«Мектебім – мейірім мекені» атты
1-қыркүйек - Білім
күніне арналған салтанатты жиынның
сценариі
Өтетін
күні: 1
қыркүйек 2024
жыл
Өтетін уақыты: сағат
09. 00
Өтетін орны: №199 орта
мектеп
Жүргізушілер:
I - жүргізуші: Сәрсенбек Аңсат ,
II -
жүргізуші: Олжабаева
Лаура
1-жүргізуші:
Мектеп деген білім күні, жыр
күні
Мектеп деген ғылымның ең
үлкені
Мектеп деген тәрбиеші
адамға
Мектеп деген даналардың
мекені
2-жүргізуші:
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен қонақтар! Қадірлі ата-аналар мен оқушылар!
2-жүргізуші:
Алдарыңызда он бірінші сынып оқушылары:
-
сынып белсендісі — Мыңжасарова Асель
-
компьютер шебері — Султанбеков Бақдәулет
-
әскери сайыстар қатысушысы — Сардаров Бақдаулет
-
ашық мінезді — Оразбекқызы Жаннұр
-
спорт шебері — Мырзағалиев Биғали
1-жүргізуші:
Жиын түзел.Тік тұр!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына сап түзел. Қазақстан
Республикасының Гимні
орындалсын
2-жүргізуші:
2024-2025 оқу жылының басталуына арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған балғындармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Бүгінгі сағынышқа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
1-жүргізуші
Бүгінгі мерекемізді бірге бөлісуге келген қадірлі қонақтармен таныс болыңыздар .
1. Төребай би ауылының әкімі Жалғасбаев Владимир Жақсылықұлы
2. №199 орта мектебінің директорының міндетін уақытша атқарушы Кулданова Жаннат Алмабайқызы
Сөз кезегі №199 орта мектебінің директорының міндетін уақытша атқарушы Кулданова Жаннат Алмабайқызына беріледі.
2-жүргізуші:
Келесі сөз кезегі Төребай би ауылының әкімі Владимир Жақсылықұлына
беріледі.
1-жүргізуші
Қабыл алыңыздар !( 11- сынып оқушыларының әні)
Біраз жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріп үйретер, Бекмаганбетова Меруерт Аягановна
шәкірттерімен қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.
1-жүргізуші:
Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
(1 сынып оқушыларының әдеби монтажы, өлеңдері, өнерлері тамашаланады)
Алғашқы қоңырау. Қымбатты бүлдішіндер! Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттадыңдар . Бүгінгі қоңырау үні сендер үшін ерекше. Өйткені, сендер үшін ең алғашқы қоңырау үні. Бұл мектепке қадам басқандағы алғашқы қоңырау.
2-жүргізуші:
Қағылмақ , міне, әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау,
Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.
Қоңырау соғу рәсімі. Ортаға рәсімді орындауға бірінші сынып оқушыларын шақырамыз.
1-жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы. Келесі құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі.
1-жүргізуші: Сіздерге арнап Аңсат пен Перизаттың орындауында ән *Анамның жаққан ошағы*
2-жүргізуші:
Жаңа оқу жылы жемісті,
Мерейлі үстем жыл болсын!
Шәкірттеріміз өрісті,
Елім дер қыз бен ұл болсын!
Біліммен асып –тасайық
Тілеуін берсін көк көптің.
Осы тілекпен енді ашайық,
Есігін енді мектептің!
1
- жүргізуші:
Жиын түзел.Тік тұр!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына сап түзел. Қазақстан
Республикасының Гимні
орындалсын.
1
- жүргізуші:
Осымен 1-қыркүйек
білім күніне арналған мерекелік шарамыз өзі мәресіне жетті.
Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты
болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ
болсын!
2-
жүргізуші:
Жаңа оқу жылы
баршаңызға құтты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектебім мейірім мекені 1 қыркүйек Сценарий Салтанатты жиын 2024 -2025 ж

шағым қалдыра аласыз