Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектеп асханасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
1/ 40- сабақ
Тақырыбы: Мектеп асханасы
Сыныбы: 5 «Б» сынып
Күні:
Мақсаты: - Мектеп асханасының пайдасы туралы түсінік беру, пайдалы тағамдар туралы әңгімелеу;
-тірек сызбалар арқылы сұраулы сөйлемдерді құрастыру;
-«Ас адамның арқауы» тақырыбына танысытырылым және эссе жазу;
Күтілетін нәтиже: - Мектеп асханасының пайдасы туралы түсінік береді,адамға пайдалы тағамдар туралы әңгімелейді;
-тірек сызбалар арқылы сұраулы сөйлемдер құрастырады;
-«Ас адамның арқауы» тақырыбына эссе жазады;
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілер», «сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану», «талантты және дарынды балаларды оқыту», «оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «оқытуды басқару және көшбасшылық».
Әдіс-тәсілдер: «Үш түрлі әдіс арқылы сәлемдесу» әдісі, «Өрмекші торы» әдісі, «Миға шабуыл», Кубизм әдісі, «БҮБ» әдісі
Сабақ кезеңдері/ уақыты |
Жоспар мазмұны |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
бағалау |
Негізгі дереккөздер |
||||||||
Кіріспе |
«Үш түрлі әдіс арқылы сәлемдесу » стратегиясы Мақсаты:психологиялық жағымды ахуал орнату, көңіл –күй сыйлау. «Өрмекші торы » әдісі Максаты: үй тапсырмасын тексеру. Түрлі түсті жұлдызшалар арқылы топтастыру |
Оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызып, үш түрлі әдіс арқылы сәлемдестіру. Шеңберде мұғалім бастап сұрақ қояды, |
Оқушылар қолдарын желкеге, белге, тізеге қойып бір-бірімен сәлемдеседі. оқушылар сұрақ қоюды жалғастырады, жіпті бір-бірлеріне беріп тұрады. |
Қалыптастырушы бағалау: "Бас бармақ» «Өте жақсы!», «тамаша!», «Керемет!», «Жарайсыңдар!» Ауызша мадақтау, смайликтер, жұлдызша. |
Оқулық, Интербелсенді тақта, жұмсақ ойыншық, плакат, жіп, түрлі-түсті маркер, асыл тастар. Слайд- таныстырылым |
||||||||
Тұсаукесер |
Миға шабуыл Бейнежазба көрсету Мақсаты: «Миға шабуыл», ой қозғау «Миға шабуыл» Мақсаты: жаңа сабақтың тақырыбын ашу. |
Асхана туралы бейнежазба көрсету Мұғалім түрткі сұрақ қояды: Балалар бұл қай жерде? Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. |
Көрген бейнежазбалары бойынша қысқаша әңгімелету. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар сабақтың мақсатына өз мақсаттарын қосады. |
«Өте жақсы!» «тамаша!» |
Слайд-таныстырылым |
||||||||
|
Жаңа сөзбен жұмыс Оқылым |
Жаңа сөздермен таныстырады Салқын – прохладный Ыстық – горячий Сусын – напиток Екі мезгіл – два раза Тағам –блюда Жарық -светлый Шағын топтарға сөз тіркестерін, сөздіктегі етістіктерді қатыстырып сөйлем құратады. |
Сөзікті көреді - оқиды-түсінеді – қайталайды – есте сақтайды Өзара ортада ойларын қосып, құраған сөз тіркестері мен сөйлемдерін айтып шығады (кезектесіп, я бір оқушы айтады). |
«Өте жақсы!» «тамаша!», |
Интербелсенді тақта |
||||||||
|
Оқылым |
Мәтінді оқушыларға интербелсенді тақтамен тыңдатады |
Оқушылар әр шағын топта алдымен мәтінді жеке оқып шығады, содан кейін ортада түсінгендері туралы ортаға салып пікірлеседі, |
|
|
||||||||
|
Тілдесім Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру |
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыртады |
Мәтін бойынша сұрақтарды тізбекпен қояды, жауап береді |
«тамаша!», |
|
||||||||
|
Кубизм әдісі |
Қазақ халқының ұлттық тағадары неше топқа бөлінеді? |
Балалар мұғалімнің сұрағына жауап бере отырып, постер қорғауға дайындалады. І топ Ет тағамдары ІІ топ Сүт тағамдары ІІІ топ Ұн тағамдары |
«Өте жақсы!» Бағдаршам түсі бойынша: жасыл – өте жақсы сары – орташа қызыл – орташа |
Интербелсенді тақта |
||||||||
|
Жазылым І топ Ет тағамдары ІІ топ Сүт тағамдары ІІІ топ Ұн тағамдары Айтылым «Ментальді карта» Мақсаты:тақырып төңірегінде ойды қорыту, жинақтау |
Кубизм әдісі бойынша әр топқа тапсырма бөледі Қалай бағалау керектігін түсіндіреді. |
І топ Ет тағамдары ІІ топ Сүт тағамдары ІІІ топ Ұн тағамдары тапсырмалары бойынша постер қорғайды |
Әр шағын топ келесі топқа бағдаршама бойынша баға береді. |
|
||||||||
|
Сергіту сәті «Әлқисса» |
АКТ-ны пайдалана отырып,оқушылармен жұмыс жүргізеді. |
Музыка ырғағымен жаттығуды қайталайды. |
«Жарайсыңдар!» |
Интербелсенді тақта |
||||||||
|
Грамматикалық бөлік Сөз таптары зат есім, сын есім |
Оқушыларға сызбалар беріледі, сызбалар бойынша сөз тікестерін құрастырып жазу тапсырылады. |
Берілген сызбалар Зат есім + етістік Сан есім + етістік Сын есім + зат есім. |
«Жарайсыңдар!» |
Сызба-таратпалар |
||||||||
Қорытынды |
|
Осы тақырып бойынша қандай ой түйіндедіңдер? Сауалдарыңа жауапты кестеге түсіреді.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерге стикерлерді жапсыру арқылы білдіреді.
|
«Керемет!» |
стикер |
||||||||
Бағалау
|
|
Мұғалім әр оқушыға өзінің бағасын береді. |
|
|
|
||||||||
|
Үйге тапсырма |
Үйге тапсырма: «Мектеп асханасы» тақырыбына эссе жазу. |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады |
|
Күнделік, қалам |
Мектептегі тәжірибе кезінде өткізген екінші сабағымның тақырыбы: Мектеп асханасы. Сабақтың мақсаты: Мектеп асханасының пайдасы туралы түсінік беру, пайдалы тағамдар туралы әңгімелеу,тірек сызбалар арқылы сұраулы сөйлемдерді құрастыру, «Ас адамның арқауы» тақырыбына танысытырылым және эссе жазу;
Күтілетін нәтиже: Мектеп асханасының пайдасы туралы түсінік береді,адамға пайдалы тағамдар туралы әңгімелейді, тірек сызбалар арқылы сөз тіркестерін, сұраулы сөйлемдер құрастырады, «Ас адамның арқауы» тақырыбына эссе жазады;
Сабаққа қойған мақсатты жүзеге асыру үшін сабағымды 4 кезеңге бөліп өткіздім. Олар: кіріспе, тұсаукесер, негізгі бөлім, қорытынды. Ең бірінші сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, жағымды орта, тұлғаралық байланыс орнату үшін «Үш түрлі әдіс арқылы» стратегиясын пайдаландым. Оқушыларды шеңберіне тұрғыздым, оқушылар бір-бірімен үш түрлі әдіс арқылы сәлемдесті. Оқушылардан мұндай әдісті қолдану қалай әсер еткендігі жөнінде сұрағанда, олар мұндай тәсіл адамдарды жақындастыра түсетіндігі жөнінде, бір-бірлеріне жақсы көңіл –күй сыйлағандары жөнінде айтты. Шынымен де осы тәсілді пайдалану барысында оқушылардың көңілдері көтеріліп қалғандығын байқадым.
Бұл сабақтың күнделікті өтіп жүрген сабақтан өзгеше екенін сезген балалардың көздерінен бір жаңалықты тосқаны көрініп тұрды.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылатын әңгімелесудің үшінші топтық әңгіме түрін алдым. Өйткені менің кәсібім басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін үйрету болғандықтан, менің басты мақсатым балаларды қазақша сөйлету, сондықтан осы әдіс тіл үйренуге тиімді.
Кіріспе бөлімінде «Өрмекші торы » әдісін үй тапсырмасын тексеру мақсатында қолдандым. Оқушылар бір-бірлеріне сұрақ қойып, жауап алды, кейбір оқушылар сұрақ қоя алмаса, кейбіреуі үй тапсырмасына дайындалмағаны байқалды, кейбіреулері шапшаң сұрақ та қойып, жауап да беріп үлгерді, әсіресе мен Шатурная Катя деген оқушы таңқалдырды, себебі ол осы сабақта белсенділік танытты. Сыныпты түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы топтастырдым, бірінші сабаққа қарағанда балалардан бүгін жинақылып байқалды, еш қарсылықсыз алған түстеріне байланысты топтасты. Топтарға
«Алтын ережемізді» бір қайталап, оған бағыну керектігі де айтылды. Тұсау кесер бөлімінде оқушылар Асхана туралы бейнежазба көрді.Бейнежазба бойынша оқушыларға -Балалар бұл қай жерде?, Бейнежазбадан не көрдіңдер, балалар қайда кезекші? Олар не істеп жатыр? Қалай істеп жатыр ? деген сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын аштық. Негізгі бөлімде мәтінде кездесетін жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргіздім, оған талдау жасаттым. Жаңа сөздермен сөз тіркестері және сөйлемдер құрастыру арқылы сөздікті бекіттім. Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып оқушыларға мәтінді тыңдаттым. Мәтіннің мазмұны бойынша топтар бір-бірлеріне сұрақтар қойды. «Жұптас-ойлан-бөліс» әісін пайдаланып, өз мектептеріндегі асхана туралы диалог құрастырды. Кубизм әдііс арқылы әр топқа қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы тапсырма берілді. І топ Ет тағамдары
ІІ топ Сүт тағамдары,ІІІ топ Ұн тағамдары тапсырмалары бойынша постер қорғайды. Топтар бір-бірлерін бас бармақ әдісі арқылы бағалады.Сабақтың грамматикалық бөлімінде топтар сызбалар жазылған таратпалардағы тапсырмаларды орындады. Берілген сызбалар
Зат есім + етістік,сан есім + етістік,сын есім + зат есім. Сабақтың қорытынды бөлімінде рефлексияны БҮБ әдісі арқылы қорытындыладым. Үйге тапсырма «Ас адамның арқауы» тақырыбына эссе жазу берілді.