Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Мектепке дейінгі бөлім
Мектепке дейінгі және
шығармашылық пәндер
бірлестігі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Курстық жұмыс
Орындаған: 0101000 «Мектепке
дейінгі тәрбие және оқыту»
мамандығы 0101013 «Мектепке
дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
біліктілігі бойынша оқитын 4курс
студенті А.Әлі
Жетекшісі: Мектепке дейінгі
педагогика және жеке әдістемелер
оқытушысы М.Құрманбек
2017 – 2018 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай мінез-құлықтарының дамуы
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлықтарының даму ерекшеліктері...........................................................................................................5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда психологиялық кеңес берудің маңызы................................................................13
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс мінез-құлық қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік бөлімі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлықтарының деңгейін анықтаудағы әдістер жүргізілетін жұмыстар......................................................16
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстар .........................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................29
ГЛОССАРИЙ.........................................................................................................30
ҚОСЫМША...........................................................................................................33
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Балалардың қарапайым мінез-құлқы туған күнінен бастап – ақ көрінеді. Бала есейген сайын мінез-құлқы қоршаған ортаға қарай біртіндеп өзгере түседі. «Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа балалармен қатынаса отырып әр бала өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі баланың мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол баламен қатынасудың тиімді стильлін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз Мектеп жасына дейінгі балаларда қырсықтық, тұйықтық, ұялшақтық, уайымшылдық секілді теріс мінез-құлықтардың көптеп кездесуі қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Ал мәселелерді түзетуде психологиялық кеңес беру мектеп жасына дейінгі балалар үшін маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қырсықтық, тұйықтық, ұялшақтық, уайымшылдық мінез-құлықтарын психологиялық кеңес бере отырып түзету.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі баладардың мінез-құлықтары туралы психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау,
- мектеп жасына дейінгі балалардың теріс мінез-құлықтарын психологиялық кеңес беру арқылы қалыптастырудың маңызын анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлықтарын психолгиялық кеңес беру арқылы түзетудің эксперименттік жұмыстарының нәтижесін көрсету.
Зертеу жұмысының нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың теріс мінез-құлықтарын түзету үрдісі.
Зерртеу болжамы: егер, мектеп жасына дейінгі балаларды мәдени мінез-құлыққа тәрбиелеуде психологиялық кеңестер тиімді жүргізілсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың мінезі дұрыс бағытта дами түседі.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, бақылау, эксперимент жасау.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Балалардың мінезін зерттеген және ой-пікірлерінқалыптастырған ғалымдар. Балалардың мінез-құлқына байланысты қалыптасқан типтер. Балалардың психологиялық жас ерекшелігіне байланысты мінез-құлық анықтау.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы: Балалардың психологиялық жағынан мінез-құлқын бір қалыпта болуға дағдыландыру.
Психологиялық ойындар мен тренингтер қолдану арқылы, жақсы мінез-құлық қалыптастыру. Іс-тәжірибе жүргізу арқылы, әр бір баланың қандай деңгейде жұмыс жасай алатынын дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНЫҢ ДАМУЫ.
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлықтарының даму ерекшеліктері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктері ерте заманнан келеді, ол әр баланың өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) балалардың ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген
А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.
К.К.Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.
Мектеп жасына дейінгі әр жас кезеңнің баланың тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасатын кезең. Белгілі психолог Л.С.Выготский жастағы кезеңде екі үлкен өзгеріс болады: ол ағзадағы жетілу және өзінің “Мен” мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. Кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде балалардың көпшілігі “балабақшаға бейімделе алмауымен” ерекшеленеді. Шарт бойынша “балабақшаға бейімделе алмау” мектеп жасына дейінгі балаларға олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді [2]. Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек, мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлықты тән ортақ қылық – ол ата-аналар мен тәрбиешілерге қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу тағы сол сияқты болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі болуы. Екінші топқа жататындар балалар адамгершілік қадір-қасиеттерді төмендей бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұл топқа тәртібі нашарлаған, жатады, – қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге бейімділіктері жоқ шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдай алмайды. [4, 22 б].
Сонымен баланың алғашқы адами құндылықтары , әрине , отбасыда қалыптасады. Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер, әртүрлі себептермен баласы жаман болған өзінде, ол ата-аналарды кінәләй бермей , бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, бұл біріншіден , ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, “қиын” балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін: “Менің отбасым ”, -деген тақырыптарға, сурет салу, содан көп нәрсені білуге болады. Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын-ала, терең , жан - жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен,олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшіліктерін ескере отырып жоспарланған болуы керек.
А.Бен, Т.Рибо, И.Кант, М.Фуле, А.Е.Личко, К.Леонгард сынды ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың мінезді зерттеп, бірнеше түрге, типтерге бөліп қарастырды.
1.Гипертимді тип. Қозғалысқа бейім тип. Тым көп қозғалатыны әсерінен тәртіпсіздікке де бой беріп жатады. Шулы ортаны, көпшілік жиналған жерді жақсы көреді. Өзгелердің алдында артықшылықтарын көртесіп қалғысы кеп тұрады, сөзшең. Мақтауды жаны сүйеді, өзінің де мақтаншақтығы бар. Көп нәрсеге аса қызығушылық танытады. Мимикалары айқын, оптимист. Бойында күш-қуаты мол.
2. Циклоидті тип. Көп жағдайда бейжай күй танытады. Жалғыздықты жаны сүйеді. Кез келген жағдайды, сөзді жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан өзгеле р ескерту жасағанын еш ұнатпайды.
3. Лабильді не дистимді тип. Көңіл күйі ауа райынан өткен құбылмалы. Өзіне өзгелердің көзқарасы қандай екенін бірден байқайды, оған тәуелді кездері де болады. Көңіл күйі нашарлаған кезінде жақындары жанынан табылып, қолдау көрсеткені абзал. Бұл типтегі жандар достарының қолдауын аса жоғары бағалайды. Көп сөйлей бермейді, баяу ойланады. Үйде, жалғыздықта болуды жаны қалайды. Ұрыс-керістен бойын аулақ салады. Әділ, байсалды, тиянақты.
4. Астено-невротикалық тип. Ақыл-ой жұмысынан тез жалығып, шаршайды. Көп жағдайда қалжыраған, көңілсіз күйде жүреді. Қырсықтық қасиеті де бар. Топпен жұмыс істей білмейді. Қақтығысқа бейім. Жай уақытта таза, ұқыпты, балаларды жақсы көреді. Ашуы келгенде дүниені төңкеріп тастауға бар.
5. Сензитивті не тежелгіш тип. Көпшілік жиналған жерді, үлкен компанияларды ұнатпайды. Ондай жерде өзін жайсыз сезінетіндіктен сырт көзге тұйық боп көрінеді. Бейтаныс ортаға бейімделуі қиын. Ал достарының арасында ашық жарқын, әзілқой. Жолдас таңдауда қателікке бой ұрмайды. Ірілік, ерлік мінезі бар. Құмар ойындарға жаны қас. Басқа балаларға қарағанад ата-анасына тым жақын келеді. Өзіне де, өзгелерге де жоғары талаптар қояды. Мойнына алған жұмыстан нәтиже шығармай қоймайды. Өзіне сенімді, сезімтал, қызғаншақ. Ар-намысты бәрінен жоғары қояды.
