Мейірімділік сеннен басталады тәрбие сағаты қмжсы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мейірімділік сеннен басталады тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мейірімділік сеннен басталады тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы





Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Мейірімділік сеннен басталады

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

Оқушыларға әңгіме желісі арқылы мейірімділік туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет және қиянат жасамау құндылықтарын ашу және түсініктерін кеңейту.

Оқушыларға адами қарым – қатынастағы мейірімділік пен өміріндегі мейірімділіктің орны мен маңыздылығын түсіндіру. • Өмірге деген құштарлығын,ниетін ояту және өзара сыйластығы мен ізгілігін дамыту.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті







Оқушының әрекеті


Ресурстар


Жер бетіндегі кез-келген адамның азаматтық қасиеті басқаға жасаған қайырымдылығымен, парасаттылығымен, жақсылықты қорғауға, ізгілікті қолдауға, жалпы өмір тануға қосқан қомақты үлесімен өлшенеді. Нұрын төксе шынайы ізгілік Мына әлем шаттанар Аяласа тербетіп ізгі үміт Жанарларда от жанар Ақ арманға бақ қонар. Бүгін, біз сіздермен мейірімділік тақырыбын сөз етеміз. Сіздер «Мен үшін мейірімді адам кім?» тақырыбында ой-толғау жазып келдіңіздер. Соны оқысаңыздар (Оқушылар жазып келген ой-толғауларын оқиды). Мұғалім сөзі: Мейірімділік - ол басқалардың игіліг үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Осы кезде сахналық көрініс қойылады. Мейірімділік туралы әңгіме. (Көріністен кейін оқушыларға сұрақтар қойылады). Сұрақтар: 1.Көріністен нені байқадық? 2.Сатушы қандай адам? 3. Бүгінгі таңда мейірімді адамдар бар ма? 4. Мейірімді болу үшін не істеуіміз керек? «Шегенің ізі» (бейне үзінді). Мұғалім сөзі: Біз мейірімді болып қана қоймай, үлкендерді де құрметтеп, оларға сыпайылық танытуымыз қажет екен. Сонымен бірге өзгелерді ренжітпеуіміз керек. Бейне үзіндіден көргендей біз біреуге қатты сөйлесек не болмаса ренжітсек, біздің сөзіміз ол адамның көңілінде қалып қояды екен. Сол себепті де әрдайым ізгі істер жасап, өзгелерді ренжітпеуге тырысайық.

Қортынды:

(Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады: )

- Менің қайырымды жүрегіме рахмет!

- Менің мейірімді жүрегіме рахмет!

- Менің жылы жүрегіме рахмет!

- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!

- Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!

- Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!

- Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!


Тақтада күннің суреті тұрады. Оқушылар, мейірімділік нұрын қара бұлттар басып кетіпті. Осы бұлттарды сейілту үшін осы мейірімділік сөзіне басқа ұқсас сөздерді жазайық. (Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып сөздерді жазып, күн көзіндегі бұлттарды сейілтеді).

Shape1

Жақсылық жасау


Shape2

Ізгілік


Shape4 Shape3

Қайырымдылық

адамгершілік


Shape5

Мейірімділік


Бұлттарды сейілткеннен соң, оқушылар ортаға дөңгеленіп тұра қалады. (Алашұлы тобының «Мейірім» өлеңі қойылады). Күн өз нұрын шашып тұр. Осы мейірімділік нұрын бойымызға дарытайық. Ыңғайланып отырыңыздар, көзімізді жұмайық. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.  Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».  Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзімізді ашуға болады (оқушылар өз орындарына жайғасады). Осы кезде оқушылар мейірімділік туралы өткен тәрбие сағаты туралы ойларын стикерге жазып, плакатқа жапсырады. Мұғалім өлең оқиды. Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Белсенді қатысқандарыңызға рахмет!!!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2024
343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі