ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ
№4 «ДЕЛЬФИНЧИК»БӨБЕКЖАЙ»
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Педагогтерге арналған консультация
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліне оқытуда бөбекжай мен отбасының байланысы
Дайындаған: қазақ тілі мұғалімі
Жанатбекова Д.Ж.
Қоғам үшін әр кезеңде , әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл — қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке , білімге құштар болып өсуі -ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат болып табылады. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері қазақ тілі сабағына қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, бөбекжайда ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет «іске қосылады».
Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен кеңестер, сұрақ-жауап , ашық есік күндерін, мерекелік іс-шараларды өткізудің маңызы зор.
Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу – оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, бөбекжай жұмысынан үзінді көрсету, белгіленген сабақтарға қатысу (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіскер ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Жыл сайын ата-аналар қазақ тілі сабағына қатысып, балалардың тіл үйренуге деген қызығушылықтарын , білім нәтижелерін көріп келеді.
Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін қазақ тілі сабағының маңызы ерекше. Балалардың жас ерекшелігіне қарай әр топтарда ұйымдастырылған оқу қызметі қазақ тілі сабағы өткізіледі.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Осыған орай қазақ тілі сабақтарындағы логикалық, сенсорлық ойындар, балалардың шығармашылық қабілеті дамып, ақыл-ой белсенділігі арттырады.
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:
– жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;
– сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
– шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
– өзіне деген сенімділік пайда болады, логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттырады.
Балалардың сөздік қорын, тіл
байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын
болсақ:
1. Сахна ойындары, ертегілерді рөлдерге бөліп
сомдау. Мысалы: «Бауырсақ» «Шалқан» «Мақта қыз бен мысық» «Алдар
көсе мен тоңғақ бай» ертегілері.Оның барысында қажетті дыбысқа
байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді
сөйлете отырып, балаларға
қайталату.
2. Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды
қазақ тілінде айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту. Қазақты мақал
- мәтелдері негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті,
инабаттылықты қамтиды. Қазақ тілі сабағында «Менің Қазақстаным»
«Отбасы» тақырыптарын
өткенде:
• Туған жер – алтын
бесік
• Отан – оттан да
ыстық
Батырлық, ерлік
туралы:
• Жауынмен жер көгереді, батамен ел
көгереді
• Ер - елдің көркі, өсімдік жердің
көркі
Жұмыстың осы түрлерін баланың жас кезінен
бастап дер шағында қолға алса нәтижесі де ойдағыдай
болады.
Қорыта айтқанда балалардың қазақ тіліндегі
дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге бөбекжайда берілер
тәрбиенің ықпалы зор.
Қазіргі заман талабына сай оқу - тәрбие
үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап,
мектеп жасына дейінгі балаларды ойына, бойына шақ әдеби мұралармен
сусындатып тәрбиелеу, тәрбиеші мен қазақ тілі мұғалімінің алға
қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп
әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп
есептейміз. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу
қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан
әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт - бағдар бере
отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау
керек деп ойлаймыз. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді
олардың санасына құю, жеткізу педагогтің алға қойған мақсаты. Сол
мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге
міндетіміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз