400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Білім беру балабақша табал-дырығынан басталады десек ешқашан қате¬леспейміз. Барлық білім¬нің бастауы – балабақшада.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ

Бердибаева Маржан Маратовна

Жамбыл облысы,Тараз қаласы, Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп жанындағы "Ботақан" шағын орталықтың тәрбиешісі


Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі ме­ке­­ме­лер­де тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық  технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының бас­ты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терін енгізу.  Әрине  бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына  педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да бай­ланыс­ты.

Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мем­лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай  мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде. Заман өзгерген сайын­  әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технология­ны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады. 

Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды. Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:
1. Монтессори технологиясы
2. Жобалау технологиясы
3. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы
4. 
Денсаулық сақтау технологиясы

Осы технологиялардың ішінде бала шығармашылығы мен ой-санасын дамытуда ерекше рөл атқаратын ТРИЗ технологиясын атап өткен жөн. Бұл технология тәрбиешілер мен балаларға адам өзінің жасына тәуелсіз меңгеретін шығармашылықтың әдістері мен құралдарын береді. Осы біріңғай құралдарды қолдана отырып, балалар мен ересектер бір-бірімен тіл табысуы, түсінісуі жеңіл болады.

Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде, қазіргі таңда тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.

Тәрбиешілер– бүлдіршіндердің рухани сәулеткері, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Біз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет. Б. Кенжебаев: «Бала – біздің болашағымыз. Баланың болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді»,-деп айтып кеткендей, балаларымыздың болашағы, олардың білім алып, жетілуіне, таным көкжиегінің кеңейіп,  дамуына, өмір жолында өз жолын табуына көмек көрсетіп, тұлға болып қалыптасуына әсер ету-әрбір ата-ананың басты міндеті.

Тәрбиеленушілеріміз көзге ғана емес, көңілге де қуаныш сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне айналсын. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін. Қай кезеңде болмасын аға ұрпақ өздерінің өкшесін басып, жетіліп келе жатқан жас құрақтай жайқалған жас жеткіншектің білімі мен тәрбиесіне, денінің саулығына мұқият қараған. Өйткені, ұрпағымыздың тәрбиесі-ұлтымыздың болашағы. Балаларға деген махаббатымыз шексіз!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
290
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі