басылары өз ойларын
жеткізеді)
Тренер
сөзі:
1-топ.
Керемет! Сіз кімге сыйлайсыз? Сіздің
шәкірттеріңіз, еңбектеріңізді ақтап егеменді еліміздің білімді
ұрпағы болып, тілімізді,дінімізді құрметтей отырып, еліміздің туын
биікке көтеруіне шын жүректен
тілектеспін!
2-топқа.
Жарайсыз,тамаша! Ал сіз кімге ұсынар едіңіз?
«білім –теңіз, мектеп -кеме» демекші, сіздің шәкіттеріңіз,сіздің
берген біміңіздің арқасында,осы кемедей еш кедергісіз асулардан
тосқауылсыз өтіп теңіздің шетіне, яғни білімнің шыңына қиындықсыз
жетсін деген ақ тілегімді
білдіремін!
«Ертегі терапиясы»
жаттығуы: экранға назар аударамыз, көрсетілген сурет
бойынша әр топ ертегі құрастырып,әңгімелеп береді.(Т.Әубәкіровке 25
жыл)
Тренер
сөзі: Міне
керемет!
Қорытынды. Рефлекция. «Екі жұлдыз, бір
тілек»
Шарты:
екі жұлдыз-тренигтен екі ұнағанын, бір тілек
- жақсартуды қажет ететінін
айту.
Тренер
сөзі: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды,
біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі.
Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды
болайық. Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек! Келесі
кездескенше қош сау
болыңыздар!