Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ертегілері арқылы ұлттық мәдениетт көздеріне тарту»

Материал туралы қысқаша түсінік
(ертегілер, мақал-мәтел, ұлттық ойындар, жұмбақ) арқылы балалардың ойлау, қиялдау өрістерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы













Жоба

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарту















Орындаған:

Казиева М.А. КМҚК 15 "Рахат" балабақшасы. Өскемен қаласы















Өскемен, қ 2018 жыл





Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарту. (Мақал –мәтел, жанылташ, жұмбақ)

Жоспар

Кіріспе 3-6 бет
І МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие берудің маңызы 7-10 бет
1.2 Ұлттық тәрбие бастауы, халық ауыз әдебиеті үлгілері 11-13 бет
1.3 Ұлттық ойындардың бала санасына әсері 14-16 бет
ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық ойындармен таныстырудың тиімді жолдары 17-18 бет
2.2 Мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық тәрбиені қалыптастыру барысындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің нәтижелілігі, ерекшеліктері 
19-20 бет
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық ойындар жүйесін ұтымды пайдалану 21-32 бет

Қорытынды 33 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34 бет

























Аннотация

Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлқын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.. Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарту болып табылады



Духовное воспитание формирует самосознание, моральные и этические качества человека, закладывает основы поведения в обществе. Основной целью духовного воспитания является духовное развитие, а также формирование характера и общечеловеческих качеств в ребенке. Национальные игры способствуют культурному развитию дошкольников.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.

Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...» деп көрсетілген.

Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.

Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тєрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.

Жаһандану дәуірінде ұлттық мәдениетке тарту мәселесі үлкен маңызға ие болуда. Адамзат қоғамы екі бағытта дами алады деп болжайды: мәдениеттің бір-бірімен араласуы немесе мәдениеттің бір-біріне қайшы келуі. Бірақ, екі көзқарас та тарихи дағдарысқа алып келуі ықтимал. Бұдан шығудың үшінші жолы бар, ол мәдениеттердің диалогы, мұндай жағдайда бірде-бір мәдениет өз ерекшелігін жоғалтпай, әлемдік қоғамға шығуына мүмкіндік алады. Міне, сондықтан да мәдениеттердің диалогына шығу проблемасы этностық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы арқылы шешіліп, этникалық қауымдастықтардың мәдени түрде өзара әрекеттесуіне әкеледі.

«Қазақстан Республикасындағы ұлттық мәдени білім беру» тұжырымдамасында (1996) атап көрсетілгендей, халықтың ұлттық-мәдени сәйкестілігі өз тарихында, мәдениетінде болған оқиғаларды білу, қалыптасқан рухани құндылықтарға адалдық, ұлт қаһармандарын қастерлеу нәтижесінде құралады. Ол ұлттық азат және ерікті жасампаздық шығармашылығы процесінде қалыптасады. Этностық-мәдени сәйкестілік жағдайына халықтың өзі тудырған әлеуметтік-мәдени жүйе арқылы қол жетеді. Бұл жүйеге отбасы, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық, мәдени орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, көркем және ғылыми әдебиет, ғылыми-зерттеу және әкімшілік мекемелері, тағы басқалары жатады.

Бұл жағдайларда ұлттық тәрбие беруді қалыптастыру мәселесін педагогикалық тұрғыда зерттеу маңыздылығы артады. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асырып, этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, халықтың рухани мәдениетін зерде мен ой елегінен өткізіп, оны қазіргі заман құндылықтарымен байланыстыра білуге машықтандырады.

Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында этностық, этностық-мәдени және мемлекеттік сәйкестілік мәселесі философия, саясаттану, тарих және этнографиялық салада (Э.З.Александренков, Ж.М.Әбілдин, Ю.В.Бромлей, В.И.Козлов, Қ.Е.Көшербаев, Ә.Н.Нысанбаев, Б.Ф.Поршнев, И.А.Снежкова, Э.К.Суслова, Ғ.Т.Телебаев және т.б.); әлеуметтану мен мәдениеттануда (С.М.Арутюнян, М.Х.Балтабаев, Л.М. Дробижева және т.б.); этнопсихологияда (В.А.Вяткин, Қ.Б.Жарықбаев, Н.Е.Елікбаев, Б.А.Әмірова, О.Х.Аймаганбетова, А.П.Оконешникова, У.Г.Солдатова, Г.М.Старовойтова, Ю.В.Хотинец, Е.Т.Шлягина және т.б.) көрінетіні айқындалды .

Қарастырылып отырған мәселенің педагогикалық аспектісін талдауға бірқатар этнопедагогикалық зерттеулер арналған (Г.Н.Волков, А.Э.Измайлов, Я.И.Ханбиков, Е.Л.Христова, К.Б.Жарықбаев, С.К.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, М.Х.Балтабаев, К.Ж.Қожахметова, Р.Қ.Дүйсембінова, Р.К. Төлеубекова, К.А.Оразбекова, Ж.Асанов, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев, Ш.Б. Кульманова, Л.С.Сырымбетова, Ш.М.Мұхтарова және т.б.). Қазақстандық педагогика ғылымында этностық мәдениет бойынша этнопедагогикалық зерттеулер баршылық (И.Өршібеков, А.Х.Мұхамбаева, Б.Е.Қаирова, Г.Р.Бахтиярова, Е.Ш.Қозыбаев, С.К.Әбильдина, К.Е.Ибраева, Т.М.Шакирова, Г.К.Тлеужанова және т.б.). Соңғы уақытта қазақ этнопедагогикасының мәселесі бойынша ғылыми жұмыстар саны жас педагогтардың зерттеулерімен көбеюде .

Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға ұлттық тәрбие беруге

байланысты бірнеше шетел және отандық ғылыми зерттеушілерді атап өтуге болады:

- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің халықтық педагогика аспектілері (Т.В.Черник, О.В.Леонова, М.Г.Евграфова, Е.А.Иванова, Е.Н.Кергилова, Т.Иманбеков, К.Сейсембаев, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова, А.Е.Манкеш, О.М.Сыздық, З.М.Балгимбаева.

- мектеп жасына дейінгілердің ұлттық мәдени дамуы (Е.Ф.Вертякова, Л.Д.Вавилова, В.Д.Ботнарь, О.Н.Юденко, С.Д.Кириенко, Б.Н.Галаева).

- мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарын даярлау мәселесі (О.И.Давыдова, Х.Т.Шерьязданова, Л.С.Берсенева, У.Ш.Ибрагимов, М.Б.Кожанова, Ж.С. Хасанова) .

- мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық педагогика үлгілерін ендіру (Ж.М.Акпарова, С.Г.Жанабаев, А.Ә.Капенова, Ұ.Т.Төленова.

Ұлттық тәрбие беру бойынша зерттеулер негізінен мектеп оқушыларына және студенттерге арналған, ал мектепке дейінгі балаларды ұлттық ойындармен қалыптастыру мәселесі бойынша педагогикалық зерттеулер дамып келеді.

Көптеген зерттеулердің әдіснамалық бағдарына профессор Ж.Ж.Наурызбайдың Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы алынды .

Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесін талдау балалардың ұлттық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымның жұмысының мазмұнында ұлттық-мәдени элементтердің өз мүмкіндігіне сай қолданылмайтынын көрсетті.

Осыған сәйкес дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру жүйесінің жеткіліксіздігі; мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мүмкіндігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада аз зерттелгендігі арасында бірнеше қайшылықтар туындайды. Бұл қайшылықтардың шешімін табу мақсатында ұлттық тәрбие берумектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыру жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарту» деп таңдап алуымызға негіз болды.

Зерттеудің нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерісі.


Зерттеудің пәні: мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы тәрбиелеу.

Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тартуды теориялық тұрғыда негіздеу.

Зерттеудің міндеттері:

- мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тартудың ерекшеліктерін ашу;

- мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тартудың үлгісін әзірлеу;

- мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тартудыың педагогикалық шарттар жүйесін құру;

Зерттеудің жетекші идеясы: мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға ұлттық ойындар арқылы ұлттық тәрбие беру олардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу негізінде қалыптастыру жалпы адамзаттық және этноәлеуметтік құндылықтарына баулу жолдарының бірі болып табылады.

Ғылыми болжамы :Баланың жеке тұлғасының шығармашылық дамуы үшін мүмкіндіктер аясы кеңейеді. Бала бойында Отанға деген сүйіспеншілік, рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі қаланады.Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталып өткізілетін спорттық-бұқаралық  іс-шаралардың сапасы артады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ұлттық мәдениет көздеріне тартуда ұлттық ойындарды маңыздылығын нақтылау.

  2. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ұлттық мәдениет көздеріне тарту педагогикалық шарттардың жүйелі түрде өңделуіне әсерін тигізеді.

  3. Ұлттық мәдениет көздеріне тарту нақты педагогикалық шарттар жүйесі арқылы жүзеге асырылады: тілдік ортаның белсенділігі, мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық мәдениет көздеріне тарту дамытуға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына ұлттық ойындарды ендіру, мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық мәдениет көздеріне тартуда отбасының көмегі, отбасының ұлттық мәдениет көздеріне тартуға бағдарлануы.


Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты: зерттеу нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеудің жетекші идеясы қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар айқындалады.

«Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктері» атты бірінші бөлімінде мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие берудің маңызы
ашып көрсетіледі, ұлттық тәрбие бастауы, халық ауыз әдебиеті үлгілері қаралып, ұлттық ойындардың бала санасына әсері анықталады.

«Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындар арқылы ұлттық тәрбие беру әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыс» атты екінші бөлімінде мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындармен таныстырудың тиімді жолдары жұмысының ұйымдастырылуы, мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық тәрбиені қалыптастыру барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің нәтижелілігі, ерекшеліктері, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық ойындар жүйесін ұтымды пайдалану бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері көрсетілген.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері беріліп, ұсыныстар айтылады.













МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие берудің маңызы

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.

Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы,  ата-ана тәрбиесі болса, екінші – білім беру мекемесі.  Сондықтан да,  халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын кеңінен ұйымдастыра білуіміз керек.

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие –адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Иә, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Оның мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

ХХІ-ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі,ой-өрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.Бала денсаулығының мықты болып,қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

    Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және құқықтық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Ал, білім беру жүйесінің басты міндеті -  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ізгілендіру болып табылады. Бала тәрбиесі әрқашанда күнделікті өмірдің ең басты да жауапты мәселесі ретінде қарастырылып келген. Ал қазіргі қоғамда ұрпақты жан-жақты дамыту,оны жеке тұлға ретінде жетілдіру ісіне айрықша көңіл бөлініп,бүкіл тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту көзделуде.

 Мектепке дейінгі білім беруде ұлттық тәрбиені  Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік жалпыға міндетті Білім беру стандартының  «Алғашқы қадам»,«Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары негізінде «Шығармашылық», «Қатынас», «Таным», «Денсаулық», «Әлеуметтік  орта» білім беру салалары арқылы жүргізіледі.Оқу бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың бойына ұлттық тәрбиенің тағылымдарын қалыптастыруда оның тәлім-тәрбиелік ерекшеліктерін айқындайтын маңызды мәнімен игеріледі. Қазіргі  оқу- тәрбие  жұмысын жан-жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі-бала тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін,өнерін кеңінен қолдану . Ата-баба дәстүрін жалғастырып, ұлттық тәрбиеге ден қойған тұста ой-пікірдің мөлдір бастауы саналатын ұлыларымыздың еңбектеріне үңілу бірінші кезекте тұрады.          

         Ұлтымыздың мақтанышы болған ,ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов ‘‘Ел боламын десең, бесігіңді түзе’’деген екен.Өз халқының мәдениетін ,тарихын, өнерін сүйіп , одан нәр алып өскен бала өзіне ғана емес ,өзгегеде құрметпен қарайды. Сондықтан саналы ,салауатты ,халқымыздың барлық дәстүріне, әлем мәдениетіне қанық,ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу әр отбасына одан кейін балабақша тәрбиешісіне жүктелетін міндет болып табылады.Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші -  тәрбиеші.

          Балабақша мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру балабақшадан бастау алады. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздық пен күресу болса керек.Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу – тұлғаның патриоттықсана-сезімін қалыптастыру, патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру.     

        Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

         Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға қалай ұлттық тәрбие бере аламыз деген мәселеге келер болсақ,біріншіден әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған  тәрбиешінің күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Үлкенді сыйлау, өз ұлтының  тіл, дін, діл, салт-дәстүр, тарих негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін  бойына сіңіре білу.

          Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде балабақшада атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің балабақша атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық.  

       Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен.                                            

Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті».

        Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру бала бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын        патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды. Ендеше еліміздің  ертеңі  балалардың болашағы үшін ұлттық тәрбие мен білімнің сара жолында ізденуден  жалықпайық. Өз ұлтмызға  патриотизмі жоғары ұрпақ тәрбиесін бойына қалыптастыру біздің яғни тәрбиешілердің міндеті.

Тәрбиенің табиғилық принципін алғашқы рет XVII ғасырда Я.А.Коменский көрсетті. Тәрбиенің бұл принципінің жүзеге асырылуын қазақтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінен көруге болады. Олар өздерін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде есептеген. Мұның барлығы өз ізін жыныстық-жас ерекшелік саралауда да қалдырды.

Ата-бабаларымыздың «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай ұста, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай көр» деген дана сөзінен баланың мектепке дейінгі кезеңінде сана-сезімінің тұрақсыздығы, танымдық ерекшеліктерінің ырықсыздығы, ересектердің мінез-құлықтарына еліктеушілігі көрінеді. Сондықтан этностық-мәдени сәйкестілікті мектепке дейінгі кезеңде қалыптастырудың ерекшелігін бұл принцип аша түседі.





















































Ұлттық тәрбие бастауы, халық ауыз әдебиеті үлгілері


Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.

Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиесі ұлт қаһармандарының өмірімен ерлік істерінің тарихы, даналық сөздері адамгершілік тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Батыр бабаларымыз қазақ елінің басын қосып, ұлттық жауынгерлік-ерлік мектебінің негізін салған. Сондықтан бабабалдың ерлігі – адамгершілікке толы, асқақ рухты, күні бүгінге дейін ел ауызында, халық тәрбие ісінде үлгі етеді.

Қазақ халқы елін, жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, рухани адамгершілік тағлымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Тарихи ескерткіш-мұралар, жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселесі әлі өз дірежесінде зерттелмеген тақырыптардың бірі болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақ бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мүралардың маңызының мол екенін көпжылдық тәжірибелерден көруге болады.

Ұлттық сананың қалыптасуындағы мәдениет, өнер рольдерін ашуда, оның маңызын көрсетуде де Л.С.Выготскийдің триадасы «сана – мәдениет – жүріс-тұрыс» туралы пікірін тысқары қалдыра алмаймыз. Себебі, әр ұлт өзінің ұлт болып қалыптасуында өзінің рухани мәдениеті: әдебиеті, өнері, ғылымы арқылы мінез-құлық, болмыс, сана-сезім ерекшеліктерін анық көрсетеді. Сөйтіп, өзінің өмір сүру ұзақтығы, мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұлт бастамасы «баланың» өз мәдениетіне ену мүмкіндігімен анықталады.

Бала – отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан да, тәрбиенің негізі осы кішкентай нәресте кезден басталуы керек. Ұлттық тәрбие - бесіктен басталады. Отбасындағы ата мен әженің, әке мен шешенің, апа-қарындас, аға-інінің бір-бірімен күнделікті өмірдегі қарым-қатынасы, мінез-құлқы – ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы. Этностық тәрбие – жеке тұлғаның этноәлеуметтік рольдер жүйесін игеруін мақсатты түрде реттеу.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың бесінші ерекшелігі мемлекеттік интеграция және этностық-мәдени сәйкестілік (қазақстандық патриотизм) идеясына тәуелді.



Қазіргі қоғам дамуында және білім беру жүйесінде екі тенденция байқалады: саралау және кірігу. Этностық қатынастар саласында оларды бірлікте қарастыру этно-мәдени білім беру қажеттілігін тудырды. Педагогикалық үдерісте бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру этностық сәйкестілікті мемлекеттік кірігумен бірлікте қалыптастыру мақсатына әкелді.

Баланың жеке басының қалыптасуындағы мектепке дейінгі кезең мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие беру кезеңін қамтиды. Осы кезеңнің өзінде-ақ ата-аналардың, педагогтардың, тәрбиешілердің, психологтардың бірлескен күш-жігері арқылы баланың әлі айқындала қоймаған әлеуметтік сапаларын қалыптастыру мен дамытудағы тәрбиелік мүмкіндікті жұмылдыру үшін оның жеке басының, рухани және дене бітімінің даму ерекшеліктерін, этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру қажет.

Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда ата-аналармен жұмыс формаларын мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ғылыми тұрғыда негізделген этностық-мәдени білім арқылы ендіруге болады. Туған үйіне деген сүйіспеншілікті дамыту – балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытудың алғашқы сатысы. Балаларда туған үйдің эмоционалдық бейнесін қалыптастырудың жолдары, құралдары және әдістері: ата-аналарға, отбасының басқа да мүшелеріне, құрбыларына деген сүйіспеншілікті, сыйластықты тәрбиелеу; туған үйге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуде отбасы дәстүрлерінің әсері. Туған үйге дұрыс қатынасты тәрбиелеу. Отан туралы мақал-мәтелдер; «Туған үйім» жобасының мазмұнын өңдеу т.б. жұмыстар кіреді.

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға көмек. Бұл шарттар жүйесіне мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәрбиешілерге көмек ретінде сабақтардың үлгілері берілген.

Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын өңдеу этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру жөнінде жұмыстың мақсаты, міндеттері, мазмұны, формасы, әдістерін анықтауға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда келесі нәтижеге қол жеткізуді болжаймыз: жас ерекшелігіне сай этностық-мәдени сәйкестілігі қалыптасқан, ана тілін үйренген, ата тегі, төл мәденеті мен тарихы, туған жері туралы білімі бар, өз ұлты мен жалпы адамзаттық құндылықтарына баулыған, өз-өзін және басқаларды тануға ұмтылысы мен ынтасы дамыған тұлға.

Еліміздің ертеңгі болашағы балаларға ұлттық тәрбие беру – қазақ халқының басты міндеті. Ұлттық тәлім-тәрбиенің басты мақсаты – адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, туысқандық, әдептілік, әдемілік болып табылады. Балабақша – бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын алғашқы білім ошағы. Балаларды балабақшадан бастап ақылдылыққа, алғыр ойға, тілдік шешендікке, ісмерлікке баулу – ұлттық тәрбиенің басты мақсаты.

Баланың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолдарының бірі-ол баланың қызығуын арттыру. Егер балаға қызығуына қарай тәрбиені жүйелеп берсе, баланың даму үрдісі шапшаңдайды. Бұл жерде Л.Занковтың идеясын негізге алған дүрыс. Ол «баланы қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарымен еркін араластыруы керек, баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенін айқындай отырып, жүргізу қажет» деген ұсынысын өз зерттеуімізде басшылыққа алдық. Тарихи ескерткіш-мұраларға жүргізілген саяхаттар мен танымжорықтар балалардың ынтымақтастығын жетілдіреді. Бұл туралы Л.С. Выготскийдің «...дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиыныдықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі» дегені баланы ынтымақшыл ету үшін топпен жұмыс ұйымдастыруды ұсынуы құптарлық пікір.

























Ұлттық ойындардың бала санасына әсері

 Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің ұлттық тәрбиесін білім бағдарламасына ендіре отырып, әр білім үрдісіне оның тәрбие  көздерінің бірі – салт-дәстүр, әдет-ғұрып нақыштарын тәрбие мен білімнің бастауы ретінде оқыту жағын негіздеу өте орынды. Балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт. Яғни, ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт тіліндегі тәрбиелік маңызы зор мультфильмдердің көрсетілуі талап етілуі қажет.

Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

Ұлттық ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барасында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында танытса, ал балалар ойын үстінде көрсетеді.

Ұлттық ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс-әрекеттерін үйренеді. Ұлттық ойын арқылы баланың ой-өрісі кеңейеді. Ұлттық ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні бар. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік жігіерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барасында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Бала ойын барасында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегіндей қуанып, ренжиді. Баланың белсенділігін сапалы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын қамтамасыз ету, қиыныдықты жеңуде төзімділікке баулу – адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті. Ұлттық ойын ойнау баланың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер: өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады. Мектепке дейінгі естияр жастағы балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды жүзеге асыруда тәрбиеші олардың мүмкіндігінің 3-4 жастағы балаларға қарағанда анағұрлым көп екенін аңғарады. Балалар қашанда шындықты айтуға тәрбиеленуі тиіс.

  Ұлттық ойындарды мектепке дейінгі ұйымдардың оқу тәрбие жұмысында пайдалану тәрбиешіден үлкен білімділікті,шеберлікті,соның нәтижесін көруге деген құштарлық пен төзімділікті ,сабырлықты қажет етеді.Өйткені ол, бір күндік немесе бір жылдық іс-әрекеттің жемісі емес,ұзақ жылғы тірнектеп жиылған еңбектің жемісі болып табылады. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмысына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынады. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп,бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып,толығып,жетілу арқылы ,өзінің жан-жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі.

    Қазақ зиялыларынан А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов , Н.Құлжанова, М.Жұмабаев және т.б ойынның бала өміріндегі басты іс-әрекет екендігін атап көрсеткен. Ойынның тәрбиелік негіздерін адам баласының саналы ғұмыры басталғаннан әр кезеңде әр түрлі пікір айтып,өз ұрпақтарын тәрбиелеп,білім беруде іске асыру мәселесін үзбей айтып келеді.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтарының бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсартуда пайдасы аса күшті екені баршаға аян. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал ретінде: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.

    Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек», «Теңге алу» т.б.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын  үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез — құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазақтың көне жыр- дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері айтылады.

    Ұлы педагогтар халық мұрасының, ұлттық колоритінің , құндылықтардың қайталанбайтын түпнұсқалығын, тілдің, оның формалары мен мазмұнының ерекшелігін өсіп келе жатқан ұрпақтың танып, білуіне халықтық ойын арқылы жағдай жасау қажеттілігін жариялаған.Ұлттық ойындар арқылы моральдық құндылықтар қалыптасады,тапсырылған іске ұжым алдындағы жауапкершілік, достық сезімдер, мақсаттарға жету іс-әрекеттері, өзекті сұрақтарды шынайылықпен шешу жүзеге асырылады. Ойын-барлық тәрбие нормаларының қайсысынан болса да жоғары тұрады, өйткені ол баланың тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруға, баланың белсенділігін арттыруға, өз бетімен әрекет етуге мүмкіндік береді. Қазақтың ұлттық ойындарының педагогикалық,психологиялық мәні А.Б.Бүркітбаев, Ә.Диваев,  Т.Ш.Қуанышева,А.К.Меңжанова,М.Т.Тәнікеев,Б.Т.Төтенаев,М.Т.Тұрыскелдина, А.Қ.Айтпаева және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Қазақ халқының Ұлттық ойындарын жинаушы этнограф Ә.Диваев өзінің «Қазақ балаларының ойыны» деген еңбегінде оның балалар тәрбиесіндегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөледі.

















Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық ойындармен таныстырудың тиімді жолдары

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.

Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.
Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек:
ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;
ойынның басталуы мен ойналу барысы;
ойынның аяқталуы.
Дене тәрбиесі іс - әрекеті мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.
Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала:
- көңілді болып жақсы демалады;
- денесі қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады;
- ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді.



Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:
- ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;
- қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
- жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :
балалардың денсаулығын нығайту;
денені шынықтыру;
мәдениетін қалыптастыру;

Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:
өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.
қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
қызығушылығын қалыптастырып дамыту;
Оқу іс-әрекеттерінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады.
Арқан тарту.
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.
Орамал тастамақ
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.


Мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық тәрбиені қалыптастыру барысындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің нәтижелілігі,

ерекшеліктері 
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.

Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.

Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.

Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін.


 Тәрбиешілер әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.

Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.

Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.

Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.

Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.

М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.

Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.

А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған.









Қорытынды

Еліміздің ертеңгі болашағы балаларға ұлттық тәрбие беру – қазақ халқының басты міндеті. Ұлттық тәлім-тәрбиенің басты мақсаты – адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, туысқандық, әдептілік, әдемілік болып табылады. Балабақша – бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын алғашқы білім ошағы. Балаларды балабақшадан бастап ақылдылыққа, алғыр ойға, тілдік шешендікке, ісмерлікке баулу – ұлттық тәрбиенің басты мақсаты.

Қазақ халқы елін, жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, рухани адамгершілік тағлымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Тарихи ескерткіш-мұралар, жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселесі әлі өз дірежесінде зерттелмеген тақырыптардың бірі болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақ бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мүралардың маңызының мол екенін көпжылдық тәжірибелерден көруге болады.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді жинақтай келе, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру ең алғаш ойыннан басталады. Жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптасытруға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерді зерделеу барысында балалардың мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, олардың психологиялық дамуына ойынның үлкен мәні бәрі анықталады. Сондықтан балаларға ұлттық тәрбие беру үшін ойын мазмұнын салт-дәстүр, ата-баба тарихындағы ерлік үлгілерімен байыта түсу қажет деп ойлаймыз.

.



















ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-
Астана: Елорда, 2008. 
2. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы.- Астана: Елорда,
3. Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу және білім беру мазмұнын жаңарту
4. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
5. Т. Иманбеков Қазақ балабақшаларындағы оқу-тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды
6. Адамбеков К.И., Касымбекова С.И. Социально-педагогические основы физического воспитание
7. А.К. Айтбаева. Қазақ халық ойындары-бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу.
8. Төтенаев Б.Ә. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы: 1978. -б.,
9. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану. -Алматы:
10. Ушинский К.Д. Дидактика. -Т.2. -М., Педагогика
11. Төтенаев Б.Ә. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы: Казахстан. 1978.
12. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану. -Алматы:
13. Усова А.П. Бала бақшадағы оқыту. -Алматы: Мектеп, 1987.
14. Иманбеков Т. Қазақ балабақшаларындағы оқу-тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды
15. Төленова Ұ.Т. Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойындар
16. А.К. Айтбаева. Қазақ халық ойындары-бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу
17. Б.А. Тойлыбаев. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде
18. Т.Ш. Қуанышев Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін ұлттық ойын
19. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. -Алматы., Жалын 1994.
20. С. Қалиев., М. Оразов., М. Смайылова. Қазақ халқының
21. Демеуов Ж.Д., Байназарова Б.Я., Алиакбарова З.М., Бекетаев А.М.
23. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.
24. Жұмабаев М. Пидагогика . -Алматы: Рауан, 1992. -21
25. Айталы А. Ұлттану /оқу құралы/. -Алматы: Арыс, 2000.
26. Құралбекұлы А., Әкімбайұлы С., Оқушылар дене шынықтыруының 135. Иманбаева С. Ерлік тағылымы. -Алматы: Республикалық баспа кабинеті,
27. Қалиев С. Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми педагогикалық негіздері.
28. Әбсеметов М. Ұлттық әскердің де тарихы бар 
29. Сәнік З., Садықан Б. Қаракерей Қабанбай батыр. -Алматы:
30. Тайжанов С., Қасымбекова С. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы.
31. Төленова Ұ.Т. Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойындар
32. Төтенаев Б.Ә. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы: Қайнар, 1994.
33. Ошанов О.Ж. Көкпар ойынының түпкі мәні туралы //
34. Төтенаев Б.Ә. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы: Қайнар, 1994.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
742
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12