Материалдар / Мектебім мейірім мекені
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектебім мейірім мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
1 қыркүйек Білім күніне арналған сынып сағатының жоспары. 2024-2025 оқу жылының алғашқы күні сынып сағаты осы тақырыпта өтеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Шілде 2024
223
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Тәрбие жөніндегі орынбасары:

Мектеп:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:

1 қыркүйек 2024 жыл

Сынып:

Қатысушылар 20

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

Мектебім-мейірім мекені

Сабақтың мақсаты:

Мектептің білім ордасы ретіндегі маңызын түсіндіру;

Мейірімділік, оқу-білім туралы өз ойларын ортаға салғыза отырып, білімқұмарлыққа шақыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут




Психологиялық тренинг

«Додекаэдр әдісі»

Мақсаты: Өткенді еске алғыза отырып, бойларындағы жағымды эмоцияларды сезіндіру, өздерін сергек сезінуге жағдай жасау.

Сұрақтары:

  1. Жазғы демалыста қай жерге қыдырдың?

  2. Жазғы демалысты кімдермен көбірек өткіздің?

  3. Жазғы демалысыңда қандай кітап оқыдың?

  4. Жазғы демалысыңда қандай тарихи орындарға бардың?

  5. Сыныптас достарыңнан кімдерді сағындың?

  6. Жаңа оқу жылына дайындығың қалай?

  7. Достарыңа қандай тілек айтасың?

  8. Жазғы демалыс несімен есте қалды?

  9. Жаз айларында қандай атаулы күндер болды?

  10. Демалыста жаңа достармен таныстың ба?

  11. Жаңа оқу жылында қандай мақсаттарың бар?

  12. Жазғы сауықтыру лагеріне бардың ба?

Жағымды әсер алдыңдар ма?

Мұғалім додекаэдрды оқушыларға кезекпен лақтырады. Қағып алған оқушы өзіне түскен сұрақтарға жауап береді. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.

Мұғалімнің «Жарайсың», «Қандай керемет?!», «Өте жақсы» деген мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалау


Қолдан жасалған «Додекаэдр»

Сабақтың ортасы

15 минут

Тақырыпқа назар аударылады. Мұғалім ең алдымен оқушыларды мектеп тарихымен таныстырады.

«Мектебім-мейірім мекені».

Маңғыстау

-Осы тақырып туралы не айтуға болады? Қандай сөздер түсінікті? Қай сөздермен жұмыс жасауымыз керек деп ойлайсыңдар?

Ақын-жазушыларымыз оқу-білім туралы не айтқанын есімізге түсірейік.

Тақтадағы көрнекіліктермен жұмыс жасау:

-Бүгін қандай күн? Несімен ерекше?

-Ең алғаш қазақ даласында мектеп ашқан кім?

- Ең алғаш қазақ әліпбиін енгізген кім?

Астарлы әңгіме

Ыбырай Алтынсарин- қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, фольклоршы, қоғам қайраткер. Ол қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1864 жылы алғашқы қазақ мектебін ашып, қазақ даласына білім шырағын жағу үшін бар өмірін сарп етті.

Биыл ұлы ағартушы ашқан мектепке 160 жыл толып отыр. Ыбырай ашқан алғашқы мектеп ғимараты іргетасынан қайта көтеріліп, бүгінде мұражайға айналған. Мұнда ағартушының жеке бұйымдары, ғалым қолданған қоңыраулар сақтаулы екен.

Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі.

1929 жылына дейін Қазақстан қазақтары араб жазуын қолданып жүретін, оны 1924 жылы жаңартқан — Ахмет Байтұрсынұлы. 



Тақырыпқа назар аударады.Мағынасы бойынша өз ойларын айтады.



Қойылған сұрақтарға жауап береді. Өткен сыныптағы материалдар бойынша білім, оқу, мектеп туралы шығармаларды еске түсіреді.



Оқушылар презентация арқылы ең алғаш ашылған мектеппен танысады.

Өз ойын қосады.

Мұғалімнің қойған сұрақтарына да жауап іздейді.













Мәліметтерді тыңдайды, талдауға қатысады. Сұрақтарға бірлесе отырып, бұл мамандықтың иесін анықтайды.












Мұғалімнің «Жарайсың», «Қандай керемет?!», «Өте жақсы» деген мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалау









Мұғалімнің «Жарайсың», «Қандай керемет?!», «Өте жақсы» деген мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалау

Смайликтер тарату






















Слайд

















Презентация

Суреттер






Тапсырма

5 мин

Сөзжұмбақ «Мектеп»

1. Астында төсегі бар салған тағы

Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ жағы

Теңізден салған жолы сайрап жатыр

Мүдірмей ойлап тапшы мұныдағы (қалам)


2. Ұшымен қазық,

Тор көзді жаздық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып. (дәптер)


3. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

4. Ілулі тұр, кең алаң

Керегімді мен одан

Жазып алам көшіріп

Сүртем сосын өшіріп (тақта)


5. Оқуыма төреші,

Тоқуыма төреші

Парақтасам байқалар,

Білімнің өресі.

Онда не жазылған,

Кестем де бар келесі (күнделік)

6. Үстінде есігі

Өзі орындық, әрі үстел

Оқушылар бесігі (парта)

Әр топ жеке-жеке сөзжұмбақ шешеді.

Дескриптор:

- оқушылар жұмбақты шешеді;

- сөзжұмбақтан орналасатын орнын табады;

- сөзжұмбақты толық дұрыс толтырады.



Смайликтер тарату


https://qazmath.net /quraldar/sozzhumbaq/

Топтық жұмыс

5 мин

«Филборд» әдісі арқылы мектепке байланысты сөздер жасыру

Жасырылған сөздер: Мектеп, тақта, күнделік, оқулық, кітап, өшіргіш, дәптер, Мұғалім, қалам, қарындаш

Оқушылар берілген уақыт ішінде жасырылған сөздерді табуы қажет

Дескриптор

- оқушылар жасырылған сөзедрі табы

Смайликтер тарату


https://qazmath.net/nis-catalog/fillword/


Сабақтың соңы

7 минут













3 минут

Қорытындылау

«Өз-өзіңе жаңа оқу жылына арналған ереже жаз» жаттығуы

Мақсаты: Өз-өзіне деген сенімділіктерін нығайту. Нұсқау: Оқушыларға өз есімдерін жазбай, алдарындағы бетке «Мен» деп басталатын өз-өздеріне ереже жазу ұсынылады. Жазып болған соң оны бүктеп, қорапқа салу ұсынылады. Қорапқа жиналған қағаздарды араластырып, әркім бір қағаздан алып, онда не жазылғанын оқып беру. Талдау: Жаттығу ұнады ма?

Рефлексия: «Бағдаршам әдісі» смайликтер арқылы өз көңіл күйін көрсетеді

Өз ойын жазады.Қорапқа салады. Бір-бірінің жазған ережелерін оқып, оны сынпқа қалыптастыруға ұсыныс жасалады.

Мұғалімнің «Жарайсың», «Қандай керемет?!», «Өте жақсы» деген мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалау


Стикерлер, қалам, қорап





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!