МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚОРШАҒАН ӘЛЕМГЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАУҒА ТӘРБИЕЛЕУ
Кіріспе Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деп көрсеткен. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным-сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болып есептелген. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан – анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кіреді. Мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие-білім беру үдерісінде патриоттық тәрбие бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтарына әдістемелік көмек көрсету. Міндеттері: - мектепке дейінгі ұйымдардағы патриоттық тәрбие жағдайын зерттеу; - мектепке дейінгі ұйымдардағы патриоттық тәрбиенің заманауи әдістері мен ұйымдастыру формаларын жалпылау және жүйелеу. - «Менің елім – менің жерім» патриоттық тәрбие бойынша вариативті сабақ өткізуге арналған материалдарды таңдау және жүйелеу. Күтілетін нәтиже: - педагогтардың педагогикалық шеберлік деңгейін және мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы білім беру қызметін арттыру. Негізгі бөлім Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк «Бiлiм» бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты – «Қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру» – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр. Еліміздің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы, бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Патриоттық тәрбиенің міндеттері төмендегідей: - білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту; - балалар мен жастарды отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу; - өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымын қалыптастыру және т. б. Мектепке дейінгі жастағы балаларды патриоттық тәрбиелеудің басым бағыттары айқындалды: - Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік; - Рухани–адамгершілік; - Отбасы тәрбиесі; - Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру; 7 - Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру; - Коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру; - Экологиялық; - Эстетикалық; - Дене тәрбиесі мен салауатты өмір сүру салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру; - Еңбек және экономикалық; - Кәсіби-шығармашылық; - Интеллектуалды мәдениетті дамыту. Мектепке дейінгі ұйымдардағы патриоттық тәрбиенің заманауи әдістері мен ұйымдастыру формалары Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық – қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың жоғары көрсеткіштері - мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана, және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады. Психологиялық тұрғыда патриоттық құндылықтар сапаға айналып, iс-әрекет (тұлғаның «Менi») тұрғысынан көрiнiс береді. Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтар жүйесі және оны қалыптастырудың факторлары Тәрбиенiң негiзi болып саналатын жалпыадамзаттық құндылықтардың бiрi – тәрбиенiң басқа адамға деген қажеттiлiгi, басқа адамдарды сүйе бiлу қажеттiлiгi болып табылады. Философиялық тұрғыда рухани құндылық, соның ішінде патриотизм рухани сұраныстарды қанағаттандыратын және тұлғаның рухани әлемін байытуды көздейді. Тұлғаның бойындағы руханилық өлшемдер оның ой-санасында, мінез-құлқында, іс-әрекетінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлесуі, қалыптасуы деп көрсетеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар – халықтың, түрлі діннің, әрқилы дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық. Табандылық – батырлардың қалқаны. Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс. Сондай-ақ, Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер, жақсы сөздерін қалдырған. Мысалы: • Намысты нанға сатпа. • Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу − сатқындық. • Именіп жүріп көрген игіліктен − қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. • Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше − шындықтың уын ішіп өлген артық. • Ерлік − елдің қасиеті, жүректілік − жігіттің қасиеті. • Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. • Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды. • Ерлік − тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады. • Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады. • Белдескеннің – белін сындыр, тірескеннің – тізесін бүктір. • Ептілік те – ерлік. • Қолбасшы болсаң сондай бол – жосылып жатқан жолдай бол. Осындай тағы да басқа батырлық, ерлік, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы біздерге өсиет сөздер қалдырған.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз