Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын
жаттығулары арқылы
психикалық процесстерін дамыту
жолдары
Тәрбиеші күнделікті өмірде
және сабақта ойын жаттығуларын қолданады. Ойын жаттығулары
негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп
отырады. Яғни балалардың ой өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу іс -
әрекетінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс - тәсіліне үлкен мән
беріледі, сонда ғана оқу іс - әрекет балаларға пайдалы, қызықты
болады. қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық
пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін
дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен
қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу
дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген
мәселелерге назар аударылады.
Мектеп жасына дейінгі
балалардың жан - жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше.
Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы
ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке
деген белсенділігін арттырудағы басты құрал, баланың психикасында
сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына
ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық
және таным әрекетінің негізі болып табылады. Адамның жан дүниесінің
дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі
іс - әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай
әрекеттердің бірі - ойын. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын
әрекетінің танымдык және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім -
тәрбиелік мыңызы осы заманғы тәлім -тәрбие психологиясында өзекті
мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл -
ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып
біледі.
Ойын - әрекеті тек адамдардың
даму үрдісінде ғана емес, ол хайуанаттар дүниесінің тіршілігінде де
кездесіп отыратын биологиялық фактор хайуанаттардың ойын әрекеті
жаттығу мен тіршілік етуге бейімделіп даралық сипатқа ие болады. Ал
жоғарғы сатыда дамып жетілген сана - сезім мен ақыл - ой иесі -
адам баласының ойын әрекеті, бір жағынан, тіршілік етудің негізгі
формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан - ұрпаққа
беріліп отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып табылады. Міне,
осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен
балдырған кезінде кезінен дамып, баланың өсіп - жетілуіндегі басты
және жетекші факторға айналады.
Білім - тәрбие ғылымы мен
адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін психология пәні ойын
әрекетін адамның эволюциялық даму үрдісінің белгілі бір кездегі
тіршілік кажеттілігі ретінде қарастырады
Осы бағытта негізгі бір
құрамды білігі және баланың үлкендердің өмірін бейнелеу, айналадағы
ортаны тану жолы екендігін көрсетеді.
Ойын әрекетін бала
психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж.Аймауытов, Т.
Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы сияқты қоғам
қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын
алады.
Қазақ халқының өмір
тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл -
қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын
дамытып, өрістетіп отырады деп санаған.
Осы заманғы педагогикалық
психология ғылымының даму барысында мектепке дейінгі баланың ойыны,
ең алдымен, өзінің қатар құрбыларымен, ата - аналары және өзге
адамдармен қарым - қатынас жасаудың қуатты құралы саналатын болса,
екіншіден балалар ересек адамдармен қарым - қатнас жасап, әр түрлі
пайдасы істермен шұғылдануға дағдыланады. Үшіншіден, ойын әрекеті
баланың танымдық психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып
табылады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым
- қатнасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын әр
алуан істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді
әрекеттер жасауға баулиды.
Елімізге әйгілі психолог ғалым
Т. Тәжібаевтің педагоикалық психология саласындағы ой - пікірлері
қазіргі күннің талабына сай жалғасып табуы міндетті нәрсе. Соңғы
кездегі психология ғылымы саласындағы зерттеулер нәтижесі
балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым
олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деген қорытынды
жасауға мүмкіндік береді.
Балалардың танымдық әрекеті -
олардың өткен ұрпакқтың өмір тәжірбиесін, белгілі білім жүйесін
меңгереді. Осыған байланысты баланың танымдық белсенділігін
арттыруда ойындардың алатын орны ерекше.
Ойын - бала әрекетінің негізгі
бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық
тәжірбиені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін
қатынастырады. Бала ойынында да қоғамдық ұжымдық сипат болады.
Мысалы: кез - келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар -
құрбылармен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір - бірімен өзара карым
- қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар
фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін
дамытатынын мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы
байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. "Үлкендер өмірі
үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, -
деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да кандай үлкен маңызды.
Ойында бала кандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай
болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын
арқылы болады."«Оқу құралдарының мінезі -мектеп мінезінің
айнасы»-деп атақты ұлы педагог-психолог, ақын М.Жұмабаев айтқандай,
біздің берер білім, тәрбие жолында пайдаланылатын әдістемелер
мәнді, жұмыр болуы керек.Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына
сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім
баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын
оятарлык, іскерлігін дамытатындай, бастаған істің нәтижесіне жетуге
тырысарлықтай нәрлі болуы керек.