6. Психо-астеникалық не педантты тип. Өз-өзіне де, өзгелерге де баға беруге бейім. Жұмыста басқаларға зор талап қояды, ал лидерлікті кейде басқаларға береді, өзіне сенімді. Интеллектісі тез дамиды. Айналасындағы жағдайларды өзгелермен талқылап жүреді, сол арқылы кез келген жайдың дұрыс шешімдерін ойластырып қойды. Аздап салғырттығы, абайсыздығы бар. Жанжал туса да бейжай, сабырлы қалпында қала береді. Өзі соқтыққанды аямайды. Тез шешім қабылдайды. Жиі ой үстінде жүреді.
7. Шизоидті не уайымшыл тип. Тұйық, ұялшақ, адамдармен ашылысып сөйлесе бермейді. Өзгелерді ұнатып, жақтырмай отырғанын көзқарасымен бірден білдіреді. Ойларын сыртқа ашық айта бермейді, алайда алтын сандықтың кілтін тауып сөйлесе алған адам ішкі жаны терең қиялға толы екенін аңғарады. Өз қатарластарына қарағанда, үлкендермен әңгімелескенді, бірге болғанды жақсы көреді. Қалжың көтере біледі. Мақсатына жетпей қоймайды.
8. Эпилептоидті не эмотивті тип. Көп жағдайда көз жасыммен қорқытамын деген шешімге келеді, өзгелердің жиі мазасын алады. Өзін басқалардан жоғары санайды. Мансапта биікке көтерілу үшін бастықтардың алдында құрдай жорғалап, қолынан келгеннің бәрін жасайды. Өзін өте жақсы көреді. Жауапкершілігі бар, тым сезімтал.
9. Истероидті тип. Үнемі жұртшылық назарында болуды қалайды. Ол елеусіз қалып, басқаларды мақтап жатса, жақтырмайды. Қай-қай жерде де көшбасшы болғысы келеді. Өзіне тым сенімділігі өзгелерге ұнамайды. Басқаларға ұқсамайды, басқаша ойлайды. Эгоист, екі жүзді, жұмыстан қашады.
10. Тұрақсыз тип. Ерік-жігері төмен, өздігінен шешім қабылдай алмайды. Өлі балықтай өмір ағысымен қалқи береді. Жұмыссыздықты, той-думанды жақсы көреді. Кәсіби қызығушылығы жоқ, болашағына алаңдамайды. Айналасында барлық құбылысқа аузын ашып таңырқап жүреді.
11. Экстравертивті тип. Достары, таныстары өте көп. Ешкімнің сұрауын жауапсыз қалдырмайды. Сұхбаттасушысын зейін қойып тыңдайды. Достары мен жақындарына лидерлікті береді. Көп нәрсені ойланбай істейді. Әңгіме айтып отыруға құмар. Уақытты көңілді өткізуді қалайды.
12. Интравертивті тип. Тұйық, данышпандыққа бейім. Жалғыздықты сүйеді. Өміріне, жеке кеңістігіне біреу кірген кезде ғана шу шығарады. Ұстамды, белгілі ұстанымдармен өмір сүреді. Бірбеткей, идеяларын басқаларға мойындатқысы келеді. Ойы қате болса да, соңына дейін дәлелдеп бағады. Балалардын қарапайым мінез-құлқы туған күнінен бастап –ақ көрінеді. Бала есейген сайын мінез-құлқы біртіндеп өзгере түседі. Мектеп жасына дейінгі балалар екі жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибесі арта түседі , қиялдай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап-тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері әлі де болса саналы бола қоймайды, тек мінез-құлық сипатта ғана жүзеге асады. Екі жарым жасар бала қол – аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған.
Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіні ұстап алайын деп тұрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт – бес жасар балаларда жоғары сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы жастағы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең, «Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» - деп жауап береді.Төрт жасқа аяқ басқан бала әкесінің жаңа костюм кигенін көріп: «сен сұлусың», - дейді.
Бес жасар бала түрлі түстерден құралған суреттерді ұнатады; шешесіне: «терезені жаппай тұра тұр, күн қандай сұлу», - деп оның батуың тамашалайды. Бала апанға қарап: «мынау одан да әдемі!» - дейді. Әрине, осы көріністерді бала өзінше ұнатады, ол нәрсенің сыртқы жағын ғана тамашалайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой – әрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық құбылыстары, әсіресе, ерік – жігері дамып жетілмеген. Мектеп жасына дейінгі балалар мінез-құлқы басты ерекшелігі – тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.
Бес-алты жас балалар жоғарылап, есейген сайын жаман қылықтарынан арыла бастайды. Тәрбиешінің ерік – жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі балаларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, ғана қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.
Жеті жас балалар мінез-құлық сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу – бәрі де олардың қажеттерінің өтелу – өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайларда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың мінезіне, сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Балалар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен заттарға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл баланың даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
Мектеп жасына дейінгі балалар «мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа балалармен қатынаса отырып әр бала өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі баланың мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол баламен қатынасудың тиімді стильлін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Мектеп жасына дейінгі балалар мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы даралық ерекшеліктер болып табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз баланың белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Мектеп жасына дейінгі бала өмірі қарым-қатынасқан балалармен, тәрбие алу жағдайларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар даралық дамудың табиғи алғышарттары да әр түрлі. Сондықтан, әр бала тек өзіне ғана тән, қайталанбас мінез бітістері мен сапаларының бірлігі қалыптасады. Алайда, мінез даралық ерекшелік көрсеткіші болуымен қоса, басқа балалармен ортақ қырларымен танымал. Ұқсас жағдайларда, бір ортада өмір сүретін балалар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өзбетті, тәуелсіз, бастамашыл адамдар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: отбасы, оқу тобы,ұжымдық. Олардың әрқайсы баланың мінезінде өзіндік рең қалдырады. Мінездің мәні - даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. кез келген қатынас мінезқалыптастырушы болмайды, тек өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, материалды және рухани қажеттіліктермен байланыстылары ғана. Ең алдымен бұл қоғамға, басқа балаларға, еңбекке, өзіне, заттарға қатынасы.
Балабақшада баланың мінез-құлқы жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, космонавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу – кез – келген баланың арманы.
Мұндай балалардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген; тіршілік үшін болған әрекет–қимылы тіке, бірбеткей.
Балалардын қарапайым мінез-құлқы туған күнінен бастап –ақ көрінеді. Бала есейген сайын мінез-құлқы біртіндеп өзгере түседі. Мектеп жасына дейінгі балалар екі жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибесі арта түседі , қиялдай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап-тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері әлі де болса саналы бола қоймайды, тек мінез-құлық сипатта ғана жүзеге асады. Екі жарым жасар бала қол – аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған.
Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіні ұстап алайын деп тұрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт – бес жасар балаларда жоғары сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы жастағы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең, «Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» - деп жауап береді.Төрт жасқа аяқ басқан бала әкесінің жаңа костюм кигенін көріп: «сен сұлусың», - дейді.
Бес жасар бала түрлі түстерден құралған суреттерді ұнатады; шешесіне: «терезені жаппай тұра тұр, күн қандай сұлу», - деп оның батуың тамашалайды. Бала апанға қарап: «мынау одан да әдемі!» - дейді. Әрине, осы көріністерді бала өзінше ұнатады, ол нәрсенің сыртқы жағын ғана тамашалайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой – әрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық құбылыстары, әсіресе, ерік – жігері дамып жетілмеген. Мектеп жасына дейінгі балалар мінез-құлқы басты ерекшелігі – тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.
