Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасын дамытуда театрдың алатын орны.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасын дамытуда театрдың алатын орны.

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша театр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасын дамытуда театрдың алатын орны.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттер - бұл тұлға шығармашылығына бағытталған тәрбие, баланың шығармашылық әлеуетін ашудың мүмкіндігі. Театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыру баланың қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі, жалпы дамуына, білуге құштарлығының айқындалуына, жаңаны тануға деген ұмтылысын, жаңа ақпараттарды және әрекеттердің жаңа әдістерін игеруге, ассоциативті ойлануға; рөлдерді орындау кезіндегі эмоцияның, ақыл-парасатының көрінуіне, мақсатқа жету үшін ұмтылуына, табандылығының дамуына ықпал етеді.

Балалар қоршаған әлемдегі қызықты иделарды байқауға, оларды қолдана білуге, кейіпкердің өзіндік көркем бейнесін құруға үйренеді, оларда балалар шығармашылығының кең тараған түрі шығармашылық қиялы дамиды.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуымен қатар мектеп жасына дейінгі балалар өміріне театр мықтап енді.

Театр – балаларға арналған ең қолжетімді және демократиялық өнердің бір түрі және ол:

- балалардың шығармашылық тұрғыда дамуына;

- эстетикалық талғамының қалыптасуына;

- адамгершілік тәрбиесіне;

- тұлғаның коммуникативтік қабілеттерінің (ауызша және ауызша емес тілдесудің түрлеріне оқыту) дамуына;

- ерік-жігерін тәрбиелеуге, зейінін, елестете білуін, бастамашылдығын, қиялын, тілін (диалог және монолог) дамытуға;

- оң эмоциялық көңіл-күй құруына, шаршағанды басуына, даулы жағдаяттарды ойын арқылы шешуге ықпал етеді.


Театрландырылған әрекеттер мазмұндық-рөлдік ойындармен өте тығыз байланысты және оның бір түрі болып есептеледі.

Баланың есеюі бірнеше кезеңмен өтеді, сондай-ақ оның ойындары да бірнеше кезеңмен дамиды: заттармен сынақ жасаудан басталып, оларды бейнелеу үшін ойыншықтармен және заттармен танысады; одан кейін алғашқы мазмұндық көріністер пайда болады, содан соң рөлді сомдайды және ақырында, мазмұнды дарамалайды.

Балалар өздеріне рөл таңдайтын және алмастыратын – заттарды қолдана отырып, әрекеттер мен ересектердің қарым-қатынасын жинақталған түрде жаңғыртатын мазмұндық-рөлдік ойындарды Д. Б. Эльконин шығармашылық сипаттағы әрекеттер деп атайды.

Белгілі балалар психологы А. В. Запорожец баланың қиялындағы жағдаяттарда ойша әрекет ете білу білігін қалыптастыруда театрландырылған ойындардың рөліне маңыз берді.6

Театрландырылған әрекеттер сезімдердің, терең аяушылықтың және баланың ашылуының қайнар көзі болып табылады, оны рухани құндылықтарға баулиды. Баланың эмоциялық саласының дамуында театрландырылған сабақтардың маңызы зор, кейіпкерлерге жаны ашиды, орындалған ойындағы оқиғаларға аяушылық білдіреді.

Осылайша, театрландырылған әрекеттер – адамның мимикасы, ымы, дауыс ырғағы бойынша эмоциялық күйін тану қабілетін, яғни балалар эмпатиясын дамытудың басты тетігі. Басқалардың жетістіктеріне қуана білу және бөтеннің қайғысына ортақтаса білу үшін, өзін ойша сол адамның орнына қоя білуі қажет.

Бүкіл мектепке дейінгі кезең бойында баланың тілі белсенді түрде: сәби кезеңдегі еріксіз эмоциядан орта топтағы балалардың дауыс ырғағына және мектепке дейінгі ересек жастың мәнерлі тілі дамиды. Мәнерлеп сөйлеуді дамыту үшін, әрбір бала өзінің эмоциясын, сезімін, қалауын және көзқарастарын, әдеттегі әңгімелерде ғана емес сондай-ақ, жариялы түрде, таныс емес тұлғалардың алдында көрсете алатындай жағдайлар туғызу қажет. Адамның көпшілік аудиторияның алдында мәнерлеп сөйлеу дағдысына ерте балалық шақтан бастап баулып- тәрбиелеуге болады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2018
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі