Мейірімділік-асыл қасиет Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мейірімділік-асыл қасиет Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мейірімділік-асыл қасиет

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар

 Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік-асыл қасиет

 Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

 Міндеттері:

  • Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

  • Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

  • Мейірбандылыққа тәрбиелеу.

 Көрнекі құралдары: үнтаспа, түрлі-түсті қағаздар, гүлдің суреті, парақшалар

 Шаттық шеңбері

 Мейірімділік-асыл қасиетіміз,

Жүректегі таза ақ ниетіміз.

Жан дүние кілті,

Шаттық пенен күлкі.

Биік ұстап соны,

Қадірлейік біз!

 Суретпен жұмыс

  • Барлығымыз экрандағы көріністерге назар аударайық. (экраннан атыс,

жарылыс, зорлық-зомбылық сияқты суреттер көрсетіледі.)

  • Сендерге мына көріністер қалай әсер етті?

  • Осындай қатыгездік, соғыс, зорлық-зомбылықтың туындау себебі неде деп ойлайсындар? Мейірімділік байқала ма?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

 

Олай болса, бүгінгі сабағымызда адамның бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

(тақырып хабарланады)

 

Ойланайық, пікірлесейік

  • Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

  • Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

 

Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің белгісі.

 

Мәтінмен жұмыс

«Сары тауық және оның балапандары» мәтінін оқып, түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу.

  • Сары тауық балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

  • Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

  • «Күн ашылып ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ал сендер мейіріміділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіндер?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

 

Дәйексөз

Мейірімділікті анадан үйрен.       Халық даналығы

 

Ана –халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірімен  берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында.

 

Шығармашылық тапсырма

І топ: «Мейірім» тақырыбына эмблема дайындау.

ІІ топ: «Асыл анам» тақырыбында эссе жазу.

(оқушылардың жұмыстары тыңдалады)

 

«Аяқталмаған сөйлем» тренингі

1.Мейірімділік-бұл…

2.Мейірімді сөздер…

3.Мейірімділік сезімі ғана дүниені…

(оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтайды)

 

Ойын: «Мен қандаймын?»

Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған. Оқушылар берілген қасиеттер өз бойларында бар болса, сол сөздің алдынан қызыл нүкте, жоқ болса көк нүкте қояды.

(оқушыларды тыңдау)

 

«Мейірімділік гүлін» құрастыру

Оқушылар түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, жапсырмалайды.

 

Тапсырма

«Мейірімділік» кестесін сызып, толтыру. Бірінші бағанға-мейірімді істердің, екінші бағанға- мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасау.

 

Жүректен жүрекке

Кәне, барлығымыз шеңберге тұрып, кімнің немесе ненің мейірімді екенін кезектесіп айтып шығайық.

  • Күлімдеген күн мейірімді!

  • Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

  • Таза мөлдір су мейірімді!

  • Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

  • Аяулы анам мейірімді!

  • Қамқоршы апам мейірімді! т.б.

 

Оқушылардың бәрі қосылып «Анашым» әнін айтады.

 

1.Елжіреп жататын етегіңде,

Есімде балапан күндерім.

Сол айтқан ертегі жетегінде

Керемет түс көрген түндерім.

 

Қайырмасы: Өзіңнің шапағат нұрыңмен ержеткем,

Асылым, анашым сағындым

Келеді бесікке қолыңмен тербеткен

Қайтадан сәби боп таңылғым

 

2.Ақ ниет, арайлы келбетіңнен,

Көрдім мен бақыттың ақ таңын

Осынау дөңгелек жер бетінде

Өзіңнен асыл жан таппадым

 

(Оқушылар сабақ соңында өздерінің жасаған гүлдерін ұстаздарға табыстайды.)

 

Жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2018
530
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі