Материалдар / Мектебіміздің даму деңгейі

Мектебіміздің даму деңгейі

Материал туралы қысқаша түсінік
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2020
319
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есенгалиева Менсулу Телагисовна

Жәнібек ауданы, «ЖББ Т.Жароков атындағы ОМ» КММ


Екінші тақырыбындағы бүкіл нұсқаулықтарды орындай отырып, Сіздің мектебіңіздің даму деңгейін анықтаңыз.


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр... Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс... Айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс» деп көрсетілген[1].

Мектепті дамыту жоспары ұзақ мерзімді, яғни 3 жылға арналған, орта мерзімді , 1 оқу жылына арналған, қысқа мерзімді , яғни 1 айға арналған болуы мүмкін. Мектепті дамыту жоспарын жасақтаудағы ең маңыздысы күні бұрын жүргізілген аудит негізінде стратегиялық басымдықтарды анықтап, нәтиже және табыс критерийлерін белгілеп, іс-әрекеттер жоспарлау. Мектепті дамыту жоспарын жасақтауға мектепте құрылған көшбасшылар тобы (немесе өзгерістер енгізу тобы) және барлық деңгейлік бағдарламалар бойынша оқып сертификатталған мұғалімдер тартылады. Мектепті дамыту жоспарының: аудит жүргізу, стратегиялық басымдықтарды анықтау, табыс критерийлерін белгілеу, іс-шаралар жоспарлау, эвалюация және мониторинг бөлімдері бойынша мұғалімдер өзінің жұмысын бағалап, жалпы ұпай және орташа ұпай шығарылып отырады. Орта мерзімді жоспарлау дегеніміз – күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы бір тарауға ортақ мақсат қойып, күтілетін нәтижені белгілеп, соған жету жолдарын (7 модуль бойынша) айқындайтын тізбектелген сабақтардың жоспары. Орта мерзімді жоспарлау үдерісі бойынша барлық деңгейлік бағдарламалар бойынша сертификатталған педагогтар міндетті түрде, ал қалған мұғалімдер ерікті түрде бағалауға қатысады. Орта мерзімді жоспарлау мынадай негізгі бөлімдерді қамтиды: мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдер: әдіс-тәсілдер және қосымша ресурстар.

Қысқа мерзімді жоспар – орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа құрылған сабақ жоспары. Қысқа мерзімді жоспарлау тарауы бойынша барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады.

Мектептің даму деңгейіне жататын жаңа сипаттағы жұмыстардың бірі – зерттеу және рефлексия жұмыстары: сынып деңгейінде жүргізілетін зерттеу жұмыстары және кері байланыс. Іс-әрекеттегі зерттеу – анықталған проблема бойынша бір мұғалімнің пән бойынша бір сыныптағы жүргізетін зерттеу нысаны. Бұндай зерттеуді деңгейлік бағдарламалар бойынша сертификатталған барлық педагогтар жүргізеді. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізгенде қамтылатын мәселелер: зерттеу нысанын анықтау, тақырыпты таңдау және оны негіздеу, деректер жинау (сауалнама, сұхбат, сабаққа қатысу, т.б.), тәжірибеге өзгеріс енгізу (тізбектелген сабақтар топтамасы), деректерді талдау (сәтті және сәтсіз жақтары), нәтижені қорытындылау және жоспарлау бөлімдері бойынша эвалюациялауға болады.

Lesson Study – белгілі бір проблемаға сай, соны зерттеу және жетілдіруге бағытталған педагогтар тобының ынтымақтастықта жүргізетін зерттеу нысаны. Бұл зерттеу нысаны кезең-кезеңмен жүргізіледі. 1-кезең – оқыту сапасын қадағалау мақсатында бірлесе отырып бір сабақтың жоспарын құру болса, 2-кезең – оқу сапасын қадағалау мақсатында бірнеше сабақтың жоспарын жасақтап іске асыру. Бағалауға қамтылатын бөлімдер: проблеманы анықтау және негіздеу, үдерісті жоспарлау (бағалау және бақылау картасы, болжам жасау, сабақты жоспарлау), қадағалау , талқылау және жоспарлау (бірінші кезең, екінші кезең, үшінші кезең...), қорытынды және нәтиже.

Мектеп жұмысындағы жаңа үдеріс – коучинг және тәлімгерлік. Коучинг – қарым-қатынас ұзақтығы алдын-ала белгіленген, нақты мәселелерді шешеуге, нақты дағдыны қалыптастыруға бағытталған қысқа мерзімді кездесулер. Ал тәлімгерлік – тәжірибелі мұғалім мен тәлім алушы арасындағы, тәлім алушыны кәсіби дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді жүйелі қарым-қатынас үдерісі. Екеуінің де мақсаты –қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластырып, мұғалімдердің кәсіби білімі мен білік дағдыларын жетілдіру. Коучинг үдерісін екінші және бірінші деңгейлік бағдарламалар бойынша сертификатталған барлық мұғалімдер жүргізе алады. Білім беру ұйымындағы іс-тәжірибесі мол кез-келген мұғалім тәлімгер бола алады. Екеуі де белгілі бір кезеңдер бойынша жүзеге асырылады. Коучинг-сессияларды төмендегі бөлімдер бойынша бағалау ұсынылады: проблеманы анықтау және тақырыпты белгілеу, SMART-қа сай ақылды мақсаттар мен ашық сұрақтар қоя білу, негізгі идеялар мен нәтижелерді белгілеу, коучинг үдерісі кезеңдерінің сақталуы және рефлексия. Тәлімгерлік үдерісті кәсіби қиындықтарды анықтау, кәсіби әңгіменің сапасы, сабаққа катысу, эвалюация және бірлескен жоспарлау бөлімдері бойынша бағалауға болады.

Мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі – мектепте және мектептер арасында желілік қоғамдастық құру. Желілік қоғамдастық виртуалды түрде және ресурстық орталықтар арқылы құрылуы мүмкін. Оның қызметі ашық сипатта, ерікті түрде ұйымдастырылады. Озық іс-тәжірибе алмасу үшін мүмкіндігі мол, кең сипаттағы құрылым. Желілік қоғамдастықтың тақырыбы мектептегі белгілі кәсіби проблемалардың негізінде анықталады. Ол тек қана пәндік сипатта емес, «метапәндік» негізде, яғни педагогикалық проблемалар аясында құрылады. Мұғалімнің желілік қоғамдастықтағы қызметін ұсынылған бөлімдер бойынша бағалауға болады. Олар: тіркелгені, ресурстық қорға үлесі, ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану, қарым-қатынас мәдениеті деңгейі және тақырыпқа сай жұмыстану белсенділігі. Мұғалім бірінші кезекте өзін-өзі бағалайды, ол өз кезегінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндіктер береді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