Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі туралы қысқаша жеке көзқарасым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Наурыз 2023
575
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі

заманауи педагогтің рөлі

Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн. 

М. Жұмабаев

Педагог-тәрбиеші мамандығы – еліміздің болашақ жас ұрпағының санасын, ақылын, тәрбиесін, жан дүниесін сауықтыратын керемет мамандық иесі деп білемін. Алғаш рет жол танытып, тәй-тәй басып, өмірдің қыр сырын білуге, әлемді терең түсінуге мұрындық болып, баланың жан дүниесіне нұрлы шуақ түсіріп, жас баланы адамгершілікке баулытын с тәрбиешінің бейнесі – бала тәрбиесіне мән берген әрбір ата-ананың көңіл төрінен орын алатыны анық.

Мен өзімді таныстырып кететін болсам, «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік» университетін 2003 жылы педагог мамандығы бойынша тәмамдап, дәл осы жылдан бастап өз еңбек жолымды құрып келемін. 19 жыл бойы еңбек етіп, өзімді түрлі бағытта сынап, түрлі бала тәрбиесіне қатысты білімімді тереңдетудемін. Білім алмасу, жаңа дүниеге үйрену, білімімді жетілдіруде тоқтаған емеспін. Тоқтамаймын да, тіптен бар ғұмырымды бала тәрбиесі мен біліміне арнау – өмірлік мақсатым деп білемін. 2007 жылы Алматы қаласы Білім басқармасы номері 149 бөбекжай-балабақшасына келуім – менің еңбек жолымдағы ең үлкен өзгеріс болды. «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.» деп Абай хаhім жырлағандай, 20-ға жуық жыл ішінде бір сәтте болсын, таңдаған мамандығыма өкінген емеспін. Керісінше, әр жыл сайын артыма көз салып, осы қызмет саласында білімімнің өскенін байқап, жас балаша қуанамын. Күнде қарыштап дамып , дамыған елдермен терезесін теңестіріп келе жатқан Қазақстан мемлекеті үшін өзгеріс әбден қажет екенін түсіне отыра, мен білімімді дамытуда бар күш-жігерімді саламын. Балаларды дамыту барысында күнделікті жаңа әдіс тәсілдерді пайдалана отырып, түрлі ойын технологияларымен балаларды қызықтыруға тырысамын. Осы мәселенің бәрін жинақтай келе жаңа заман маманы — рефлекцияға қабілетті, өзін- өзі жүзеге асыруға талпынған әдіс- тәсілге бай , зерттеушілік қабілеті жоғары, дидактикалық -әдістемелік, ақпараттық және басқа да құзіреттіліктің жоғары деңгейімен сипатталған рухани адамгершілікті , белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуға талпынамын. Келешекте ұстаздық жолымдағы мақсатым — жаңа заман талабына сай тұлға қалыптастыруда, өз тәжірибемді одан ары қарай толықтырып, жетілдіру болмақ.

Негізінде қандай қызмет саласында болмасын, дәл бір құн төлемейтіндей жаныңды салып еңбек ету, мансаптық баспалдақтан жоғары өрлеуге, амбицияларыңды қанағаттандыруға ең дұрыс шешім. Және баламен жұмыс жасап, оның болашағына әсер ету, жүрегін мейірімділік пен махаббатқа толтырып, өзін адамгершілікке баулу – менің шешімім, менің мақсатым және мен арқалаған үлкен жауапкершілік.

Абай атамның тағы бір сөзін тілге тиек еткім келеді: Баланы ең әуелі мейірім - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы. Балабақша өмірінде тәрбиеші баланың жүрегіне мейірім мен шапағат орнатып, адамгершілік қасиеттерін дамытады. Жүрегі жұмсақ, айналасындағы адамдарға қамқор болып қалыптасуы - ең алғаш тәлім-тәрбие берген ұстазына байланысты. Айтып-айтпай не керек Абай атамыздың әрбір сөзі – бүгінгі күнде ғалымдармен, психологтармен дәлелденіп келеді.

Мүмкін ойларыңызда «Балаға тәрбие беру оңай, екі адамның бірінің қолынан келетін жеңіл іс» дейтін, тәрбиеші мамандығын құнсыздандыратын қате пікір болса, мен сіздермен сөз таластырмаймын. Расында, балаға 3 жастан 5 жасқа дейін тәрбие беру – болашағын құрып берумен тең. Есімізге түсірсек «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, Бес жастан он бес жасқа дейін құлдай жұмса, Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас.» дейтін дана халқымыздың осындай қанатты сөзі бар. Неге бес жасқа дейін патшаңдай күту керек? Ғалымдардың зерттеуінше, мектепке дейінгі кезең бала өміріндегі ең маңызды кезең. Сана мен жауапкершіліктің жаңа деңгейіне көшу жүріп жатқан сәт, көптеген жаңа міндеттер мен талаптар пайда болады, үлкендердің көзқарасына қарсы шығып, өз шекарасын, өз қажеттіліктерін түсіне бастайтын кезең. «Мен - адаммын, мен – осы ортаның бір мүшесімін, меніңкі дұрыс; менің өз қалауым бар» дегендей ең алғашқы кризистік кезең орын алады. Ал бұл кризистік сәтте бала санасына зақым келтірмей, тура жолға бағыттау жалғыз ата-ананың қолынан келмейді. Оған бала психологиясы мен педагогика бағытында білімі бар білімді маман керек. Осымен білімді педагог-тәрбиешінің бала өмірі мен болашағында қаншалықты үлкен жауапкершілік жетектейтінін қысқаша түсінік қалыптастырдым деп ойлаймын.

    «Жаңа Қазақстан, жаңашыл ұстаз, жаңа ұрпақ» — бұл білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті маман даярлау, білім кеңістігіндегі мәдениет пен өнердің даму негізі. Ел болашағы өскелең ұрпақ қолында, ал өскелең ұрпақты тәрбиелеу біздің, тәрбиеші-педагогтардың қолында екенін ескере отырып, менің еңбегім ертенгі елімізді құратын жас ұрпақтан* көрінетініне кәміл сенемін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!