Мектеп және оқушылардың
ата-аналары арасындағы өзара
қарым-қатынас
бағдарламасының жобасы
Мектеп пен оқушылардың
ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынас «Мектеп + Жанұя = Табыс»
бағдарламасы жобасының паспорты
Жобаның
түрі: практикалық-бағытталған
Жүзеге асу
мерзімі: ұзақ мерзімді (2018-2021
жылдары)
Қатысушылар саны
бойынша: топтық
Жобаның
қатысушылары: оқу ісінің меңгерушісі –
тәрбиешілер; сынып жетекшілері; әлеуметтік педагогтар;
педагогтар-психологтар.
Түсіндірме
жазбасы
Отбасы – қоғамдық жүйенің
бөлігі. Қоғам отбасына әсер ете отырып, оның белгілі бір түрін
қалыптастырады. Балалар ұжымымен жұмыс жасайтын педагогтың
тәрбиеленушілердің отбасындағы өзара қарым-қатынасы, құндылықтары
туралы түсінігі болуы тиіс. Осындай ақпараттарға ие бола отырып,
отбасындағы қарым-қатынас баланың тұлғалық дамуына, оның мінезіне,
мінез-құлық ерекшеліктеріне қалай әсер ететіндігін болжауға
болады.
«Бала-ата-ана-педагог»
жүйесінің өзара әсерлесу процесінде отбасы адам тұлғасының
қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Өз балаңды тәрбиелеу – ұлы
шеберліктің белгісі, өйткені, тәрбиелеу процесінің өзі –
ата-аналардың жүрегінің, санасы мен ынтасының үздіксіз жұмысын
білдіреді. Олар күнделікті баланың көңілін, нақты мәселелердің
шешімін табуды ойластыруға көп күш салады.
Қазіргі уақытта бала мен
ата-ана арасындағы қарым-қатынас мәселесі отбасы жағдайындағы
балалардың психофизикалық амандығының факторы ретінде аса өзекті
болып отыр, өйткені, бұл ұлт денсаулығын мемлекеттік сақтаудың аса
маңызды құраушысы болып табылады.
«Білім туралы» Заңда былай
делінген: «Ата-аналар бірінші педагогтар болып табылады. Олар ерте
балалық шақта баланың тұлғасында физикалық, өнегелік,
интеллектуалды даму негіздерін қалыптастыра білуі тиіс». Осыған
сәйкес мектептің отбасымен жұмысында оның көзқарасы да өзгеруі
тиіс.
Осы тұрғыда ата-аналарды
дамыта отырып оқытуды жоспарлауға және ұйымдастыруға, өз баласының
дамуын бағалау және болжау процесіне жұмылдыру мәселесі өзекті
болады. Білім беру мекемесінің педагогтары қазіргі уақытта тек
мұғалімнің рөлін атқарып қоймай, сонымен қатар балалар тәрбиесінде
ата-аналардың серіктестері де бола білуі
тиіс.
Мектеп жасында психикалық
процестер, тұлғалық қасиеттер шапшаң дамиды, жас адам қызметтердің
алуан түрін кеңінен, әрі белсенді түрде меңгере бастайды. Мектеп
жасында өзіндік сана дамиды, өзін-өзі бағалау қалыптасады,
мотивтердің иерархиясы мен олардың тәуелділігі жүзеге асады. Осы
кезеңде бала тұлғасының дамуына отбасының әсері, отбасы ішілік,
сонымен қатар бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастардың әсері
аса маңызды орын алады. Сондықтан аталған мәселе жас ғалымдар мен
практиктердің адам өміріндегі маңызды және жауапты мерзімі,
тұлғалық туу кезеңі ретінде қызығушылық танытатын нысаны болып
отыр.
Отбасылық тәрбие мәселесі
еліміздің ғалымдары мен практиктерінің назарын өзіне аудартады.
Отбасылық тәрбие беру сауалдарын педагогтар, әлеуметтанушылар,
психологтар, психотерапевттер қарастырады.
Осы тұста бала мен ата-ана
арасындағы түрлі салалар қамтылады: балаға тәрбие беру
ерекшеліктері мен оған ата-ананың қарым-қатынасы, бала тұлғасының
мінез-құлықтық ерекшеліктері отбасылық әсер нәтижесі ретінде,
ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктері, ерлі-зайыпты қатынастар және
т.б.
Оқушылардың ата-аналарымен
жұмысында өзара іскерліктің ойластырылған және нақты ұйымдасқан
жүйесі маңызды орында. Отбасы мен мектеп арасындағы педагогикалық
өзара әсердің мәні бала үшін ыңғайлы, қолайлы өмір қалыптастыруда,
оның жеке-даралығын дамыту үшін «мектеп-жанұя» жалпы үйін тұрғызуда
жатыр.
Баланың толыққанды дамуы үшін
отбасында жағымды жағдайлар орнауы тиіс, олардың өзі бала мен
ата-ана арасындағы қалыптасқан қатынастарға тікелей
байланысты.
Мақсаты: баланың үйлесімді дамуына,
балалардың құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының санын азайтуға
үлес қосатын ата-аналар мен мектептің өзара қарым-қатынас жүйесін
жасау, қалыптастыру және дамыту.
Бағдарламаның
шарттары:
-
Отбасымен өзара жұмыстың жаңа
дәстүрлі емес нұсқасын бейімдеу;
-
жұмыстың анағұрлым тиімді
нұсқаларын іздеу және бейімдеу арқылы, отбасы мен мектептің өзара
іскерліктерін бекіте отырып, әрбір отбасын мектеп өміріне қатысуға
жұмылдыру;
-
ата-аналардың белсенді
педагогикалық көзқарасын қалыптастыру, оларды тәрбие беру процесіне
белсенді атсалысуға шақыру;
-
ата-аналарға тәрбие беру
мәселелерінде нақты көмек ұсыну;
-
отбасын зерттеп, балаға
тәрбиелік әсер етуді келісу мақсатында оның мүшелерімен тікелей
байланыс орнату;
-
отбасылық тәрбие берудің үздік
тәжірибесін зерттеу және жалпыландыру;
-
бала тұлғасының үйлесімді
дамуына, балалар атқаратын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың
санын азайтуға бағытталған шаралар жүйесін
қалыптастыру;
-
топтық ұжымның, оқушылар мен
ата-аналар ұжымының, отбасылар ұжымының бірлескен іс-әрекеттер
жүйесі арқылы өзара тізе біріктіруіне жағдай
жасау.
Күтілетін
нәтижелер
«Отбасы» бағдарламасын жүзеге
асыру ата-аналардың мектеппен өзара байланысының қалыпасуын
көздейді, нақты айтқанда:
-
ата-аналардың мектеп пен
сыныптың өміріне араласуы;
-
белсенді педагогикалық ұстаным
мен ата-аналардың тәрбие беру процесіне белсенді
қатысуы;
-
ата-аналардың тәрбиелеу
сұрақтарында педагогикалық сауаттылығы;
-
балаға үйлескен тәрбие
беру;
-
отбасылық тәрбие берудің үздік
тәжірибесін тарату;
-
бала тұлғасының үйлесімді
дамуына бағытталған шаралар жүйесін жүзеге
асыру;
-
педагогтар мен отбасының өзара
іскерліктерінің тиімділігі мен белсенділігін
арттыру.
Жобаны жүзеге асыру
механизмі
Жобаны жүзеге асыру
кезеңдері мен
мерзімдері
|
Қызмет
мазмұны
|
Нәтиже
|
1
кезең
Әзірлеуші-ұйымдастырушылық
Сәуір-мамыр 2018
жыл
|
Жобаның нормативтік-құқықтық базасы Мектеп
туралы презентация мен ата-аналарға арналған буклетті
әзірлеу Ата-аналар жиналысы
“Мектеп+Жанұя=Табыс ” ата-аналар стендін
әзірлеу
Әдістемелік қорға және медиатека үшін
материалдар, психологты-педагогикалық тақырыптар, презентациялар,
бейнефильмдер
жинақтау.
“Мектеп+Жанұя=Табыс ” жобасының қызметін
жоспарлау.
Ата-аналармен бала тәрбиесі бойынша
семинарнар тізбегін
өткізу.
|
|
2
кезең
Негізгі
2019 жылдың қыркүйегі – 2020
жылдың мамыр айы
|
1-11 сыныптардағы ата-аналар
жиналысы Мектепте
“Мектеп+Жанұя=Табыс ” жобасының
презентациясы
Жобаның нормативтік базасын
жасау
Ата-аналар мен оқушылар үшін үлестірмелі
материалдар
Сыныптардағы тақырыптар төңірегіндегі жалпы
мектептік
дәрістер
Мектеп жобасы –«Мен және менің жанұям»
фотокөрмесі Ата-аналармен жұмыс үшін медиатеканы
толықтыру Ата-аналар стендімен
жұмыс
Ата-аналардың қатысуымен өтетін
ғылыми-практикалық
конференция
Ата-аналар
кеші
Ата-аналар
оқулары
Тақырыптық
кеңестер
Дөңгелек
үстел
Ата-аналар
тренингі
Ата-аналар
рингі
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас
бойынша семинар
тренингтер.
Диагностика
|
|
3
кезең
Қорытынды
2020 жылдың қыркүйегі, 2021
жылдың мамыры
|
1. Алға қойылған мәселелерді
шешуді талдау.
2.
Қорытындылау.
3. Жұмыс тәжірибесін
тарату.
4. Даму режимінде жұмысты
жалғастыру мотивациясын
зерттеу.
5. Берілген бағдарлама бойынша
әрі қарай қызмет көрсету түрлері мен нұсқаларын
жасау.
6. Семинар тренингтер
нәтижесіндегі отбасындағы қарым-қатынастардың өзгеру, нәтижелерді
шығару.
7.
“Мектеп+Жанұя=Табыс” бағдарламасын өзгерту және
толықтыру.
|
|
«Талас ауданы әкімдігі
білім бөлімінің лицейі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Мектеп және оқушылардың
ата-аналары арасындағы өзара
қарым-қатынас
бағдарламасының жобасы
Қаратау
қаласы