«Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиынының
сценарийі
Өткізілетін күні: 23.05.2025 ж
Өткізілетін уақыты:10.00
Өткізілетін орны: Мектеп алаңы
ФАНФАР (екі жүргізуші
шығады)
1-жүргізуші (Ізбасар): Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші
(Әсел): Қайырлы күн, қадірлі
ата-аналар мен
қонақтар!
1-жүргізуші(Ізбасар): Бүгінгі күн – қуаныш пен қимастыққа толы, жүрекке мәңгі естелік болып жазылатын күн! Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны.
2-жүргізуші(Әсел): Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебінен ұшқалы отыр.
1-жүргізуші (Ізбасар): 2024-2025-ші оқу жылына арналған « Мектебім, саған мың алғыс! »атты
Бірге:
салтанатты жиынымызды
ашық деп
жариялаймыз.
1-жүргізуші
(Ізбасар):
Жас жүректің өмірлік
құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған
құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн
ұясынан,
Сол құстардың бір тобы
ұшқалы тұр, - деп алтын
ұя мектебінің табалдырығынан
үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді ортаға
шақырамыз.
2-жүргізуші(Әсел):Алдарыңызда 11 «а»класы
класс жетекшісі Рахат Айнұр Беркайқызы
1-жүргізуші (Ізбасар):
Мектебім-білім берген алтын ұям,
Ер жетіп, сенде сөзім артты санам.
Баулыған жылдар бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
2-жүргізуші(Әсел):Алдарыңызда 11 «ә»класы
Класс жетекшісі Жармуханова Индира Бақтығалиқызы
1-жүргізуші (Ізбасар):
Арналсын саған тілектер,
Елжіреп соқсын жүректер.
Ұяңнан ұшты қаншама,
Қанатын қағып түлектер?!
2-жүргізуші (Әсел): Алдарыңызда 11 «б»сыныбы
Сынып жетекшісі: Кыныртаева Айгуль Жаксылыковна
1-жүргізуші (Ізбасар):
Асқар шыңға самғаған,
Ақ қанаты талмаған,
Біз жігерлі жастармыз,
Қыр-белестен асқанбыз,
(Автоматты түрде гимн қосылады.)
1-жүргізуші (Ізбасар):
Домбырадан төгілген,
Саз бен сырды егілген
Күй басталса, күмбірлеп,
Тарих сөйлер тербеліп.
2-жүргізуші (Әсел):
Желдей есіп қырдағы
Күйге толар тұрмағы.
Оркестрдің үнімен,
Көңіл тербеп тұнғаны, дегендей мектеп-лицейіміздің Домбырашылар оркестрінің орындауында «Қазақ күйлерінен поппури»
Жетекшісі: Есторе Жангабыл Байгалиұлы
1-жүргізуші (Ізбасар):
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
2-жүргізуші (Әсел): Республикалық «Таланттар әлемі-2023»байқауының ГРАН ПРИ иегерлері
1-жүргізуші(Ізбасар):Ақтөбе қаласында өткен Кожанбаевтың 85 жылдығына арналған V республикалық «ЖАСТАР»музыкалық өнер фестивалінің ІІ орын иегерлері
2-жүргізуші (Әсел): "BEST STARS 2024"VI Республикалық шығармашылық өнер фестиваль - байқауында жоғары деңгей көрсетіп, бас жүлдені иеленген
1-жүргізуші (Ізбасар):Мектебіміздің бастауыш класс білім алушыларынан құралған «Кәусар»хор тобының орындауында « » әні
(хор айтылып жатырғанда айту керек)
1-жүргізуші(Ізбасар):
Көркемдік жетекшісі: Жәшібай Салтанат Тасболатқызы
2-жүргізуші(Әсел): Алғашқы құттықтау сөзі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Юнисова Алтынай Юнисқызына беріледі.
1-жүргізуші(Ізбасар): 2023-2024 оқу жылынан бастап мектебімізде республика көлемінде енгізілген тың жоба аясында 10-11 сынып оқушыларына арналған жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік сынып өз жұмысын бастады.
Бұл жоба – оқушыларды жалпы білім берумен қатар, еңбек нарығына қажетті нақты кәсіби дағдылармен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Оқушылар аптаның 2 күні қолледж базасында біліп алып, үлкен кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өтті.Сонымен қатар ай сайын әр оқушы шәкірт ақы алып отырды.Білім мен білікті ұштастыратын бұл бастама — уақыт талабы мен оқушы болашағына жасалған үлкен инвестиция.
2-жүргізуші(Әсел):
Біздің мектеп үшін үлкен мақтаныш пен қуанышқа толы жаңалық – колледжді биыл 50 оқушы тәмамдаса, соның 8-і үздік дипломмен бітіріп отыр. Бұл – білім мен еңбектің нәтижесі. Ең қуаныштысы – үздік бітірген 8 оқушының 7-еуі – біздің мектептің түлектері! Бұл көрсеткіш – мектебіміздің сапалы білім беріп қана қоймай, оқушыларды өмірлік жолда табысты болуға тәрбиелейтінін дәлелдейді.
Біз осындай білімді, талапты шәкірттерімізді мақтан тұтамыз! Олардың жетістігі – ұстаздар еңбегінің жемісі, ата-аналар сенімінің ақталғаны!
Келесі сөз кезегі Авто Жол колледжінің директоры Жұмағазина Ғалия Урунғалиевнаға беріледі.
2-жүргізуші(Әсел):
Ажырамай мектептен бір
елі сіз,
Жақсылыққа жаралған
жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен
өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын
тілегіңіз, - дей
отырып,
1-жүргізуші(Ізбасар):2024-2025 оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарды марапаттау үшін мектеп басшысын Кисикова Акгүл Мырзабекқызын ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші(Әсел):
Алдарыңызда мектебіміздің ұстаздарының орындауында
« Жаса, Қазақстан » әні
МАРАПАТТАУ
2-жүргізуші (Әсел): Ендігі кезекте түлектерді ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші(Ізбасар):
Білімге басқан жастарың,
Ғылымды іздер үңіліп,
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда тұр зор үміт.
(Ән: « Қимай тұрмын »)
2-жүргізуші (Әсел):
Құлпырайық ғажап түрге енейік,
Түлектермен бәріміз гүлденейік.
Мың бұрала билесін қимастықпен
«Мектеп вальсі»ырғағына тербелейік.
(Мектеп түлектерінің «Қоштасу вальсі»)
1-жүргізуші (Ізбасар):
Қоштасады алтын ұя
мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер
көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол
бұлғаймыз
бәріміз
Тілейміз біз армандарға
жеткенін - дей келе,Мемлекеттік қорытынды аттестацияны және Ұлттық
бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа
өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар
тілейміз!
2-жүргізуші (Әсел):
Қоштасу бар, бірақ ұмыту жоқ! Армандарыңыз асқақ болсын, жас түлектер!
1-жүргізуші (Ізбасар):
Білім жолы — бақыт жолы. Жолдарың ашық, болашақтарың жарқын болсын!
2-жүргізуші (Әсел): Осымен 2024-2025-ші оқу жылының салтанатты жиыны аяқталды.
БІРГЕ: Сау-саламатта болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиынының сценарийі

шағым қалдыра аласыз