МКҚК «Балдаурен» бөбекжай
бақшасы
«Мектеп жасына дейінгі
балалардың балабақшаға жеңіл үйрену
жолдары»
Дайындаған: балабақша
психологы
Е.Елеусизова
2022 – 2023 оқу
жылы
Мектеп жасына дейінгі
балалардың балабақшаға бейімделу
кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі
балалардың тәрбиесі концепциясының жағдайлары қазіргі өзіміз
өмір сүріп отырған дәуірдің талаптарымен
үндес келеді деп айтуымызға болады. Бұл жағдайлар
бөбектердің ана тіліне қаршадайынан қанығып, оны
уыздай меңгерулеріне, бар байлығын
бойларына ана сүтіне сіңіріп, дамыта түсулеріне,
сөйтіп рухани дүниесінің кеңи түсуіне жол
ашады.
Баланың әлеуметтенуі қашан,
қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақша
келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен, балалармен
танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді. Жаңа
жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу
көбінесе қиын және ауыр өтеді.
Қобалжулары қатты ата –
аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата
- ананың қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая
бастайды. Осы кезде ата – ана балаға көмек беруі
керек.
Ертенгілік қоштасуды жеңілдету
тәсілдері:
- Баламен тез қоштасып үйреніңіз.Қоштасуды
созбаңыз.Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп тынышталуы ұзаққа
созылады.
- Балаңыз сізге сенсін десеңіз,балабақшаға әкеліп
көрінбей қашып кетпеңіз.
- Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз
және оны қатал ұстаңыз.
- Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып
алып, балаңызды алдарқатыңыз.
2 – 3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі
құбылыс.Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдай көп өзгеріске
түседі. Сондықтан кеңес береміз.
- Үйдегі жағдайда балаңыз келетін топтың күн режимімен
бірдей етіп ұйымдастыруға тырысыңыз.
- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып
баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін
қосыңыз.
- Үйдегі жағдайда баланы өзіне – өзі қызмет
етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну
өз бетімен тамақтану тамақ ішкенде қасықты пайдалану, гаршокқа
сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт, шалбар не
болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
- Жоспарлаңыз:балабақшаға бірінші келген
мезгілінде балаңызды бірінші күні ақ күн ұзағына қалдырмауды.
Балабақшаға жаңадан келген балалар алғащқы аптада үш төрт сағат,
одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе
күні бойына қалдырылады.
- Балабақшаға тек ауырмай келуі
қажет.
Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе?
Оны мақтайсыз ба , оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба?
Ата-аналардың балаға эмоционалдық әсері көбінесе жағдайды
қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар, жеңіл
түрі-баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді. Орташа
ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде, ауыр бейімделу – 2 айдан
6 айға дейін өтеді.
Балабақшаға бейімделу кезеңнің
ұзақтылығы үш дәрежеден тұрады.
· жеңіл
· орташа
· күрделі
Жеңіл
бейімделу кезінде бала бір
жұма ішінде яғни 16 күнде бір қалыпқа
келеді.
Бірінші аптаның аяғында
тамаққа деген тәбеті орнына келеді. Екіншіаптаның
аяғында ұйқысы қалпына келеді. Мектепке
дейінгі балалардың сезімі әр түрлі болады. Біреуі
көңілді, біреуі тұйық, біреуі салмақты. Көңілді балалар мен
салмақты балалар ересектермен яғни тәрбиешілерімен,
құрбыларымен қоршаған ортаға тез
бейімделеді.
Орташа
бейімделу кезеңінде ұйқысы
мен асқа деген тәбеті 20-40 күнде бір жүйеге келеді. Бір ай
бойы баланың сезімі тұрақсыз болады.Бұл орташа
бейімделуде балаға мына қасиеттер тән
болады.
Ересектермен
балалар арасынан қарым- қатынасқа түсу үшін
таңдай бастайды және белгілі жағдайда ғана
қатынасқа түседі. Бұл орташа
бейімделуде бала 2 рет ауыруы мүмкін
және 10 күннен аспайды.
Күрделі
бейімделуде баланың дұрыс
ұйықтамауынан байқауға болады. Ол түсінде
айқайлап, тұрған кезде жылап тұрады. Тәбеті болмай тамақ
ішпейді, сонымен бірге іші өту, құсу, кекештену, қорқыныш, үрей
пайда болады. Тәрбиешілерді тыңдамай, жұлынып, долданып
айғайлай бастайды. Бұндай бейімделуде бала белсенсіз болады.
Бұндай күрделі бейімделу кезінде аурулары асқынады. Сөйлеу
қабілеттері нашар болады. Осындай жағдайлар болмас үшін
балаларға түсіндіру керек.
Балабақша қызметкерлерімен
тығыз байланыста болу.
Баланы бірте-бірте бала бақшаға үйрете
беріңіз. Тәрбиешілерге баланың әдеттері мен қылықтары жайлы
хабарлаңыз. Балаға балабақшада не күтіп тұрғанын айтып
отырыңыз. Балаға зейінді, жанашыр және сабырлы
болыңыз.
Ата –аналарға психолог маманы
ретінде берер кеңесім: Балаға балабақшаның не екенін, балалардың не
үшін келетіндігін айтып түсіндіру керек. Балаңызға міндетті түрде
уақыт бөліп,оны өзі киініп-шешінуге, тамақ ішкенде қасықты
қолдануға, дәретханаға сұрануын үйретіңіз. Үйде балабақша режимін
сақтауға тырысыңыз. Баланы балабақшаға қалдырғансоң көрінбей кетіп
қалмаңыз. Балаңыздың сізге деген сенімін жоғалтасыз. Балаңызға
ұнайтын қоштасу әдісін ойлап
табыңыз.
Егер тамаққа деген тәбеті
жақсарып, тез ұйқыға кетіп, оянғанда сергек болса, көтеріңкі
көңіл-күймен ойнап жүрсе–бейімделу кезеңі аяқталған болып
есептеледі .Біздің балалар 2 ай көлемінде бейімделді .Топқа
кіргенде тәрбиешімен және достарымен сәлемдеседі .Балалар топ
ішіндегі заттармен ойыншықтардың орындарын біледі .Барлығы бірлесіп
ойыншықтарды жинап, орын-орнына қояды. Олар шеңберге тұруды
үйренді. Осы тәрбиешілер мен ата – аналардың көмегінің арқасында
біздің балалар балабақшаға жылдам әрі жеңіл бейімделді деп
ойлаймын.
Біз жиырма бірінші ғасырда
өмір сүріп жатырмыз. Жаңа ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын
аламыз десек, жас ұрпағымызды дұрыс тәрбиелеуге, дұрыс білім беруге
міндеттіміз. « Балаға білім берру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген
жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соқтырады»
– деген, данышпан ойшыл ғалым Әбу Насыр әл –
Фараби.