"Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы қалыптастыру"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша, ойын, ойлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы қалыптастыру


Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс - әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай - ақ заман ағымына да белсене қатысады. Балабақшаларда оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.

Оқу қызметінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді.

Ойынның түрлері:

Ұлттық ойындар

Сюжетті рольді ойындар

Педагогикалық ойындар

Дидактикалық ойын

Шығармашылық ойын

Қимылды ойындар

Балабақшада баланың логикасын дамытуды жеделдететін, нақты геометриялық пішіндермен айлалы әрекеттер жасай отырып абстракты математикалық тұжырымдамаларды қабылдауына ықпал ететін жаңа мазмұндағы ойыншықтармен ойната отырып оқытқан жағдайда оның мектеп өміріне қызығушылығы арта түседі.

Бұл ретте қоғамдық тәрбиенің негізін салушы бүкіл саналы өмірін балабақша тәрбиелеріне «әрбір бала - өзінің мүмкіндіктеріне жету үшін лайықты білім беруді күтетін бірегей тұлға» - деп өз бағдарламаларын үйретуден жалықпаған Фридрих Фребельдің материалдарынан жасалған, көз жауын аларлықтай алуан түсті, экологиялық таза, ағаштан жасалынған математика, информатика пәндеріне арналған геометриялық фигуралар, ұшбұрыш, төртбұрыш, ромб, трапеция, ірі-майда дөңгелек айшықтар мен ұзын, қысқа кесінділерден т.б., бір комплектіде 14 бөліктен тұратын оқыту кезінде ойын элементтерін қолдануға ыңғайлы ойыншықтарды ұсынады. Геометриядан фигуралардан жұлдызшалар жануарлар, зәулім ғимараттар құрастыруда матемаикалық логиканың даму процесін жылдамдатуға логикалық ойлауды жүйелеумен бірге, логикалық операциялар сияқты негізгі ұғымдарды модельдеуге ықпалы зор. В. Давыдовтың «Балабақша баласының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі балалардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.

«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  • Қызығушылығын арттыру;

  • Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

  • Шығармашылық ізденісін дамыту.

Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл - қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым - қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2021
679
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі