Новопавлов жалпы орта
білім беретін мектебі дефектологының 2017-2018 оқу жылындағы І
жартыжылдық жұмыс есебі.
Новопавлов жалпы орта білім беретін
мектебінде 2017-2018 оқу жылының басында дефектолог кадры ашылып,
бақылауына 6 оқушы алынды. Соның ішінде бастауыш сыныбында
3 оқушы:
-
Абусихов Мирас -
1-сынып
-
Абусихов Санжар -
3-сынып
-
Шарий Дмитрий -
4-сынып
Жоғары және орта буындағы
сыныптарда 3 оқушы:
-
Альмекаев Максим -
5-сынып
-
Кушамов Амиржан -
5-сынып
-
Сахипов Мухаммед -
9-сынып
Осы оқушылармен жұмыстануда
жеке диагностикалық және топтық жұмыстар өткізу үшін сабақ кестесі
құрылды. Әр оқушыға жеке диагностикалық сабақтар 30-35 минуттан,
аптасына 2 рет барлығы 60-70 минут. Топтық жұмыстар 45 минуттан,
аптасына 2 рет барлығы 90 минут.
Балалардың жасын, даму
деңгейін ескере отырып , топқа бөлу және жеке түзету-дамыту
жұмыстары жүргізілді.Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы
күнтізбелік жоспар құрылып, сабақ кестесі жасақталды. Қажетті
көрнекі құралдар анықталып, дайындалды. Мүмкіндігі шектеулі
балаларға бір-бірімен қарым –қатынасындағы , тәртібіндегі
қиыншылықтарды түзету және сауықтыру арқылы қолдау жасалып, көмек
көрсетілді. АППК ұсынысы бойынша даму ерекшеліктеріне байланысты
балаларға түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Мектепте тіркелген
мүмкіндігі шектеулі балалардың пән мұғалімдеріне түзету-дамыту
сабақтарын ұйымдастыруға, сабақ өткізуге әдістемелік көмек
көрсетіліп, кеңес берілді. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың
ата-аналарымен тығыз байланыс орнатылып,
психологиялық-педагогикалық кеңес берілді. Түзету-дамыту
жұмыстарына ата-аналары белсенді жұмыстануға тартылып ,
сауалнамалар өткізіліп, жиналыс өткізілді.
Әкімшілік тарапынан
дефектолог- мұғалімнің жұмысын мектеп директоры және оқу ісінің
меңгерушісі қадағалап отырады. Түзету-дамыту блогынан мектеп
психологі мен әлеуметтік педагогтың көмектері көрсетіліп
отырады.
Психикалық дамуы баяу
балалармен жұмыс барысында білім беру және тіл дамыту, қандай
дыбыстарды дұрыс дыбыстай алмайтынын тексере отырып , оқушылармен
мынандай жұмыстар жасалды; артикуляциялық жаттығулар, дыбыстарға
байланысты тақпақтар жаттатқызылды. Өмірге бейім болу үшін түстерді
айыра білу, жыл мезгілдерін, оң мен солды, өз мекен-жайын,
ата-анасының қайда жұмыс істейтінін, таза мен ласты айыра білу
үйретілді. Бұл оқушылардың деңгейіне қарай жеке тапсырмалар
берілді. Суреттермен жұмыс, логикалық тапсырмалар берілді.
Логикалық ойлауын дамыту мақсатында оқушыларға «Артық затты тап», «
Суретшінің қатесін тап», «Бөліктен суретті жина» т.б тапсырмалар
беріліп отырды. Бұл оқушыларға деңгейіне қарай жеке тапсырмалар
берілді.
2017-2018 оқу жылдың I
жартыжылы бойынша түзету-дамыту жұмыстары бағдарламаның төмендегі
бөлімдері бойынша атқарылды:
-
Қарапайым сандық есептеуді
қалыптастыру
-
Қоршаған айналаны
тану
-
Тіл
дамыту
-
Ойын арқылы
дамыту
Жоғарыда көрсетілген
оқушылардың сабақтарына, тәрбие сағаттарына қатынасып отырамын.
Оқушылардың барлығы жан-жақты, белгілі бір ептіліктеріне қарай
жұмыстанып, өз қабілеттіліктерін шыңдауда. Мысалы: Мектепішілік
шаралардан да құр қол емес, спорттық эстафеталар, сурет, қолөнер
көрмелеріне өз еңбектерін ұсынып 4-сынып оқушысы Шарий Дмитрий
ширақ спортшы, 5- сыныптан Альмекаев Максим «Ұлттық ою» тақырыбында
қолөнерімен, Кушумов Амиржан «Ауылым» тақырыбында ерекше суретімен
көзге көрініп алғыс хаттармен
марапатталды.
Мектебіміздегі арнайы сабаққа
қатысып жүрген оқушылар қуыршақ театрын құрып, мектеп жанындағы
балабақша тәрбиеленушілеріне қонақтап барып, туынды ретінде халық
ертегілері ішінен «Мақта қыз бен мысық» және «Шалқан» ертегісін
қазақша-орысша екі тілде орындап өтті. Қойылымды көрген
бүлдіршіндер де, тәрбиешілер де осындай тың жаңалықты қуанышпен
қарсы алды.
«Жақсының жақсылығын айт –
нұры тасысын» деген ата-бабамыздың ұлық сөзіне сүйене отырып,
оқушыларымның көңілдері марқайсын деп, қызығушылықтарын ояту,
мотивтендіру мақсатында «Теректі жаңалықтары» газетінің желтоқсан
айы басылымына «Инклюзив – шетте қалу емес...» атты тақырыпта
жарияланды.
Арнайы сабаққа қатысып жүрген
оқушыларды ортаға тарту, оңашаламау мақсатында спорттық,
қозғалыстық эстафеталық шара өткізілді. «Шынықсаң – шымыр боларсың»
деген тақырыпта ұйымдастырылған шараға көңілді және қызығушылықпен
қатысты.
Арнаулы жұмыстар: суреттердің
айырмашылығын табу, тиісті түстерге бояу, оқу жылдамдығын анықтау,
әріптерді тану және оқу дағдыларының меңгерілу деңгейі т.б.
жүргізіліп отырады.
Балалардың көңіл-күйін көтеру,
логикалық ойлауын, ой-өрісін дамыту, қарым қатынастарын нығайту,
ынтымақты болуға баулу мақсатында сабақтар
өткіземін. Оқушылардың ұсақ моторикасын
дамыту мақсатында күріш, бұршақ, мақта, қағаз қиындылары және т.б.
материалдарды пайдаланып суреттерді құрастырып, жапсырып, сурет
салуда жұмыстандым.
Даму мүмкіндігі шектеулі
балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету арқылы
қолдау, сол балалардың дамып-жетілуіне көмектесіп, жан-жақты қолдау
жасай отырып , ішкі әлеуметтің қалыптасуына жағдай жасап және
дамуына кедергі жасаушы ауытқуларды жеңуге көмектесудемін. Сезіну
дамуын зерттеп оқушылардың деңгейін анықтап , көру қабылдауын
,сезіну моторикасын ,кеңістікте тұспалдауын , әлеуметтік –тұрмыстық
тұспалдауды дамыту ең маңызды жұмыс болып табылады. Сондықтан
баланың дамуына ата-ана тарапынан берілетін көмек пен
қолдауды,баланың оқыту жағдайын жақсарту басты болашақ
жұмыстарымыздың бірі деп есептеймін.
Педагогикалық ұжым – бір жақты
ойлайтын, шығармашылық тұлғалар біріккен, өз ісін білетін мамандар
тобы. Біз тәрбиеленушілеріміздің даму кемшіліктерін кешенді
түзетуге, олардың компенсаторлық даму механизмдерін қалыптастыруға,
біздің педагогтар тарапынан білікті көмек алуға жағдай жасаймыз.
Біз әр оқушымыздың жетістігіне қуанамыз!
Дефектолог – мұғалім:
Бекболат А.Н.
Мектеп директоры: Шакиров
Ж.М.