Бес-алты жас балалар жоғарылап, есейген сайын жаман қылықтарынан арыла бастайды. Тәрбиешінің ерік – жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі балаларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, ғана қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.
Жеті жас балалар мінез-құлық сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу – бәрі де олардың қажеттерінің өтелу – өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайларда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың мінезіне, сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.
Мінез-құлық — мектеп жасына дейінгі баланың тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Бала бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр баланың өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқа расы, мақсат-мұраты көрініс береді. Бала өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық баланың өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар «мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа балалармен қатынаса отырып әр бала өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі баланың мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол баламен қатынасудың тиімді стильлін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Қоғамға балаларға адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік – адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа балалармен қатынаста коммуникативті қатынастар ерекше орын алады: мейірмандық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Мұндай мінез сапаларының иегері түрліше жағдайларда тиімді қарым-қатынаста бола алады: отбасында, балабақшада , достарымен. Олар әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым-қатынас барысында пайда болған негативті сезімдерді, мысалы, сенімсіздік, қызғаныш, жаратпаушылықты, оңай жеңеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың өзіне деген қатынасы өзіндік таным құрылымында когнитивті, эмоциональді, бағалаушы компоненті ретінде қалыптасады. Ерте балалық шақтан бастап, бүкіл өмір бойы қоршаған адамдар баланың әрекет-қылықтарын бағалап өтеді. Бұл қатынас адамның өз-өзіне деген ішкі психологиялық қатынасына, мінез сапасына айналады. Балаға деген қатынас типінің басымдылығына қатысты мінезде қарапайымдылық не масаттанушылық, өзіндік сыншылдық не өз-өзіне сенімділік, намысшылдқ не бәсеңдік, өз-өзін бағалау немесе толымсыздық сезімі пайда болады. Баланың заттарға қатынасы да аса маңызды. Нәресте туғанынан басқа адамдардың еңбегімен жасалған заттарды қолданады. Жасы өскен сайын баланың заттарға деген қажеттіліктері арта түседі. Заттар дегеніміз - ойыншықтар, кітаптар, киімдер, ыдыстар, т.б. Бір бала ойыншығын сындырса, оған ұрысады, ал екіншісіне келесіні сатып әпереді. Бір бала жолдасына өз ойыншығын бермесе, келісі бірі өз ойыншықтарын таратып салады. Осыдан біртіндеп балада ұқыптылық, ашықтық не негативті қасиеттер жинақталады.
Балабақшада баланың мінез-құлқы жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, космонавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу – кез – келген баланың арманы.
Мінез-құлықтың ықпалымен орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға «Барып кел, алып кел, үйдің суретін сал» деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Одардың мінез-құлықтары , еркі тұрақсыз болып, іс-әрекет үстінде туғызса, өз бойына лайық қажыр, қайрат, табандылық көрсетеді. Баланың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрете бастаудың, яғни өз қозғалысын денесін басқара алуынан басталады. Баланың еркі әліде дамып жетілмеген, олар бір нәрсені саналы түрде ұғып істеуден гөрі сол нәрсенің оларды көңіл-күйіне әсер еткен әсеріне бағынып істеуі басым болады. Бұл кезде бала әрекетті ақыл-ой таразысына салмай дұрыс-бұрыстығын ойламай істей береді, өйткені олар да өздерінің ісін сана – сезіміне бағындыру жеткіліксіз болады. Ұстамдылық қасиеті де дамымаған. Бұл кезде балалар да айтқанды ұғып, оған сенушілігі күшті болады. Ал жасы есейген сайын айтқанға сену кеміп отырады және айтқанды ұғып, оған сенушілікке байланысты бала еліктеуге де өте бейім болады. Ойнаған ойынында да кейіпкерлерге мінез-құлқына еліктейді. Ертедегі кейіпкерлерге ұқсап солардай болуға қатты асығады. Балалар еліктеуге құмар болғандықтан, өзінің жақын адамдарына тәрбиеші апайларға ұқсауға тырысады. Кім не айтса соның дұрыс бұрыстығын талғамай, тез орындауға әзір тұрады. Бала өзін-өзі басқара алмайтындықтан үлкендер дұрыс жолға салып, бағыт беріп отыруы қажет. Баланың ерік әрекетін тәрбиелеу жас кезеңнен басталды. Тілі шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады. Мектепке дейінгі кезеңде рольдік, қимылды, спорттық, құрылыс құрастыру ойындары арқылы баланың ерік-сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір-ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға итермелейтін себепші құрал болып табылады.
• Үйлесімді мінез типі–қоршаған ортаға икемделігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді балада ішкі қарама–қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істеген іс бір–біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді.
•Іштей қарама–қарсылықты,бірақсырттай келісімді мінезді бала. Бұл типті баланың ішкі ниеттері мен сырт әрекет–қылығы арасында келіспестік бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын іздестіруге дайын тұрады.
• Икемі кем, қарама–қарсылықты мінез бала: көңіл–күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет–қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты–тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жұмсамай–ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.
• Тиянақсыз мінезді бала–бағыт–бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке балалық деңгейі төмен. Тұрақты мінез-құлығы қаланбаған, осыдан барша іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас балаларына жағымпаздану бұл баланың бойына сіңген мінездік көрініс.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда психологиялық кеңес берудің маңызы.
Психологиялық кеңес — қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі.[1, 12 б]
Балаларға неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасауға болады.
Психолог кеңес беру кезінде әңгімеге бармай-ақ, тым жабыла немесе ашыла бермей, өзінің ойын еркін игере білуі тиіс. Әсіресе гипотезаны ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін. Тиісті себептерсіз клиенттің пікірін елемейтіндей немесе беделін түсіретіндей тура сұрақ қоюға бармау керек, әңгіме қарымталы және өктем болмауы керек.
Жалпы, жоғарыда айтылған психологиялық кеңес берудің ережесін сараптай келе, Р.В.Овчарова ұсынған кеңес берудің тиімді және тиімсіз жақтарына назар аудару керек.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психологиялық кеңестің әдістері
Тренинг әдісі
Ойындар әдісі
Ертегілер әдісі
Әңгімелеу әдісі
Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру т.с.с. Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала мектепке дейінгі балалардың адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни балаламен әңгімелесу арқылы қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне бір жақты жауап беру оңай емес. Бірақ уақыт өте келе, сол бала психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екеніне түсінеді топта балалармен жақсы қарым-қатынаста болады.
Кеңес беру барысында әңгімелесу, сурет салу, тест, ойын т.б әдістемесі кеңінен пайдаланылады. Оның негізгі мақсаты – жүргізілген әдістемеден мәселенің мәнін анықтап алу және шағымданушымен қосыла отырып шытырман жағдайдан шығу немесе мәселені шешу жолын іздеу. Бұл процестің маңыздылығы – баланың басынан өтіп жатқан оқиғаларға жауапкершілікті психологтың өз міндетіне алуы.
Мектеп жасына дейінгі балалар байланысты болатын балалардың мінез-құлқынан айырмашылығы, әлеуметтік жат мінез-құлықты әлеуметтік жағынан негізделген, жағымсыз шағын ортаның терісі ықпалымен отбасындағы дұрыс емес, өзара қарым – қатынастармен, отбасымен балабақша тәрбиесінің қылықтарымен, қателіктерімен сабақтас. «Қиын» аталатын балалар –педагогикалық назардан тыс қалған балалар. Қиын баланың типтік ерекшеліктері жеткіншектік шақта неғұрлым айқын көрінеді. Бұл кезде баланың әлеуметтік позициясы өзгеріп отырып, оның іс-әрекетінің жаңа бағыттылығын ғана емес сонымен бірге оған деген жаңа қатынасты, оның қоғам арқылы белгіленуін тудырады. «Қиын» деген термин қазіргі практикада жеке бастың тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді. Бұған ересектерің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балаларда жатады. Балалардың белгілі-бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен ерекшеленеді. Мұндай оқушыларға жеке жол табу әсіресе қажет, алдымен олардың тәріпсіздігінің түп тамырын анықтау керек. Бұл балалармен жұмыс істеу олардың белсенділігін, инициативасын мақсатқа сәйкес ұйымдастыруды, олардың адамгершілігін, белгілі дербестігін құрметтеуді көздейді. Педагогикалық жағынан алғанда бетімен жіберілген балалармен - тәртіп бұзушы балалар мен ектерге көбіне ырықсыз мінез-құлық, жеке бас құрылымының бұзылуы, айқын көрінген әлеуметтік жат, оның ішінде жасына лайық емес қажеттіліктердің болуы икемденуге бағдарланған. Қалыптан тыс, тікелей тілектердің болуы, достық, жолдастық, парыз, ар-намыс туралы теріс түсінікке алып келетін қарым-қатынастағы қажеттілікті бұрмаланған бағытылығы тән. «Қиын» балалар жан –жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі өте маңызды. Бұл қызыметті ұйымдастырғанда олардың ерекшеліктерін ескереді, оны көп салалы ұжымның жүйесі арқылы жүзеге асырады. Қиын мектеп жасына дейінгі балаларға тән жағымсыз қасиеттері түзеп қана қоймай, олардың бойында жеке адамның тұрақты моральдық - жігер сапасын қалыптастырды қамтамасыз етеді. «Қиын» балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің жүйесін ұйымдастыру мәні, негізгі мағынасы, принциптері мен тәсілдері қалыпты балалармен бірдей. Жалпы мектеп жасына дейінгі балалар арасында, әдетте мінез-құлқы аумалы-төкпелі, морт (психопат) деп аталатын балалар болады. Ондай психопаттың болу себебі – ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе бала өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз әсер етуі болып табылады. Бұл кезде баланың әлеуметтік позициясы өзгеріп отырып, оның іс-әрекетінің жаңа бағыттылығын ғана емес сонымен бірге оған деген жаңа қатынасты, оның қоғам арқылы белгіленуін тудырады. «Қиын» деген термин қазіргі практикада жеке бастың тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді. Бұған ересектерің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балаларда жатады. Балалардың белгілі-бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен ерекшеленеді. Педагогикалық жағынан алғанда бетімен жіберілген балалар тәртіп тәрбие жұмысын жүргізу мейлінше курделі. Бұл жеткіншектерге көбіне ырғысыз мінез-құлық, жеке бас құрылымының бұзылуы, айқын көрінген әлеуметтік жат , оның ішінде жасына лайық емес қажеттіліктердің болуы икемденуге бағдарланған. Қалыптан тыс, тікелей тілектердің болуы, достық, жолдастық, парыз, ар-намыс туралы теріс түсінікке алып келетін қарым-қатынастағы қажеттілікті бұрмаланған бағытылығы тән. «Қиын» мектеп жасына дейінгі балалар жан – жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі өте маңызды. Бұл қызметті ұйымдастырғанда олардың ерекшеліктерін ескереді, оны көп салалы ұжымның жүйесі арқылы жүзеге асырады. Қиын балалар тән жағымсыз қасиеттерді түзеп қана қоймай, олардың бойында жеке адамның тұрақты моральдық - жігер сапасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Қиын» балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің жүйесін ұйымдастыру мәні, негізгі мағынасы, принциптері мен тәсілдері қалыпты балалармен бірдей. Сонымен бірге, бала тәрбиелеуе жалпы адамзаттық талап, талғам, өсиет, өнеге бола тұра әр халықтың өзіндік тәлім- тәрбиелік ерекшелік жүйелері бар. Демек, алда да көптеген арнайы зерттеулерді талап етеді. Мінез- құлық тәрбиелеуе ата-аналардың жеке бастық үлесінің маңызы зор. Мектеп жасына дейінгі балалар үлкендерді,олардың тәртібін, өзара қарым –қатынастың, сөйлеу мәнерін қадағалап жүреді. Отбасында сыпайыгершілік сақталмаса, үлкендер бірін-бірі сыйламаса бала бойындағы мінез-құлық дағдыларымен әдеттері тәрбиелеу қиынға түседі. Егер ата-анамен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балалардың мінез- құлқына бірдей талап қойып отырса мінез-құлықты тәрбиелеу табысты болады.
2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДҰРЫС МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ.
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық кеңестер жүргізу.
Эксперименттік –тәжірибелік зерттеу жұмыстары Астана қаласы.
«Нұр-Ай» балабақшасының «Балдырған» ортаңғы тобында жүргізіліп, тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа 15 бала қатысты. Топтағы балалар 4-5 жас аралығында. Жүргізілген тәжірибелік эксперимент жұмыстың мақсаты: ортаңғы жастағы балалардың педагогикалық-психологиялық диагностикасын және танымдық процестерін әдістер арқылы мінез-құлық дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу, тәжірибелік сынақтан өткізу.
Міндеттері:
1)Мектеп жасына дейінгі балалардың педагогикалық-психологиялық диагностикасын және танымдық процестерін әдістемелер арқылы дамыту ұғымын қалыптастыруының ғылыми теориялық негіздерін айқындау.
2)баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық процестерін арттыруда нәтижелі әдістерді жүзеге асыру
Біздің эксперимент жұмысымыз үш кезеңмен жүргізілді:
1)анықтаушы
2)қалыптастырушы
3)қорытынды
Эксперимент жұмысымызда баланың мінез-құлқын жағына көңіл бөле отырып, балаларға психологиялық әдіс жүргізу арқылы, дұры қалыптасқаны игеріледі. Осылайша баланы, белсенділікке саналы қолдана білуге, ұжымдыққа, қызығушылыққа молайту дәрежесіне жеткізуді мақсат еттік
Анықтаушы бөлімнің мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығы, қарым-қатынасы экспериментке дейін мінез-құлқы қандай деңгейде және әдістермен жұмыс жүргізетінін анықтау. Осы мақсатты орындау үшін төмендегі әдістемелерді ала отырып, экспериментке дейінгі нәтижелерді алдым.
Әдістеме №1 Жеке жұмыс: «Қызықты қимыл»
Әдістеменің мақсаты: Балаларды саусақ арқылы,мінез-құлқын анықтау. Жеке жұмыс жасау арқылы баланың топтағы қарым-қатынасын жүйелі жүргізу.
Негізгі шарты: Кішкентай тесттен баланың болмысын суреттеп шығуға, әрине, болмас, алайда өзіңіз жайлы кішкентай мағлұмат алуға болады. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.
Ескерту: Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1». (1-сурет)
1)Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз. Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».
(2-сурет)
Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр? Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».
(3-сурет)
Көлденең шапалақтаңыз. Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».
(4-сурет)
Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:
«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.
«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.
«2212» - өте ашық, кез келген балаиен тіл табысып кетеді.
«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.
«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық балалар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.
«2122» - бұндай балалар аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, балалармен өзін салқынқанды ұстайды.
«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, балалардың ықпалына ұшырап тұрады.
«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл балалар.
«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, балалар өздері тартылады.
«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.
«1122» - досжанды балалар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.
«1121» - балалар қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім балалар.
«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа балалар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.
«1212» - рухы мықты балалар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.
«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық балалар , көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.
«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.
Әдістеме №2 «Табиғатты бейнеле»
Әдістеменің мақсаты:балалар жобалық тест арқылы өздерінің мінез- құлықтары мен жекелік қасиеттерін біле алады.
Нұсқау: А4 форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады.
Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, жол, сақина.
Болған соң салынған суреттеріне қарай талданады.
Күн-балалардың жайдары мінезді, ашық, тез ортаға бейімделуі. Шуақтары достарының көптігінің белгісі.
Тау– дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.
Үй– суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.
Ағаш –біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құмар.
Жол –үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.
Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Қорытындыны бағалау:
10 ұпай – бала берілген тапсырманы 1 минутқа жетпей орындады, суретті салып, түсіндірді.
8-9 ұпай – бала берілген тапсырманы 1 минуттан 1,5 минутқа дейін орындады.
6-7 ұпай– бала берілген тапсырманы 1,5 минуттан 2 минутқа дейін орындады.
4-5 ұпай– бала берілген тапсырманы 2 минуттан 2,5 минутқа дейін орындады.
2-3 ұпай– бала берілген тапсырманы 2,5 минуттан 3 минутқа дейін орындады.
-
ұпай– тапсырманы 3 минут ішінде орындай алмады.
Даму деңгейінің қорытындысы:
10 ұпай– өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
4-7ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
0-1ұпай– өте төмен
Әдістеме №3 «Мерейлі күн»
Әдістеменің мақсаты: Баланың ішкі жан дүниесіне үңілгіңіз келсе, мінез-құлқын, ойын білгіңіз келсе, 4-5 жастан бастап «Менің отбасым» суреттік тестін жасай аласыз. Балалар әлемді ересек адамдар сияқты қабылдамайды. Балалар түрлі эмоциялық күйлерін және мінез-құлқын сурет салу барысында көрсетеді.
Негізгі шарты:(5-сурет).
А4 форматындағы қағаз, қарындаштар (жәй қалам, қаламсап, өшіргіш бермеген дұрыс). Сыналушыға берілетін нұсқау: Сізге өзіңіздің отбасыңыздың суретін салуыңызды ұсынамын. Отбасына қандай мүшелер кіретінін айтпайсыз, сыналушы өз еркімен салады. Сурет салып болған соң, балаға: кім қайда орналасқан, отбасы мүшелері немен айналысып жатыр, кімнің көңіл-күйі қандай – деген сұрақтар қойыңыз.
Сурет салмас бұрын:
Баланың көңіл-күйіне көңіл бөліңіз. Отбасындағы болған жанжалдан кейін бұл жұмысты жасамаңыз. Себебі, бала дәл сол уақыттағы көңіл-күйін салады.
Сурет салу барысында балаға кедергі жасамаңыз, дегенмен, баланың сурет салудағы көңіл-күйін бақылаңыз.
Сурет салу барысында баланы түземеңіз («Сен әкеңді салуды ұмыттың», «құлақ, көз салмадың»).
Тесттің нәтижесін балаға айтпаңыз. Бұл сіздің анықтамаңыз үшін қажет. Яғни, алдағы жұмысыңызды жоспарлау үшін.
Нақты жауап алу үшін суретті 3-4 рет, арасына бірнеше күндер өткізіп салғызыңыз, суретте үнемі салатын жайттарға көңіл бөліңіз.
Суретті талқылау барысында, интерпретатордың бағыттылығына көңіл бөліңіз.
Интерпретация жасаудың ережелері.
1. Сурет салып болғаннан кейін, «қай жерде кімнің орналасқаны және кім немен айналысуда» деп сұраңыз.
«Ағамды салуды ұмытып кетіппін», «әкем симай қалды» деген сынды сылтаулардың маңызы жоқ. Егер отбасы мүшелерінің біреуі суретте салынбаса, ол мынаны білдіреді: сол адамға деген жағымсыз, эмоциялық күйді сезіну. Мысалы: кіші інісін қатты қызғану, баланың ойы бойынша: «Мен інімді жақсы көруім керек, ал ол менің ашуыма тиеді, бұл дұрыс емес. Сол себепті, оны мүлдем салмағаным дұрыс». Суретте салынбаған кісіге, бала ешқандай эмоциялық сезімдерді сезінбейді.
2. Суретте автордың өзінің болмауы.
Жақындарымен қиындықтардың болуы:«Мені мұнда ешкім елемейді», «Мен өзімді шектетулі сезінемін», «Маған өз отбасымнан орын табу қиын». Бала отбасынан алшақтай түседі: «Мені отбасы мүшелері қабылдамайды, солардың қалауы болсын».
3. Суретте – ойдан шығарған отбасы мүшесінің салынуы.
Бала отбасында алмаған сезімді толықтырғысы келеді. Балалар жиі (құстың, жануарлардың) үйде тұрмайтын жануарлардың, құстың суретін салады, олар ата-аналары бермеген махаббатты, көңілді қажет етеді. Біреуге қажетті болуды сезінгісі келеді.
4. Суретте салынған кейіпкерлердің көлемінің көрсеткіші.
Бала үшін олардың құндылықтарын көрсетеді. Баланың көзқарасы бойынша, адам беделді болса, ол үлкен болып салынады. Кішкентай балаларға көп жағдайда, өзінің кейіпкерін салуға берілген парақ аздық көрсетіп жатады.
5. Парақ бетіндегі баланың көлемі.
Егер бала өзін кішкентай көлемде салатын болса, ол баланың өзіндік бағалауының төмендігін білдіреді немесе ол бала өзін отбасында ең кішкентай адам ретінде сезінеді. Өзіндік бағалауы жоғары балалар, өздерін ата-аналарынан да үлкен етіп салады.
Қорытындыны бағалау:
10 ұпай–бала салған суретіне, толықтай салынса
7–9 ұпай – бала суретте толықтай ,бірақ кей мушесін толықтырмаса.
4-6 ұпай– суретті, түрін толық салып, аяқ-қолдарын таяқша қылып салса.
2-3 ұпай – дене мүшелерін , қалдырып кетсе.
0-1 ұпай – бала суретті сала алмаса
Даму деңгейі бойынша қорытынды:
10 ұпай– өте жоғары
8-9ұпай– жоғары
4-7 ұпай– орташа
2-3 ұпай– төмен
0-1 ұпай– өте төмен
Кесте №1 «Мерейлі күн» әдісінің бастапқы нәтижесі
№ |
Әдістемелер
|
«Қызықты қимыл» |
«Табиғатты бейнеле» |
«Мерейлі күн» |
||||||
Аты-жөні |
Қарым-қатынас |
Қызығу-шылық |
Белсенді-лік |
Қарым-қатынас
|
Қызығу-шылық |
Белсенді-лік |
Қарым-қатынас
|
Қызығу-шылық |
Белсенді-лік |
|
1 |
Айтжанова Аэлун |
|
|
+ |
+ |
|
|
+ |
|
|
2 |
Асқаров Амирлан |
|
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
3 |
Ашимова Тоғжан |
+ |
|
|
+ |
|
|
|
|
+ |
4 |
Аскаров Жангир |
+ |
|
|
|
|
+ |
|
|
+ |
5 |
Бақытжан Даяна |
|
|
+ |
|
+ |
|
|
+ |
|
6 |
Бекбосын Адам |
|
+ |
|
+ |
|
|
|
+ |
|
7 |
Бек Әл- Мансұр |
+ |
|
|
+ |
|
|
|
+ |
|
8 |
Ермахан Алимхан |
|
|
+ |
|
|
+ |
+ |
|
|
9 |
Жанбаев Алдияр |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
10 |
Оразгабдил Бегімай |
|
+ |
|
|
+ |
|
+ |
|
|
11 |
Исабекова Айлин |
+ |
|
|
+ |
|
|
|
+ |
|
12 |
Сүйімбай Қамбар-Али |
|
+ |
|
|
|
+ |
|
|
+ |
13 |
Исабек Амани |
|
|
+ |
|
+ |
|
+ |
|
|
14 |
Ибрагимов Дінмұхамед |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
15 |
Мубаракова Диляра |
|
+ |
|
+ |
|
|
|
+ |
|
|
Барлығы: |
4 |
5 |
6 |
6 |
4 |
5 |
4 |
6 |
5 |
|
Барлығы:% |
27 |
33 |
40 |
40 |
27 |
33 |
27 |
40 |
33 |
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері
Психологиялық кеңес тақырыбы: «Қызықты психология»
Әдістеменің мақсаты: өз ойын қисынды жеткізуе үйрету, грамматикалық жағынан дұрыс сөйлеу іскерлігін анықтаймыз.
Мақсаты: Балалардың психологиялық жағынан мінез-құлқын бір қалыпта болуға дағдыландыру.
Барысы: Психологиялық ойындар мен тренингтер қолдану арқылы, жақсы мінез-құлық қалыптастыру.
Психологиялық тренинг. Балаларға түстер ұсынылады. Балалардың таңдауы бойынша оларға мінездеме беріледі.
Балалар өздеріне ұнаған түсті таңдап алады.
Мақсаты:Бала бойындағы жақсы мінезбен жаман мінезді ажыратуға, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу. Мінез-құлық сыйластық туралы ақпарат бере отырып өз ойын ашық айтуға машықтандыру.
Түстер коды (мәні)
Қызыл-көтеріңкі көңіл-күй
Көк-тыныштықты қанағаттанушылықты, сенімділікті шыдамдылықты:
Жасыл-өзіндік бағасы жоғары, еркіндікті, мақсаттылықты, сенімділікті, өздеріне көңіл аударғанды ұнатады.
Сары-көңілділікті. Ұстамдылықты және жеңілділікті білдіреді:
Қоңыр-психологиялық қолайсыздықты білдіреді. [қосымша 1]
Жеке дара жұмыс. «Мен қандаймын»?
Мақсаты: Балалардың көңіл күйлерін, жақсы жағынан қалыптастыру.
Шарты: атты лото арқылы ұйымдастырылады.
-Балалар адамзатты сүю үшін менің бойымда қандай қасиеттер болу керек?
Деген сұрақ төңірегінде ойланып көрейік. Әр балаға лото тараталады, онда адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттер сурет бойынша бейнеленген. Сенің бойында бар деп есептеген қасиеттің алдыңғы дөңгелекке қызыл нүкте қойып белгілейсің,
Міндеті:Өзін-өзі бағалау, рефлекцияға бейімділігін дамыту.
1.Мінезі жақсы адам тұлғасы қандай болуы керек моделін ойлап шығар.
Рольдік гимнастика
Педагогикалық кеңес барысында жүргізілетін ойын жоспарвы: Тақырыбы: «Ғажайып көрініс»
Мақсаты:қозғыштықты жою, эмоционалдық ояну, ситуациялық әрекеттерді кеңейту.
Нұсқау: Қатысушыға нұсқау беріледі:
А) өзің таңдаған нұсқау беріледі
-өте тез
-Сыбырлап
-тасбақа жылдамдылықпен
-шетелдік сияқты
-робот сияқты:
Б) былайша жүріп көрсет
– сәби секілді
-арыстан сияқты
– қарт сияқты
В)былайша күліп тұр
-күн астында пырылдап жатқан мысық сияқты
-күннің өзі сияқты
Г)былайша қабақ түй:
– күздегі сұр бұлт
– баласына ашуланған ана:
– арыстан
Педагогикалық кеңес барысында жүргізілетін тренинг:
Тақырыбы: «Киноға түсу»
Әдістеменің мақсаты: Балалардың мінез-құлқын, көңіл-күйін кейіпкер арқылы бейнелеу.
Негізгі шарты: Әрбір балаға өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін топ алдында
айта білуді және өз намысын қорғай білуді үйрету.
Балалар арасындағы қадірін, беделін қалыптастыру.
Мазмұны: Балалар әрқайсысының бүкіл әлем тамашалайтын киноға түсу
мүмкіндіктерің бар. Сол киноға түсу үшін сендерге мынадай талап қойылады:
1.Өздеріңнің бойларындағы 5 қасиетті айтады.
2.Осы тізімнің ішінен ең таңдаулысын көрсет. Тәрбиеші баланың өз еркімен тақта алдына шақырады. Ол орындықта тұрып:
Мен мақтаншақ емеспін, бірақ (өз ойын айтады).
Бұл трибунаны келесі - бергім келеді,-деп аяқтайды.
Мен сөз көтере алмаймын, бірақ (ду қол шапалақтау)
Педагогикалық кеңес барысында жүргізілетін ертегі :
«Ай мен күн»
Әдістеме мақсаты:Балалар ертегіні тындай отырып, кейіпкерлерді талдайды және ертегінің мазмұнын айтып береді.
Өткен заманда біреудің Айсұлу
және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу
екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі
ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс
тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:
– Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса:
– Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді
Педагогикалық кеңес барысында жүргізілетін ергегі:
«Түбір мен Қосымша»
Орманның ішінде бір кішкене
үйшік бар.Онда түбір өмір сүреді.Оның достары басқаша түрленбейді
екен.Түбір олар өзгерсе қалай болады екен деп ойлайды.Түбір бір
күні орман ішінде келе жатса алдынан біреуді көреді.Қасында достары
бар екен. Аттары өзгеше екен. Оларды көріп таң қалады. Ол арасынан
біреуін ерекше көзге іледі. Ол өте мықты екен.
Түбір қасына келіп:
- Сенің атың кім? - деп сұрайды.
- Менің атым Қосымша, -
дейді.
Ол атына таң қалады.
Қосымша:
- Ал сенің атың кім? - дейді.
- Менің атым Түбір, - деп айтады.
Бір-бірінің атын біліп алғаннан кейін, Түбір одан:
- Сенің қандай қасиетің бар? - дейді.
- Мен кез келген сөзді өзгерте аламын, қасыңа қосымша екі әріп қосып, дейді.
Түбір:
- Мені түрлендірші, - дейді .
- Мысалы: түбірді, - деп айтады
Түбір естіп қуанып таң қалады.
Түбір:
- Онда менің достарымды түрлендірші, - дейді.
Ол мақұлдап достарын түрлендіреді.
Достары қуанады.
Түбір:
-Қосымша екеуміз дос болып, бір үйде тұрайық, - дейді.
Қуана-қуана келіседі. Барлығы бір үйде тұрады. Екеуі айырылмас дос болады. Олар Қазақ тіліне жұмысқа тұрады. Көптеген қызмет атқарып, баянды өмір кешеді.
Тақырыбы: Ай мен күн
Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген
екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі
асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі
ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс
тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:
– Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса:
Жоқ сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді.
№2 кесте
№ |
Әдістемелер
|
«Тренинг» |
«Ойын» |
«Ертегі» |
||||||
Аты-жөні |
Қарым-қатынас |
Қызығу-шылық |
Белсенді-лік |
Қарым-қатынас
|
Қызығу-шылық |
Белсенді-лік |
Қарым-қатынас
|
Қызығу-шылық |
Белсенді-лік |
|
1 |
Айтжанова Аэлун |
|
|
+ |
+ |
|
|
+ |
|
|
2 |
Асқаров Амирлан |
|
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
3 |
Ашимова Тоғжан |
+ |
|
|
+ |
|
|
|
|
+ |
4 |
Аскаров Жангир |
+ |
|
|
|
|
+ |
|
|
+ |
5 |
Бақытжан Даяна |
|
|
+ |
|
+ |
|
|
+ |
|
6 |
Бекбосын Адам |
|
+ |
|
+ |
|
|
|
+ |
|
7 |
Бек Әл- Мансұр |
+ |
|
|
|
+ |
|
|
+ |
|
8 |
Ермахан Алимхан |
|
|
+ |
|
|
+ |
+ |
|
|
9 |
Жанбаев Алдияр |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
10 |
Оразгабдил Бегімай |
|
+ |
|
|
+ |
|
+ |
|
|
11 |
Исабекова Айлин |
+ |
|
|
+ |
|
|
|
+ |
|
12 |
Сүйімбай Қамбар-Али |
|
+ |
|
|
|
+ |
|
|
+ |
13 |
Исабек Амани |
|
|
+ |
|
+ |
|
+ |
|
|
14 |
Ибрагимов Дінмұхамед |
|
|
+ |
|
|
+ |
+ |
|
|
15 |
Мубаракова Диляра |
+ |
|
|
|
+ |
|
|
+ |
|
|
Барлығы: |
5 |
4 |
6 |
4 |
6 |
5 |
5 |
6 |
4 |
|
Барлығы:% |
33 |
27 |
40 |
27 |
40 |
33 |
33 |
40 |
27 |
Психологиялық-педагогикалық кеңес барысында жүргізілген: «Тренинг», «Ойын», «Ертегі»
Балалардың экспериментке дейінгі көрсеткіші
№3 Кесте
Эксперименттен дейінгі кезең |
Қарым-қатынас% |
Қызығу-шылық% |
Белсенділік% |
«Тренинг» |
28% |
45% |
28% |
«Ойын» |
45% |
36% |
19% |
«Ертегі» |
28% |
45% |
28% |
Балалардың эксперименттен кейінгі көрсеткіші
№4 Кесте
Эксперименттен кейінгі кезең |
Қарым-қатынас% |
Қызығу-шылық% |
Белсенділік% |
«Тренинг» |
33% |
27% |
40% |
«Ойын» |
27% |
40% |
33% |
«Ертегі» |
33% |
40% |
27% |
Эксперимент тобының экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі көрсеткіш
№5 Кесте
-
Деңгей
Қарым-қатынас%
Қызығу-шылық%
Белсенділік%
Экспериментке дейінгі
28%
36%
36%
Эксперименттен кейінгі
33%
42%
25%
Даму көрсеткіші %
5%
6%
11%
ГЛОССАРИЙ
Агрессия - ұмтылу, шынайы іс-әрекетті, фантазияны көрсету, басқару
мақсатындағы деминатты әрекет
Агрессиялық әрекет -әрекет мақсатты көзделген тірі тіршілік иесіне зиян келтіру
Адаптация – қоршаған ортаға бейімделу
Адекватты іс- әрекет - Нақтылы ахуал мен шарттарға келісімді іс-әрекет.
Адекватты әрекет –тәуелді іс- әрекет
Анозогнозия- қиындықтармен ауруларды мойындамау
Ассоциация –бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда болуына әкелетін
Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық
Булимия және анорексия тағам қабылдауға тәуелділік
Виктимді мінез-құлық (ағылш. victim – құрбан) –адамның басқа біреудің
өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне көнуі
Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу
Депривация – баланың негізгі психикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жеткіліксіздігінен болатын психикалық даму үшін маңызды факторлардың болмауы немесе одан айрылу
Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптар.
Дағдарыс адам дамуындағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту кезіндегі
қиыншылықтар жиынтығы, сапалық және сандық өзгерістер
Госпитализм- бала өмірінің алғашқы жылдарында қарым-қатынас
жетіспеушілігінен туындаған психикалық және соматикалық ауытқушылықтардың жиынтығы
Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы
Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.
Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен өзекті даму аймағының арасындағы айырмашылық.
Жоғарғы психикалық функциялар - өмір сүру барысында қалыптасатын күрделі психикалық үрдістер
Заттық белсенділік жүйесі- заттың көмегі арқылы белсенділіктің шексіздігі
Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру
Интериоризация – сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттерінің қалыптасуын айтамыз
Индикатор – объект жайлы информация таситын сигнал белгілер
Қатынас–тәуелді және тәуелсіз өзгергіштіктердің арасындағы қатынас–
эксперименталды гипотезаның құрамдас бөлігі
Креативтілік- адамның түрлі іс-әрекет аймақтарында бейнеленетін және оның жеке басын сипаттайтын шығармашылық қабілеттері
Қабілеттіліктер – оқудың жеңілдігін және тездігін қамтамасыз ететін
индивидуалды-психологиялық ерекшелік
Гэмблинг-ойынға тәуелділік компьютерге тәуелділік, азартты ойындарға құмарлық
Негізгі іс-әрекет- онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына
байланысты әрекет
Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын
теория
Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.
Интроспекция (өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің
психикасын бақылау
Методология (грек сөзі)-теориялық және практикалық іс-әрекетті
ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі
Мінез дегеніміз- қарым-қатынаста және іс-әрекетте қалыптасып, көрінетін
тұлғаның тұрақты индивидуальді ерекшеліктерінің жиынтығы
Тәртіп психологиясы (бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым
Постнаталды кезең- босанудан кейінгі кезең
Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі
Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы
Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі
Метамотивациялық қажеттер - жоғарға құндылықтыр: әділеттілікке, әдемілікке,
шындыққа қажеттілік
Негативизм- қоршаған адамдардың талаптарына және күтулеріне қарама-қайшы келетін, іс-әрекетте және сөйлеуде білінетін мотивацияланбаған мінез-құлық
Невроз- жүйке жүйесі мен психикалық ауытқулардың кең тараған түрі
Негізгі іс-әрекет- онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына
байланысты әрекет
Психикалық даму диагностикасы - психикалық дамуда мүмкін болатын
ауытқушылықты анықтау және дербес даму ерекшелігіне байланысты адамды зерттеу.
Белсенділік- тірі ағзалардың жалпы мінездемесі.
Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.
Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе құбылысты
зерттеу.
Практикалық психолог – психодиагностика, психокоррекция, психологиялық
кеңес беру міндеттерін атқаратын, сәйкес жоғары білімі бар маман-психолог
«Психодиагностика» сөзі психологиялық диагноз «қою» немесе адамның
психологиялық жағдайы туралы мәнді шешім қабылдау.
Психокоррекция – адамға оның психологиясы мен әрекет-қылығын түзетуге байланысты қолданбалы психологиялық білім, дағды, іскерліктер жиынтығы
Психотерапия – ауру адамдарға түрлі ауруларда сауығу мақсатында
психологиялық әсер етудің практикалық әдістері жиынтығы мен теоретикалық білімдераймағы
Психологиялық кеңес беру – консультация және кеңес беру формасындағы адамдарға психологиялық көмек көрсетуге байланысты практикалық психологтың іс-әрекет аймағы
Жүйе – бір-бірімен өзара байланысты азды-көпті тұрақты элементтерден
тұратын күрделі ұйымдасқан объект
ҚОРЫТЫНДЫ
Мектеп жасына дейінгі балаларға педагогикалық-психологиялық диагностика жасауда зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерінде көрсететіндей нәтижесіне жеттім.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі баладардың мінез-құлықтары туралы психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау,
- мектеп жасына дейінгі балалардың теріс мінез-құлықтарын психологиялық кеңес беру арқылы қалыптастырудың маңызын анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлықтарын психолгиялық кеңес беру арқылы түзетудің эксперименттік жұмыстарының нәтижесін көрсету.
Осы міндеттер зерттеу жұмысы зерттеу барысында орындалды.
Зерртеу жұмысы болжамы: мектеп жасына дейінгі балаларды мәдени мінез-құлыққа тәрбиелеуде психологиялық кеңестер тиімді жүргізілсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың мінезі дұрыс бағытта дами түседі.
Анықталды және осы болжам оң нәтиже берді.
Мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында мінез-құлықтың жақсы жағынант қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларыдың психологиялық мінез-құлқын анықтауға іс-тәжірибе жүргізу. Тренинг, ойын, ертегі жүргізу арқылы мектепке дейінгі ұйымның жүзеге асырылса, онда мектеп жасына дейінгі балалардың мінезі дұрыс бағытта дами түседі.
Балалардың мінезін зерттеген және ой-пікірлерінқалыптастырған ғалымдар. Балалардың мінез-құлқына байланысты қалыптасқан типтер. Балалардың психологиялық жас ерекшелігіне байланысты мінез-құлық анықтау.
Балалардың психологиялық жағынан мінез-құлқын бір қалыпта болуға дағдыландыру.
Психологиялық ойындар мен тренингтер қолдану арқылы, жақсы мінез-құлық қалыптастыру. Іс-тәжірибе жүргізу арқылы, әр бір баланың қандай деңгейде жұмыс жасай алатынын дәлелдеу.
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың мінез-құлыөтарын одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге. Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – балалармен мінезін жүргізу, ауызша сөйлеуге және әңгімелеп айтуға, қойылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруге үйрету. Ал бұл міндеттерді іске асыруда тренинг, ертегі, ойындардың маңызы зор. Балалардың сөйлеуін әдістемелер арқылы дамытуды зерттемес бұрын, мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдеріндегі мінездің қалыптасу ерекшеліктері мен мәселелерін қарастыруды жөн көрдім. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдеріндегі мінезінде кездесетін мынадай мәселелер бар: қырсықтық, көңіл-күйі ауыспалы, тез тіл табыспау, затқа таласу, қызығушылықсыз, оқылған әңгімені қайта әңгімелей білмеу, сөздің дыбыстық құрамын меңгеруде де кемшіліктер бар. Мұндай кемшіліктерді жоюда әлістеме пайдалану және оларды дұрыс ұйымдастыра білу өте үлкен міндет болып есептелінеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың қырсықтық, тұйықтық, ұялшақтық, уайымшылдық мінез-құлықтарын психологиялық кеңес бере отырып түзету, мәдени мінез-құлықтарын қалыптастыру, өзімшіл, көпшілікпен қарым-қатынас жасай алмайтын мектеп жасына дейінгі балдаларды мәдени, адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастыру.. Мектепке дейінгі жас кезеңі белсенді мінез қалыптасатын, бала сөйлеуінің жан-жақты дамитын кезі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудың маңызы – мектеп жасына дейінгі баладардың мінез-құлықтары туралы психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасап, мектеп жасына дейінгі балалардың теріс мінез-құлықтарын психологиялық кеңес беру арқылы қалыптастыруды анықтау, мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлықтарын психолгиялық кеңес беру арқылы эксперименттік жұмыстарының нәтижесін көрсету. Тренинг мектеп жасына дейінгі балаларға тән оқыту формасы болып табылады. Мұндай ойында балалар зат және оның ерекшелігі жеке қасиеттері туралы айта білуге үйренеді, жүйелі сөйлеу қабілеті дамиды. Тәжірибе жүргізу арқылы, әдістемелер барысында мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын жақсы қалыптасатынын, дамитынын анықтадық.
Тренинг жүргізе отырып, оның ішінде, ойындарында бала қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасап, олармен еркін тілдесуді үйренді, рөлдік-ертегілерде ойындар арқылы, бала сөйлеу мәдениетін, кез-келген образда сөйлесу әдептілігін керектігін үйренді. Сонымен қатар бұл ойындар арқылы балалар бір-бірімен жақсы қарым-қатынасқа түсуді, әр оқу қызметінде өткізілген ойыннан жаңа сөздермен танысып, нақты сеніммен айтуға болады. Тренинг бала өмірінің айырылмас бөлшегі екенін дәлелдеді, ең бастысы ойындарды дұрыс ұйымдастыру мен балаларға жас ерекшеліктеріне сай жүргізу.
Пайдаланылғын әдебиеттер
1 Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. – Алматы, 2005.
2.Жоғарыға көтеріліңіз Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
3.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.
4.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет.
5. Түсіндірме сөздік. Педагогика және психология. – Алматы. 2002.
6. "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
7. Тажібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 2010.
8. Левитов А.Е.
Психопатия характера. – Москва, 2006.
9. Дүйсенова
Ж.Қ., Нығметова Қ.Н., Балалар психологиясы, Алматы,
2012
10. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.А.-2008
11 Бап-Баба С. Жантану негіздері. – Алматы, 2004.
12.Р.Қ.Аралбаева. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы, 2012
13.Қ.Сейдалиев. Жалпы психология. – Алматы, 2007
14.М.Қ.Бапаева. Даму психологиясы. – Алматы, 2014
15.Г.М.Молдахметова. Танымдық процестер психологиясы. – Қостанай, 2011
16.Г.М.Молдахметова, А.К.Нурова. Мектепке дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы. – Қостанай, 2012
17.С.Бабаева Психология танымы – Түркістан 2000
18.С.Б.Бап-Баба Жалпы психология – Алматы 2003
19.А.И.Зимняя Педагогикалық психология – Алматы 2005
20.Совет-хан Ғаббасов Педагогика мен психология негіздері – Алматы 2008
21.К.С.Жұмасова Психология – Алматы 2006
22.Ж.Қ.Дүйсенова Қ.Н.Нығметова Балалар психологиясы – 2012
23.Д.Б.Эльконин Детская психология 2011
24. С.Андабекова Балалар психологиясы - Алматы .2017
25. Ф.Жұмабекова , Н.Нұрғазиева , С.Жамалиева Психология (мектепке дейінгі кезең) -2015.
Қосымша
Сурет-1
Сурет-2
Сурет-3
Сурет-4
Сурет -5
Сурет-6
Сурет-7
Сурет-8
Сурет-9
Сурет-10
Сурет-11
42

