Мейірімділік-асыл қасиет.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мейірімділік-асыл қасиет.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мейірімділік туралы балаларға түсінік беру. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мейірімділік – асыл қасиет

Алтынай Токтаганова

Маңғыстау облысы.Қарақия ауданы.

Жетібай ауылы.

«Ғарышкер» балабақшасы

«Өзін - өзі тану» пәнінің оқытушысы

Мақсаты:Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;

- Мейірбандыққа тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: Слайд тақта, стикер, музыка, плакат .

Тәрбиеші:-Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Қане амандасайықшы.

Шаттық шеңбері:

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуақпен төгіп нұр,

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Бәріне ортақ шуағым,

Мейірімді боламын!

Біз өткен оқу қызметімізде Жақсылыққа – жақсылық туралы айтып білдік.»Жақсылыққа – жақсылық» деген нақыл сөзді қалай түсіндіңдер? (Балалар жақсылық туралы түсінгендерін айтады).

Ал енді бүгін біз сіздермен «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында сөйлесеміз.Яғни мейірімділік жайында әңгімелесеміз.Қазір мен сендерге бір әңгеме айтамын .Сендер мұқият тыңдаңдар(Слайдтан суреттерін қарап оырып әңгімені тыңдайды).

Әңгімелеу

Бір мазасыз Қанат деген бала өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «мейірімділік» деген не? – деп сұрапты. «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен кейін түсінесің», - деді анасы. Жолда ол жылап жүрген тауықты кездестіреді, ол баладан жоғалып кеткен балапанын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ», - деді Қанат, -Мен мейірімділіктің не екенін білуім керек», деді де , әрі қарай жүгіріп кетеді. Жолдан бір қыз баланы кездестіреді. Ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Қанат, маған шарды алуға көмектесіп жберші», - деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ, - дейді Қанат.

-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді»

«Мен мейірімділіктің не екенін білемін, - дейді қыз..

«Бірінші сен шарды алып бер», - сосын айтып беремін дейді.

Қанат шарды алып береді. Мінеки сен қайырымды іс істедің. Мейірім деген осы», - деді қыз. «Қандай оңай?» - деп таң қалды Қанат.

-Балалар, демек мейірімділік - адамның өзге біреуге жылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдірудің көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс – тіршілігін, жан - дүниесін жадырататын, шат – шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңыды қасиеттің бірі болып саналады. «Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады»(Шәкәрім).


Дәйексөз

-Балалар, мейірімді адамның жасаған жақсылығы өзіне жақсылық болып оралады. Әрқашан жан – жағмыздағыларға қол ұшын беріп, көмектессең, сол өзіңе қуаныш пен бақыт болып оралады деп үлкендер бекер айтпаған.

Ойын. «Кім және не мейірімді?»

Мақсаты: Түсіп қалған сөздерді орнына қою керек.

Күлімдеген ... мейірімді. (Күн).

Кіршіксіз ақ ... мейірімді. (Қар).

Таза мөлдір ... мейірімді. (Су).

Аяулы ... мейірімді. (Ана).

Қадірлі ... мейірімді. (Әке).

Әлпештеген ... мейірімді. (Әже).

Еркелеткен ... мейірімді. (Ата).

Тату – тәтті ... мейірімді. (Достар).

Бәрімзді көтеріп тұрған ... мейірімді. (Жер).

Ғажайып сөздер Жанашырлық, қайырымдылық, ізгілік, татулық, аяушылық, адамгершілік.

(Балалар оқу қызметінде айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады).

Мейірімділік сөзіне ғажайып сөздерімізді шоғырландырайық. (Слайд тақтаға оқытушының көмегімен мейірімділік сөзінің маңына ғажайып сөздерді шоғырландырады).

Тыныштық сәті.(Баяу музыка әуенімен орындалады).

Мейірімділік туралы тақпақтар.

Мөлдір:

Біз әдепті баламыз,

Мейірімдіболамыз.

Үлкендерді тыңдаймыз.

Кішілерді қорғаймыз.

Бекарыс:

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекшіе боламыз.

Үлкендерді көргенде

Сәлемдесе аламыз.

Дильназ:

Біз әдепті баламыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Барлығымыз дос болып,

Тату – тәтті ойнаймыз.

Ақниет

Добым менің, добым менің,

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың, зуылдайсың,

Бірақ бізден құтылмайсың.

Іңкәр:

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің аяда,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.


Сергіту сәті.

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер,

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын.


Жағдаятты талқылау. (Слайд тақтадан бірнеше суреттерді талқылау)

Мейірімділік туралы нақыл сөздер.

Жанарыс:

Мейірімді болу оңай, «діл болу қиын.

Жанайым:

Мейірімді ер алаңсыз, төмен адам уайымшыл.

Бекжан:

Білімдінің сөзі ем, мейірімі көп өзінің!

Жаннұр:

Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

Кәусар:

Еңбекті дұшпан санаған адамды өмірі мейірім жоқ.,

Ақбаян:

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырымын көресің.

Гаухар:

Жақсылыққа – қайырымдылықпен,

Мейірімділікке – ізгілікпен,

Достыққа – адалдықпен

Ойын : «Болады – болмайды»

Мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды айыра білуге үйрету.

Мейірімді болуға ... Кешірімді болуға ...

Қатігез болуға ... Тәртіпті болуға ...

Әдепті болуға ... Ұрысқақ болуға ...

Сыпайы болуға ... Қайырымды болуға ...

Бұзық болуға ... Бауырмал болуға ...

Ақылды болуға ... Мақтаншақ боуға ...

Шыншыл болуға ... Арам болуға ...

Маман болуға ... Жаман болуға ...

Жүректен жүрекке

-Балалар, қазір барлығымыз өзіміздің жүрегімізден шыққан жақсы сөздерді жазып тақтадағы жүрекшеге орналастырамыз. (Балалар жазып жүрекшеге апарып орналастырады. Қандай сөздер жазғанын айтады.

-Балалар, бізге анамыздың мейірімі қымбат екенін түсіндік, Ендеше, барлығымыз «Ана» туралы әнді айтайық. (Барлығы әнді музыкамен айтады).

Қорытынды нәтиже:

Нені білуі керек: «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы.

Қандай түсініктерді игерді:. мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығы мен

мейірбан болуды

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өзара сыйластық қарым – қатынасты.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2018
641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі