Мектеп алды материалдар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп алды материалдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape2

1:05 AMPicture 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ










2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫ МЕН МЕКТЕПТЕРДІҢ, ЛИЦЕЙЛЕР МЕН ГИМНАЗИЯЛАРДЫҢ МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ



















Астана, 2025


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте 1:05 AMдамыту институты» РММ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен (2025 жылғы 24 маусымдағы №7 хаттама) ұсынылады.








2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат, Астана қ. 2025 ж.– 86 бет.

2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлері мен педагогтеріне және мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың басшыларына, басшылардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, мектепалды сынып педагогтеріне арналған.




















«Балаларды ерте дамыту институты», 2025 ж

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!


2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары (бұдан әрі - МДҰ) мен мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепалды сыныптарында (бұдан әрі – мектепалды сыныптар) тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқау хат) тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастыруда қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (бұдан әрі - Стандарт), Үлгілік оқу жоспарларын (бұдан әрі – Үлгілік жоспарлар), Үлгілік оқу бағдарламасын (бұдан әрі Үлгілік бағдарлама) іске асыруға бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мақсатында әзірленді.

Әдістемелік нұсқау хатта:

- тәрбиелеу-білім беру процесін реттейтін нормативтік құжаттардың талаптарын басшылыққа алу;

- қауіпсіздікті қамтамсыз ету;

- МДҰ-да тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру;

- мектепалды даярлықты ұйымдастыру;

- балаларға қазақ тілін үйрету;

- ұлттық құндылықтарды дәріптеу;

- экологиялық мәдениет, құқықтық және қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;

- мерекелік шараларды ұйымдастыру (мерекелер, ертеңгіліктер, сауық-кештер);

- ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдар қамтылған.

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда әрбір балаға қолайлы, қауіпсіз, дамытушы білім беру ортасын құру басты назарда болуы тиіс.

Құрметті педагогтер!

Бұл Әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін сапалы ұйымдастыруда әдістемелік қолдау көрсетеді.




1Shape3 . 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жаңартылған тұжырымдамасының негізгі ережелеріне1 (бұдан әрі – Тұжырымдама), білім беру саласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде (бұдан әрі – МДТО) жұмыстың мынадай бағыттары өзектендірілді:

    • МДҰ мен мектепалды сыныптарда балалардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;

    • оқыту басқа тілде жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдарда «Тілге бойлау» бағдарламасын жаппай іске асыру;

    • «Жасыл балабақша» желісін кеңейту - экологиялық білім беру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру;

      • Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын жетілдіру. Мобильді консультациялық пункттер бойынша «Тәрбие бесігі» жобасын іске асыру;

      • «Беске дейін үлгер» ата-аналарға арналған мобильді қосымшасын қолдану арқылы балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша ата-аналарды ағарту;

      • ауылдық жерлерде Құзыреттілік орталықтары желісін кеңейту және Құзыреттілік орталықтары - жеке мектепке дейінгі ұйымдар санын ұлғайту;

      • әдістемелік орталықтар (кабинеттер) жанында мобильді топтардың қызметін жетілдіру;

      • «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша жазғы кезеңде мектепалды даярлықты ұйымдастыру.












1 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000249



2Shape4 . ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН РЕТТЕЙТІН

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР


2025-2026 оқу жылында МДҰ мен мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру процесін жүзеге асыруда келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000414

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000306_

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z020000343_

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000249

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008275

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029329

Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023469

Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033166

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029323

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013227

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V090005750_

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020883

Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020708

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317 Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020619

Мектепке дейінгі ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018239

«Үздік педагог» атағын беру қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020472

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013317

Педагогтік қайта даярлау қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020147

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200031053

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005229_

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700016138

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700016137

Өрт қауіпсіздігі қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026867

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027414















3Shape6 . ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР ҮШІН ҚАУІПСІЗ, ЖАЙЛЫ,

ДАМЫТУШЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ


МДҰ-да тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін алдымен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз, жайлы, дамытушы білім беру ортаның құрылуына ерекше назар аудару қажет.

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына (бұдан әрі- Үлгілік қағидалар)2 сәйкес МДҰ-ның негізгі міндеттері:

  • мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;

  • тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау.

МДҰ балалардың күні бойы қауіпсіз болуының алдын алу үшін:

- тәрбиелеу-білім беру процесіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету,

- басшының қызметкерлердің әрекетіне бақылауды күшейту,

- алдын алу шараларын уақтылы жоспарлау;

- баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдау ұсынылады.

Бұл маңызды!

1) мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша,

- мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтануды ұйымдастыру және бақылау бойынша,

- серуен кезінде тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдарды;

2) «Тәрбиелеу-білім беру процесінде тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» нұсқаулығын;

3)«Өрт кезінде өзін қалай ұстау керек»,

- «Балақай, су тасқынына дайын бол!»,

- «Жер сілкінісі кезінде өзіңді қалай ұстау керек» балаларға арналған кітапшаларды;

4) «Ойын кезіндегі қауіпсіздік»,

- «Қысқы қауіп-қатерлерден сақтану қауіпсіздік ережесі»,

- «Тамақтану кезіндегі қауіпсіздік» анимациялық бейнероликтер топтамасын басшылыққа алу ұсынылады

Аталған материалдар Балаларды ерте дамыту институттың (бұдан әрі-Институт)сайтында орналастырылған.

Shape7
2 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029329

Тәрбиеленушілердің эмоционалдық және физикалық жайлылығын, жан-жақты және толыққанды дамуын, балалардың әрекет түрлерін және бірге әрекет етуге қатысушыларды таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін дамытушы орта құрылады.

Дамытушы ортаны құруға ұсынымдар:

  • Үлгілік бағдарламаны және білім беру (вариативтік, жеке, бейімделген, қосымша) бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етуі;

  • балалардың жастарына сәйкес болуы;

  • барлық топтық бөлменің үй-жайлары, кабинеттер, ойындар мен ойыншықтар, материалдар, құралдардың тәрбиеленушілер, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді болуы;

  • қолайлы эмоционалды жай-күйін қолдау үшін балалардың оңаша ойнауына орынды жабдықтау;

  • ересек пен баланың бірге әрекет етуі үшін (заттар мен ойыншықтар, кітаптар, материалдар, құралдардың балалардың жасына және Үлгілік бағдарламаның мазмұнына сәйкес болуы) қанық, мазмұнды болуы;

  • әртүрлілік (барлық тәрбиеленушілердің ойын, шығармашылық, зерттеу, танымдық әрекеттері мен қимыл белсенділігін соның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытуға, қимылды ойындар мен жарыстар ұйымдастыруға, балаларға қолжетімді материалдармен соның ішінде құммен, сумен эксперимент жасауға жабдықтардың (топта, дәлізде, ойын алаңында да болуы);

  • балалар әрекеті түрлерінің вариативтілігі;

  • көпфункционалдылығы (балалар жиһаздары, жұмсақ модулдер, театр- ландырылған қойылымдарға арналған шымылдық, топта табиғи материалдардың болуы);

- өзгермелі (балалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне және тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұнына сәйкес ортаны өзгерту мүмкіндігі) болуы.

Топтық бөлмелерде мынадай қызығушылықты орталықтарын құруға болады:

  • ұлттық құндылықтар;

  • сюжетті-рөлдік ойындар;

  • театрландырылған ойындар;

- оңаша ойнауына орын;

  • кітап бұрышы;

  • құрастыру және робототехника;

  • табиғат және ғылым;

  • шығармашылық;

  • мамандықтар және т.б..

Бұл маңызды!

Дамытушы ортаны жақсарту үшін Үлгілік бағдарламаның нұсқаулығын3 пайдалану ұсынылады.






Shape8

3 http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2022/12/rukovodstvo_kz_131222.pdf

4Shape9 . МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ

БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Үлгілік қағидаларға сәйкес МДҰ өз қызметін келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырады:

  • 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін оқу жылы (Үлгілік бағдарламаның мазмұнын игеру мерзімі);

  • 1 маусымнан 31 тамызға дейін жазғы сауықтыру кезеңі.

Тәрбиелеу-білім беру процесі:

  • перспективалық жоспарға;

  • циклограммаға сәйкес жүзеге асады.

Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгерту бойынша мониторинг жүргізіледі.

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің Перспективалық жоспарын (бұдан әрі - Перспективалық жоспар) әзірлейді, апта сайын тәрбиелеу-білім беру процесінің Циклограммасын (бұдан әрі Циклограмма) Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесінің4 1 Қосымшасына сәйкес құрады.

Перспективалық жоспарды Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарламаға сәйкес жас тобында жұмыс істейтін педагогтермен, тәрбиешілермен (қазақ тілі мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп, жасайды. Перспективалық жоспарда оқу жылына арналған міндеттер бөлінеді, олар Үлгілік бағдарламаның мазмұнын балалардың меңгеру деңгейіне байланысты қайталануы, толықтырылуы, түзетілуі және өзгертілуі мүмкін.

Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Циклограмманың құрылымы МДҰ-ның күн тәртібіне сәйкес құрылады.

Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:

- аптаның әрбір күніне Перспективалық жоспардағы ұйымдастырылған іс-әрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін анықтау;

- бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтау;

- балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану;

- балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы дамытушы орта құру.


4 https://adilet.zan.kz/ kaz /docs/V2000020317


«Балаларды қабылдау», «Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен әңгімелесу, кеңес беру», «Балалардың іс-әрекеті (ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, қимыл, бейнелеу, дербес және басқалары)», «Ертеңгілік жаттығу», «Таңғы ас», «Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық», «2-ші таңғы ас», «Серуенге дайындық», «Серуен», «Серуеннен оралу», «Түскі ас», «Күндізгі ұйқы», «Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітап қарау және басқалары)» бөлімдерін толтыру кезінде түрлі балалар әрекеті қайталанатын жағдайда аптаны күндерге бөлмей циклограмманы тұтас жоспарлауға болады.

Циклограмманың «Ұйымдастырылған іс-әрекет» бөлімін құрастыруда алдымен тақырыбы жазылады, егер болған жағдайда, ал тақырып болмаған кезде балалар іс-әрекетінің түрлері жазылады. Содан кейін Перспективалық жоспарда айқындалған міндеттерді іске асыру үшін әр күнге кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері айқындалады.

«Балалармен жеке жұмыс» бөлімінде балалар іс-әрекетінің түрлері аптаның әр күніне жоспарланады.

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу кезінде педагог түсіндіруге уақытты көп бөлмей, оның орнына көрсетуге, балалардың әрекеттерді орындауына (іс-әрекеттерге, ойындарға, пікір алмасуға, зерттеулерге, шығармаларға, сурет салуға, шешім шығаруына) мән беруі қажет.

Педагог әрекетінің алгоритмі:

  • балаларға айтып беру;

  • балаларға көрсету;

  • балалармен бірге орындау.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттерді барлық топпен де, шағын топтармен де қызығушылық орталықтарында, тек топ бөлмесінде ғана емес, сондай-ақ жатын, қабылдау бөлмелерінде, арнайы кабинеттерде (бар болған жағдайда), дәліздерде, ойын алаңдарында және т.б. балаларға қауіпсіз, жайлы жағдайларда өткізу ұсынылады.

Сонымен қатар, ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктірілген әрекет түрінде өткізуге болады, онда тақырып балалардың қызығушылықтарын ескере отырып таңдалады және оны жүзеге асыру үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етіледі. Мысалы, балаларға табиғи және қалдық заттар, көлемді қағаздар, қаламдар, бояулар, желім, конструкторлар және басқа материалдар ұсынуға болады. Балаларға заттар мен құралдарды зерттей отырып, бір-бірімен сөйлесу, туындаған мәселелердің бірге шешімін табу арқылы тапсырмаларды өзбетінше орындауға мүмкіндік беру қажет. Білім беру процесі педагог тарапынан сұрақтар қойылып, сол сұрақтарға жауап алумен ғана шектелмеуі, балаларға пікірлерін еркін айтуға ықпал етуі қажет. Педагогтің міндеті — балалардың физикалық, зияткерлік, танымдық-сөйлеу, көркем-эстетикалық, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту үшін жағдайлар жасау. Мұны қарапайым зерттеулер жүргізу, сурет салу, құрастыру, жапсыру, бояу, әңгімелеу арқылы іске асыруға болады.

Қазіргі уақытта ерте кәсіптік бағдар беру МДҰ жұмысының өзекті және маңызды бағыты болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың кәсіптік бағдарлануы білім беру процесімен де, балалардың еркін іс-әрекетімен де тығыз байланысты.

МДҰ – мамандықтар туралы қарапайым түсініктерді қалыптастырудың алғашқы сатысы екенін ескере отырып, ұйымдастырылған іс-әрекеттер барысында еңбек әрекетін зерттеу, балаларда еңбек дағдыларын дамыту, балалардың еңбекке деген ынтасы мен қызығушылықтарын қалыптастыру үшін қазіргі сұраныстағы мамандықтардың алуан түрлерімен танысуға және мамандық түрлерін ойын арқылы игеруге мүмкіндік беру ұсынылады. Ол үшін сюжеттік-рөлдік ойындар: «Шеберхана», «Телестудия», «Банк», «Мұражай», «Турагенство», «Әуежай», «Наубайхана», «Тігінші», және т.б. ойнатуға болады.

Балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы жетекші әрекет - ойын. Үлгілік бағдарлама мақсатында айқындалған әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашуды іске асырудың басты құралы ойыншық болып табылады.

Бұл маңызды!

«Бақылау парақтарына» сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттердің және күн тәртібінің жүргізілуіне меңгеруші мен әдіскер бақылауды жүзеге асырады.

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2024/07/121.pdf


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу

Мониторинг түрлі жас топтарының Үлгілік бағдарламада айқындалған күтілетін нәтижелерге педагогтің қол жеткізу деңгейлерін және педагогтің баламен жеке жұмыс жүргізуде алдағы әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.

Мониторинг жүргізуде педагог:

  • Стандарт талаптарын;

  • Үлгілік бағдарламаның мазмұнын;

  • мектепке дейінгі педагогика мен психология әдістерін;

  • Бақылау парақтары мен Жеке картаны толтыру тәртібін ескеру қажет.

  • мониторинг жүргізу әдістерін (бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, бейнелеу әрекеті нәтижелерін зерттеу);

- МДТО үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін есептеу әдістерін;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру қажет.

Мониторингтің критерийлері балалардың жастарына сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша олардың физикалық дамуын, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін көрсетеді:

  1. дене тәрбиесі (ерекше балалар үшін бейімделген дене тәрбиесі);

  2. жүзу (жүзу бассейні болған кезде);

  3. тіл дамыту;

  4. көркем әдебиет;

  5. сауат ашу негіздері;

  6. қазақ тілі;

  7. сенсорика;

  8. математика негіздері;

  9. құрастыру;

  10. қоршаған әлеммен таныстыру;

  11. сурет салу;

  12. мүсіндеу;

  13. жапсыру;

  14. музыка.

Мониторинг нәтижелерін алу әдістері:

- түрлі балалар әрекеті кезінде балаларды бақылау (ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен ойындар кезінде);

- балалармен әңгімелесу;

- балалардың салған суреттерін, қолдан жасаған бұйымдарын талдау және басқалар арқылы.

Жетекші әдіс – бақылау, педагог баланың дамуын табиғи жағдайда, күнделікті өмірде қадағалайды.

Мониторинг оқу жылында 3 рет:

    • бастапқы қыркүйекте;

    • аралық қаңтарда;

    • қорытынды мамырда жүргізіледі.

Мониторинг жүргізу ерте жас тобында аралық, ал басқа жас топтарында бастапқы бақылаудан басталады. Ерте жас тобы Үлгілік бағдарламаның мазмұнын алғаш рет игеріп отырғандықтан, бастапқы бақылау жүргізілмейді.

Басқа топтар (сыныптар) үшін бастапқы бақылау алдыңғы жастың Бақылау парақтарымен жүргізіледі (мысалы, ересек топ үшін ортаңғы топтың бақылау парақтары қолданылады). Ал аралық және қорытынды бақылау жүргізу үшін сол жасқа сәйкес бақылау парақтары қолданылады.

МДҰ таңдаған бағыты бойынша вариативтік оқу бағдарламасын іске асыру барысында Үлгілік бағдарламаның мазмұны бойынша балалардың дағдыларының даму деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін мониторинг сияқты вариативтік бағдарламаның күтілетін нәтижелері бойынша мониторинг жүргізіледі.

Ол үшін мониторинг жүргізілетін күтілетін нәтижелерге сәйкес вариативтік мазмұнның жоғары, орташа, төмен деңгейлері бойынша критерийлері мен индикаторлары бар бақылау парағы әзірленеді.

Мониторинг нәтижелері бойынша топ тәрбиешісі, жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыкалық жетекші) бірлесіп, оқу жылына Жеке даму картасын толтырады. Жеке картада критерийлер бойынша орташа және төмен деңгей көрсеткен балалармен дамыту және/немесе түзету шаралары жазылады. Критерийлер бойынша жоғары деңгей көрсеткен балаларға Жеке карта толтырылмайды.

Бастапқы мониторинг нәтижелері бойынша шаралар (дамытушы, түзету) қазан-желтоқсан, аралық мониторинг нәтижелері бойынша шаралар ақпан- сәуір, қорытынды мониторинг нәтижелері бойынша шаралар маусым-шілде айларында жүргізіледі.

Қорытындыға Үлгілік бағдарламада белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму деңгейі көрсетіледі.

Оқу жылының соңында Үлгілік бағдарламада айқындалған күтілетін нәтижелерге сәйкес Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру деңгейінің қорытынды мониторингін ескере отырып, барлық жас топтары мен мектепалды сыныптарының педагогтері Ұлттық білім беру деректер қорына (ҰББДҚ) іске асырылған Жеке картаны толтырады.

Сонымен қатар, «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлықпен қамтылмаған балаларға арналған бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша педагог бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін көрсететін Жеке картаны толтырады.

Мектепалды топ/сынып және «Балақайлар мектебі» түлектерінің Жеке картасы орта білім беру ұйымдарында оқытудың барлық деңгейлерінде баланың одан әрі даму деңгейін қадағалау үшін бастауыш мектепке беріледі.







Бұл маңызды!

  • бастауыш сынып мұғалімі жеке дамыту траекториясын анықтау үшін мектепалды даярлық бағдарламасы мазмұнын меңгеру қорытындысы бойынша мектепалды жастағы баланың жеке даму картасын ҰББДҚ-да толтырады (1-қосымша);

  • Үлгілік бағдарлама мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасын ҰББДҚ-да толтырады (2-қосымша);

  • Ата-аналарды мектеп жасына дейінгі балалардың мектепте оқуға дайындық деңгейімен таныстыру мақсатында барлық МДҰ «Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі біліктері мен дағдылары» бойынша педагогтер мен ата-аналарға арналған көрнекіліктерді қолжетімді жерде орналастыру қажет (3-қосымша).


Түрлі жас топтарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң Үлгілік қағидаларына сәйкес жас ерекшелігі әртүрлі жас топтарының толықтырылуы:

1) топта жас ерекшелігі екі түрлі (1 жастағы балалар, 2 жастағы балалар) балалар болған жағдайда бала саны - 15 баладан артық емес;

2) топта жас ерекшелігі үш түрлі (3 жастағы балалар, 4 жастағы балалар, 5 жастағы балалар балалар болған жағдайда бала саны - 20 баладан артық емес.

Топта жас ерекшелігі екі және үш түрлі балалар болған жағдайда Үлгілік бағдарламаның міндеттері балалардың жастарына сәйкес жеке көрсетіліп (мысалы 1 және 2 жастағы балалар үшін) ортақ бір перспективалық жоспар жасалады. Циклограмма жасау кезінде Перспективалық жоспарда ұсынылған міндеттерді іске асыру үшін балалардың түрлі әрекеттері айқындалады. Балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруда балаларға тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес беріледі.



5Shape10 . МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАРДА

ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Мектепалды сыныптар қызметінің тәртібі

«Білім туралы»5 ҚР Заңына сәйкес балаларды мектепалды даярлау 5 жастан бастап отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес мектептердің, (лицейлер мен гимназиялардың) мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесі 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында (Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру кезеңі) жүзеге асырылады.

Оқу жылы бойы мектептің (лицейдің, гимназияның) ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес каникулдар белгіленеді.

Мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектепалды сыныптардан шығару жыл сайын 31 мамырда жүзеге асырылады.

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру

Мектепалды сыныптар тәрбиелеу-білім беру процесін:

1) Стандартқа;

2) Үлгілік жоспарға

Үлгілік жоспар бастауыш білім беру мазмұнымен сабақтастықты қамтамасыз ететін ұйымдастырылған іс-әрекеттің мынадай түрлерін қамтиды: коммуникативтік («Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Қазақ тілі»), коммуникативтік және танымдық («Сауат ашу негіздері»), танымдық және зерттеу («Математика негіздері», «Қоршаған әлеммен таныстыру»), шығармашылық («Сурет салу», «Музыка», «Жапсыру»).

Үлгілік жоспарға6 сәйкес мектепалды сыныптарда аптасына ұйымдастырылған іс-әрекеттің саны - 20 сағатты (күніне 4-5), ұзақтығы - 20-25 минутты құрайды.

3) Үлгілік бағдарламаға сәйкес іске асырады.

Үлгілік бағдарламаның мазмұнында:

- тәрбиелеу-білім беру процесінің міндеттерін іске асыру;

- ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны;

- білім беру әрекетін тиімді кіріктіру;

- тәрбие мен оқытудың сабақтастық, үздіксіздік қағидаттарын қамтамасыз ету;

- ұйымдастырылған іс-әрекеттің күтілетін нәтижесі қарастырылады.






5 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_

6 https://adilet.zan.kz/ kaz /docs/V1200008275


Мектепалды сыныптардың педагогтері Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесі 1 – қосымшаға сәйкес жылына бір рет перспективалық жоспар әзірлейді, апта сайын циклограмма құрады.

Оқу жылында үш рет (бастапқы – қыркүйекте; аралық – қаңтарда; қорытынды-мамырда) Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізеді.

Мониторинг жүргізуде педагог:

- Стандарт талаптарын;

- Үлгілік бағдарламаның мазмұнын;

- Бақылау парақтары мен Жеке картаны толтыру тәртібін;

- мектепке дейінгі педагогика мен психология әдістерін ескеру;

- мониторинг жүргізу әдістерін (бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, бейнелеу әрекеті нәтижелерін зерттеу);

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін есептеу әдістерін;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру қажет.

Мониторинг нәтижелерін алу әдістері:

- түрлі балалар әрекеті кезінде балаларды бақылау (ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен ойындар кезінде);

- балалармен әңгімелесу;

- балалардың салған суреттерін, қолдан жасаған бұйымдарын талдау және басқалар арқылы.

Жетекші әдіс – бақылау, педагог баланың дамуын табиғи жағдайда, күнделікті өмірде қадағалайды.

Мониторинг нәтижелері бойынша педагог оқу жылына Жеке картаны толтырады. Жеке карта мектепалды сыныптағы барлық балалар үшін толтырылады. Түзету, дамыту іс-шаралары критерийлер бойынша орташа және төмен деңгей көрсеткен балалармен жүргізіледі.

Оқу жылының соңында мектепалды сыныптың педагогы бастауыш сынып мұғалімі баланың жеке даму траекториясын анықтау үшін Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру қорытындылары бойынша Ұлттық білім беру деректер қорына Жеке картаны толтырады.

Бұл маңызды!

- бастауыш сынып мұғалімі жеке дамыту траекториясын анықтау үшін мектепалды даярлық бағдарламасы мазмұнын меңгеру қорытындысы бойынша мектепалды жастағы баланың жеке даму картасын (ҰББДҚ) толтырады (1-қосымша).






«Педагог мәртебесі туралы»7 ҚР Заңы 8-бабының нормасына сәйкес мектепалды сыныптарда кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге айлық жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі – 24 сағатты, күніне - 4,8 сағатты құрайды.

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу кезінде педагог міндетті қысқаша және нақты түсіндіруі, балалардың әрекеттерді орындауына (іс-әрекеттерге, ойындарға, пікір алмасуға, зерттеулерге, шығармаларға, сурет салуға, шешім шығаруына) уақытты көп бөлуі қажет.

Педагог әрекетінің алгоритмі:

- балаларға айтып беру;

- балаларға көрсету;

- балалармен бірге орындау.

Мектепалды сыныптарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күннің бірінші немесе екінші жартысында білім беру ұйымының кестесіне сәйкес кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы – баланың мектепте оқуға сәтті бейімделуінің негізгі факторларының бірі.

Бұл процесс МДҰ баланың жетекші ойын әрекетінен бастауыш мектепте негізгі болып табылатын оқу әрекетіне біртіндеп өтуді қамтиды. Өтпелі кезеңнің шарттар мен талаптардың күрт өзгеруімен қатар жүрмеуі маңызды, өйткені бұл баланы күйзеліске, оқуға деген ынтасының төмендеуіне және мектептегі ортаға бейімделуінде қиындықтарға әкелуі мүмкін.

Ойын әрекетінен оқу әрекетіне біртіндеп өту сәтті бейімделудің негізгі факторы болып табылады. Осыған байланысты мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ететін шаралар жүйесі қажет. Ол білім беру бағдарламаларын үндестіруді, педагогтердің ынтымақтастығын, балалар мен олардың отбасын психологиялық педагогикалық қолдауды, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балаларды мектеппен таныстыруды және жаңа білім беру ортасына біртіндеп енуіне ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастыруды қамтиды.

Қазіргі кезде мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үндестіру мақсатында 202 құзыреттілік орталықтары тірек мектепке дейінгі ұйымдар болып белгіленді және тірек орта білім беру ұйымдарына бекітілді.

2025 жылға арналған тірек балабақшалардың, тірек консультациялық пункттер мен тірек мектептердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша қадамдық іс-қимыл жоспары әзірленді (4-қосымша).


7 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293

Бұл маңызды!

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Мектепке дейінгі ұйымның орта білім беру ұйымымен өзара іс-қимылы бойынша ұсынымдарды басшылыққа алу қажет http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2025/04/d-k1410.pdf



«Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлықты ұйымдастыру

Жазғы кезеңде мектепалды даярлықпен қамтылмаған балалар үшін білім беру ұйымдарының жанында ата - аналардың қажеттіліктері ескеріліп, «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлық (бұдан әрі-Бағдарлама) ұйымдастырылады.

Бағдарламаны іске асыру ұзақтығы жазғы кезеңде 1 айды құрайды.

Білім беру ұйымы ұйымдастырылған іс-әрекет/сабақ кестесін және графигін дербес бекітеді.

Топтағы/сыныптағы балалар саны - 25 адамнан артық болмауы тиіс.

Апталық оқу жүктемесі - 20 сағаттан аспауы тиіс.

Жұмыс тәртібі - аптасына бес күн 4-5 сабақ, ұзақтығы – 10 минуттық үзіліспен - 30 минутты құрайды. Үзіліс кезінде қимылды ойындарды ойнату ұсынылады.

Тәрбиелеу-білім беру процесін жүзеге асыру үшін жайлы жағдайлар: талаптарға сәйкес жарақтандырылған жеке оқу кабинеті жасалуы қажет.

Бағдарлама Стандарт талаптарына сәйкес Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарлама негізінде әзірленді.

Бағдарламаның мақсаты – балаларды бастауыш мектепте оқуға дайындау болып табылады. Мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер көзделеді:

құзыреттіліктерді дамыту (физикалық қасиеттерді дамыту, коммуникативтік дағдыларды, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту, шығармашылық дағдыларды, балалардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту, әлеуметтік - эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру);

мектепте оқуға тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік-психологиялық дайындықты қалыптастыру;

баланың оқуға ынтасын қалыптастыру;

баланың білім алуға деген қызығушылығы мен қалауын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауын дамыту.

Бағдарлама мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты көздейді, педагогтер мен ата-аналарға балаларды мектепте оқуға дайындауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама мазмұны балалардың психологиялық дайындығын ескере отырып, мектепте оқуға дайындықтың барлық аспектілерін қамтиды.

Баланы ата-аналар өздері тұратын мекен жайға жақын жердегі немесе 1 сыныпқа апаруды жоспарлап отырған орта білім беру ұйымдарындағы

«Балақайлар мектебіне» беруіне болады.


Бұл маңызды!

«Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлықтың бағдарламасы мына сілтеме бойынша қолжетімді https://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/dr13.pdf



5Shape11 . БАЛАЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ


МДҰ басқа тілде оқытатын топтарда үш жастан бастап балаларға қазақ тілін үйрету Стандартта көзделген.

2022 жылдан бастап ҚР ОАМ 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес мемлекеттік тілді терендетіп үйрету үшін үш жастан бастап, топтарда оқыту тіліне қарамастан «Қазақ тілі» ұйымдастырылған іс-әрекеті енгізілді.

Осыған сәйкес Үлгілік бағдарламада қазақ тілін меңгерту үшін балалардың жастарына сәйкес мазмұн және сөздік минимум берілді.

Picture 19 Мемлекеттік тілді меңгерту процесінде балалардың ойын, танымдық, шығармашылық және басқа әрекет түрлерінде коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру жүзеге асырылады. Осы мақсатта қазақ тілінде сергіту сәттері, тілдік жаттығулар, санамақтар, қысқа өлеңдер, ән тыңдау және басқа әдістер қолданылады.

Балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту үшін дамытушы орта ұйымдастырылды (аудиоматериал, үстел үсті ойындары, балалар әдебиеті, сюжетті-рөлдік, театрландырылған, лингвистикалық мазмұны бар интерактивті ойындар, конструкторлар, дидактикалық ойындар мен ойыншықтар және т.б.).

Қазақ тілін үйретудің міндеттері:

1. Сөздік қорды байыту.

2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту.

3. Сөйлемдер құрастыру.

4. Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

5. Балаларды қазақ халқының мәдениетімен (дәстүрлерімен, ұлттық киімдерімен, мерекелерімен) таныстыру.

Балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту, ауызша сөйлеудің қарапайым біліктері мен дағдыларын (түсіну және айту) қалыптастыру мақсатында басқа тілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйрету үшін «Тілге бойлау» пилоттық жобасы іске асырылды.

Әдістемелік ресурстар әзірленді:

- «Тілге бойлау» бағдарламасы (5-қосымша);

- «Кәусар бұлақ» хрестоматиясы https://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2024/09/chr_r.pdf ;

- анимациялық бейнероликтер топтамасы:

- «Тілге бойлау» бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу құралдары (6-қосымша) әзірленді.


Бұл маңызды!

Тәрбие мен оқыту басқа тілде жүргізілетін МДҰ басшылыққа алу ұсынылады:

1) «Тілге бойлау» бағдарламасы (5-қосымша). «Тілге бойлау» бағдарламасының мазмұнын меңгеру үшін мониторинг жүргізу

(6-қосымша).

2) Әдістемелік ұсынымдар:

- Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда балаларға қазақ тілін үйрету бойынша әдістемелік ұсынымдар

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2023/10/mr_ob_kaz_06.pdf

-Инновациялық әдістерді қолдана отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында қазақ тілін үйрету бойынша әдістемелік ұсынымдар

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/mrk09.pdf

-Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліне бойлату бойынша әдістемелік ұсынымдар

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2025/06/d-k1.pdf

3) Қазақ тілін меңгерту үшін қажетті сөздік қоры (7-қосымша).

7Shape12 . ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру заманауи білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы сияқты жаһандық экологиялық сын-қатерлер жағдайында табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулуды ерте жастан бастау маңызды.

Осыған орай МДҰ «Жасыл балабақша» жобасын іске асыру ұсынылады, оның ішінде: салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу; жарық пен су көздерін үнемдеу; табиғаттың ластануын болдырмау; балабақша бөлмелеріне, жылыжайларға гүлдер, көкөністер мен жемістер отырғызу; өсімдіктерге күтім жасау; балалардың жасаған жұмыстарын жарнамалау ұсынылады.

МДҰ ауласына бақша өнімдерін егу, оларға күтім жасау, қарапайым бақылау жүргізу, жылыжай жұмысын ұйымдастыру, қалдық заттарды сұрыптау арқылы оларға «екінші өмір» сыйлау, электр қуатын ұтымды пайдалану.

Балалар ауа-райын, маусымдық өзгерістерді, табиғи құбылыстарын бақылау және зерттеу үшін метеоалаң ұйымдастыруға болады. Метеоалаң балаларға ғажайып табиғат әлеміне және оның заңдылықтарына үңілуіне мүмкіндік береді.


Бұл маңызды!

Әдістемелік материалдарды басшылыққа алу ұсынылады:

- «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларға экологиялық тәрбие беру» әдістемелік ұсынымдар

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2023/12/ecology_kz.pdf^

- «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру»: Әдістемелік нұсқаулық

https://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2023/07/mr_3107.pdf

- «Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар»

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/mr29k.pdf;

- «Мектеп жасына дейінгі балаларда энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар»

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2024/06/d2k.pdf

Мектепке дейінгі ұйымдардың «Жасыл балабақша» жобаларымен «Виртуалды әдістемелік кабинетте» мектепке дейінгі ұйымдар бағыттары бойынша жұмыстары бөлімінде танысуға болады.

https://youtu.be/n33ED1Xwo7A

https://youtu.be/HXzE6Y6HIQk

https://youtu.be/kR2ydsSRro4

https://youtu.be/fpHzzRhmRHE

https://youtu.be/zYDsfSS9EcE

Жыл сайын Институт балаларға арналған «Мен зерттеушімін» республикалық байқауын ұйымдастырады. Байқау танымдық және зерттеу әрекетінің қарапайым дағдыларын меңгеруге, қоршаған әлеммен өзара әрекет ету үшін қажетті қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Аталған Байқаудың аудандық кезеңінен бастап қатысуға болады. Байқау материалдарымен «Виртуалды әдістемелік кабинет» айдарында танысуға болады.












http://irrd.kz/news/read/Informaciya_o_provedenii_respublikanskogo_konkursa_dlya_detej_doshkolnogo_vozrasta_Men_zertteushimin.html


Мектеп жасына дейінгі балаларда құқықтық сауаттылықты қалыптастыру Үлгілік бағдарламаның мазмұнында қарастырылған. Тәрбиеленушілерді оң әлеуметтендіруге, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам және мемлекет дәстүрлеріне баулуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Тәрбиелеу-білім беру процесінде салауатты өмір салтының негіздері, қауіпсіз өмір сүру дағдылары, қимыл - қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, әлеуметтік-эмоционалды, когнитивтік дағдылар, өзіне, отбасына, құрдастарына, қоршаған ортаға адамгершілік қарым-қатынасы, тәрбиеленушілердің қарым-қатынас мәдениеті, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздері, патриотизм қалыптасады.

Педагог балаға:

ненің «дұрыс» және ненің «бұрыс» екенін түсінуді;

сыпайы және мейірімді болуды;

дос болуды, құрметтеуді, көмектесуді, бөлісуді;

қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен салауатты әдеттерді сақтауды үйретеді.

Құқықтық тәрбиенің негізгі тәсілдері:

1) ойын

Сюжетті-рөлдік, үстел үсті және дидактикалық ойындар — балаларда құқықтық түсініктерді қалыптастырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Мысалы, «отбасы», «аурухана», «балабақша» ойындары әр қатысушының рөлдерін, міндеттері мен құқықтарын түсінуге көмектеседі.

2) ертегілер мен әңгімелер

Моральдық-құқықтық сюжеттері бар ертегілерді қолдану балалармен мейірімді және зұлым әрекеттерді, әділеттілік пен қорғау деген ұғымдарды талқылауға ықпал етеді.

3) жағдаяттарды талдау

Сыйластық, дау-жанжал, адалдық, мінез — құлық ережелерін қозғайтын күнделікті жағдаяттарды талдау — бұл нормалар мен құқықтарды түсінуді дамытудың тиімді жолы.

4) педагогтің ата-аналармен бірлескен әрекеті

Әңгімелесу, викториналар, мультфильмдерді қарау және талқылау, тақырыптық іс-шараларға қатысу баланың білімін кеңейтеді және ұстанымын қалыптастырады.


Бұл маңызды!

«Адалдық әліппесі» мектеп жасына дейінгі балаларда құнды қасиеттер мен адалдықты қалыптастыруға бағытталған дидактикалық ойындар жинағын басшылыққа алу ұсынылады http://irrd.kz/page/read/2021_god_mr.html

Үлгілік бағдарламада мектеп жасына дейінгі балаларда қаржылық сауаттылықты қалыптастыру бойынша мынадай міндеттер көзделген:

«бір», «көп» ұғымдарын ажырату;

5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту;

реттік сан есімдерді атау;

сандарды реті бойынша атау;

«қанша?» «нешінші?», «барлығы қанша?», «қанша болды?», «қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету

10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру;

10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару;

балаға қоршаған ортадағы кез келген зат – ойыншықтар, киім, тамақ, компьютер – адамдардың еңбегінің нәтижесі екенін түсіндіру.

Сонымен қатар, тәрбиеленушілерде қаржылық сауаттылықты қалыптастыру үшін МДҰ-да дамытушы орта ұйымдастырылған, күні бойы : «Теңге алу», «Айырмашылығын табу», «Банкомат», «Ақша жұмсауды үйренеміз», «Әмиян», «Дүкен», «Сұлулық салоны», «Дәріхана», «Сауда орталығы» сюжетті-рөлдік ойындарды ойнату ұсынылады.

Ойын барысында тәрбиеленушілер әртүрлі жағдайларда қарым-қатынас жасауды, ересектердің еңбегін құрметтеуді үйренеді, өзара әрекет ету мен өзін-өзі көрсету дағдыларын дамытады.

Сондай-ақ, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру үшін педагогтер тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен бірге балалар қолөнер бұйымдарының жәрмеңкелерін ұйымдастыра алады, онда балалар өздері жасаған бұйымдарды (гипс, жүн, бисер, саз және т.б.) сатады.

Тәрбиеленушілер жасаған мультфильмдердің көрсетілімдерін және ата-аналардың билеттер сатып алып, балалардың қатысуымен театрландырылған қойылымдарды өткізу ұсынылады, бұл балалардың қаржылық сауаттылық негіздерін түсінуіне ықпал етеді.

Бұл маңызды!

«Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардаың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік құрал» http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2025/08/d-k0408.pdf



8Shape13 . МЕРЕКЕЛІК ІС - ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ (МЕРЕКЕЛЕР, ЕРТЕҢГІЛІКТЕР, САУЫҚ-КЕШТЕР)


МДҰ-да атап өту үшін ұсынылатын мерекелер:

    • Қазақстан халқы тілдері күні (5 қыркүйек);

    • Республика күні (25 қазан);

    • Жаңа жыл;

    • Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз);

    • Наурыз мейрамы (21-23 наурыз);

    • Қазақстан халқының бірлігі мерекесі (1 мамыр);

    • Отан қорғаушы күні (7 мамыр);

    • Халықаралық балаларды қорғау күні (1маусым).

Балаларға арналған шараларды ұйымдастыруда әртүрлі нысандарды

қолдану ұсынылады:

    • квест;

    • жоба;

    • байқау;

    • жарыстар;

    • көрмелер;

    • сахналық қойылым;

    • фестиваль;

    • концерт;

    • жәрмеңкелер және т.б.

Сонымен қатар, ата-аналарды іс-шараларға қатысуға тарту, сондай-ақ ата-аналарға өз идеяларын жүзеге асыруға немесе қалауы бойынша осы іс- шараларды өздері ұйымдастыруға мүмкіндік беру ұсынылады.

Репертуарды таңдағанда тәрбиеленушілердің жастарын ескеру қажет.

Бұл маңызды!

Әдістемелік материалдарды басшылыққа алу ұсынылады:

«Мектепке дейінгі ұйымдар жағдайында іс-шараларды (Ашық есік күні, мерекелер, ертеңгіліктер және т.б.) өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2023/06/01_30.pdf

«Мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында 1 наурыз - «Алғыс айту күнін» атап өту бойынша ұсынымдар» http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/rec_27kz.pdf

«Мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өту бойынша ұсынымдар»

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/rec2_kz.pdf

«Мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында Наурыз мейрамын атап өту бойынша ұсынымдар»

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/rec3_kz.pdf

«Мектепке дейінгі ұйым жағдайында 1 мамыр мерекесін атап өту бойынша әдістемелік ұсынымдар»

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2023/05/01_05.pdf

«Мектепке дейінгі ұйым жағдайында 7 мамыр мерекесін атап өту бойынша әдістемелік ұсынымдар»

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2023/05/07_05.pdf

«Мектепке дейінгі ұйым жағдайында 9 мамыр мерекесін атап өту бойынша әдістемелік ұсынымдар»

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2023/05/09_05.pdf

«Балабақшамен қоштасу мерекелік іс-шарасы бойынша әдістемелік ұсынымдар» http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/metod_rek_k_ds.pdf

«Мектепке дейінгі ұйымдарда 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні іс-шарасы бойынша әдістемелік ұсынымдар»

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/k17.pdf

Іс-шараларда көрсетілетін сахналық қойылымдардың мазмұнында қатыгездік, дөрекілік және зорлық-зомбылық болмауы тиіс.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру:

- сырға салу, қыз қуу, құда түсу, беташар және басқа салт-дәстүрлерді өткізбеу;

- тәрбиеленушілердің жастарына сәйкес келмейтін әндерді қолданбау.






















Shape14

9. АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жүргізілетін жұмыс нысандары

Балаларға сапалы білім беру ата-аналардың білім беру ұйымы көрсететін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейіне және ата-аналардың педагогикалық процеске тартылуына байланысты.

Осыған байланысты ата аналармен және ата аналар қауымдастығымен жұмыс Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде8 қарастырылған.

Ата-аналармен жұмыста баланың әлеуметтік жағдайын, отбасы тарихын, мәдени ерекшеліктері мен дәстүрлерін, мінезі мен ерекшеліктерін ескеру қажет.

Ата-аналарды тәрбиелеу - білім беру процесіне тартудың мақсаты- балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата- аналарға көмек көрсету арқылы оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту.

Міндеттері:

ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;

әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынасын орнату; балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен МДҰ-ның күш-жігерін біріктіру;

ата-аналардың, МДҰ тәрбиеленушілері мен педагогтерінің қарым- қатынасына оң көзқарас, ортақ мүдделер, өзара түсіністік атмосферасын құру.

Ата-аналардың педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, МДҰ қызметіне тарту, ата-аналармен жұмыс жасауда отбасылық дәстүрлердің тәжірибесін тарату үшін жұмыстың интерактивті форматын:

- тренингтер, семинарлар, «игі істер күндері» түрінде ата-аналар жиналыстарын өткізу;

- ата-аналардың қатысуымен педагогикалық кеңес;

- ата-аналар дәрістері, конференциялары;

- ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға бағытталған дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары – сауалнама, тесттер, анкета жүргізу, «сенім телефоны»;

- жеке және топтық консультациялар;

- проблема бойынша пікірталастар;

- «ауызша журналдар»;

- ата-аналарға арналған қонақ бөлмелері;

- сұрақ-жауап күндері, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы;

- балалар әрекеттерінің бейнежазбаларын және режимдік сәттерді қарау, содан кейін талқылау;

- мектепке дейінгі ұйым педагогтерімен кездесу;


8https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137

- «Ашық есік күндері»;

- тренингтер;

- дөңгелек үстелдер.

- біріккен ойын-сауық шаралары: ертеңгіліктер, мерекелер, ойын- сауықтар;

- балалар мен ересектер шығармашылығының, ойынға арналған ойыншықтар жасаудың, көркем әдебиет шығармаларын отбасылық оқу көрмелері;

- «Әжелер мектебі», «Жас аналар мектебі», «Әкелер мектебі»;

- көрнекілік арқылы ақпараттық жұмыстары, газеттер шығару және басқаларын қолдану ұсынылады.

Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ата-аналары үшін белсенді етудің интерактивті әдістерін қолдану, сұхбаттасу, талқыланатын проблеманы рейтингтік бағалау, әрқилы бірнеше көзқарасты талқылау ұсынылады.

Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын жетілдіру. Мобильді консультациялық пункттерде «Тәрбие бесігі» жобасын іске асыру

Бүгінгі күні балалардың, оның ішінде балалары мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған ата-аналарын (заңды өкілдерін) педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігі туындап отыр. Ол ата-аналарды (заңды өкілдерді) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға кеңінен тартуды қамтиды.

МДҰ жанында Үлгілік қағидаларға сәйкес ата – аналардың (заңды өкілдердің) қажеттілігін ескере отырып, басшының бұйрығы негізінде ата- аналарға арналған консультациялық пункттер (бұдан әрі - АКП) құрылады.

Консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдармен Инститтутың сайтында танысуға болады:

- Балаларға күтім жасау және дамыту мәселелері бойынша ата-аналарды хабардар ету мақсатында консультациялық пункттерге арналған мобильді қосымшаны қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2025/02/mrk14.pdf ;

- Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/k+17.pdf ;

- Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша консультациялық пункттерге арналған нұсқаулықтар

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/11_2k.pdfд

Мектепке дейінгі ұйымдарда аталған мобильді консультациялық пункттерді ұйымдастыру үшін «Тәрбие бесігі» жобасы іске асырылуда, мобильді консультациялық пункттер жаз айларында мектепке дейінгі ұйымның аумағында арнайы жабдықталған жеке тұрған үй-жайларда өз қызметін ұйымдастырады. Бұл мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылған және қамтылмаған балаларды тәрбиелеу мен дамыту үшін қауіпсіз, жайлы жағдайлар жасалған үйшік, көлеңкелі шатырлар, киіз үй, құрастырмалы қалқалар және т.б. болуы мүмкін.

Бұл маңызды!

Виртуалды әдістемелік кабинеттің «Ата-аналарға арналған» айдарында ата-аналарды педагогикалық сүйемелдеуге арналған материалдар:

- мектепалды даярлық бойынша,

- мектеп жасына дейінгі балалардың іскерліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері бойынша педагогтердің, психологтардың және белгілі бір сала мамандарының кеңестері мен ұсынымдары орналастырылған;

- баланы үйде тәрбиелеу және дамыту бойынша дамытушы ойындары бар бейнероликтер ұсынылған.

«Беске дейін үлгер» ата-аналарға арналған мобильді қосымшасы

Shape15 Балаларды үй жағдайында тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбиелеу, дағдыларды дамыту және балалармен өзара әрекет ету тәрізді маңызды мәселелер бойынша қолжетімді және түсінікті контент ұсынатын «Беске дейін үлгеру» мобильді қосымшасы Қазақстанда іске қосылды. Қосымшаның барлық материалдары нейробиологиялық зерттеулердің ғылыми мәліметтері негізінде әзірленді, бұл олардың тиімділігі мен практикалық құндылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мобильді қосымша мектепке дейінгі ұйымдардың консультациялық пункттері арқылы қолжетімді. Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық қолдау алады, бұл отбасында салауатты және үйлесімді атмосфераны қалыптастыруға ықпал етеді.

Мобильді қосымша «Thrive by five» халықаралық бағдарламасы негізінде ата-аналарды, педагогтерді және ерте жастағы балаларды дамытуға қатысатын басқа ересектерді қолдауға арналған үйретуші бастама ретінде әзірленді.


Бұл маңызды!

Мобильді қосымшаны қолданған кезде басшылыққа алу:

- «Беске дейін үлгер» халықаралық бағдарламасы негізінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған бейімделген бағдарлама» http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2024/12/mrk3112.pdf ;

- «Консультациялық пункттерге арналған мобильді қосымшаны қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар»

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2025/02/mrk14.pdf

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің мектепалды сыныптарында тәрбие жұмысы

МДҰ мен мектепалды сыныптарда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу күні бойы ұйымдастырылған іс-әрекетте және балалардың түрлі әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Стандарт9 талаптарында әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу, ұлттық бірегейліктің, азаматтық пен патриотизмнің негіздерін қалыптастыру міндеті көзделген.

Бағдарламаның мақсаты:

тәрбиеленушінің қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани- адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған жеке басын қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;

әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

айналасындағылармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбиеленушінің жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

әрбір тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;



9https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031


білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;

отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.















































1Shape16 0. АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ ЖӘНЕ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА «ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫ» ЖЕЛІСІН КЕҢЕЙТУ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік тәжірибелерін тарату және тәрбиешілердің кәсіби әлеуетін арттыру үшін республиканың үздік МДҰ базасында «Құзыреттілік орталықтары» құрылды.

«Құзыреттілік орталықтарын» анықтау үшін критерийлер:

- балабақшаның материалдық-техникалық жабдықталу деңгейі;

- қол жетімділігі мен қауіпсіздігі;

- педагогтердің білім мен кәсіби деңгейі (МДҰ педагогтерінің авторлық бағдарламаларының болуы);

- консультациялық пункттердің нәтижелі жұмысы;

- менеджмент.

2023-2024 жылдары Қызылорда, Алматы, Шымкент, Өскемен, Петропавл қалаларының «Құзыреттілік орталықтарының» тәжірибесі республика көлемінде таратылды.

2025 жылы Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының аудандық және ауылдық жерлерінде орналасқан «Құзыреттілік орталықтарының» тәжірибесі республика көлемінде таратылатын болады.

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда «Құзыреттілік орталықтарын» ашу бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі кезде «Еркем-Ай Алматы» ЖШС Құзыреттілік орталығы жанынан Алматы облысының Талғар, Жамбыл, Ұйғыр аудандары мен Қонаев қаласында орналасқан 7 балабақша құзыреттілік орталығы болып белгіленіп, 38 жекеменшік мектепке дейінгі ұйыммен серіктестікте жұмыс істеуде. Мұнда жаңадан ашылған құзыреттілік орталықтары жақын аймақта орналасқан мектепке дейінгі ұйымдар үшін «өсу нүктесі» болып белгіленген.

Еліміздегі балабақшалардың басым бөлігі жеке мектепке дейінгі ұйымдар екенін ескере отырып, басқа аймақтарында да аталған жұмыстарды белсенділікпен ұйымдастыру қажеттігі туындайды, бұл өз кезегінде мектепке дейінгі ұйымдар ұсынатын қызметтердің сапасына қол жеткізуге ықпал етеді.

Бұл маңызды!

«Құзыреттілік орталықтары мен «өсу нүктелерінің» қызметін сүйемелдеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды» басшылыққа алу ұсынылады

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2025/5/d-k02.pdf





1Shape17 1. ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТАР (КАБИНЕТТЕР) ЖАНЫНДАҒЫ МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ


Мобильді топтар аудандық (қалалық) немесе облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің бұйрықтарымен құрылады. Оның құрамында аталған әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің маманы немесе әдіскері сондай-ақ білікті МДҰ басшылары, әдіскерлері мен педагогтері және мектепалды сынып педагогтері болады.

Мобильді топтың мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, мектепке дейінгі ұйымдарды тиімді дамыту үшін жағдай жасау, ұсынылатын білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету.

Мобильді топтың жұмысын әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің маманы немесе әдіскері үйлестіреді және ол сол топтың басшысы болып табылады. Басшы мобильді топтың жұмыс стратегиясын, жұмыстың әдістері мен нысандарын анықтайды, материалды жалпылайды және жүйелейді, ұсыныстарды талдайды және оны топтың талқылауына ұсынады.

Мобильді топтың жоспарын жасау үшін өңірдегі МДҰ мен мектепалды сыныптарының Стандарт талаптарын сақтау, Үлгілік оқу жоспары мен Үлгілік бағдарламаның орындалуы бойынша жұмыстары (дамытушы ортаны құру, тәрбиелеу-білім процесін ұйымдастыру, Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу, вариативтік, жеке, бейімделген, қосымша білім беру бағдарламаларын қолдану) зерделеніп, әдістемелік қолдауды қажет ететін білім беру ұйымдарын есепке ала отырып, жылдық жоспар жасалады.


Бұл маңызды!

Мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыруда «Әдістемелік кабинеттер/орталықтар жанында мобильді топтарды ұйымдастыру және олардың қызметі бойынша әдістемелік ұсынымдарды» басшылыққа алу қажет

https://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2024/07/4544.pdf


1Shape18 2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


МДТО педагогтеріне әдістемелік қолдау Балаларды ерте дамыту институтының (бұдан әрі- Институт) порталы www.irrd.kz қамтамасыз етеді.

Сайтта:

  • МДТО жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер (НҚА айдары);

  • әдістемелік ұсынымдар, құралдар және басқалар (әдістемелік әзірлемелер айдары);

  • Институттың жылдық жұмыс жоспары;

  • Республикалық байқауларды өткізу туралы ережелер, сондай-ақ өткізілген іс-шаралардың қорытынды ақпараттары және басқалар орналастырылған.

«Виртуалды әдістемелік кабинет» педагогтер мен ата-аналарға кең қолжетімділікпен әдістемелік көмек көрсетеді.

Сайтта электрондық форматта «Дана бала» Республикалық ғылыми-ақпараттық журналы («Әдістемелік материалдар» айдары) ұсынылған, онда педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мақалаларын жариялай алады. Осы айдарда мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптармен және ережелермен танысуға болады.

Педагогтер үшін өткізілген вебинарлардың, практикалық семинарлардың материалдары, бейнежазбалары сайттың «Жаңалықтар» айдарында орналастырылған.

Shape19 Сондай-ақ, Jivosait айдарында Институт мамандары балаларды ерте дамыту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша педагогикалық және ата - аналар жұртшылығына жауаптар ұсынады. Бұл портал еркін қолжетімді.

Сонымен қатар, педагогтерге практикаға бағытталған біліктілікті арттыру курстары өткізіледі. Курс нәтижесінде мектепке дейінгі ұйым басшысына ұйымды дамыту бағдарламасын әзірлеуге, әдіскерлерге әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға, тәрбиешілерге тәрбиелеу - білім беру процесін ойын арқылы құруға мүмкіндік беріледі.

Мектепке дейінгі білім беру бойынша өзекті ақпараттар алмасу үшін әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Telegram, WhatsApp) білім басқармалары мамандарының, МДҰ-дың әдіскерлері мен педагогтерінің чаты құрылған.

Осылайша, Әдістемелік нұсқау хаттың ұсынымдары басшыларға, әдіскерлер мен педагогтерге қауіпсіз, нәтижелі қызметті ұйымдастыру және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру үшін көмек көрсетуге бағытталған.

Оқу жылы сәтті өтсін!

1 Қосымша


«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде толтыру үшін мектепалды топтағы/сыныптағы бала дамуының

жеке картасы

Баланың аты-жөні (бар болғанда) ___________________________________________________________________________

Баланың туған жылы, айы, күні ___________________________________________________________________________________________________

Мектепалды топ/сынып (мектепке дейінгі ұйымның атауы) _____________________________________________________________________

Құзыреттер

Біліктер мен дағдылардың тізбесі

Біліктер мен дағдылардың қалыптасу көрсеткіші

қалыптасқан

жеткіліксіз қалыптасқан

қалыптаспаған

1

Физикалық қасиеттерді дамыту

1

Өзіне -өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген жеке гигиенаны сақтайды (киім мен аяқ киімін қадағалайды өз бетінше киінеді),тамақтану мәдинетінің ережелерін сақтайды.




2

Негізгі қыймыл түрлерін (жүру, жүгіру,секіру,лақтыру, өрмелеу,еңбектеу,тепе-теңдікті сақтау) меңгерген.




3

Құрдастарымен қимылды ойындарды ұйымдастыруда бастамшы,ойын ережелерін сақтайды, ептілік, жылдамдық, төзімділік көрсетеді.




2

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

4

Тіл дыбыстарын дұрыс айтады сөйлеуде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады, ересек адамды түсінеді және толық жауап береді




5

Шағын әңгімелерді құрастырады мәтінің мазмұнын қайталайды, өлеңдерді жатқа айтады




6

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, сөздерді буындарға бөледі, сөзге дыбыстық талдау жасайды.




7

Қағаз парақыда бағдарланады, қарындашты дұрыс ұстайды




8

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады қоршаған ортадағы заттарды және қарапайым әрекеттерді айтады




3

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

9

10-ға дейін тура және кері санай алады




10

Заттарды әртүрлі белгілері (түсі, тішіні, мөлшері, саны,көлемі, өлшемі, материалы) бойынша салыстырады.




11

Уақытта, кеңістікте, жазықтықта бағдарланады.




12

Геометриялық пішіндерді (шеңбңр, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөрбұрыш) және денелерді (шар, текше, цилиндр) ажратады және дұрыс атайды.




13

Логикалық ойын тапсырмаларын орындайды, қызығушылық танытады, тапсырманы шешудің жолдарын таба алады.




4

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

14

Натураға қарап және алдына елестете отырып мүсіндейді




15

Көз алдына елестетіп, ауызша сипаттау, ұсынылған тақырып бойынша, өз бетінше, құрдастарымен бірлеміп түрлі материалдардан құрастырады.




16

Бояулармен және қарындаштармен сурет салады, контурдан шықпай бояйды, негізгі түстер мен олардың реңктерін ажыратады.




17

Қайшыны қолдануды біледі, пішіндерді қия алады.




18

Музыкалық жанрларды, балалардың музыкалық аспаптарын ажыратады, би қимылдарын, таныс әндерді орындайды.




5

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

19

Отан, мемлекеттік рәміздер, мерекелер, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы түсініктері бар, патириоттық сезімдері қалыптасқан.




20

Туыстық байланыстардың, отбасылық дәстүрлерді біледі үлкендерге құрмет көрсетеді және кішілерге қамқорлық жасайды.




21

Жыл мезгілдерін, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді біліеді, туған өлкенің табиғатына қамқорлық жасайды.




22

Әр түрлі мамандықтарды біледі және ересектердің жұмысын құрметтейді.




23

Ұжымдық қызмет түрлеріне қатысады, тапсырмаларды орындайды, жұмыс нәтижелерін бағалайды




24

Үйде, қоғамдық орындарда, жолда, табиғатта және төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез- құлық дағдыларын меңгерген.







2 Қосымша


«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде толтыру үшін ерте жас тобындағы бала дамуының жеке картасы

Баланың аты-жөні (бар болғанда) ______________________________________________________________________________

Баланың туған жылы, айы, күні _____________________________________________________________________________________________________

Ерте жас тобы (мектепке дейінгі ұйымның атауы) ________________________________________________________________

Құзыреттер

Біліктер мен дағдылардың тізбесі

Біліктер мен дағдылардың қалыптасу көрсеткіші

қалыптасқан

жеткіліксіз қалыптасқан

қалыптаспаған

1

Физикалық қасиеттерді дамыту

1

Өз бетінше жүреді, ересектердің көрсетуі бойынша қимылдарды қайталайды




2

Үстел басына отырады, ересектердің көмегімен киінеді және шешінеді, түбекке сұранады




2

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

3

Ересектерді тыңдайды, түсінеді, дұрыс сөйлеуге талпынады, қарапайым сұрақтарға жауап береді




3

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

4

Заттармен әртүрлі әрекеттер (ашу-жабу, өткізу-шығару, домалату, қадау) орындайды; біртекті заттарды өлшемі, пішіні бойынша топтастыра біледі




4

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

5

Жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндейді




5

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

6

Фотосуреттерден өзін таниды; өзіне жақын адамдарға күлімсірейді басын изейді, қолын бұлғайды;

қоршаған ортаның заттарына қызығушылық танытады




7

«болады», «болмайды», «қауіпті» сөздерінің мағынасын түсінеді






«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде толтыру үшін кіші топтағы бала дамуының жеке картасы

Баланың аты-жөні (бар болғанда) ______________________________________________________________________________

Баланың туған жылы, айы, күні _____________________________________________________________________________________________________

Кіші топ (мектепке дейінгі ұйымның атауы) _______________________________________________________________________

Құзыреттер

Біліктер мен дағдылардың тізбесі

Біліктер мен дағдылардың қалыптасу көрсеткіші

қалыптасқан

жеткіліксіз қалыптасқан

қалыптаспаған

1

Физикалық қасиеттерді дамыту

1

Берілген бағытта жүреді, жүгіреді, баспалдақпен жоғары көтеріледі және төмен түседі




2

Ересектердің бақылауымен ойын әрекеттерін орындайды




2

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

3

Ересектердің сөзін түсінеді, қарапайым сұрақтарға жауап береді, өз ойын айтады




4

Кейбір дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады




3

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

5

Ересектің ауызша нұсқауы мен үлгіге сүйеніп, тапсырмаларды орындайды; негізгі түстерді, заттарды көлемі, пішіні бойынша ажыратады




4

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

6

Дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелейді




7

Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады) қолданады




8

Әнді тыңдайды, әннің жекелеген сөздері мен буындарын қосып айтады




5

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

9

Есімін атағанда жауап береді, өзін айнадан және фотосуреттерден таниды; ата-анасын және өзіне жақын адамдарды таниды




10

Серуенде және сумен, құммен ойнау кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін біледі





«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде толтыру үшін ортаңғы топтағы бала дамуының жеке картасы

Баланың аты-жөні (бар болғанда) _____________________________________________________________________________

Баланың туған жылы, айы, күні _____________________________________________________________________________________________________

Ортаңғы топ (мектепке дейінгі ұйымның атауы) _______________________________________________________________________

Құзыреттер

Біліктер мен дағдылардың тізбесі

Біліктер мен дағдылардың қалыптасу көрсеткіші

қалыптасқан

жеткіліксіз қалыптасқан

қалыптаспаған

1

Физикалық қасиеттерді дамыту

1

Жүгіру, өрмелеу және секірудің бастапқы дағдыларын меңгерген




2

Гигиеналық дағдыларды сақтайды, киімін өз бетінше киеді және шешеді




3

Бірлескен қимылды ойындарға қатысады




2

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

4

Ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді, қарапайым және неғұрлым күрделі сұрақтарға жауап береді, өз ойын айтады




5

Дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды анық айтады




6

Әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді




7

Қазақ тілінде айтылған сөздерді тыңдайды және дұрыс айтады




3

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

8

«Көп», «бір» ұғымдарын ажыратады, қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табады; салыстыру (қатар қою, беттестіру) тәсілімен заттарға тән айырмашылықтарды біледі және атайды




4

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

9

Сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, бояуларды ретімен қолдана біледі; негізгі түстерді дұрыс атайды




10

Бірнеше бөліктерді қысу, біріктіру арқылы мүсіндейді




11

Ересектер даярлаған ірі және ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді




13

Ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан үлгі бойынша құрастырады




14

Музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдайды; ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айтады




5

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

15

Отбасы мүшелері мен өзіне жақын адамдардың есімдерін атайды; сюжетті-рөлдік ойындарда отбасы мүшелерінің рөлдерін сомдайды




16

Топта, серуенде және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтайды





























«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде толтыру үшін ересек топтағы бала дамуының жеке картасы

Баланың аты-жөні (бар болғанда) ___________________________________________________________________________

Баланың туған жылы, айы, күні ___________________________________________________________________________________________________

Ересек топ (мектепке дейінгі ұйымның атауы) _____________________________________________________________________

Құзыреттер

Біліктер мен дағдылардың тізбесі

Біліктер мен дағдылардың қалыптасу көрсеткіші

қалыптасқан

жеткіліксіз қалыптасқан

қалыптаспаған

1

Физикалық қасиеттерді дамыту

1

Негізгі қимыл түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын меңгерген




2

Гигиеналық шараларды орындайды; киімін өз бетінше киеді және шешеді, ересектердің көмегімен заттарды жинастырады




3

Түрлі ұлттық ойындарды өз бетінше ойнайды және ойынның барлық ережелерін сақтайды




2

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

4

Сөйлегенде сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі), сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, жалғауларды қолданады; түсінікті сұрақтар қояды және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап береді




5

Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады




6

Сөйлемдегі сөздерді байланыстырады, көмекші сөздерді дұрыс қолданады




7

Таныс ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын қайталап айтады; кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарайды




8

Сөздерді қазақ тілінде дұрыс айтады; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады; күнделікті өмірде жиі қолданылатын тұрмыстық заттардың, жемістер мен көкөністердің, жануарлардың, құстардың, адам денесінің бөліктерінің атауларын түсінеді және атайды




3

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

9

5 көлемінде тура және кері санай алады




10

Ұзындығы, ені, және биіктігі, жуандығы бойынша екі әртүрлі және бірдей затты салыстырады




11

Геометриялық фигуралар мен денелерді ажыратады және атайды




12

Заттарға тән ерекшеліктерді және белгілерді ұстап көру, есту және дәмін тату арқылы атайды




4

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

13

Пішіні мен түсін ескере отырып, жеке заттар мен сюжеттік композициялардың суретін салады




14

Заттардың орналасуын ескеріп, пропорцияларды сақтай отырып, бөліктерді байланыстыру арқылы бірнеше бөліктен тұратын заттарды мүсіндейді,




15

Қайшыны дұрыс ұстайды және оны қолдана алады




16

Құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, қағаздан, табиғи және қалдық материалдан құрастырады




17

Әнді мәнерлеп, сөздерін анық айтады; музыканың сипатына сәйкес қимылдарды орындайды




5

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

18

Жақын туыстарын біледі, олардың есімдерін атайды, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелейді




19

Өзінің туған жерін, елді мекенін біледі және атайды; отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы біледі




20

Тапсырманы жауапкершілікпен орындауға тырысады; бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді; тәрбиешіге ойыншықтарды жинауға көмектеседі




21

Ересектердің мамандықтары және отбасы мүшелерінің еңбегі туралы біледі, оларға қызығушылық танытады




22

Қоршаған ортада мінез-құлықтың қарапайым ережелерін біледі, сақтық танытады










3-Қосымша























4-Қосымша



5-Қосымша


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ









БАСҚА ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ҮШІН «ТІЛГЕ БОЙЛАУ»

БАҒДАРЛАМАСЫ























Астана, 2024


Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі

Балаларды ерте дамыту институты базасында әзірленген




Басқа тілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйрету үшін «Тілге бойлау» бағдарламасы – Астана, 2024. – 15 бет.






Басқа тілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйрету үшін «Тілге бойлау» бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен қазақ тілі педагогтері, ересек және мектепалды топ тәрбиешілері үшін әзірленген.













Бағдарлама ҚР ОАМ Балаларды ерте дамыту институтының Ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралып, ұсынылған (2024 жылғы 6 тамыздағы №7 хаттама).












Балаларды ерте дамыту институты, 2024 жыл


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Мектепке дейінгі балалық шақ жеке тұлғаны қалыптастыруда өте маңызды кезең, осы кезеңде баланың танымдық процестері қарқынды дамиды.

Мектеп жасына дейінгі балаларға тән бірқатар психологиялық ерекшеліктер: қарқынды қабылдау мен есте сақтау қабілетінің жоғары болуы тілді табысты меңгеруге ықпал етеді.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйрету Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (ҚР ОАМ 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) қарастырылған.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда балаларға қазақ тілін үйретуге неғұрлым ерте мән беріп, қазақ тілін үйрету үшін қолайлы тілдік орта құруға, мемлекеттік тілді үйрену бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік берсе, нәтижелер соғұрлым табысты әрі тиімді болады.

Балалардың әлеуметтік қарым-қатынасының алғашқы дағдылары айналасындағы ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Сондықтан балаларға қазақ тілін үйрету мәселесіне мектепке дейінгі ұйымның басшысынан бастап әдіскер, барлық педагогтер мен ата-аналарды тарта отырып, ықпалдастықта ұйымдастыру қажет.

Мектеп жасына дейінгі кезден бастап балаларға қазақ тілін үйрету уақыт талабы болып табылады. Бірақ тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес. Тілді ерте үйрету баланың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік қабілеттерін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге халықтың салт-дәстүрлеріне деген қызығушылықты, сондай-ақ Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастырады.

Балаларға мемлекеттік тілді үйрету (мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес ересек топта бір рет, мектепалды тобында аптасына екі рет) сондай-ақ күн сайын режимдік сәттерде балалар әрекетінің: қарым-қатынас, заттық, ойын, еңбек, көркем (педагогтің көркем әдебиет оқып беруі, кітаптарды, иллюстрацияларды қарау), театрландырылған және дербес әрекет және басқа да әрекет түрлері арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.

Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салтт-дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.

Бағдарламаның мақсаты балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде ауызша сөйлеудің қарапайым дағдыларын (түсіну және айту) қалыптастыру.






Ересек топ

(4 жастағы балалар)


Физикалық қасиеттерді дамыту

Физикалық қасиеттерді дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде режимдік сәттерде жүзеге асырылады.

Мақсаты балалардың физикалық қасиеттерін дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.

Міндеттері:

- күні бойы режимдік сәттерді (таңертеңгі жаттығу, сергіту сәттері, қимылды, ұлттық ойындар) қазақ тілінде өткізу;

- қазақ тілінде айтылған нұсқауларды, ойын ережелерін, тапсырмаларды тындап, түсініп, оларды орындауға үйрету;

- физикалық қасиеттерді дамытуда сөздік қорды қазақ тіліндегі қарапайым сөздермен байыту.

Таңертеңгі жаттығуды орындауда қазақ тілінде айтылған нұсқауларды, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруда айтылған сөз тіркестерін тыңдауға үйрету. Сергіту сәттерінде сөздік қорларын қазақ тіліндегі сөздермен байыту. Қимылды, ұлттық ойындардың қазақ тілінде айтылған ережелерін тындауға және оларды орындауға үйрету. Ұлттық ойындарға қажетті құралдармен таныстыру. Қазақ тілінде балаларға арналған әндерді алдымен тыңдап, ондағы сөздерді түсініп, әннің ырғағына сәйкес жаттығулар мен қимылдарды орындауға ынталандыру.

Күтілетін нәтижелер:

- таңертеңгі жаттығуды орындауда қазақ тілінде айтылған нұсқауларды тыңдайды;

- мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруда қазақ тілінде айтылған нұсқауларды орындайды;

- сергіту сәттерінде қазақ тіліндегі сөздерді қолданады;

- қимылды, ұлттық ойындар барысында ойын ережелерін түсінеді, орындайды;

- ережесін меңгерген ұлттық ойындарды құрдастарымен өзбетінше ойнайды;

- ұлттық ойындарға қажетті құралдарды таниды.


Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Коммуникативтік дағдыларды дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде режимдік сәттерде және тіл дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты әлеуметте қарапайым қарым-қатынас жасау үшін коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру арқылы қазақ тілін үйрету болып табылады.


Міндеттері:

- түрлі балалар әрекетінде балалардың бір-бірімен қазақ тілінде сөйлесуіне жағдай жасау;

- балаларды қазақ тілінде өз бетінше сөйлеуге ынталандыру;

- педагогтің қазақ тілінде айтқан сөздерін тыңдауға, қайталап айтуға мүмкіндік беру.

Күні бойы ұйымдастырылған іс-әрекеттердің элементтерін қазақ тілінде өткізу ұсынылады. Коммуникативтік дағдыларды дамытуда өзара қазақ тілінде сәлемдесу, өтініш, ырзашылық білдіруге көңіл аудару. Сюжетті-рөлдік ойындар, театрландырылған әрекеттер арқылы қазақ тілінде сөйлеуін дамыту.

Тілдік дамытушы орта

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына тілдік дамытушы орта құру: бір-бірімен күнделікті режимдік сәттерде қазақ тілінде сөйлесуге, қарапайым сұрақтарға жауап беруге, қазақ тіліндегі кітаптарға қызығушылықты ояту арқылы өз бетінше кітаптарды қарауға, сәлемдесуге, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Қазақ тіліне тән ә, ө, і, ү дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу және сол дыбыстармен берілген сөздерді айтуға үйрету.

Сөздік қор

Түрлі балалар әрекеттерінде сөздік минимумда берілген сөздерді айтуға үйрету. Күнделікті жиі қолданылатын тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Туыстық қатынасқа байланысты сөздермен таныстыру («әке», «ана», «ата», «әже», «аға», «апа», «іні», «бөпе»), оларды айтуға және түсінуге үйрету.

Баланың сөздік қорын дамытуда санамақтар, қысқа тақпақтар, шағын өлеңдер жаттауға баулу.

Таныс ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге үйрету.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу («бар», «кел», «айт»).

Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету.

Байланыстырып сөйлеу

Балалардың өздеріне айтылған сөзді түсінуін қалыптастыру, педагогтің айтқан қарапайым сөз тіркестерін әңгімелесуде қолдануға баулу. Оқылған шығармадағы сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.

Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу.

Күтілетін нәтижелер:

- бір-бірімен күнделікті режимдік сәттерде қазақ тілінде сөйлеседі;

- өзіне қойылған қарапайым сұрақтарға жауап береді;

- қазақ тіліндегі кітаптарға қызығушылық танытады, өз бетінше кітаптарды қарайды;

- сәлемдеседі, өтінішін, ырзашылығын білдіреді, сыпайы сөйлеу әдебін сақтайды;

- құрдастарын есімімен толық, дұрыс атайды;

- қазақ тіліне тән ә, ө, і, ү дыбыстарын, сол дыбыстармен берілген сөздерді айтады;

- түрлі балалар әрекеттерінде сөздік минимумда берілген сөздерді қолданады;

- күнделікті жиі қолданылатын тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын түсінеді, айтады;

- туыстық қатынасқа байланысты сөздерді («әке», «ана», «ата», «әже», «аға», «апа», «іні», «бөпе») түсінеді, айтады;

- таныс ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдайды;

- санамақтар, қысқа тақпақтар, шағын өлеңдерді жатқа айтады;

- зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолданады;

- бұйрық райлы етістіктерді («бар», «кел», «айт») жекелей қолданады;

- таныс сөздер мен сөз тіркестерін айтады;

- педагогтің айтқан сөзін тыңдайды, қайталап айтады;

- ойыншықтар мен заттарды жай сөйлемдермен сипаттайды.


Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекетінің элементтері арқылы іске асырылады.

Мақсаты: балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларын дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.

Міндеттері:

- ұйымдастырылған іс-әрекеттердің элементтерін қазақ тілінде өткізу;

- танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту кезінде тәрбиеленушілердің бір-бірімен қазақ тілінде сөйлесуіне назар аудару.

Күні бойы, ұйымдастырылған іс-әрекет барысында қазақ тілінде 5-ке дейін реттік санауды үйрету. Сандарды реті бойынша атауға, «қанша?» сұрағына жауап беруге баулу, геометриялық фигураларды (дөңгелек, ұшбұрыш, шаршы) атай білуге үйрету, қазақ тілінде қысқа санамақтар жаттауға баулу. Дидактикалық және дамытушы ойындар, санамақтар арқылы қазақ тілінде сөйлеуін дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

- қазақ тілінде 5-ке дейін санайды;

- сандарды реті бойынша атайды;

- «қанша?» сұрағына жауап береді;

- геометриялық фигураларды (дөңгелек, ұшбұрыш, шаршы) біледі және атайды;

- қазақ тілінде қысқа санамақтарды жатқа айтады.


Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің элементтері арқылы іске асырылады.

Мақсаты: балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.

Міндеттері:

- ұйымдастырылған іс-әрекеттердің элементтерін қазақ тілінде өткізу;

- шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуда тәрбиеленушілердің бір-бірімен қазақ тілінде сөйлесуіне назар аудару;

- ұжымдық жұмыстарды орындату барысында сөздік қорды толықтыру.

Сурет салуда қазақ халқының тұрмыстық заттарына қызығушылықты дамыту. Сурет салуда, жапсыруда, мүсіндеуде, құрастыруда жиі қолданатын заттардың атауларын (қағаз, желім, ермексаз, қайшы, бояу, қалам) қазақ тілінде атай білуге үйрету. Қазақ халқының ұлттық аспабы домбырамен таныстыру. Қазақ тілінде балаларға арналған әндерді тыңдату, қазақ ұлттық аспаптарда ойнату, қазақ халқының би қимылдарының қарапайым элементтерін үйрету. Құрастыруда құрылыс бөлшектерін қазақ тілінде (текше, кірпіш) айта білуге баулу.

Күтілетін нәтижелер:

- сурет салуда қазақ халқының тұрмыстық заттарына қызығушылық танытады;

- сурет салуда, жапсыруда, мүсіндеуде, құрастыруда жиі қолданатын заттардың атауларын (қағаз, желім, ермексаз, қайшы, бояу, қалам) қазақ тілінде атай біледі;

- қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраны таниды;

- қарапайым әуендерді тыңдайды;

- қазақ халқының ұлттық би қимылдарын орындайды;

- құрастыруда құрылыс бөлшектерін қазақ тілінде (текше, кірпіш) айтады.


Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыруда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекетінің элементтері арқылы іске асырылады.

Мақсаты: балалардың әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын қалыптастыруда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.

Міндеттері:

- ұйымдастырылған іс-әрекеттің элементтерін қазақ тілінде өткізу;

- қазақ тілінде күнделікті жиі қолданылатын заттардың атауларымен сөздік қорды толықтыру;

- қазақ тілінде сыпайы сөздерді (сәлеметсіз бе, сау болыңыз, рақмет, қайырлы таң, кешір) айтуға үйрету.

Туыстық қатынасты («әке», «ана», «ата», «әже», «аға», «апа», «іні», «бөпе») білдіретін сөздерді өз бетінше айтуға баулу. Қоршаған ортадағы заттардың қазақ тіліндегі атауларын үйрету. Күнделікті тұтынатын жемістер мен көкөністердің (алма, өрік, шие, қияр, сәбіз) және үй жануарларының (мысық, ит, қой, лақ, сиыр) атауларын қазақ тілінде айтуға үйрету. Мемлекеттік рәміздерді (ту, елтаңба, әнұран) қазақ тілінде атай білуді жетілдіру. Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана туралы және Отан туралы шағын өлеңдер, тақпақтар жаттату. Мамандықтар (аспаз, дәрігер, сатушы, тәрбиеші) туралы қазақ тілінде айтуға баулу.

Күтілетін нәтижелер:

- туыстық қатынасты («әке», «ана», «ата», «әже», «аға», «апа», «іні», «бөпе») білдіретін сөздерді өз бетінше айтады;

- қоршаған ортадағы заттардың қазақ тіліндегі атауларын біледі;

- күнделікті тұтынатын жемістер мен көкөністердің атауларын қолданады (алма, өрік, шие, қияр, сәбіз);

- үй жануарларының атауларын біледі және атайды (мысық, ит, қой, лақ, сиыр);

- Мемлекеттік рәміздерді (ту, елтаңба, әнұран) атайды;

- Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана туралы және Отан туралы шағын өлеңдерді, тақпақтарды жатқа айтады.


Мектепалды топ (5 жастағы балалар)

Физикалық қасиеттерді дамыту

Физикалық қасиеттерді дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде режимдік сәттерде жүзеге асырылады.

Мақсаты: балалардың физикалық қасиеттерін дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.

Міндеттері:

- балалардың қимыл белсенділігін ұйымдастыруда (таңертенгі жаттығу, сергіту сәттері, серуен, қимылды ойындар, ұлттық ойындар, спорттық жаттығулар) педагогтің нұсқауларын қазақ тілінде түсініп орындау;

- қимыл белсенділігін ұйымдастыруда балалардың сөздік қорын байыту.

Таңертеңгі жаттығулар барысында қазақ тілінде айтылған нұсқауларды орындауға үйрету, қарапайым қауіпсіздік ережелерін түсініп, сақтауға баулу. Сергіту сәтінде, серуен кезінде педагогтің қазақ тілінде берген нұсқауларын орындауға жаттықтыру. Қимылды және ұлттық ойындардың атауларын қазақ тілінде үйрету, сондай-ақ олардың ережелерін түсіну және орындау. Ұлттық ойындарға қажетті құралдарды қолдануға баулу. Іс-қимылды білдіретін сөздерді (жүр, отыр, тұр, бар, секір, жүгір, қуып жет, ойна, тығыл, қаш, қу, ұста, сапқа тұру) түсінуге және қимылдарды орындауға үйрету, осы сөздермен сөздік қорды толықтыру.


Күтілетін нәтижелер:

- таңертеңгі жаттығулар барысында қазақ тілінде айтылған нұсқауларды орындайды;

- қазақ тілінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін түсінеді және сақтайды;

- негізгі қимылдарды педагогтің қазақ тілінде берген нұсқаулары бойынша орындайды;

- қимылды, ұлттық ойындар барысында ойын ережелерін сақтайды, оларды орындайды;

- қимылды ойындар мен ұлттық ойындардың қазақ тіліндегі атауларын біледі;

- ұлттық ойындарға қажетті құралдарды қолданады;

- іс-қимылды білдіретін сөздерді (жүр, отыр, тұр, бар, секір, жүгір, қуып жет, ойна, тығыл, қаш, қу, ұста, сапқа тұру) түсінеді және орындайды;

- сөйлегенде әрекетті білдіретін сөздерді қолданады.


Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Коммуникативтік дағдыларды дамытуда балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және тіл дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

- ересектермен және құрдастарымен қазақ тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;

- балалардың қазақ тілінде өз бетінше сөйлеуін қолдау;

- қарапайым сұрақтарды түсініп, жауап беруге үйрету;

Күні бойы ұйымдастырылған іс-әрекеттердің элементтерін қазақ тілінде өткізу. Коммуникативтік дағдыларын дамытуда белсенді сөздік қорды байыту, тілдік нормаларды, қарым-қатынас мәдениетін меңгерту.

Тілдік дамытушы орта

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қазақ тілінде қарым-қатынас жасауына тілдік дамытушы орта құру: сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, ұжымдық әңгімеге қатысуға, түрлі балалар әрекеттерінде өзінің және құрдастарының әрекетін түсіндіруге баулу.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде айтуға үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерден жай сөйлем құрастыруға үйрету.

Сөздік қор

Сөздік қорды ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көкөніс пен жеміс, үй жануарларының атауларын білдіретін зат есімдермен байыту (сөздік минимум).

Туыстық қатынасты білдіретін сөздерді («ана», «әке», «ата», «әже», «аға», «апа», «іні») күнделікті қолдануға ықпал ету.

Өзінің отбасы, ата-анасының мамандықтары, отбасындағы қызықты оқиғалар туралы айтуға баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-3 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету.

Байланыстырып сөйлеу

Қазақ тілінде қарым-қатынас барысында балаларды сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға жауап беруге баулу.

Таныс кітаптардағы суреттерді құрдастарымен бірге қарастыру, ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап беруге, өздігінен қайталап айтуға баулу.

Суреттердің мазмұны бойынша шағын әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.

Педагогпен бірге таныс ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда қазақ тілінен үйренген сөздерін қолдануға үйрету.

Педагогтің үлгісі бойынша ойыншықтарды, тұрмыстық заттарды, жемістерді, жануарларды, төрт түлікті өздігінен сипаттау және қысқаша әңгімелеуге баулу. Бір-бірімен диалог құруға мүмкіндік беру.

Сөздік қорды дамытуда санамақтар, қысқа тақпақтар, мақал-мәтелдер, әндер жаттауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

- ересектермен және құрдастарымен қазақ тілінде қарым-қатынас жасайды;

- сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтайды;

- ұжымдық әңгімеге қатысады;

- түрлі балалар әрекеттерінде өзінің және құрдастарының әрекетін түсіндіре алады;

- қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке және сөз ішінде айтады;

- қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерден жай сөйлем құрастырады;

- ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көкөніс пен жеміс, үй жануарларының атауларын білдіретін зат есімдерді қолданады;

- туыстық қатынасты білдіретін сөздерді («ана», «әке», «ата», «әже», «аға», «апа», «іні») күнделікті қолданады;

- өзінің отбасы, ата-анасының мамандықтары туралы біледі және қазақ тілінде айтады;

- отбасындағы қызықты оқиғалар туралы айтады;

- сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-3 сөз) қайталап айтады;

- қарапайым сұрақтарды түсінеді, оларға жауап береді;

- ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұнын түсінеді, өздігінен қайталап айтады;

- суреттердің мазмұны бойынша шағын әңгіме құрастырады;

- таныс ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнайды;

- бірлескен ойындарға қатысады, онда қазақ тілінен үйренген сөздерін қолданады;

- ойыншықтарды, тұрмыстық заттарды, жемістерді, жануарларды, төрт түлікті өздігінен сипаттайды, қысқаша әңгімелейді;

- бір-бірімен диалог құрады;

- санамақтар, қысқа тақпақтар, мақал-мәтелдер, әндерді жатқа айтады.


Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекетінің элементтері арқылы іске асырылады.

Мақсаты: балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларын дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.

Міндеттері:

- ұйымдастырылған іс-әрекеттердің элементтерін қазақ тілінде өткізу;

- танымдық және зияткерлік дағдыларын дамытуда бір-бірімен қазақ тілінде сөйлесуіне назар аудару;

- дидактикалық және дамытушы ойындар, санамақтар арқылы қазақ тілінде сөйлеуін дамыту.

Қазақ тілінде 10-ға дейін тура және кері санауға жаттықтыру. Геометриялық фигураларды (дөңгелек, ұшбұрыш, шаршы, сопақша, тіктөртбұрыш) атай білуге үйрету.

Жиі қолданатын заттардың түстерін, пішіндерін, айлар, жыл мезгілдерін, тәулік бөліктерін («кеше», «бүгін», «ертең») қазақ тілінде атай білуге үйрету.

Заттардың орналасқан жерін (сол, оң) қазақ тілінде атай білуге үйрету. Сандарды реті бойынша атауға, «қанша?», «қайда?» сұрақтарына жауап беруге баулу.

Күтілетін нәтижелер:

- қазақ тілінде 10-ға дейін тура және кері санайды;

- геометриялық фигураларды (дөңгелек, ұшбұрыш, шаршы, сопақша, тіктөртбұрыш) атай біледі;

- жиі қолданатын заттардың түстерін, пішіндерін қазақ тілінде атайды;

- айлар, жыл мезгілдерін, тәулік бөліктерін («кеше», «бүгін», «ертең») біледі және қазақ тілінде атай алады;

- заттардың орналасқан жерін (сол, оң) қазақ тілінде атайды;

- сандарды реті бойынша атайды, «қанша?», «қайда?» сұрақтарына жауап бере алады.


Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің элементтері арқылы іске асырылады.

Мақсаты балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.

Міндеттері:

- шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуда қазақ тілін үйренуге жағдай жасау;

- сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері барысында сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту;

- ұжымдық жұмыс барысында балалардың бір-бірімен қазақ тілінде сөйлесуіне ықпал ету.

Сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыруда жиі қолданатын заттардың (қағаз, желім, ермексаз, қайшы, бояу, қалам), негізгі түстердің атауларын (ақ, қара, көк, жасыл, сары, қызыл) қазақ тілінде атай білуге үйрету.

Зерттеу әрекетінде жиі қолданылатын заттарды (су, құм, тас, бояу) қазақ тілінде атауға үйрету, балаларға бір-бірімен қазақ тілінде сөйлесуге мүмкіндік беру.

Шығармашылық дағдыларды дамыту барысында өзінің жұмыстарын қазақ тілінде әңгімелеп беруге баулу.

Балалар музыкалық аспаптарында қазақ тілінде қарапайым, таныс әндерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

- сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыруда жиі қолданатын заттардың атауларын (қағаз, желім, ермексаз, қайшы, бояу, қалам) қазақ тілінде атайды;

- негізгі түстердің қазақ тіліндегі атауларын (ақ, қара, көк, жасыл, сары, қызыл) біледі және оларды атайды;

- түрлі балалар әрекетінде бір - бірімен қазақ тілінде сөйлеседі;

- зерттеу іс-әрекеті барысында жиі қолданатын заттарды қазақ тілінде (су, құм, тас, бояу) атайды;

- шығармашылық дағдыларды дамыту барысында өзінің жұмыстарын қазақ тілінде әңгімелеп береді.


Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыруда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеттің элементтері арқылы іске асырылады.

Мақсаты балалардың әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын қалыптастыруда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.

Міндеттері:

- ұйымдастырылған іс-әрекеттің элементтерін қазақ тілінде өткізу;

- отбасы және отбасы мүшелері, олардың мамандықтары туралы қазақ тілінде әңгімелеуге үйрету;

- сөздік қорын қоршаған орта заттарының атауларын білдіретін қазақ тіліндегі сөздермен байыту.

Өзі және өзінің отбасы жайлы, ата-анасының мамандықтары туралы қазақ тілінде әңгімелеп беруге ынталандыру, отбасы мүшелеріне алғыс айтуды (рақмет), сыпайы сөйлеуді (сіз, кешір, өтінем) үйрету.

Қазақ тілінде «дұрыс», «дұрыс емес», «жақсы», «жаман», «болады», «болмайды» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Күнделікті тұтынатын жемістер мен көкөністердің (алма, алмұрт, өрік, шие, қияр, сәбіз, қызанақ) және үй жануарларының атауларын (мысық, ит, қой, лақ, қозы, сиыр, ешкі, жылқы) қазақ тілінде айтуға жаттықтыру.

Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана туралы және Отан туралы шағын өлеңдер, тақпақтар, мақал-мәтелдер жаттату.

Күтілетін нәтижелер:

- өзі және өзінің отбасы жайлы қазақ тілінде әнгімелеп береді;

- отбасы мүшелеріне алғыс айтады (рақмет), сыпайы сөйлейді (сіз, кешір, өтінем);

- ата-анасының мамандықтары туралы әңгімелейді;

- қазақ тілінде «дұрыс», «дұрыс емес», «жақсы», «жаман», «болады», «болмайды» сөздерінің мағынасын түсінеді;

- күнделікті тұтынатын жемістер мен көкөністердің атауларын қазақ тілінде айтады (алма, алмұрт, өрік, шие, қияр, сәбіз, қызанақ);

- үй жануарларының атауларын қазақ тілінде айтады (мысық, ит, қой, лақ, қозы, сиыр, ешкі, жылқы);

- Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана туралы және Отан туралы шағын өлеңдерді, тақпақтарды жатқа айтады.









6-Қосымша


Басқа тілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйрету үшін

«Тілге бойлау» бағдарламасын меңгерту бойынша

жүргізілетін аралық мониторнинг

критерийлері мен индикаторлары


Ересек топ (4 жастағы балалар)

Физикалық қасиеттерді дамыту

4-Ф.1

қазақ тілінде айтылған қимылды және ұлттық ойындардың ережелерін тыңдайды және түсінеді:

тыңдайды және түсінеді

тыңдайды, ішінара түсінеді

тындамайды, түсінбейді

4-Ф.2

іс-қимылды білдіретін сөздерді (апар, бер, ал, әкел) түсінеді және іс-қимылдарды орындайды:

түсінеді, орындайды

түсінеді, ішінара орындайды

түсінбейді, орындамайды

4-Ф.3

қазақ тілінде айтылған сергіту сәттерін орындайды:

орындайды

ішінара орындайды

орындауға талпынбайды

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

4-К.1

күнделікті жиі қолданылатын сөздерді (күз, ит, қой, қозы, май, өрік, сабын, су, лақ-ешкі) педагогпен бірге қайталайды:

қайталайды

кейбіреуін қайталайды

қайталамайды

4-К.2

қазақ тілінде ырзашылығын білдіреді (Рақмет!):

білдіреді

білдіруге талпынады

білдірмейді

4-К.3

таныс ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдайды:

тыңдайды

ішінара тыңдайды

тыңдамайды

4-К.4

қазақ тіліне тән «ә», «ө», «і», «ү» дыбыстарын айтады:

айтады

айтуға талпынады

айта алмайды

4-К.5

бұйрық райлы етістіктерді («бар», «кел», «айт») түсінеді:

түсінеді

ішінара түсінеді

түсінуге талпынады

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

4-Т.1

қазақ тілінде 5-ке дейін реті бойынша санайды:

сандарды реті бойынша санайды

сандарды реті бойынша кейде санайды

сандарды реті бойынша санай алмайды

4-Т.2

геометриялық фигураларды (дөңгелек, ұшбұрыш, шаршы) біледі және атайды:

біледі және атайды

біледі және атауға талпынады

біледі, атауға тырыспайды

4-Т.3

сөздік минимумда берілген кеңістікті бағдарлау сөздерін (жоғары, төмен, оң, сол) педагогпен бірге айтады:

педагогпен бірге айтады

педагогпен бірге айтуға тырысады

айта алмайды

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

4-Ш.1

қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраны таниды:

таниды

тануға тырысады

танымайды

4-Ш.2

қазақ халқының ұлттық би қимылдарын педагогпен бірге орындайды:

педагогпен бірге орындайды

педагогпен бірге орындауға тырысады

орындамайды

4-Ш.3

қазақ тілінде қарапайым әндерді педагогке қосылып айтады:

қосылып айтады

ішінара қосылып айтады

қосылып айта алмайды

4-Ш.4

сурет салуда, жапсыруда, мүсіндеуде, құрастыруда жиі қолданатын заттардың қазақ тілінде атауларын (қағаз, бояу, қалам, қайшы, желім, ермексаз) біледі:

біледі

ішінара біледі

білмейді

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

4-Ә.1

қазақ тілінде сәлемдеседі және қоштасады (Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз!):

сәлемдеседі және қоштасады

сәлемдесуге және қоштасады талпынады

сәлемдеспейді, қоштаспайды

4-Ә.2

қазақ тілінде сыпайы сөздерді (рақмет, кешір) біледі:

біледі

ішінара біледі

білмейді

4-Ә.3

қазақ тілінде күнделікті жиі қолданылатын заттардың атауларын біледі:

біледі

білуге талпынады

білмейді

Мектепалды топ (5 жастағы балалар)

Физикалық қасиеттерді дамыту

5-Ф.1

сергіту сәтінде педагогтің қазақ тілінде берген нұсқауларын орындайды:

орындайды

орындауға тырысады

орындамайды

5-Ф.2

негізгі қимылдарды орындауда педагогтің қазақ тілінде берген нұсқауларын түсінеді:

түсінеді

кейбіреуін түсінеді

түсінбейді

5-Ф.3

іс-қимылды білдіретін сөздерді (ойна, тығыл, қаш, қу) түсінеді және іс-қимылдарды орындайды:

түсінеді, орындайды

түсінеді, ішінара орындайды

түсінбейді, орындамайды

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

5-К.1


туыстық қатынасты білдіретін сөздерді («ана», «әке», «ата», «әже») түсінеді:

түсінеді

кейбіреуін түсінеді

түсінбейді

5-К.2


санамақтар мен қысқа тақпақтарды педагогпен бірге қайталайды:

қайталайды

кейбіреуін қайталайды

қайталай алмайды

5-К.3

қазақ тілінде қойылған сұрақтарды түсінеді:

түсінеді

ішінара түсінеді

түсінбейді

5-К.4

шағын ертегілер мен шығармалардың мазмұнын түсінеді:

түсінеді

ішінара түсінеді

түсінбейді

5-К.5

күнделікті жиі айтылатын сөздік минимумда берілген сөздерді (есік, терезе, қияр,

қызанақ, қызылша, қуыршақ, қасық, сиыр-бұзау, жейде) педагогпен бірге қайталайды:

қайталайды

кейбіреуін қайталайды

қайталай алмайды

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

5-Т.1

1-ден 10-ға дейін сандарды реті бойынша біледі:

біледі

ішінара біледі

білмейді

5-Т.2

геометриялық фигуралардың қазақ тіліндегі атауларын (тіктөртбұрыш) біледі:

біледі

білуге тырысады

білмейді

5-Т.3

қазақ тілінде қыс айларының (желтоқсан, қантар, ақпан) және жыл мезгілінің (қыс) атауларын біледі және атайды:

біледі, атайды

ішінара біледі, кейбіреуін атайды

білмейді, атай алмайды

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

5-Ш.1

қазақ тілінде қарапайым әуендерді тыңдайды:

тыңдайды

ішінара тыңдайды

тыңдамайды

5-Ш. 2

қазақ халқының музыкалық аспаптарының қазақ тілінде атуларын педагогтің көмегімен атайды:

педагогтің көмегімен атайды

педагогтің көмегімен атауға тырысады

педагогтің көмегімен атауға талпынбайды

5-Ш.3

қазақ тілінде қарапайым әндердің сөздерін педагогпен бірге қайталайды:

педагогпен бірге қайталайды

педагогпен бірге қайталауға талпынады

педагогпен бірге қайталамайды

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

5-Ә.1

қазақ тілінде туыстық қатынасты білдіретін сөздердің («әке», «ана», «ата», «әже», «аға», «апа», «іні», «бөпе») атуларын біледі және отбасы туралы әңгімелейді:

біледі, әңгімелейді

біледі, ішінара әңгімелейді

білмейді, әңгімелей алмайды

5-Ә.2

ата-анасының мамандықтары туралы біледі:

біледі

ішінара біледі

білмейді

5- Ә.3

Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана туралы шағын өлеңдер мен тақпақтарды педагогтің көмегімен қайталайды:

педагогтің көмегімен қайталайды

педагогтің көмегімен қайталауға тырысады

педагогтің көмегімен қайталауға талпынбайды


Басқа тілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйрету үшін

«Тілге бойлау» бағдарламасын меңгерту бойынша

жүргізілетін қорытынды мониторнинг

критерийлері мен индикаторлары


Ересек топ (4 жастағы балалар)

Физикалық қасиеттерді дамыту

4-Ф.1

іс-қимылды білдіретін сөздерді түрлі әрекеттерде өзбетінше қолданады:

өзбетінше қолданады

кейбіреуін қолданады

қолданбайды

4-Ф.2

тамақтану мен ұйқының денсаулыққа пайдасын біледі және айтады:

біледі, айтады

ішінара біледі, айтуға тырысады

білмейді, айтып бере алмайды

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

4-К.1

сөйлегенде зат есімдерді, сын есімдер мен сан есімдерді, етістіктерді қолданады:

қолданады

қолдануға талпынады

қолдана алмайды

4-К.2

кітаптағы суреттерді өзбетінше қарап, шағын әңгіме құрастырады:

өзбетінше қарайды және құрастырады

өзбетінше қарайды, ішінара құрастырады

өзбетінше қарайды, құрастыра алмайды

4-К.3

қарапайым сұрақтарға жауап береді:

жауап береді

ішінара жауап береді

жауап бермейді

4-К.4

ұжымдық әңгімеге қатысады, өзінің ойын айтады:

қатысады, айтады

қатысады, ойын айтуға талпынады

қатысады, ойын айта алмайды

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

4-Т.1

«қанша болды?», «қаншасы қалды?» сұрақтарын ажыратады және жауап береді:

ажыратады және жауап береді

ажыратады, ішінара жауап береді

ажырата алмайды, жауап беруге тырыспайды

4-Т.2

заттарды өсу және кему ретімен орналастырады және нәтижесін айтады:

орналастырады және айтады

орналастырады, ішінара айтады

орналастыруға және айтуға талпынбайды

4-Т.3

геометриялық фигураларды көру және сипап сезу арқылы зерттейді және айтып береді:

зерттейді және айтып береді

зерттейді және айтып беруге талпынады

зерттейді, әңгімелеп бере алмайды

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

4-Ш.1

салған суреттері, мүсіндеген бұйымдары туралы айтады:

айтады

ішінара айтады

айтуға талпынбайды

4-Ш.2

ұжымдық жұмыс барысында берілген нұсқауларды орындайды және ортақ жұмыстың нәтижесін айтып береді:

орындайды және айтып береді

орындайды, айтып беруге талпынады

орындайды, айтып бере алмайды

4-Ш.3

қазақ ою-өрнектерінің түрлерін біледі және атайды:

біледі, атайды

кейбіреуін біледі, атауға талпынады

білмейді, атауға талпынбайды

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

4-Ә.1

ата-анасының мамандықтары туралы әңгімелейді:

әңгімелейді

әңгімелеуге талпынады

әңгімелей алмайды

4-Ә.2

құстардың атауларын біледі және оларды атайды:

біледі және атайды

біледі, ішінара атайды

білмейді, атауға талпынбайды

4-Ә.3

төрт түлік және оның төлдері туралы айтады:

айтады

айтуға тырысады

айта алмайды

Мектепалды топ (5 жастағы балалар)

Физикалық қасиеттерді дамыту

5-Ф.1

қимылды ойындардың ережелеріне сәйкес әрекеттерді орындайды:

орындайды

орындауға талпынады

орындамайды

5-Ф.2

өзінің көңіл-күйін сипаттайды:

сипаттайды

ішінара сипаттайды

сипаттай алмайды

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

5-К.1

сюжеттік суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырады:

құрастырады

құрастыруға талпынады

құрастыра алмайды

5-К.2

құрдастарына сұрақтар қояды және өзіне қойылған сұрақтарға жауап береді:

сұрақтар қояды және жауап береді

сұрақтар қояды, жауап беруге тырысады

сұрақтар қоя алмайды және сұрақтарға жауап бере алмайды

5-К.3

таныс ертегілердің, әңгімелердің мазмұнын айтады:

айтады

кейбіреуінің мазмұнын айтады

айтуға талпынбайды

5-К.4

өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтарды жатқа айтады:

жатқа айтады

бірнешеуін жатқа айтады

жатқа айта алмайды

5-К.5

еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің рөлін сомдайды:

сомдайды

ішінара сомдайды

сомдауға талпынбайды

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

5-Т.1

жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден құрады және айтып береді:

құрады, айтып береді

құрады, айтып беруге тырысады

құрады, айтып бере алмайды

5-Т.2

кеңістікті бағдарлауға қатысты сөздерге сәйкес (оң, сол, жоғары, төмен, үстінде, астында, қасында, артында, жанында, ортасында) әрекеттерді орындайды:

орындайды

кейбіреуін орындайды

орындамайды

5-Т.3

шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшейді және айтады:

өлшейді және айтады

өлшейді, айтуға талпынады

өлшейді, айтуға тырыспайды

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

5-Ш.1

өзі зерттеген заттарды сипаттайды:

сипаттайды

ішінара сипаттайды

сипаттай алмайды

5-Ш.2

таныс әндердің мазмұны туралы айтады:

айтады

айтуға тырысады

айта алмайды

5-Ш. 3

құрастырған, жапсырған бұйымдары, салған суреті туралы әңгімелейді:

әңгімелейді

әңгімелеуге талпынады

әңгімелеуг тырыспайды

Әлеуметтік - эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

5 - Ә.1

жануарларды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады және олар туралы айтады:

топтастырады және айтады

топтастырады, ішінара айтады

тотастыруға және, айтуға талпынбайды

5 - Ә.2

айналасында болып жатқан жағдайларға өзінің пікірін білдіреді:

білдіреді

білдіруге талпынады

білдіре алмайды

5 - Ә.3

арнайы көлік құралдарының түрлерін ажыратады және оларды түрлі әрекеттерде қолданады:

ажыратады және қолданады

ажыратады, қолдануға тырысады

ажыратады, қолданбайды


 

























7-Қосымша


Қазақ тілін меңгерту үшін қажетті сөздік қоры


Жас топтары

Ерте жас тобы

Кіші топ

Ортаңғы топ

Ересек топ

Мектепалды даярлық тобы/сыныбы

Жалпы ережелер

Балалардың сөздік қоры отбасы мүшелерінің атауларын, күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың атауларын, тағамдардың атауларын, белгілі қимылдарды білдіретін сөздермен толықтырылады. Балалар таныс заттардың атауын есте сақтап, қайталауға үйренеді.

Балаларды педагогтің сөзін түсінуге үйрету. Адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін (қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінуге, зат есімдерді етістікпен байланыстыруға баулу.

Үш жастағы баланың сөйлеуі екі жасар баланың сөйлеуінен ерекшеленеді. Бұл жаста баланың сөздік қоры толықтырылады. Осы жастағы баланың сөздік қоры шамамен 1000 сөзді құрайды. Бала адамдар, заттар мен құбылыстар туралы қарапайым тұжырымдар жасай алады, жаңа сөздерді есте сақтайды, оларды түрлендіреді (айтылымын өзгертеді, сөз тіркестерін ойлап табады).

4 жастағы баланың сөздік қоры шамамен (1000-1500) сөзбен толықтырылады. Бала өз ойын ересек адамға анық және нақты жеткізе білуі, сөйлеуде жай және жайылма сөйлемдерді қолдана білуі керек. Бұл жаста балалар күнделікті өзінің қатысуымен болып жатқан оқиғаларды айта алады.
Төрт жасар бала білуі керек:
-4-5 сөзден тұратын сөйлем айту;
-сөйлем сөздерін бір-бірімен үйлестіру;
-құрдастарымен және ересектермен диалог жүргізу;
-тақырыпты сипаттай білу;
-антонимдерді түсіну (ақ-қара, үлкен-кішкентай).

5 жаста баланың сөздік қоры шамамен 3000 мың сөзді құрауы мүмкін, сонымен қатар байланыстырып сөйлеуі жетіледі. Бала сөйлеу барысында негізгі ұғымдарды еркін қолдана алады.
 

Сөздік
минимум үлгісі
 

Отбасы

Ана, ата апа.

Ана, әке, ата, апа, әже, мен, сен, ол.

Ана, әке, ата, апа, әже, аға, іні, әпке, мен, сен, ол.

Ана, әке, ата, апа, әже, аға, іні, әпке, мен, сен, ол, біз, сіз, олар.

Ана, әке, ата, апа, әже, аға, іні, қарындас,әпке, сіңлі, мен, сен, ол, біз, сіз, олар.


Күнделікті жиі қолданылатын тұрмыстық сөздер

Су, ауа, топ.

Су, ауа, жел, таза, топ, сабын, күт, қар, жер.

Балабақша, сабын, су, кір, таза, билейік, ән айтамыз, ауа, қар, жел, жаңбыр, суық, ыстық, жылы, жылы киінеміз, жеңіл киінеміз, үстел, орындық, топ, байқа, асықпа, күт, көмектес, жер, орамал.

Балабақша, үй, есік, терезе, дүкен, емхана, сабын, су, кір, таза, билейік, ән айтамыз, ауа, қар, жел, жаңбыр, суық, ыстық, жылы, жылы киінеміз, жеңіл киінеміз, үстел, орындық, топ, байқа, асықпа, күт, көмектес, итерме, таласпа, қала, көше, жол, жолда абайла!, қағаз, қайшы, бояу, кітап, желім, қатты, жұмсақ, жер, мұз, ауа, шеңбер, қалам, қылқалам, сурет, төсек, шана, аққала, орамал.

Балабақша, үй, есік, терезе, дүкен, емхана, сабын, су, кір, таза, билейік, ән айтамыз, ауа, қар, жел, жаңбыр, суық, ыстық, жылы, жылы киінеміз, жеңіл киінеміз, үстел, орындық, топ, байқа, асықпа, күт, көмектес, итерме, таласпа, қала, ауыл, көше, жол, жолда абайла! баспалдақтан байқап түс, қағаз, қайшы, бояу, кітап, желім, қатты, жұмсақ, жер, мұз, ауа, шеңбер, қалам, қылқалам, сурет, төсек, шана, аққала, орамал
Апта күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Ай атаулары: қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.
Жиһаздар: үстел, орындық кереует, кілем, сөре, теледидар, тоңазытқыш.



Сыпайы сөздер

Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рақмет!

Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рақмет!

Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рақмет! кешірші, мен олай қайталамаймын, татуласыңдар, бірге ойнайық, алуға бола ма ?

Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рақмет! кешірші, мен олай қайталамаймын, татуласыңдар, бірге ойнайық,алуға бола ма ?

Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рақмет! Кешіріңіз! кешірші, мен олай қайталамаймын, татуласыңдар, бірге ойнайық, алуға бола ма? Рұқсат па? Ренжімеңіз!

Азық-түлікке қатысты сөздер

Нан, су, сүт, сорпа, ботқа, алма, шие.

Нан, су, сүт, шәй, май, тоқаш ботқа, сорпа, алма, банан, шие.

Нан, бауырсақ, шәй, май, ірімшік, сүт, айран, су, тоқаш,сусын, сорпа, ботқа, тамағыңды іш, ас болсын!
Көгөністер-жемістер:
алма, алмұрт, банан, өрік, шие, қияр, пияз, сәбіз.
 

Нан, бауырсақ, шай, май, ірімшік, сүт, қаймақ, тоқаш, айран, жұмыртқа, су, сусын, сорпа, ботқа, дәмді, ащы, тұз, тәтті, қант, айран, ет, балық, тамағыңды іш, ас болсын!
Көгөністер- жемістер:
шие, алма, алмұрт, қарбыз, қауын өрік, жеміс, көгөніс, сәбіз, қияр, қызанақ.

Нан шәй, май, ірімшік, сүт, қаймақ, айран, жұмыртқа, су, сусын, сорпа, тоқаш, ботқа, дәмді, ащы, тұз, тәтті, қант, ет, балық, тамағыңды іш, ас болсын!
Ұлттық тағамдар: қымыз, шұбат, бауырсақ, құрт, қазы, ірімшік.
Көгөністер-жемістер: алма, банан, шие, өрік, алмұрт, қарбыз, қауын, алхоры, қияр, қызанақ, қызылша, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, қарақат, таңқурай, құлпынай.

Көліктер

Көлік.

Көлік, кеме.

Автокөлік, кеме, ұшақ, тік ұшақ, пойыз, бесік арба (коляска), велосипед, самокат, жүргіншілер жолы, бағдаршам.

Автокөлік, ұшақ, тік ұшақ пойыз, велосипед, самокат, жүргіншілер жолы, бағдаршам.
Мамандықтар иесі: дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, ұшқыш, жүргізуші, өрт сөндіруші, құрылысшы, тәртіп сақшысы.
 

Автокөлік, ұшақ, тік ұшақ, пойыз, трактор, метро, велосипед, самокат, жедел жәрдем көлігі, жүк көлігі, өрт сөндіргіш көлік, автобус, троллейбус, аялдама, жүргіншілер жолы, бағдаршам.
Мамандықтар иесі: дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, ұшқыш, сатушы, жүргізуші, өрт сөндіруші, құрылысшы, тәртіп сақшысы.

Ойыншықтар

Доп.

Доп, асық.

Қуыршақ, доп, текше, асық, күрек, шелек.

Доп, текше, қонжық, қуыршақ, асық, шелек, күрек, бесік арба (коляска).

Доп, текше, қонжық, куыршақ, секіртпе, асық, шелек, күрек, бесік арба (коляска), шымылдық.

Ыдыстар

Кесе.

Кесе.

Кесе, қасық, тәрелке.

Кесе, тәрелке, қасық, шанышқы, шәйнек.

Кесе, тәрелке, қасық, шанышқы, пышақ, шәйнек.

Дене мүшелері

Бас, қол, көз.

Бас, қол, аяқ, бет, іш, көз.

Дене, бет, бас, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс, құлақ, шаш, іш, бел, аяқ, қол, саусақ, алақан.

Дене, бет, маңдай, бас, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс, ерін, құлақ, шаш, бет, іш, бел, аяқ, қол.

Дене, бет, маңдай, бас, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс, ерін, құлақ, шаш, бет, іш, бел, аяқ, қол, саусақ, алақан, мойын, иық, арқа, тізе,өкше.

Түстер атауы

Ақ.

Ақ, қара.

Ақ, көк, қара, қызыл, сары, жасыл.

Ақ, көк, қара, жасыл, сары, қызыл, қоңыр.

Ақ, көк, қара, жасыл, сары, қызыл, қызғылт, қызғылт сары, қоңыр, көгілдір.


Іс-қимылды білдіретін сөздер

Бар, бер, кел, жу, апар.

Бар, бер, кел, жу, жүр, отыр, тұр, іш.

Жүр, отыр, тұр, бар, апар, бер, іш, жу, кел, секір, жүгір, ұйықта, ойна, тығыл, қаш, қу, ұста, жина.
 

Жүр, отыр, тұр, бар, апар, бер, ал, әкел, іш, жуу, кел, секір, жүгір, қуып жет, ұйықта, ойна, тығыл, қаш, қу, ұста, жина, сапқа тұру, ауыздарыңды жауып шайнаңдар, әбден шайнап жеңдер, майлықпен сүртіңдер, төкпей-шашпай ішіңдер, төсекке байқап міну (тұсу), түймені дұрыс тағу, гүлге су құю, сырғанау.

Жүр, отыр, тұр, бар, апар, бер, ал, әкел, іш, жуу, кел, секір, жүгір, қуып жет, қуып жет те ұста, ұйықта, ойна, тығыл, қаш, қу, ұста, жина, сапқа тұру, ауыздарыңды жауып шайнаңдар, әбден шайнап жеңдер, майлықпен сүртіңдер, төкпей-шашпай ішіңдер, екі топқа бөлініңдер, билендер, тез киіну (шешіну), жолдасына көмектесу, киімдерін ұқыпты жинау, төсекке байқап міну (тұсу), түймені дұрыс тағу, гүлге су құю, сырғанау.

Кеңістікті бағдарлау сөздері


Оң, сол.

Оң, сол, үстінде, астында, қасында, артында.
 

Оң, сол, жоғары, төмен, үстінде, астында, қасында, артында, жанында.

Оң, сол, жоғары, төмен, алыс, жақын, үстінде, астында, қасында, артында, жанында, ішінде.

Заттардың санын білдіретін сөздер және реттік сан есімдер


Аз.

Аз, көп.
 

Бір, екі, үш, төрт, бес, аз, көп, бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші.

Бір, екі, үш, төрт, бес,алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, аз, көп, бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы.

Табиғат әлемі

Ат, ит.

Ат, ит, аю, қар, жел, жылы.

Күз, қыс, көктем, жаз.
Ауа райы құбылыстары: жаңбыр, қар, жел, суық, жылы, аяз, ыстық.
Өсімдіктер әлемі:
шөп, ағаш, шырша, гүл, жапырақтар,
Жанурлар әлемі:
Ит, мысық, ат, сиыр, қой, қоян, түлкі, қасқыр, аю.

Күз, қыс, көктем, жаз.
Ауа райы құбылыстары: жаңбыр, қар, жел, суық, жылы, аяз, ыстық, кемпірқосақ, ай, күн, аспан, бұлт.
Өсімдіктер әлемі:
шөп, ағаш, шырша, гүл, жапырақ, бөлме гүлдері, өсімдіктер өседі.
Жанурлар әлемі:
үй жануарлары: қозы, қой, лақ, ешкі, сиыр, бұзау жылқы, құлын, мысық, марғау, ит, күшік.
Жабайы аңдар: аю, түлкі, қасқыр, арыстан, піл, қоян, кірпі.
Үй құстары: тауық, әтеш, балапан, қаз, үйрек.
Дала құстары: аққу, қарлығаш, торғай, қарға, көгершін.

Күз, қыс, көктем, жаз.
Ауа райы құбылыстары: жаңбыр, қар, жел, суық, жылы, аяз, ыстық, найзағай, кемпірқосақ, ай, күн, аспан, бұлт.
Өсімдіктер әлемі:
шөп, ағаш, шырша, гүл, жапырақ, тамыр, бұтақ, бүршіктер, раушан, қарағай, терек, емен, қайың, өсімдіктер өседі.
Жанурлар әлемі:
үй жануарлары: қозы, қой, лақ, ешкі, сиыр, бұзау жылқы, құлын, бота, түйе, мысық, марғау, ит, күшік.
Жабайы аңдар: аю, түлкі, қасқыр, арыстан, піл, қоян, жылан, жолбарыс, керік, кірпі.
Үй құстары: тауық, әтеш, балапан, қаз, үйрек.
Дала құстары: аққу, қарлығаш, торғай, қарға, сауысқан, көгершін, шағала, бүркіт, қыран, тотықұс.

Киім-кешек

Тон, етік.

Тон, етік, шалбар.

Шалбар, көйлек, жемпір, тон, етік.

Шалбар, көйлек, жейде, кеудеше, жемпір, ішкиім, малақай, тон, қолғап, етік.

Шалбар, көйлек, жейде, кеудеше, жемпір, ішкиім, малақай, тон, қолғап, етік, пима, шәлі.





МАЗМҰНЫ


2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

4

ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН РЕТТЕЙТІН

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

5

ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР ҮШІН ҚАУІПСІЗ, ЖАЙЛЫ,

ДАМЫТУШЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ

8

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

10


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу

12


Түрлі жас топтарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру

15

МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАРДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

16


Мектепалды сыныптар қызметінің тәртібі

16


Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету

18


«Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлықты ұйымдастыру

19

БАЛАЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ

21

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

23


Экологиялық мәдениетті қалыптастыру

23


Құқықтық сауаттылықты қалыптастыру

24


Қаржылық сауаттылықты қалыптастыру

25

МЕРЕКЕЛІК ІС - ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ (МЕРЕКЕЛЕР, ЕРТЕҢГІЛІКТЕР, САУЫҚ-КЕШТЕР)

27

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

28


Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жүргізілетін жұмыс нысандары

28


Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын жетілдіру. Мобильді консультациялық пункттерде «Тәрбие бесігі» жобасын іске асыру»

30


«Беске дейін үлгер» ата-аналарға арналған мобильді қосымшасы

31


Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің мектепалды сыныптарында тәрбие жұмысы

31

АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ «ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫ» ЖЕЛІСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА «ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫ» САНЫН ҰЛҒАЙТУ

33

ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТАР (КАБИНЕТТЕР) ЖАНЫНДАҒЫ МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ

34

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

35

1 қосымша

36

2 қосымша

39

3 қосымша

45

4 қосымша

50

5 қосымша

60

6 қосымша

73

7 қосымша

78





Shape1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.08.2025
45
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі