«Мектеп білім тірегі,Ұстаз оның жүрегі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мектеп білім тірегі,Ұстаз оның жүрегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күніне арналған тәрбие сағаты болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

\ «Мектеп білім тірегі,Ұстаз оның жүрегі»


1-жүргізуші: : Армысыздар, құрметті ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, қонақтар және оқушылар!
Бүгінгі «Мектеп білім тірегі, Ұстаз оның жүрегі» тақырыбында өткізгелі отырған кездесу кешіне қош келдіңіздер!

Бәріңе ұстаз күні құтты болсын,
Апайлар, денсаулығың мықты болсын.
Отбасың бала – шағаң аман болып,
Жастарға мызғымастай бақыт қонсын.

2-жүргізуші: 

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға
Сіздермен тола берсін ортамыз да
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған сіздердің арқаңызда
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңіздің саулығы мықты болсын
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.

1-жүргізуші: 

Ардагер ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбастарыңызға береке, бірлік, қуаныш тілейміз, балаларыңызды жақынан көріп, немерелеріңіздің маңдайынан сипап жүре беріңіздер!

2-жүргізуші: 

Күлімдеген,
Күнім деген,
Қамқор болған ұстазым.
Жаны жайсаң,
Жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын. – дей отырып осы
кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін мектебіміздің директоры, Серік Қабдырұлына сөз береміз.




1-жүргізуші: 

Ардақтысың, ардагерім ұстазым,
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын
Ұстазыма арналады бұл әнім.
Ән: «Ұстаз»
Орындайтын:Гайсина Нұрлы

2-жүргізуші: 

Шәкірттер сізді айтып мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үмітпен сеніміңіз ақталады.
Мың бұрала билейтін қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар.
Қазақ биі

1-жүргізуші: Иә, ұстаздарымызға қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше оқушылардың ұстаздарға арнаған тілектерін тыңдасақ.

2-жүргізуші: 

Айта берсек ұстазға сөз жетпеген,

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.

Айтындаршы, адам бар ма өмірде

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген – деп сіздердің құрметтеріңізге «Екі Жұлдыз» дуэтінің орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: 

Ұстаз болу - жүректің батылдығы,
Ұстаз болу - Сезімнің ақындығы
Ұстаз болу мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Би:Үнді биі

2-жүргізуші: Жетелеген мына заңғар биікке,

Шыға алмайтын тауда жортқан киікте.

Түсіндірді өмір атты ғаламды,

Аяулы ұстаз, мәртебең сенің биікте

 Ән: «Арман ару»
Орындайтындар:Гайсина Нұрлы,Мұхтар Інжу,Қадырболатов Ақжол




1-жүргізуші:

 Ауылдың ару қыздары келді бүгін,

Естідім мектебімнен мереке үнін.

Ұстаздар қошеметпен қарсы алайық!

Жарқыраған бишілердің биін.

Би:Жастар биі

2-жүргізуші:

Келешекке алтын бақ

Қосар таудай үлесін,

Жасай берсін жарқылдап

Ұстаз атты ұлы есім – деп ортаға сіздердің құрметтеріңізге Қадырболатов Ақжолды «Үш меркі» әнімен шақырамыз.

1-жүргізуші:

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен ақ шаш маңдайыңа.

Алаңсыз қуанысып шалқып жүрміз,

Біз үгінб ұстаздардың арқасында.

Ұстазға арнау: Забихоллин Еркебулан

2-жүргізуші: 

Көрмедік артық күліп, артық жүріп,
Шәкірттерді баулуға тәртіпті ғып.
Құттықтайық біз бүгін ұстаздарға
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып
Хор: Ұстазыма
1-жүргізуші:

 Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбетріңізге шығармашылық баққыт, табыс тілейміз! Әрдайым ел игілігі  үшін еңбек етіп  егемен еліміздің ертені болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыныздан ұшыра беріңіздер!

2-жүргізуші: 

Дариа сөздің ағыны

Құрметтеген шәкіртті

Сыймызға риза бол мұғалімдер қауымы.

Осы мен «Мектеп білім тірегі,Ұстаз оның жүрегі» атты кешімізді аяқтаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2018
752
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі