Мейірімділік - асыл қасиет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мейірімділік - асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне сынып сағатын өткізуде әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік - асыл қасиет


Мақсаты:

Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

Мейірбандылыққа тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қағаздар, гүлдің суреті, парақшалар


Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Мейірімділік-асыл қасиетіміз,

Жүректегі таза ақ ниетіміз.

Жан дүние кілті,

Шаттық пенен күлкі.

Биік ұстап соны,

Қадірлейік біз!


ІІ.Негізгі бөлім.

1.Суретпен жұмыс

-Барлығымыз мына көріністерге назар аударайық (атыс, жарылыс, зорлық-зомбылық сияқты суреттер көрсетіледі.)

-Сендерге мына көріністер қалай әсер етті?

-Осындай қатыгездік, соғыс, зорлық-зомбылықтың туындау себебі неде деп ойлайсындар? Мейірімділік байқала ма?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

- Олай болса, бүгінгі сабағымызда адамның бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.


2.Ойланайық, пікірлесейік.

-Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

-Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

-Ал сендер мейіріміділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіндер?

Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты - әдептіліктің белгісі.

Ана –халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірімен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында.


3.Ойын: «Мен қандаймын?»

Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған. Оқушылар берілген қасиеттер өз бойларында бар болса, сол сөздің алдынан қызыл нүкте, жоқ болса көк нүкте қояды.

(оқушыларды тыңдау)

4.Шығармашылық тапсырма

І топ: «Мейірім» тақырыбына шығарма жазу.

ІІ топ: «Асыл анам» тақырыбында эссе жазу.

(оқушылардың жұмыстары тыңдалады)

«Мейірімділік гүлін» құрастыру.

Оқушылар түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, жапсырмалайды.

Тапсырма

«Мейірімділік» кестесін сызып, толтыру. Бірінші бағанға - мейірімді істердің, екінші бағанға - мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасау.


5.«Аяқталмаған сөйлем» тренингі

1. Мейірімділік - бұл...

2. Мейірімді сөздер...

3. Мейірімділік сезімі ғана дүниені...

(оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтайды)


Қорытынды.

- Кәне, кімнің немесе ненің мейірімді екенін кезектесіп айтып шығайық.

  • Күлімдеген күн мейірімді!

  • Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

  • Таза мөлдір су мейірімді!

  • Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

  • Аяулы анам мейірімді!

  • Қамқоршы апам мейірімді! т.б.

Жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.12.2018
645
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі