Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Мектеп жасына дейінгі балаларды
еңбекке баулудыңмаңызы туралықазақша реферат
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, рухани өзгерістер мектепке дейінгі
ұйымнан бастап, оның ішінде ұлттық
тәлім-тәрбие беру саласында өзіндік ықпал жасауы заңды құбылыс.
Өткен
тарихымыздың
терең
қойнауына ой сәулесін түсірсек, ұрпақ
тәрбиесі үшін маңызы зор – халқымыздың
этнопсихология,
этнопедагогика ғылымдарына рухани азық болған, ғасырлардан қалған асыл мұралары бар. Оны филологтар, тарихшылар,
этнографтар, өнер зерттеушілері, психолог
және педагог
ғалымдар жан-жақты талдап өз зерттеулерінің мақсат-міндеттеріне орай ғылыми зерделеуден өткізуде. Ой елегінен өткен ғылыми тәжірибе нәтижелері ұрпақ
тәрбиесіне игілікті үлес қосып келеді.
Әр
халықтың бала тәрбиесі жөніндегі атам заманнан бергі жиып-терген мол
тәжірибесі,
ғасырлардан қалған асыл қазыналары бар.
Соның бірі біз
сөз еткелі
отырған
ата-бабаларымыздың
сарқылмас өнеге мен ізгі қасиеттерге балаған мұралары – салт-дәстүрлер. Ал салт-дәстүрлер дегеніміз не? Оған ғалымдар қалай анықтама береді?
Қайсы бір
ұлттық
құндылықтар туралы алсақ та салт-дәстүрлер жүйесінен аттап кету мүмкін емес. Дәстүр әр түрлі бағытта ұлттық-демографиялық, философиялық, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық құбылыс ретінде
ғылым талаптарына сай
барлық зерттеу
салаларында қолданылады.
И. Г. Гердер, А. К. Конн,
Ғ. Ақпанбет, А. Айталы, т.б ғалымдар философиялық еңбектерінде салт-дәстүрлердің
сол
халықтың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен, тілімен байланыса отырып, бірлікте
дамитынына баса назар аударады. Мысалы, И. Г. Гердер
«салт-дәстүр тіл мен мәдениет бастауларының анасы», деп халықтың
тұрмыс тіршілігінен көрініс бере отырып, мәдени тұрмысы мен тілі салт-дәстүрін сипаттайтындығын түсіндіреді. Осы тұрғыда салт-дәстүрді халықтың
мәдениетінен іздеген, ұрпақтан-қрпаққа жалғасып отырған және ұрпақ
тәрбиелеудегі жинақталған тәжірибенің жиынтығы тұрғысынан қараған М. Қозыбаев, Н. С. Сәрсенбаев, М. Базарбаев, Ғ. Ақпанбет сияқты ғалымдардың еңбектерін атап кетуге
болады.
Ғ. Ақпанбет «ұлттық
салт-дәстүр тәрбиедегі, мәдениеттегі ұлттың
мұрагері және терең философиялық ойдың
ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да, көркем бейнесі» деп қазақ
дүниетанымының салт-дәстүрмен байланысты екенін
айтады.
Академик М. Қозыбаев еңбегінде адам баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап, қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлардың наным-сенімі, түсінігі, қоғамдық
даму
барысындағы ізденістері
жинақталған салт-дәстүрлер аясында болдаы,
«салт-дәстүр дегеніміз – халықтың
рухани өзегі, мәдениеттің діңгегі, тілінің тірегі» деп тұжырымдайды.
Н. Сәрсенбаев, С. Қалиев, т.б ғалымдар өздерінің зерттеулерінде салт-дәстүрге талдау жасай келе, осы екі
ұғымның
қоғамдық
өмірде алатын орнына, атқаратын қызметіне тоқталады: 1) дәстүрге әдет-ғұрыптың
өткен қоғамнан қалған озық
түрлері мен тұрмыстық
формалары, ырым-жоралары,
рәсімдер, т. б. кіреді; 2) салт
адам өмірінің
күнделікті тіршілігінде, еңбек әрекетінде жиі қолданатын мінез-құлық
қарым-қатынас ережелері мен жол-жора,
рәсім, т.б.
заңдылықтардың
жиынтығы ретінде қарастырылады.
Соңғы жылдардағы зерттеулерді
ғалымдарымыз ұлттық
салт-дәстүрлерді адамның көзқарасын қалыптастыратын үлкен тәрбие мектебі ретінде насихаттап,
ғылыми тұрғыдан жүйелеуге ден қояды. Осыған орай этнопедагогика ғылымында бірнеше көзқарастар қалыптасқан. Профессор С. Қ. Қалиев салт пен
дәстүрдің
айырмашылығына анықтама беріп, дәстүрдің
салттан өрісі кең екендігіне тоқталады. К. Ж. Қожахметова салт-дәстүрдің
ішкі
мазмұнына
тоқталып «екі
сөз қосарланып айтылғанымен әрқайсысының өз мән-мағынасын барын ескеру, әр ұғымның
өзіндік функция атқаратынын түсіндіру керек» деп ескертеді.
Ондағы
мақсат
:
— салт-дәстүр ұғымының
этнопедагогика ғылымында сараланып ғылыми тұжырымдарын анықтау;
— ұлттық
мәдениет пен тұрмыс тіршілігіне байланысты
салт-дәстүрлердің
мазмұнының
кеңейіп, түрлерінің жаңғыруына назар
аудару;
— ұрпақ тәрбиесінен еңбек тәрбиесінің құрал ретіндегі
мүмкіндік аясын негіздеу.
Аталған
мақсаттарға жетудің бірден-бір жолы – дәстүр, салт ұғымдары ғылыми әдебиеттерде қандай деңгейде анықталғанына көз жеткізу.
Ұлттық
тәлім-тәрбиеге ерекше мән берген ғалымдардың бірі М. Арын «….дәстүр» арабтардың әдустурә
деген
сөзінен
шыққан, парсылар
арқылы бізге жеткен. Шын
мағынасы
«тұрақты, орныққан» деген ұғымдарды береді» деп түсініктеме бере келе, ғалым «дәстүр» деген ұғым – жалпы ұлттың
рухының
негізгі
компонеттерінің
бірі. Ұлттың
рухынан
азық алған, ұлттың
психологиясына
рухтанған, солар
арқылы пайда
болған
дәстүрлер біртіндеп, сол ұлттың
рухын байытып,
нығайтушы
үлкен факторға айналады» деген тұжырымына толықтай қосылуға болады.
А. К. Кон: «Дәстүр дегеніміз — әдет-ғұрыптың
өмірдегі өсіп жетілген әртүрлі формасы. Ол –
адамдардың белгілі бір
бағыттағы
тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқының
ұрпаұтан-ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін
түрі» деп
тұжырымдаса, белгілі француз
социологы Э. Дюркгейм: «Дәстүр адамдардың қоғамнан даяр күйінде табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік болып саналады.
Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза
тайпалардың бірлігін
сақтауға көмектесетін құралы болып табылады» — дейді. Демек,
дәстүр – кең
мағынада қолданылып, қоғам талабына қарай өмір сүруді реттейтін қалыптасқан ереже, заң тәртібі, әрекеттері деп танылып, тәрбиелік мәні қай уақытта да жоғары бағаланған.
Қазақ ұлттық
энциклопедиясында
«дәстүр — белгілі бір ұлттың
немесе
халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи
қалыптасқан, олардың әлеуметтік
ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған, әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Дәстүр ұлттык мәдениетпен тығыз байланысты. Мәдениеті дамыған ел дәстүрге өте бай болып келеді. Жастарды
770 ₸ - Сатып алу
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз